Ұлы Плагиаторлар Орденінің мүшесі, оның мәртебелісі Гильермо Велверда

Эквадорлық «Masosh» былғары илеу компаниясы лого керек болып, жергілікті жынД дизайнер Гильермо Велверда келіпТ.
Келісілген күні алқаш амиго келесі жұмысты тапсырыпТ:
Әрі қарай

Halloween кешіне тегін билет (@satibaldi, сіздің жұлдызды сәтіңіз)

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына құлаққағыс:


28 қазан күні «Метро» ойын-сауық орталығында қаламыздағы ең қорқынышты кештердің бірі ұйымдастырылмақ. Әрине, бұл мерекені тойлау біздің халықа тән емес дәстүр дерсіздер. Дегенмен, көңіл көтеріп, бос уақытыңызды қызықты өткізгіңіз келсе, ары қарай оқуыңызға болады. Кештің фишкасы немесе хэдлайнері аты шулы Ресей музыканты, ди-джей, продюсер Леонид Руденко болмақ. Оның трэктері соңғы 2 жылда ТМД аумағында кең тарап, жастардың жүрегін жаулап алғанын барлығымыз да білеміз.

Бірақ ең маңыздысы бұл емес. Осы кешке тегін билет алғыңыз келсе, арнайы ұйымдастырылған конкурсқа қатысып, бағыңызды сынап көріңіз. Ол үшін фантазияны кішкене іске қосу керек. Алдымен, өз қолыңызбен қорқынышты маска жасап (асқабақ стилінде), оның суретін info@afisha.kz адресіне жіберіңіз. Жеңмпаз халявный билет алады. (Билет бағасы — 2000 тенге). Конкурс 28не дейін жалғасады. Конкурс туралы толығырақ мына жерде.



Толық ақпаратты afisha.kz сайтынан алуға болады.
Әрі қарай

Шекспир: Қорқамын

Шекспирдің осы бір өлеңін қазақша іздеп көрген едім, таба алмадым. Аударылған нұсқасы болса бөліссеңіздер екен. Ал егер жоқ болса, ұйқастан хабары бар мүшелеріміз түзетсе екен деген тілек бар менде  
Әрі қарай

Қазақша 3D жоба

Үрімшіде тұратын Мерей атты досымның жобасы еді. Қазақстандық жігіттерге көрсетші деп дұғай-дұғай сәлем айтып жіберіпті интернеттен, сіздерге көлденең тарттым.
Әрі қарай

"Ғашық қыз"


Санджай Лила Бхансалидің "Ғашық қыз" «Saawariya» деп айдар таққан фильмін көріп шықтым.(2007 жылы шыққан) Үнді фильмдеріне әуестігім аса емес. Алайда, үнді киносының бір қолтығын ұстап тұрған Бхансалидің Достоевскийді экранизациялауы қызық көрінді. Әйгілі «Белые ночиді» оқымағандарыңыз кемде-кем шығар. Қанша дегенмен үнді өз үнділігін істепті. Біршама реалдан ауытқу, әлмисақтан үнді киносында қалыпты жағдайға айналғанын мойындасақ, фильм орта көрерменге арналған.
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

Asaubota қолыма эстафета таяқшасын ұстатқан екен (айтпақшы, рахмет, аға!). Жалғастырайын.
Ұнайды:Алматы, Көктөбе, түнгі Алматы, Баунти, джинси, қолөнер бұйымдары, табиғат аясындағы кездесулер, құрбыларыммен кездесіп әңгімелесу, жаныма жақын жандардың жазған СМС хаттарын, қолжазбаларын жинау, комедия жанрындағы фильмдер, театрға бару, жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, тапшада отырып шәй ішу, Сәкен Майғазиев пен Юрий Аскаров:-)
Ұнамайды:Астана (суық болғандықтан), қыс мезгілі, лимон, өмірдің тез сырғып өтіп жатқаны, достардың сиреп жатқаны, сол бір жанның қазір алыста жүргені, Ақтауға көшу керектігім, өтірікшілер мен аферистер, жауапкершілікті сезінбейтін адамдар.

Эстафетаны жалғастыруға Nurgisa-ға ұсынамын.
Әрі қарай

Ухо,горло,нос...

"Іш ауырса, тіс ауырса мамам дәрі береді" деп өскен бала едік. Дәрігер дегенге көп қаралмаушы ек. "Құлақтан кіріп бойды алар...«деп Абай жақсы айтып.Құлағым ауырып еді сол жақ шекем көзім бәрі ауырды. „Құлақтың ауруы қайдан пайда болды мына бейбаққа?“деп ойлап отырған шығарсыздар. Тұзым жеңіл ғой мен байғұстың. Әскерден келген жылы жазда бір кластас қыз күйеуге шықты. Тойына бардық. Үстелде отырғанбыз, ойнап жүрген бір бала су пистолетімен құлағымнан атып жіберді, тіреп тұрып. Бұндай ауырсынуды бұрын-соңды сезінбеген ем…
Әрі қарай