"Ғашық қыз"


Санджай Лила Бхансалидің "Ғашық қыз" «Saawariya» деп айдар таққан фильмін көріп шықтым.(2007 жылы шыққан) Үнді фильмдеріне әуестігім аса емес. Алайда, үнді киносының бір қолтығын ұстап тұрған Бхансалидің Достоевскийді экранизациялауы қызық көрінді. Әйгілі «Белые ночиді» оқымағандарыңыз кемде-кем шығар. Қанша дегенмен үнді өз үнділігін істепті. Біршама реалдан ауытқу, әлмисақтан үнді киносында қалыпты жағдайға айналғанын мойындасақ, фильм орта көрерменге арналған. Гитарасын құшақтап ел кезген сері жігіт көпір үстінде сүйгенін күтіп үзіліп жүрген қызды көреді. Көре ғашық болады да, қол жеткізу үшін ән айтады, билейді, қатардағы үнді жігітінің бойындағы біз көріп үйренген романтиканы паш етеді. Алайда қыздың арманы алысқа кеткен Иман атты жігіт. Әне-міне қолы жете беріп еді, қадір түнінде келем деп уәде еткен Иманымыздың да төбесі көрінеді. Осылайша, сері жігіттің арманы мен мақсаты тас талқан болды. Тап мұндай финал үнді фильмдерінде сирек. Сондықтан да маған аздап ұнаңқырады. Драматургияға өзімше 3 деген баға бердім. Операторлық жұмыс 4. Режиссура 4. Ал актерлық ойын баяғыдай — -3  деп па. Ал декорация, жарық қою бөлек әңгіме. Жақсы

Мынау сол фильмнен ән.
Бөлісу:

11 пікір

asaubota
Youtube-тағы қысқа емес ұзын сілтемесін қою керек. түзетіп қойдым.
meirzhan
Драматургияға өзімше 3 деген баға бердім. Операторлық жұмыс 4. Режиссура 4. Ал актерлық ойын баяғыдай — -3
Көрмей-ақ қойса да болады ғой онда
«Белые ночи» бойынша түсіргенмен ауытқыған сияқты.
e_zhalgas
фильмді қарамадым, артық еңбек санасам керек!
Драматургияға өзімше 3 деген баға бердім. Операторлық жұмыс 4. Режиссура 4. Ал актерлық ойын баяғыдай — -3 деп па.
бағалауың қызық екен, мынау бестік шкала ма, ондық па?
Қанша дегенмен үнді өз үнділігін істепті. Біршама реалдан ауытқу, әлмисақтан үнді киносында қалыпты жағдайға айналғанын мойындасақ, фильм орта көрерменге арналған.
егер дәл осы сценарийді қазақ сценаристі қазақы өмірге бейімдесе, қалай ән айтатыныңды шамамен болжалдап отырмын Че
araika
бағалауың қызық екен, мынау бестік шкала ма, ондық па?
бестік екені бесенеден белгілі
e_zhalgas
оны кім келгілеп қойыпты?
araika
келгілеп пе, белгілеп пе? Белгілеп болса посттың аптыры
e_zhalgas
Сондықтан да маған аздап ұнаңқырады. Драматургияға өзімше 3 деген баға бердім. Операторлық жұмыс 4. Режиссура 4. Ал актерлық ойын баяғыдай — -3  деп па. Ал декорация, жарық қою бөлек әңгіме. Жақсы
көре алмай, әуре болып отырғаным сол. әдетте ондықпен рейтингтелуші ед…
araika
мектептегідей баға ұсынылған ғой, не дейсің
Erkekyz
Көргенмін. Ұнамады. Бірақ, романтикалық сәттер керемет енді.