Мен ұсынатын қазақша әндер.

Мен де қазақша әндерден сүйікті үш әнімді ұсынайын. Маған қазақша әндерден тек ескі немесе халық әндері ұнайды. Қазіргі заманауи әндерге «фанатеть» етпейді екенмін. Әйтеуір көпшілікпен ілесіп МузАрт, Жігіттер және т.б. әншілердің әндерін еститінім болмаса, қалғандарын тыңдамаймын, сол үшінде болар қазақ әншілерін(жастарын) жақсы тани бермеймін.
Әрі қарай

Әміре Қашаубаев (Париж сапары)

"Әміре Қашаубаевты білмейтін қазақ кемде-кем" деп бастасам өтірік болар ма еді. Баяғыда өлген Әміре түгілі көзі тірі Қайрат Байбосыновты білмейтін қазақтар көп. Әміре шетел сахнасында өнер көрсеткен тұңғыш қазақ. 1925-ші жылы Париж сахнасында ән салған қазақтың әнші ұлы. Тақырыпта неліктен Париж сапарына шүйліктік?! Бұл жайлы мәліметтер кейініректе анықталып жатыр. Азаттықта берілген мақалада Әміре арқылы Әлихан Бөкейханов Мұстафа Шоқайға хат беріп жіберген делінеді. Мақаладағы "Әлихан Бөкейхан өзінің досы, серігі Ахмет Байтұрсынұлына 1923 жылғы 23 маусымда Мәскеуден былай деп хат жазды:

«Әміре Қашаубайұлын Парижге жібермекші.… Мен оны ьірыңғай әншілердің үйіне апарып, ән салғыздырттым. Дауысын мақтастық, әйтсе де ән салған кезде, мен қатты ұялдым. Айтқан әнінің сөзінде мән болсайшы! Парижде мәнді ән талап етеді ғой.
Әрі қарай

Эротикалық жұлдызнама

Жұма күнгі бояннндар: Эротикалық жұлдызнама
Жыныстық үйлесімді анықтайтын жұлдызнама. Қай жұлдыз кіммен жұптасқаны дұрыс? Қай жұптар бір біріне келмейді? Кімнің мінезі қандай? Барлығы осында.

ТОҚТЫ
Әйелдерге арналған эротикалық жұлдызнама.


Ол әрқашан еркектерге өзі таңдау жасауға тырысады. Сол себептен өзіне тартымды нәзікжанның «имиджін» жасаумен әлек. Жыныстық қатынаста өзімшілдікке бой алдырады. Еркектерден кез-келгеннен «кемшіліксіз еркектен» алғысы келетіннің барлығын талап етеді. Эротика олар ойлағаннан бөлек нәрсе екенін түсінгісі жоқ. Олар жыныстық қатынаста да біреуге бағынғанды ұнатпайды. Сондықтан бұндай әйелдерге күшті, өктем еркек керек. Ол серігінен дұрыс қанағаттанбаса да оны керемет сезімге бөлей алады. Бұндай әйелдер махаббат айдынында көптеген проблемаларға тап болады. Оның бірі қайғылы жағдаймен аяқталуы да мүмкін.

Әрі қарай

"Эротикалық жыр жақұттары" қауымдастығы

Ақтөбе кентінің тұрғыны Индира Керейді естуімше Ақтөбенің әлгі жері қарақты тұрғындарының барлығы таниды. Жалпы Гастарбайтердің муахалаларын анда-санда өз газеттерінде жариялағаны болмаса(сілтеме беріп көрсетіп), нәзік жүрегіде бар. Ол — өлең шығарады. Оның кейбір туындылары — нағыз эротика! Эротика болғанда- махаббат майданындағы от сезiм мен жан толқытқан әрекеттердi сипаттайды. Эротика — айқаласқан тайталас сәттегi сезiм селiнiң сыпайы толғағы, ол порнография, яғни былапыт, дөрекi тiлмен көсiлтетiн күнәһар емес, нағыз пәк тiлмен ашық айтылатын сыпайыгер, ләззәтшiл, рахатшыл мезеттердiң суретi. Аса биік талғамды назарбтарыңызға келесі жыр жақұттарын ұсынып отырмын. Ал алып қойыңдар!

Түн. Қараңғы…
Жұлдыздар жымыңдап аспанда.
Кұштарлық бойды алып барады,
сен маған кұшағыңды ашқанда…
Бiлесің, мен қарсы болмадым,
ойым да ләззатқа бөлендi.
Балқытты ашқарақ қолдарың,
тынымсыз аралап денемдi…
Әлсіреп жетерміз ақ таңға,
жек көрiп күн берер жарықты.
Ләззатқа өртеніп жатқанда,
Бюстгальтер адыра қалыпты…
Айтпашы дәнеме, жөнiңдi.
Соңына жеткенше болшы әлдi!
Қызулы, қайратты қолыңды,
қос анар қасқайып қарсы алды…
Денемдi күйдiрді ыстық сыз,
екеуге куәгер бұл қала!
Әп сәтте қалыпқа түстік біз,
анадан туғандай үр жаңа!
Талықсып, балқимын, түрленем,
Денемді қытықтап суйгенде.
Көктегі қақталдым күнге мен,
Кіндікке ерінің тигенде.
Гүл атып құштарлық көктемi,
Ләззаттың жемiсін бередi!
Үркуге себеп жоқ, өйткені,
үстіме тау кұлап келедi…
Оңаша өзіңмен қалғанмен,
толқыды әйтеуір бұл жүрек.
Сендегі қайратты қанжармен,
тастадың армансыз тілгілеп…
Қайтейiк тән деген тентекті?
Біздерге ол сірә қорғаныс…
Тереңге шын батып, әкетті:
толқындай тербелген қозғалыс…
Сүйе түс! Бал шырын тамады,
теңер ем мен оны бұлаққа!
Шабыстың бiтетiн шағы әнi,
Жағымды үн естілді құлаққа…
… Құмарды кандырып өртеп ек,
ұлы айқас бітті енді қан майдан…
Кеудеңде жатырмын еркелеп,
Сүйгізіп өзіне маңдайдан.


Индира Керей
Әрі қарай

Конституция күні!!!


Мұртты Премеріміз Карим Масимов демалыс күндерін бекітті. Конституция күніне орай тамыздың 27-і күні жұмыс күні болып, 28-30 күндері аралығы мерекелік демалыс күндері деп жариялады.
Демалыстарыңыз сәтті өтсін Халайық!!!

Қосымша: Мұғалім ханым және мырзаларды жаңа оқу жылымен, оны қойш, жаңартылған айлықпен шығармашылықтарыңызды шыңдап, аяңдап жұмыс істеулеріңізді тілеп қаламыз!!!

Айтамыз үйіңізге жарапазан,
Оразаң қабыл болсын ҰСТАҒАН ЖАН!!!
Әрі қарай