Ауыл, балық, суреттер

Темір жол.
Көпірден өту.
Дәуіт.
Байланған қошқарлар.
Түркістан базары.
Құрбақа
Ауылға барып браконьер болып қайттым.
Сырдың суы тартылғаннан кейін Сырдан шыққан барлық каналдардың суы тартылады. Міне сол кезде балық аулау науқаны басталады. Су белдің жобасына келгенде шанышқы ұстаған адамдар канал жағалай бастайды. Соңғы кезде шыққан балық ұстаудың ең тиімді әдісі токпен ұру. Ол үшін маторды /движок/ үрілген балонға орналастырады да ток шығатын екі сымын әкеліп ұзын екі ағашқа байлайды. Оны бір адам ұстап суға арасын метрдей қылып батырады. Сол кезде екі арадағы балықтар уақытша шокқа түседі де су бетіне қалқып шығады. артындағы адамдар жинап жүреді. Бізде барған едік. Біраз олжалы оралдық.



Бөлісу:

35 пікір

AKA
Құрбақааа  қандай суық еді түрі(( Көпір жақсы екен, бірақ екі жағынан қоршау қойылмаған екен…
Janasil
Қоршау жоқ. Сол траптың екі ортасына түсіп кеткен балдар да болған.
meirzhan
Ауылға барып браконьер болып қайттым.
Неткен ақжүрек браконьер едің.

Фотоға түсіргенді жақсы көреді екенсің. Сол арқылы өз өміріңнен де сыр шертіп.
AKA
Тоқпен ұру әдісін төрт түлік малға да қолданады деп естіп ем, «Астарлы ақиқатта» сиырларды соятын кезде, алдымен маңдайынан ұрып құлатқанын көрсетіп еді, шошыдым, сұмдық енД…
19852407
Оралдың мясокомбинатында сөйтеді, басқасын қайдам
AKA
Соятын мал көп, уақыт үнемдеу үшін сөйтіп құлатып алып бауыздай береді екен… Барып тұрған жауыздық қой, онымен қоса ондай соққыдан кейін малдың етінде қаны ұйып қалады. Ал, ол етті жеуге жарамды деу қиын…
19852407
Дәл солай, кейде нәәән балғамен бастарынан ұрып құлатамыз дейді дейді.
Сондай етті жемес үшін жағдайы бар адамдар ауылдағы туыстарын тартып, бір-бір қожалық ашып алған.
omarbirat
Америкада мал союдың заңдастырылған түрі сондай-мыс. Малды бауыздауға тыйым салынған. Ал жылқыны сойсаң, тіпті сотталасың — адам өлтіргенмен бірдей екен.
balzaminka
Қайран балықтар, сосын не ғой, қошқарда мүйіз болмайтын ба еді?!
BIRKYZ
баска пародасы гой
asaubota
лібә, балық аулаудың фанаттары естімесін ана әдісті. ұят екен… екі жақтан ұзын ауды сүйретіп, артынан балық қуып, сүзіп аулауға ұялып жүрсем ана токпен шок жасау біртүрлі екен енді. біртүрлі болып қалдым…
Zilola
мынау сатуга аулау шыгар, жалпы кызык ушiн кармакпен аулаган жон.
Zilola
Дауiттен катты коркамын, адамга тиiспесе де, кимылдары оте коркынышты.
omarbirat
Соңғы кезде шыққан балық ұстаудың ең тиімді әдісі токпен ұру.
«Мұсылманша ауланып, бауыздалмаған балық халал емес»деп қуып тұрсаң
Janasil
Негізі балықтар өлмейді. Уақытша шокқа түседі де бірнеше секундтардан соң қайта жүзіп кетеді.
omarbirat
Балық аулаудың коммерциялық түрі деп атаса болады екен. Азарт жоқ. Тамақ үшін ауласа, мұндай балықтың бір-екеуі де жетер еді.
omarbirat
Жоталарынан қарағанда, қысқа демесең, жыланға ұқсайды екен балықтар.
Janasil
Ол балықтардың аты «жылан балық».
omarbirat
Шынымен де жотасындағы өрнектері — кәдімгі жыландікі. Опшым, Қазақстанның жылан балықтары осындай екенін біліп жүретін болдық

«Жылан балық» дегенді мынандай деп ойлап жүрмін мен әйтпесе:
Esmeralda
Мен жазған ауылдың антипатиясы екен: онда балық жоқ, қауын жоқ, теміржол жоқ
Janasil
Темір жол бізде де жоқ. Жолда түсірілген.
19852407
әдемі түсіріпсің, проводник көрмеген шығар, әлде терезеден түсірдің бе?
patick
Токпен ұру — балық аулаудың ең айуандық түрі дер едім.
Janasil
Қос қолдап келісемін.
patick
Анау мұртты балықтарды — жәйін мен шортанның гибриді ма деп тұрсам
Janasil
Мұрттылары лақа.
patick
Бәсе, лақа ғо. Лақа десем Әщөк жәйін мен шортанның кездейсоқ некесінен туылған балық деп қоймайды.
boztorgai
ауды сүйретіп, артынан балық қуып
ауды сүйретіп көрген емеспіз
кешқұрым салып түн күзетіп, әдепкі ілінгенін сорпа қып әңгіме-дүкен құрып таңертең бұйырғанвн алып қайтатынымыз рас
Dinara
2-суреттегі көпірден осы жазда мен де бірнеше рет өттім  Қасынан салынып жатқан жаңа көпірді суретке түсірмедің бе?
Бұрындары қыста мұздың үстінен жаяу жүріп өтуші едік, Түркістаннан бір автобус апарады, арғы беттен басқасы күтіп алатын. Сосын ескегі бар кішкентай қайықпен де өтетінбіз, Сырдарияның ағысы қатты болып көпірді жиі шайып кете бергеннен соң.
Janasil
Түсіргенмін. кейіндеу қоямын.