Шекспир: Қорқамын

Шекспирдің осы бір өлеңін қазақша іздеп көрген едім, таба алмадым. Аударылған нұсқасы болса бөліссеңіздер екен. Ал егер жоқ болса, ұйқастан хабары бар мүшелеріміз түзетсе екен деген тілек бар менде  

Бір жерде бір кісі өте әсерлі оқып берген еді, қатты ұнап қалды.
Сосын былайша аудара салдым:
Жаңбырды сүйем дейсің,
Жаңбыр жауса қолшатырыңды ашасың,
Күнді сүйем дейсің,
Күн шықса көлеңкеге қашасың…
Самал желді сүйем дейсің,
Жел тұрса терезелеріңді жабумен боласың,
Міне, осы үшін де қорқамын,
Мені де сүйетініңді айтасың…
Бөлісу:

2 пікір

araika
ақындарға жақсы ұсыныс
бірақ дайын тұрған нәрсе болғандықтан, тік қасықты жанши салу ғана қалған тәрізді.
Dinara
Мұқағали мен Хамит Ерғалиев аударған екен кезінде біраз сонеттерін (Мәліметтер сайты). Қазір де сол кісілердің жолын қуып келе жатқан дарындылар жеткілікті ғой шүкір