Еріккен ойлар

Ұнамайды: кітапханаға кірген бетте жәй отырсаң да оқу билетін сұрайтыны, жоқ болса, қуып шығатыны; темекі шегетіндер; букет гүл (просто гүлді аяймын, бәрібір өліп қалады); дауыстап кітап оқитындарды; бақыртып музыка тыңдайтындарды еще соған қосылып билейтіндерді; автобуста үлкен адам келсе де, отырып алатын жігіттерді; өзі білмейтін салада мұғалім болатындарды немесе сол сабаққа білетін мұғалімдерді жібермейтіндерді; кешігіп жүретіндер немесе уәде беріп алып келмейтіндер; жатақханадағы ispot-тың кейде қуып кететіні;

Ұнайды: кітап оқыған; ыдыстағы гүл; кітап жинаған; розовый кез келген зат немесе киім; театр; ҚазҰУ қалашығы; блогшылармен кездесу;
Бөлісу:

31 пікір

araika
ұнамайтын жоқ па?
manshukn
Қате кетіп қалыпты, кешірім сұраймын
Aikona
ооо блогшылармен кездесу мағанда ұнайды
AKY
Ұнамайтындарың неге ұнайтындардан көп?
manshukn
Негізі көп болатын, есіме түскендерін жаздым
meirzhan
дәл қазір көп нәрсені ұнатпай отырған сияқтысың ғой
ken
автобуста үлкен адам келсе де, отырып алатын жігіттерді
қыздарды ше?
manshukn
Қыздар көбіне орын береді
e_zhalgas
дауыстап кітап оқитындарды; бақыртып музыка тыңдайтындарды;
баррикаданың екі жағында екенбіз

Не деген тәртіпті едің…
manshukn
көп адам отырған жерде деп айтқым келген
e_zhalgas
тым тәртіпті екенсің… бірдеңе болуы керек қой, әйтеуір
neoman
Көпке қарамай, көңілі қалаған кезде билеп кететіндер ашық адамдарды жақсы көрем ше
meirzhan
автобуста үлкен адам келсе де, отырып алатын жігіттерді
Ал қыздар ше?
AKY
Тағы біреу қайталаса екен осы сұрақты.
sammita
букет гүл (просто гүлді аяймын, бәрібір өліп қалады)
осында біраз жақтастарың бар ендеше.
e_zhalgas
гүл маңызды емес, көңіл ғой, назар аударып отыр емес пе… эх, сендерді!
madlen
гүл берсең де, ұнамайсың дейсің ғой…
e_zhalgas
көңіл бөлсе, ысырап дейді, бөлмесе — отыра қалып «жылайды»…
madlen
аха, жылайм  гүлсіз болмайды бәрібір
e_zhalgas
әлсіз жерің белгілі болд!
sammita
әй оқысай дұрыстап. Причем тут көңіл. Ол ұнамайды дейді. Керекте біразына ұнамайды гүл.
e_zhalgas
бағытсыздыққа лағып кеттің
sammita
пікірді маған емес авторға жазуың керек еді. Маған гүлі де көңілі де ұнайды.
a63a1
Неткен сұрықсыз өмір)))))
e_zhalgas
соны айтып, еш жеткізе алмай отырған едім аптырға
a63a1
ойыңды дөп бастым онда
Aizhantabyn
мен Мәншүкке ұнамаймын))
AKA
Студенттік өмірден келтіріліпті көбісі: кітап, кітапхана, ҚазҰУ, жатақхана…
Zhanylai
"өзі білмейтін салада мұғалім болатындарды" қызыл галстукты ағай ма?
neoman
букет гүл
Сіз түгілі маған ұнайды. Гүл сыйлаймын деп жақпай қалған жігіттерді аяп отырғаным