МҰҚТАЖБЫН...



Алдымда әлі дегенмен,
Асатын талай белестер.
Мазалап мені жүреді,
Жадымда қалған елестер.

Мектепке әкем апарды,
Жетектеп менің қолымнан.
Қайтқанда неге күлімдеп,
Күтпедің, ана, жолымнан?
Әрі қарай

Сағат тағу модадан қалды ма?


Соңғы рет сағатты 2006 жылы тақтым-ау деймін. Неше түрлі сағаттарым болатын. Кейін не үшін сағат тақпай кеткенімді өзім де білмеймін. Бір жағынан ұялы телефондар шыққан соң, сағаттың қажеті болмай қалды-ау шамасы. Қасымдағы көрші қыздың екеуі де сағат тағады. Бірі аксессуар ретінде тақса, екіншісі жай мақсатсыз тағып жүргенін айтады. Қазір сағат тұрмақ алтын сақиналарымды таққым келмейтін болыпты. Күйкі дүниелерден азат болуды әлдеқашан бастаған сияқтымын. Қыздың көзі жылтырақта деуші еді, осы мен әлекей-шүлекей заттарға қызықпайды екем. Сіздерде қалай?
1. Сағатты әрдайым тағып жүремін
2. Тағамын, аксессуар ретінде
3. Тақпаймын, ұялы телефоным жетеді
4. Босқа ақша шашу
5. Егер біреу сыйласа тағамын, бірақ өзім сатып алмаймын
Әрі қарай

Салта көктем-жаз 2012.

Отандық дизайнерлердің осы жылдың көктемі мен жазына ұсынған киім үлгілерінің ішінде мен үшін тартымды және «киілетіндей» болып көрінгені Салта сән үйінің топтамасы. Қара, сары, жасыл мен беж түстерінің әдемі үйлесімділігі, кең жиекті шляпалар мен үлкен әйнекті көзілдіріктер, тоқылған дорбалар мен ыңғайлы аяқ киім — бәрі де көктем мен жаздың шуақты күндерінде арулардың бойынан табылары анық.
Әрі қарай

Естімеген елде көп

Бұл жазылымды көрген кезде, не ойларымды білмей дал болып қалдым. Қалай болғанда да бассыз аудармашыларға ысырып салудан басқа амал қалмады. Сурет сапасы үшін алдын ала кешірім. Атырау облысы аудандарындағы бір көше.
Әрі қарай

Күн батқанда

Фотигімді көптен бері көрмей, сағынып (белгілі бір себептер болып еді), әйтеуір қолыма тигенде, мынандай әдемілікті суретке түсіріп алмай, тыныш өмір кеше алмас едім. Сұлулықтың бәрі де табиғатта екеніне тағы да түсіндім.
Түстердің сан түрлілігі, аспанның құлпырғаны, бәрі бәрі көркем! Соны көре алатыныма АЛЛАға шүкір!
Әрі қарай

Жаңалықтар - Қазақша телеконтент

10.02.2012 жыл, сағ.: 19:12, Ұзынқұлақ хабарлайды.
Ұзынқұлақ ішіп алып хабарлайды:
Телеканалдардың бірінің жаңалықтар түсіру технологиясы белігілі болды. Келесі прайс бойынша ақша табуыңа әбден болады:
Әрі қарай

14 ақпан сауалнамасында идеологиялық хаос


Тәуелсіз «Survey» статистикалық сараптама агенттігінің 14 ақпан күніне қарсы жүргізген сауалнамасы түсініксіз нәтижелермен аяқталды. Агенттік жүргізген сауалнамаға «14 ақпан капиталистік жүйенің коммерциялық жобасы» деп жауап бергендердің 94% жеке өмірлерінде бұл бағытқа қарама қарсы тірліктер істегені анықталды. «Христиандардың мерекесі, біздің қазаққа жат нәрсе» деуші топтың басым бөлігі шын мәнісінде бұл идеяларын ұстанбайтыны белгілі болды.

Агенттіктің мәліметтеріне сүйенетін болсақ:
Әрі қарай

Ат құлағында ойнау

Екінші не үшінші класс бітірген жылғы жаз. Жайлаудамыз.Асау аттарға міне алмасам да үйдегі бір-екі аттың жалын тартып мінетін дәрежеге жеткен ем. Бізден 10-15 шақырым жердегі жайлаудағы құда балалар келе қалды. Қанжығаларында киік. Жолай иттері алған екен, бізге бұйырған сыңайлы. Содан кешкілік құда балалар өз жайлауларына қайтпақ болды. Менен 4-5 жас үлкен кіші құда бала біраз жерге дейін еріп баруымды өтінді. Үйдің іші егіс алқабына дейін еріп баруға рұқсат еткен соң «Шалқасқа» атанып кеткен күрең қасқа атқа мініп алдым. Құда балалардың жарысайық деген ұсынысын қабыл алып, солардан қалмай құйғытып келемін. Менімен қатарласа шауып келе жатқан кіші құда бала «Сен аттың құлағында ойнау білесің бе?» деп сұрады. Мен «Жоқ, сен ше ?» деп сұрағына жауап беріп, әрі өзіне сауал тастадым. Шауып келе жатып қолын аттың құлағына созып саусағының ұшын бір құлағына тигізген құда балам «Міне, аттың құлағында ойнау деген осы» демесі бар ма?
Әрі қарай

Тегін ғибрат

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында аяз күшейіп тұр дәл қазір. Осы аяздар есіме бір ғибратты әңгімені түсіріп тұрғаны.
Бір торғай қатты аяз күні әрі қарай ұшуға шамасы келмей жерге(қарға) құлап түсіпті. Қардың ызғарына аяз қосылғанда оның өмірін әрі қарай жалғастыруы еш мүмкін емес еді. Сол маңайдан өтіп бара жатқан бір сиыр торғайдың дәл үстіне жапалатып кетіпті. Ыстық жапаның әсерінен торғайдың денесіне жылу тарап, өмірі сәл де болсын ұзарыпты. Бірақ, торғайдың дегені емес Алланың дегені болады емес пе? Сиыр өткен жерден мысыққа неге өтпеске?! Өтіп бара жатқан мысық жапа арасында отырған торғайды көріп, оны шығарып алыпты. Шығарғанда қайбір жаны ашыды дейсіз, жеп қойыпты сосын.
Бұдан туар қорытынды: Сені боққа тастап кеткеннің бәрі жау емес, боқтан шығарып алғанның бәрі дос емес.
Сурет мына жақтан алынды
Әрі қарай