Ит және махаббат

Бөрібасар тез өсті. Көршілерінің бәрі таңғалатын:
— Апырмай, мына иттерің күн сайын емес, сағат сайын өседі ғой! — дейді көпшілік әр көрген сайын.

Бөрібасар алты айлығында алып төбетке айналды. Өзінің ерекшелігін өзі де сезінгендей ма, ештеңеден тайсалмайтын батыл болып өсті. Иесін кейде тыңдағысы да келмей қипақтайтынды шығарды. Мойын жібін оңай үзіп, көше кезіп кете береді. Көршілердің ауыз үйлеріне кіріп, қол жетім жердегі қалған-құтқанды «сұраусыз» қылғыта береді. Бірде оң жақтағы көршісі жетіп келді:
— Сен… сендердің иттерің… иттерің құтырып бітті, — дейді ентігіп. Үй-іші шошып кетті:
— Ойбай не болды? Көкинәларыңа кіріп, тамақ ұрлады ма?
— Жоқ! Әлгі тауық қораға кіріп… уффф, жүрегім-ай…
— Тауықтардың жемін шашып кетті ма?
— Тауықтарымды жеп кетті!
— Ойбай-ай! Әй, жүгермек, байла итіңді!!!

Көршісі әлде ашудан, әлде жүгіріп келгеннен әлі ентігін баса алмай тұр. «Атқызамын!» деп бәле шығарып тұр. Әйтеуір, бір-екі кесе шай ішкеннен кейін ашуы басылып, көршілер арасындағы ескі достық иттің өмірін құтқарып қалды. Бірақ соңғы ескерту жасады сұстылау көрші әйел. Құрбан болған екі тауығының құнына бір қорап шай мен бір килә кәмпит қолтықтап кетті.

Бірақ итке бәрібір емес пе? Дәнденіп алған ол, енді тауықтардың серуендеп сыртқа шығуын күтпей-ақ, қамыс қораны жарып кіріп, тамағын тістеп шыға береді. Рақат өмір өзіне де жағатын секілді, артынан айқайлай шыққан көрші әйелге құйрығын бұлғаңдата еркелеп өз жөніне кетеді.

Бірде таңертеңгі тыныштықты «гүрс» еткен мылтықтың дауысы естілді…

P.S. Ит туралы әңгіменің махаббатқа қандай қатысы бар деп сұрарсыздар сіздер? Сұрақ заңды да, өйткені қауымдастық исклюшительні махаббат тақырыбына арналған ғой. Жауап берейін онда: Ит ұрыға түсетін тауық қораның иесі — Күлжамаштың бір қызы бар. Сол қыз бен оның сыныптасы Серік арасында үлкен махаббат болған деседі. Тоғызыншы сыныпта тұтанған нәзік сезімнің арқасында екі жас ауылдың Ромеосы мен Джульеттасына айналған еді. Бәрі махаббат туралы әңгіме қозғалғанда әңгіменің пісмілләсін сол екі ғашықтан бастап, екеуін үлгі ететін. Күлжамаш қызын кочегардың ұлына бермеймін деп байбалам салғаны 5-6 жыл өтті.
Қыздың да шыдамы бітті. Ұры ит келсе, атып өлтіремін деп сандықтан шығарып қойған қосауыз мылтықты шешесінің шифоньерінен шығарып алып, анасы сиыр саууға сыртқа шығып кеткенде өзіне қаратып «гүрс» еткізді. Қорықпаңдар, ит аман әзірге.
Бөлісу:

16 пікір

Zhan
Өткенде «Боевой конь» деген киноны көруге бардым. Сонда мен фильмде өліп, жарақат алып жатқан адамдарға емес, әлгі екі жылқыға жаным ашып, соларға көбірек жүрегім ауырды.
patick
дертіңіз жұқпалы ма еді?
araika
Мен кітабын бастағалы жатыр едім, киноға деген бағаңыз қандай? Негізі, ағама арнап алған едім, әзірге қолымда бөгеліп қалатындықтан, екінші жағынан, фильмді көре алмаған соң, қызықтырып тұр
zholantai
сымға шырмалып қалатынын айтсайш,
aza
өзіне қаратып «гүрс» еткізді. Қорықпаңдар, ит аман әзірге.
Уууффф дедім))) Ең бастысы амандық қой!
Danial
тап-таза жынжы екенсің:D:D:D:D:D:D:D