14 ақпан сауалнамасында идеологиялық хаос

Тәуелсіз «Survey» статистикалық сараптама агенттігінің 14 ақпан күніне қарсы жүргізген сауалнамасы түсініксіз нәтижелермен аяқталды. Агенттік жүргізген сауалнамаға «14 ақпан капиталистік жүйенің коммерциялық жобасы» деп жауап бергендердің 94% жеке өмірлерінде бұл бағытқа қарама қарсы тірліктер істегені анықталды. «Христиандардың мерекесі, біздің қазаққа жат нәрсе» деуші топтың басым бөлігі шын мәнісінде бұл идеяларын ұстанбайтыны белгілі болды.
Агенттіктің мәліметтеріне сүйенетін болсақ:
Марсель К: Құрылыс объектілеріне заңсыз жұмысшылар әкеліп, салық және басқа төлемдерден қашып жүргені анықталды.
Жұмамұрат Ш: Өткен жылғы табысы 55 млн доллар. Ереуілге қатысқан және кәсіподаққа мүше 128 жұмысшыны жұмыстан шығарған.
Болат М: Форекс валюта биржасы арқылы өзіне және клиенттеріне миллиондаған табыс әкелген брокер.
Әлібек К: Мұнай және газ өндірісі факультетінің соңғы курс студенті. Қалада тек 4 адамда бар машинамен жүреді. Студент жастар арасында студенттер мүддесін қорғаушы, ұлт жанашыры, қоғам қайраткері.
Мұстафа Х: Журналист, жазушы. Ұлт және тіл жанашыры. Қыздар.кз сайтының және Астана сауналарының тұрақты тұтынушысы.
Серікбол Р: «Дін. Діл. Тіл» қоғамдық қорының басшысы. Жұмаға да бармайтыны анықталды.
Раушан М: Тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы. Жұмыстан тыс МэриКеймен айналысады.
Рысбек Ж: Яссауитанушы. Ішеді.
Қазір мамандар бұл сауалнама нәтижелерінен кейін бұл құбылыстың тек 1 — 14 ақпан аралығында қылаң беретін індет пе, әлде тобыр психологиясының әсері ме, әлде адамдардың көбісі өзіндік ойы жоқ топастар ма соны анықтамақшы.
Агенттік 8 наурызға қарсы жоспарланған сауалнаманы өткізу туралы әзірше ешқандай шешім қабылдай алмай отыр. Болжамдар бойынша ол сауалнама нәтижесі де жаңа бір психологиялық хаосқа себеп болатын сияқты.
қатып кетті
Әбден күліп алдым.