Ат құлағында ойнау

Екінші не үшінші класс бітірген жылғы жаз. Жайлаудамыз.Асау аттарға міне алмасам да үйдегі бір-екі аттың жалын тартып мінетін дәрежеге жеткен ем. Бізден 10-15 шақырым жердегі жайлаудағы құда балалар келе қалды. Қанжығаларында киік. Жолай иттері алған екен, бізге бұйырған сыңайлы. Содан кешкілік құда балалар өз жайлауларына қайтпақ болды. Менен 4-5 жас үлкен кіші құда бала біраз жерге дейін еріп баруымды өтінді. Үйдің іші егіс алқабына дейін еріп баруға рұқсат еткен соң «Шалқасқа» атанып кеткен күрең қасқа атқа мініп алдым. Құда балалардың жарысайық деген ұсынысын қабыл алып, солардан қалмай құйғытып келемін. Менімен қатарласа шауып келе жатқан кіші құда бала «Сен аттың құлағында ойнау білесің бе?» деп сұрады. Мен «Жоқ, сен ше ?» деп сұрағына жауап беріп, әрі өзіне сауал тастадым. Шауып келе жатып қолын аттың құлағына созып саусағының ұшын бір құлағына тигізген құда балам «Міне, аттың құлағында ойнау деген осы» демесі бар ма?
Бөлісу:

7 пікір

sammita
атқа қатысты әңгімелерің көп екен
a63a1
Ат деген жақсығой, ерекше жануар. Аттың серік екенін түзде жалғыз жүргенде сезіледі.
satibaldi
Ол қойня нақ, баяғыда бір бала бір шелек балмұздақты көздеріңше жеп қойсам — не бересіңдер? — деп бәстесті. Оның үстіне — бір шелек балмұздақты өзім әкелемін дейді Біріміз бәске рогаткімізді, біріміз шойынымызды (рогаткаға оқ ретінде пайдаланатын уатылған тепловоздың поршень сақинасы), біреуіміз асығымызды со жерде тігіп жібердік.
Есігінің алдына жиналдық, ол қалтадан қарындасының ойыншық шелегіне салынған балмұздақты алды да, әп-сәтте жеп қойды.
Abilakim
Шахановтан «Арал теңізі қанша шелек?» деп сұрағанда«Егер дәл сол теңіздің көлеміндей шелек жасаса бір-ақ шелек» деген екен дегенді оқып едім
sammita
оны Қожанасырға тиесілі етіп те жіберген қаззақтар
Abilakim
Шахановтың да Қожанасырлығы бар шығар)))