Ат құлағында ойнау

Екінші не үшінші класс бітірген жылғы жаз. Жайлаудамыз.Асау аттарға міне алмасам да үйдегі бір-екі аттың жалын тартып мінетін дәрежеге жеткен ем. Бізден 10-15 шақырым жердегі жайлаудағы құда балалар келе қалды. Қанжығаларында киік. Жолай иттері алған екен, бізге бұйырған сыңайлы. Содан кешкілік құда балалар өз жайлауларына қайтпақ болды. Менен 4-5 жас үлкен кіші құда бала біраз жерге дейін еріп баруымды өтінді. Үйдің іші егіс алқабына дейін еріп баруға рұқсат еткен соң «Шалқасқа» атанып кеткен күрең қасқа атқа мініп алдым. Құда балалардың жарысайық деген ұсынысын қабыл алып, солардан қалмай құйғытып келемін. Менімен қатарласа шауып келе жатқан кіші құда бала «Сен аттың құлағында ойнау білесің бе?» деп сұрады. Мен «Жоқ, сен ше ?» деп сұрағына жауап беріп, әрі өзіне сауал тастадым. Шауып келе жатып қолын аттың құлағына созып саусағының ұшын бір құлағына тигізген құда балам «Міне, аттың құлағында ойнау деген осы» демесі бар ма?
Әрі қарай

Құралайдың жаңбыры...

Әркімнің де бар өзінше зар-мұңы
Жан табылса айтқаныңды ұғатын
Маған қызық киіктердің тағдыры
Құралайын жаңбырменен жуатын

Киік туса, Алла төгер көк аспаннан жауынын
Сол суменен жуад олар төлдерін
Жазалапты Нұх пайғамбар қауымын
Құран айтты
Әрі қарай

Киік ауған жыл...

Бір кездері мына сар далада маңғырған киіктер жайылып жүретін десе бізден кейінгілер сене қоймас. Біздің өзіміз сол киіктердің ауып бара жатқандағы соңғы көшін көрген ұрпақ болармыз бәлкім… Бәлкім олар аумаған шығар, ауып емес, құрып бара жатқан болар сол кездерде… Қайткенмен де адам қолымен жасалған қиянат еді бұл осынау әдемі жаратылыс иелеріне…
Әрі қарай