Киік ауған жыл...

Бір кездері мына сар далада маңғырған киіктер жайылып жүретін десе бізден кейінгілер сене қоймас. Біздің өзіміз сол киіктердің ауып бара жатқандағы соңғы көшін көрген ұрпақ болармыз бәлкім… Бәлкім олар аумаған шығар, ауып емес, құрып бара жатқан болар сол кездерде… Қайткенмен де адам қолымен жасалған қиянат еді бұл осынау әдемі жаратылыс иелеріне…

1994 жылдары киіктер біз жақтан үдере көшті. Жүздеп, тіпті мыңдап жайлаудың үстін басып өтіп жатты. Үлкендер жағы бұны пайдаланып біразын атып та алып жатты. Алла бұл төрт аяқты мақұлықты екі аяқты мақұлықтары азық етсін деп жаратқан болар басында.Келе-келе ынсапсыз адам баласы оларды тек мүйізі үшін қырып-жоя бастады. Бала кезімде іші ақтарылып жатқан талай киіктің үстінен шыққаным бартын. Сол кезден-ақ өскенде аң атаулыға мылтық көтермеспін деп серт бердім.Аңшысың ба күшің қарсыласыңмен тең болсын, итпен, құспен шық. сонда ләззаты да ерекше болар…
Бірді айтып бірге кеттім-ау… Иә, сол 1994ші жылдары ауды киіктер біз жақтан.Өзім-өз болып киіктің егін алқабын басып кеткенін көргенім сол еді. Біздің 120 гектарлық бидай алқабын таптап жүрген киктерді сол жылдары қамшымен ұрып жүріп қуатынмын.Менің қарусыз,қауқарсыз бала екенімді сезген жануарлар тіпті де сескенбеуші еді. Сіздердің араларыңызда киіктің аңшыдан қашқанын көргендеріңіз барма? Аспанға қарғып барып қашқандары әдемі. Екі-үш метр биіктікке секіреді- ау… Аман болсыншы осынау қазақ даласының сәнін кіргізтер ақ бауыр жануарлар… Бетпақдаланың бір бөлігінде әлі де отар-отарымен жүрген болар. Былтыр батысымызда қаншасы қырылды десеңізші…

Айтпақшы біреулер киік дейді, біреулер бөкен деп те атайды бұл жануарды. Екеуі де дұрыс. Қазақ киік деп жазда ақ бөкен деп қыста атаған екен дегенді естідім. Қыста сарғыш жүндері қалыңдап аққа айналады екен, сол себепті ақ бөкен деген болар…
Киіктің төлін Құралай деп атайды. Қазақтар киік төлдейтін кезеңді құралай деп атаған.Құралай жауын-шашынды болады. Себебі, киіктер төлдегенде төлдің сыртындағы жабысқақ қабыршықты жаламайды екен. Яғни, табиғат-ана жауынын бермесе киік төлінің шаранасын жарып шығуы екі талай.

Сурет алынған жер
Бөлісу:

21 пікір

konvict
Баяғы заманда біздің ауылда да киік болған деп естуші едім. Бірақ өзім көрмеппін. Тәуелсіздік алған соң киік аулаушылар көбейіп, біразы қырылып, біразы ауып кеткен екен. Кейіннен ауылда мал бағып жүргенде қарақұйрық көргенім бар. Мені көріп қашып кетті. Алыс болған соң қуудың еш пайдасы жоқ еді.
Janasil
Бала кезде біздің ауылдан да өткені бар.
KILYZAMAN
Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-Қорған санаторийінің жанын-дағы «Борықтыкөл» емдеу орталығы еді. Радикулит, ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы оғынан жараланған киік деседі.
алынған жері
Abilakim
Мамыр айының 15-25 аралығы (ұмытпасам) құралай. Киіктер төлдей бастайды.
konvict
Айтпақшы, киік житін киікоты деген шөп қымыздың күбісін ыстағанға таптырмас шөп дейтін менің нағашы апам. Әйтеуір сол кісінің жасаған қымызы бал татушы еді…
Abilakim
Әжем бізге киікоты тергізіп өзі бұлауға түскені есімде. Исі керемет емдік шөп. Киікоты шөбін танитын қазақтың бірімін
KILYZAMAN
Абеке, суретін іле салшы мүмкіндік болса
ken
сайғақ деп те атаушы ма еді?
Zilola
Шымкент облысы Созақ ауданында өзімнің нағашыларым және әкемнің нағашылары тұрады. Сол кісілер киікке шығады. Ақбөкен деп те, киік деп те атай береді. Сайғақ деп орысша ғана айтқанын естігенмін. Еті тәтті жақсы жануар, азайып бара жатқаны жанға батады :(
Erlan
Еті тығыз болады, қызыл қуырдақ, басы пайдаға аспайтын сияқты, кішкене күнімізде ап келген, 2000 жылдары козіммен кордім кетіп бара жатырып 4-5 киікті
satvaldo
ең соңғы рет Жүрсіннiң отаны — Қарақұмға құдалыққа барғанда көргем 2009-да…
Abilakim
Жаңа жыл кезінде Жезқазғанда болған едім. Қарақұмдық жолдастарым киікті кәдімгідей қадағалап отырамыз деді. Сырт жақтан келіп қырып кететіндер көп екен әйтпесе
ushkin
Бала кезімде әкем киіктің мүйізін бояп үйдің қабырғасына іліп қоюшы еді. Сол мүйіздерді қайдан алғандығы жөнінде қазір ғана ойланып отырмын. Әйтпесе, біздің жақта киік атаулысы атымен жоқ…
Abilakim
Суретті алған жерім

Киікоты (90.78 Kb, 227x200)

Шөптің басындағы сарғыш өскіндер көк түске енеді әбден жетілгенде.
KILYZAMAN
Әбеке, бұл инетте қалақайдың суреті ретінде ғой! Қалақайды танушы едім, тура осындай-шағып алатын қасиеті де бар…
Abilakim
Иә, мен шатасып басқасын жүктеп алыппын. Меңдуана шайнап отыр ем…
(34.13 Kb, 380x192)
Негізі мынандай болады
(7.03 Kb, 250x163)
(7.41 Kb, 160x116)
KILYZAMAN
Душица деп жүргеніміз сол шөп болғаны ғой, РАХМЕТ!
boztorgai
елде бұл күндерді құралайдың салқыны немесе киіктің көтжуары диді

ия, ақбөкен азайып кетті ғо. 100-200 шақырымнан әрең кездесед
есесіне қарақұйрық баршылық
a63a1
Мен онда бала едім, сол 94 есімде қалыпты!!! Біздің ауылды киік мыңдап басып өтетін! Ши арасында лақтары секіре алмай қалып қоятын адасып! Ауылдың адамдары «Урал» матсекіліне мініп алып, қолда «16» немесе «мелкашка» киік атып әкелетеін, Еті тәтті өте!
Abilakim
Киік еті жеңіл әрі тәтті ет. Қуырдағы дәмдә болады.Бірақ осы жануарлар қазір мүйізі,қала берді қамшыға сап болатын аяғы үшін қырылып жатыр.
Abilakim
Құралай да басталады ендігі…