Құралайдың жаңбыры...

Әркімнің де бар өзінше зар-мұңы
Жан табылса айтқаныңды ұғатын
Маған қызық киіктердің тағдыры
Құралайын жаңбырменен жуатын

Киік туса, Алла төгер көк аспаннан жауынын
Сол суменен жуад олар төлдерін
Жазалапты Нұх пайғамбар қауымын
Құран айтты суға кетіп өлгенін

Нәрестені малып алып суына аққан кранның
Табиғаттан алыстаттық тамырын
Тасбауыр боп, қалада өскен ұланның
Түсінуге шамасы жоқ бабалардың қадірін

Қызығамын тағдырына киіктің
Себебі олар көк суымен жуынған
Біздер үшін киік-ғұмыр биік тім
Құралайдың жаңбырында туылған
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше