M@lagent

Соңғы уақытта ауылдың жасөспірімі түгел агентте отырады. Бәрі бір-бір әлемнен ашып алған. Қалтафонмен неше түрлі суретке түсіп, оны өз әлемдеріне жүктеп, бір-бірімен достасып өтіп жатқан тылсым өмір.
14 жасар інімді қосам деп, оның біраз сыныптастарымен дос болуғе тура келді. Қабылдамайын десең, ауылдың кішкентай балалары ғой, өзінше әлдеқандай деп ойлар деп…
Сонымен ауылдың агентші жастарымен дос болдым. Бірақ, әлеміме кіріп, жазбаларды оқып, кейде жағамды ұстайм, кейде ұялам… Ауылда ырымға бір орыс жоқ, әлгілердің бәрі орысша сөйлеуге сондай талпынады:
Әрі қарай

"Древо жизни"

Киностанның презентациясынан кейін бардық қой…

Таңдау болды: не мультик «бунт ушастых», не фантастика/экшн «люди Х», не осы «древо жизни»

Ауыр фильм болғандықтан шығып кеткендер(нақтырақ: кеткен — Қарасақал ғана болды), пысылдап, не кетерін білмей, не қаларын білмей отырғандар да болды…

Мен фильмде екі мәселені ашып айтқысы келгенін айтар едім… 1) Құдай тақырыбы. 2) Тәрбие мәселесі.
Әрі қарай

Блогшылармен кездестім

Түнімен қуыппыз. Азанда үйге қалай келгенімді білмеймін. «Таң атып қалыпты» деп сағатқа қараған ем, «айналайын-ау», сөйтсем сағат түскі 2.00. Қасымдағы орында Қара Сақал жатыр. Көрпемді тартып алған ”ұятсыз” десе. Арадан біраз уақыт өткен соң, менің қалта телефоным шырылдады. Қарасам @Patick. Қара Сақалды тұрғыздым.
Ол тұрып алып:
— “ооо, eeeeе” дид! 
Содан соң телефонды көтерді.
Екеуінің сөйлесуі:
Қара Сақал: Алло!
Patick:------! (Естілмейді ғой маған)
Қара Сақал: Ереке ұйықтап қалыппын — дейді.
Patick:------!
Қара Сақал: Басталып кетті ма?(Бармаудың амалын жасап)
Patick:----!
Қара Сақал: Ммм, жарайды қаз барам – деп қайтадан ұйықтады.
Әрі қарай

Фотоаппараттың флеш-жадындағы суреттер

Қолыма фотоаппарат тисе, не болса соны түсіре беретін әдетім бар еді. Сонда не үшін дейсіңдер ғой. Жай. Үйге келген соң, флешкісін ноутбукқа салып, суретке түсірілген заттардың ұсақ-түйек детальдарына қарағанды жақсы көремін да )) Бірдеңені ермек қылу керек қой енді

Мына шыршаны Медеу жақта түсіріп едім. Ұшындағы сары шошағы аурудан ба, әлде ағаштың өзінің тұқымы сондай ма, біле алмадым.


Әрі қарай

М.Ю. Лермонтовқа арнау


Жастық шақта әркім де өлең шығарады дейді ғой, мен көбіне орысша өлең жазатынмын. Қазақшадан көрі, орысша сыр шерткен оңай еді мен үшін. Көбіне Лермонтов пен Есениннің әсерінде өлеңдер шығаратынмын.
Сондай әсерлердің бірінде, Лермонтовқа арнап
Әрі қарай

Жазалау: Әжетханада

Әп-әсем, өп-өркениетті, мәп-мәдениетті бір жерде келе жатып, әжетханасына кіре қалсаң, есік алдында қабағы түйілген әйел отырады. 30 теңгені соған ұстатасың, әрине әжет өтеу үшін. Сосын ол саған үзіп-үзіп дайындап қойған ұзандығы бір сүйем болатын
Әрі қарай