M@lagent
Соңғы уақытта ауылдың жасөспірімі түгел агентте отырады. Бәрі бір-бір әлемнен ашып алған. Қалтафонмен неше түрлі суретке түсіп, оны өз әлемдеріне жүктеп, бір-бірімен достасып өтіп жатқан тылсым өмір.
14 жасар інімді қосам деп, оның біраз сыныптастарымен дос болуғе тура келді. Қабылдамайын десең, ауылдың кішкентай балалары ғой, өзінше әлдеқандай деп ойлар деп…
Сонымен ауылдың агентші жастарымен дос болдым. Бірақ, әлеміме кіріп, жазбаларды оқып, кейде жағамды ұстайм, кейде ұялам… Ауылда ырымға бір орыс жоқ, әлгілердің бәрі орысша сөйлеуге сондай талпынады:
V7 privet, харошая пагода, радной как дила? Жизнь прекрасно! Казел он, Я не отдам тебе никому! споки ночи, V7 poka! тағы сондай статустарды оқып, *мамма* дейсің… Содан тағы басқалары басқа біреудің статусына келіп алып, (әлгі статуста Эйнштейнның өсиет сөзі жазылып тұрады) өзінше орысша амандасып кетеді. Оның әлгі цитатаға еш байланысы жоғы ешкімді қызықтырмайды. Кейбір керемет өсиет сөздерге 200ден астам коммент жазылған. Қарасаң: әркім келіп V7 privet, споки ночи, v7 poka деп жаза берген. Бір шүйіркелесіп маңызды әңгіме айтып жетістіріп де жатқан жоқ. тағы біреулері әкеден не шешеден түк қоймай балағаттап кетеді. Қайран интернет, қайран кетіп жатқан бірліктер ай… Басында сондай қуанған едім, қандай жақсы болды жастарға, ауылға да ғаламтор келді деп
14 жасар інімді қосам деп, оның біраз сыныптастарымен дос болуғе тура келді. Қабылдамайын десең, ауылдың кішкентай балалары ғой, өзінше әлдеқандай деп ойлар деп…
Сонымен ауылдың агентші жастарымен дос болдым. Бірақ, әлеміме кіріп, жазбаларды оқып, кейде жағамды ұстайм, кейде ұялам… Ауылда ырымға бір орыс жоқ, әлгілердің бәрі орысша сөйлеуге сондай талпынады:
V7 privet, харошая пагода, радной как дила? Жизнь прекрасно! Казел он, Я не отдам тебе никому! споки ночи, V7 poka! тағы сондай статустарды оқып, *мамма* дейсің… Содан тағы басқалары басқа біреудің статусына келіп алып, (әлгі статуста Эйнштейнның өсиет сөзі жазылып тұрады) өзінше орысша амандасып кетеді. Оның әлгі цитатаға еш байланысы жоғы ешкімді қызықтырмайды. Кейбір керемет өсиет сөздерге 200ден астам коммент жазылған. Қарасаң: әркім келіп V7 privet, споки ночи, v7 poka деп жаза берген. Бір шүйіркелесіп маңызды әңгіме айтып жетістіріп де жатқан жоқ. тағы біреулері әкеден не шешеден түк қоймай балағаттап кетеді. Қайран интернет, қайран кетіп жатқан бірліктер ай… Басында сондай қуанған едім, қандай жақсы болды жастарға, ауылға да ғаламтор келді деп
Интернетпен таныстық та осындай агент сияқты нәрселерден басталады ғой.
Әлгі қателерді барлық жерлердегі қолданушылар жібереді.
өзімніңкесірінен жіберіп алдым. Өкініш. Өкініш. Төбеден агент жалт еткенде, барлық өкініш ғайып болад.Алкаштын цитатасын өзгетівалдым
Кейде «Жаным, олай демеші, сенің сөздерің менің жүрегіме пышақ сияқты қадалады» дегенде, әлгі ептібаймайт шөпжелкенің шашын жұлып, қолына бергім келеді
Енді малагентті де ұрыс-керіс құралына айналдыратын болды де…
Әйтпесе мой мирді ашып қалсаң бала шағаның әңгімесі, күйеуін іздеген әйелдің жан айқайы қайнап жатқан өмір ай десейші
Ал күйеуін іздеген әйелдер кездестірмеппін.
Тек мына тектес жазбалар көп, оны ұнататын адамдар көп: күйеу пәлендей болу керек, ақылды әйел өзін күтінеді, ақылсыз күйеуін күтеді бла бла бла бла…
Бірде Арман деген жігіт қайта-қайта авторизация жіберіп қоймаған соң, қоса қойсам «менің қайда отырғанымды білесің бе?!» деп «таң қалдырғаны» бар…
«минусы» боқтық сөздерінің де куәгерімін.
Гугл баззыма жетпейді бәрібір
сол моймирді мүлдем құртайын десем, бір 3-4 адам үшін ғана ұстап жүрм десе болад
Онлайнмен отырма деп жатқан
Кілең жұлдыздар)), біраз ақша бітсе қиын болады бұларға )). Суретін ашып қалсаң типичный моңғолойдтық түр өзіміздікі сияқты, несіне жұрттың барі обсуждать етеді екен оның атынан )))
— интернеттің мүмкіндіктерін толық білмейді;
— интернетті майл-ру деп ойлайды;
— статусқа орысша "ұлағатты" сөздерді жазып қояды. Әсіресе қыздар жағы;
— ең көп пайдаланатын сөздері: слм — салем, каксын — калайсын? (какайсың), не жх — не жаңалық, білм — білмеймін, раха — рахмет.
— статусқа «занят» деп қояды. Бірақ хабарлассаң, жауап береді;
— әдетте агентте қазақ тілінің жүрмейтіні оны еш ойландырмайды;
— қалтафоннан кірсе Актив номерінен кіреді, өйткені арзан, ал ол агентте аз отырмайды;
— бірен-біреу блогқа жазса, жынданады, сөйте тұра өзі де әжептәуір микро-«блогер»;
— негізгі жұмыс не оқу уақытын агентте отыруға жұмсайды;
— орысша жазғанды абырой санайды;
— конференцияға біреу кіргізсе, «фу, конференцияға шақырмаңдаршы» деп шығып кетеді, алайда өзі де конференция құру құмар
Бұрын интернет жоқ кезде, впрочем қазір де
11 б ЛОХ! 11 А СИЛА!
А*+Қ***қ= Махаббат!
84-тегі Марат пидарас!
48-56-98 маған хабарлас!
Марина с 15 микр. шалава!
деген жазулар біразыңның есіңде шығар.
сол кабинкадағы адам бір уақытта үш жұмысты тындырып отыр екен, яғни негізгі жұмысымен қатар темекі тартып отыр плюс агентте әңгімелесіп жатыр
Осыған түсінбедім. Менің атымнан да көбіне барыпты, спамдар екен гой, мен қыздардан келген сілтілерді ашып жүрсем )))
Натрий гидроксидін салып жіберіп пе?
Сонша мал деп не көрінді іні-қарындастарыңды?
Бұрын агенттің орнын запискалар атқаратын еді. Анкета дәптерлер де бұрын орысша толтырылатын, естеріңде ме? Сонда да сол ғұламалардың сөздері ретсіз қойылатын. Жасөспірімдер максималист, ұялшақ, арзан понтқа құмар, еліктегіш, эмоционалды және көбіне тұйық келеді.
Мен агентте отырып алмасам да, кіріп керек адамыммен сөйлесіп тұрамын. Талай жастарда агент ауру бар еді. Қазір біразы ол қызықтан да зайыбы шығып есейіп жатыр. Олардың орнына басқа школота келіп жатыр.
«Интернет от школья тупеет.» дегендей, қазір бәріне қолжетімді болған соң, жастардың тіл байлығы әлі қалыптаспаған соң, әрине бұл табиғи жағдай.
Сондықтан бәлкім кейбір ресурстарды белгілі бір жасқа келгенше шектеу керек шығар, дым көрмеген жас балаларды малға теңемей?
Әйтпесе көшеде анаша мен арақты жасына қарамай тегін таратып, шеккен оқушыларды мал дегенмен бірдей екен.
Бұрыңғы анкета мен запискалардан мұндай балағатты сөздер байқамаппын, керісінше мәнерлеп жазуға тырысып, тіпті қыздарға деген запискаларда кейбіреулер алып-салма өнерін көрсетіп, ал тағы басқасы поэзияға бойсұнушы еді.
СҮЙГЕН қызынды(жiгiттiндi) бiреу тартып алса не iстейсiн.
==>1-Жылайм
==>2-Өлем
==>3-Пышақтап кетем
==>4-Басқа бiреу мен журем
==>5-Атып кетем
==>6-Ештене iстемейм
==>7-Валконан секiрем
==>8-Кайта тартып алам
==>9-Шашын жулам
==>10-Мамама айтам
==>11-Қатты ренжимiн
==>12-Қош бол дейм
==>13-Асылып өлем
==>14-Бақытты бол дейм
==>15-Көзiме корiнбей кетшей дейм
==>16-Мен сени сүйем дейм
==>17-Менiң сүйгенiм жоқ
==>18-Лақтырып кетем
==>19-20шы этаж секiрем
==>20-Өзiмди атым өлтирем.
ДОСТАРына тарат анан үшин ерiнбе қызықты жауаптар аласын!!! Мaгaндa бир сaн жибeрудй умйтпa!!!
Олар казір ненің зиян, ненің пайдасы бар екенін жастықпен білмейді, кейін өкінетін болады, сондықтан малагентпен күресетін кез жетті!
ауылдағы оқушылар сипаты, олар қалтафонсыз ақ сондай болып келетін. Оған мұғалімнің сабақ беру әдісі, ата-ананың оқушының тәліміне-тәртібіне бейқам қарауы және де оқушының өзі де кінәлі. Бәрін агентке жаба салу оңайырақ дегенмен…
осыған қосылам!
Мынау сізше "қуған" әңгіме ме? Керемет ұсыныс айтып отырмын ба десем…
Ал анау бейімдеу жағы — әлеуметтік жағдайына байланысты, жағдайлары біршама дұрыс болса өнер немесе сол спортына жіберер, ал жағдай нашарлау болса тіршіліктің қамы деп баланы қара жұмысқа жұмсайды. Ну енді бұл біз жақтағы жағдай.
Ал анау телефонды уақытша өшіріп/қайта қосу да іс жүзінде үлкен шаруа/мәселе қазақ балалары үшін.
Негізі, осымен жақсылап күресу парыз. Бейберекет мақтаға жіберу, кесек құюға жіберу, құрылысқа жіберу, стансаларда ұсақ сауда-саттыққа жіберу дегендерді доғару керек.
Aл тiлдiң яғни сөздердiң чaттa қысқaруы зaңды нәрсе сияқты ғой, қaржы мен уaқытқa дa бaйлaнысты. СМС жaзсaң әр әрiп сaнaлaды, aгентте әр сөздi әрлеп жaзып отсaң уaқыт кетедi, әңгiменiң тaты бұзылaды жaзып бiткенше, ой дa бөлiнедi. Бұл тек қaзaқ тiлiне тән құбылыс емес, бaрлық тiлдерге тән, чaт келгелi, сөздердiң өзгерiске ұшырaуы.
Келет пен келедi -нiң дұрысын aнық бiлмеуiне қaрaғaндa, әлi кiшi сыныптa болуы керек. Iнiңiздiң 3 aлып келуiне aгент кiнәлi емес, оны қaдaмaлaғaн мұғaлiм, кiп-кiшкентaй бaлaғa aгент ұстaтқaн aтa-aнa жaуaпты.