Атқан таңның арайынан тілеймін...


vkototy.wordpress.com

Жүрген жоқсың артта қалып басқадан,

Таңсық емес,

Білем саған асқақ ән.

Әттең қызбын, сол себепті кей сәтте,

Намысқойлық жігерімді жасқаған…

estetika91.wordpress.com/

Маза бермей жүректегі жалын ән,

Бірде шалқып, бірде оңбай тарынам.

Түсінемісің, бұл күйімді ЗАҢҒАРЫМ,

Мен кей сәтте өлеңнен де жалығам…

Бақыт құсы қолыңа кеп қонса деп,

Жолың дәйім жұпар гүлге толса деп.

Атқан таңның арайынан тілеймін,

Тілегіңнің бәрі қабыл болса деп…
Бөлісу:

12 пікір

Arhun
+1
estetika91
Рахмет, сізбен surak-jauap.kz- те пікірлесетін едік. Енді, міне керекинфода жүздесіп отырмыз… Алғысымды білдіремін!
Arhun
Дегенімен жер домақ екен… =)
a63a1
Қаламың ұшталып, шабытың таси берсін
AKA
Әдемі!!!
estetika91
Сізге ұнағанына қуаныштымын! Рахмет!))))