Жазалау: Әжетханада
Әп-әсем, өп-өркениетті, мәп-мәдениетті бір жерде келе жатып, әжетханасына кіре қалсаң, есік алдында қабағы түйілген әйел отырады. 30 теңгені соған ұстатасың, әрине әжет өтеу үшін. Сосын ол саған үзіп-үзіп дайындап қойған ұзандығы бір сүйем болатын әжетхана қағазын береді. Не деген үнемшілдік, не деген өркениетсіздік! Дәл сол кезде әжеттен шығып қалған қағаздарды шелектеп тұрып төбесінен жаудырса. Дәл сол арзанқол сары қағазға зар қылғызып, үш күн, үш түн әжет өтейтін сасық кабинаға қамап қойса. Ох, сөйтіп қатал жазаласа ол шіркіндерді!
Менің жазғаным диспенсерге салынғандары ғой. Сол үшін сөйлейді деп күтпеген едім сол кезде.
Жоқ. Арендаға берген адам емес, Финпол, налоговый мен мен рэкетирлердің басына төгу керек. Байғұс кәсіпкер бір мүллионды екі миллион қыла алмай жатқанда, аналар кеп талап кетеді.
Жоқ. Оған система кінәлі! Революция жасайық. Аттан! Әр клиентке бір бума қағаз! Бүкіл әлем тышқақтары бірігіңдер!
қай мемлекеттік стандартқа сүйенген өлшем десеңізші:)