"Жолаушы мен бойжеткен қағытпасы"

Бұл туынды Алматыдағы ҚР ҰҒА Орталық Ғылыми кітапханасының қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп туындылары жинақталған 1175 папкадағы мәтін бойынша әзірленген екен.

Бір жолаушы бір жақтан келе жатса, бір үйде екі бойжеткен қыз отыр екен. Бұл жолаушы базар шығып келе жатқандығын айтып, сусын сұрағанда қыздар:
-Ағайтай, базарлық бере гөр!-дегенде, жолаушы жігіт айтыпты:

Бұхара базарына барып келем,
Малым өтпей құр шаршап, налып келем.
«Осы үйде екі бала бар»-дегенге
Екі бүйрек, бір сирақ алып келем.

Онда қыздар кідіріп қалмай жауап қайырды дейді:

Кіріп келдің бас салып, долағай бас,
Жолаушының құны сол-бір аяқ ас!
Екі бүйрек басылсын өз көзіңе,
Ол сирақты шешеңнің е… бас!
Әрі қарай

<< Дениз >> туралы не дейсіз



<< Дениз >> атты көп сериялы түрік филімі басқа емес, мұйізі қарағайдай ұлттық арнамыздың төрінен орын алып, жалпақ жұртымызға жария болғалы жылдан асты.Қызығы сол, <Дениз>десе кей көрермен ішкен асын жерге қойып құмарта түссе, кей көрермен көзге шыққан сүйелдей күн өткен сайын жек көре бастады.Өз басым, бұл филімді ұнатпаймын әрі құптамаймын.Неге дейсіз ғой? <<Түпсіз терең тұңғиық, түсесіңде кетесің>>демекші, Денизді көріп отырсаңыз, сол байяғы бітпейтін әңгіме, жетпейтін мақсат.жалықтырғаны сол сабағынан тамағы көп Мода кафешіл жастардың шырма шытыу сезімдерімен, мың құбылған мимырт тірлікткрі бейне Алдаркөсенің әләуләйі спетті.Жақында ғана орыс тілінен егемендік алып еңсемізді көтерген ұлттық арнамызда тарбиелік маңызы төмен <<Дениз>>ден гөрі, <<Қызжібек>>тей бояуы қанық ұлттық филімдер молая түссе нұр үстіне нұр болар еді!
Құрметті оқырман, сіздіңше кейбіреуге көзайым болған бұл филімнің бізге керегі қаншалық? Айтар ойыңызды бүгіп қалмаңыз!
Ермек Қанатбекұлы
Әрі қарай

" Қиялдағы ару "


Қиялдағы ару деген — арманым бала күнгі.
Жолыңа қарауменен, талдырдым жанарымды.
Алыстап кеттің бүгін, уайымға салу үшін.
Ой толқын өткен күнім, жыр болды сағынышым.
Мен үлкен бақыт сездім, өзіңмен болғанымда.
Миымда шикі сөзім, қалам жыр жолдарында.
Бұл жалған қысқа ғұмыр, жалғыз боп жүреді кім?
Бар санам сезімге құл, жыры бол жүрегімнің.
Еш бір жан байқамаған, ән салар кешкі желде.
Сүйем деп айқайласам, өзіңе естілер ме?
Әрі қарай

Студенттік өмір

Өмірдегі ең қызық кезең меніңше «Студенттік өмір»!
… бірінші курс «балмұздақ» атанып,үлкен оқу орнын қызықтап, мұғалімді көріп арыстанды көрген қояндай қорқып, жан жаққа жалтақтап жүретін, екінші курс, университет қабырғасында бой үйреніп, сынақ кітапшасын тоқсанға толтырып, мәз болып жүретін, үшінші курс, білім алудан ұйқыны артық көретін, мұғаліммен құрбы құрдасша сөйлесіп жақсы балды қоржынға салып жүретін, төртінші курс, практика, диплом деген екі сөзді көп қайталай беретін, төрт жыл төрт секундтай өткенін еске түсіріп, сағынышпен,үлкен өмірге аяқ басатын кезең…
Қызығы мен қоса шыжығы да қатар жүретін бұл кезеңде талай жастар болашақ өмірін айқындады, өмірлік жарын және достарын тапты! Біреулер үшін бұл кезең түк те қызық емес, параға қатыспай, асханаға келіп кетуді қанағат тұтатын, аралық бақылау кезінде бір келіп мұғаліммен «келісімді түрде» баға алатын жастар да бар (стереотип солай қалыптасқаны соншалық, әдетте олар жастар арасында үлкен сый құрметке ие болады)… Біреулері үшін бұл уақыт алтыннан қымбат, күні түні кітаптан көз алмай, білім алу, оқу, болашағымды жасайтын өзім деп бір минутын құр жібермейтін жастар да бар (бұндайларды «оқымысты» деп шеттетуі мүмкін кейбірлері)… Біреулер үшін бұл уақыт бойда бар талантын ашуға көмек береді… Біреулері студенттік қоғамдық өмірге белсене араласу арқылы өзіне тәжірибе жинайды… бір студент сөйлеуді үйренеді… біреулерін мүлдем түсіну қиын, сабақтан қалмайды, сабақ айтпайды не тобымен араласпайды…
Студенттік өмір туралы айта берсе том том кітап шығады! Сол кітапты оқыған кезде қызықты, айтып берерге тұрарлықтай қылу ол әрбір жазушының(СТУДЕНТТІҢ) қолында!!!
Әрі қарай

"Шабыт шақыру"

Шикі шаттық басымда базар қайғым
Сырқатсыз сұрап алған ажалдайын
Жан айқайын жүректің жандандырып
Тыңдаушыға тірі өлең жаза алмаймын
Замана айтпас зарын салыпты ойға
«Елім дер-ер» болмаса, халық қайда
Тістенген тіршіліктің мұқтаждығын
Ақтарар ақ маржан сөз шабыт қайда
Саясат па сұғанақ сақтандырған
Дауа жоқ дағдарысқа қалтаны ұрған
Көз көрген көріністі ақтаратын
Қара сия қаламым қаңтарылған
Сырын қалай көңілдің ақтарамын
Айырар екі арасын ақ-қараның
Ақтығында аянбас дос көңілдей
Кіршіксіз алдымдасың ақ парағым
Қыран сауал ой көгінде қалықтай ма
Бұл заман барар бізді алып қайда
Ақиқатым түншығып ақша сөйлеп
Қайран көңіл қайғыдан қамықпай ма
Ширатылған бар шығар шыдам шегі
Шақырайын қайдасың шабыт қайда
Әрі қарай

Дәуітовтің қоштасу хаты

Таңертең Керекке кіріп, жазба, пікірлерді оқып отырсам, поштама бір хат келді. dauitov тен екен. Өзінің аздаған өкпесін айтып, қоштасу хатын жазыпты. Маған жібергенмен, ішінде басқа Керектіктердің аты аталғандықтан тек менің мәселем болмас деп шештім. Жариялайтынымды өзіне де ескерттім. Хатын да бір сөзін өзгерпей ұсынып отырмын.
Әрі қарай

Ғаламтордағы таныстық

Жұмбақ қыз
Махаббат деп түндерде көз ілмеген,
Кейде оған қас болған жан-тәнімен.
Бір жұмбақ қыз желіден пайда болды,
Неге екенін Бір Құдайым өзі білген?..

Жүйрік екен өлеңге де, сөзге де,
Сұхбаттастық сауал тастап әр неге.
Жазады екен ойын да өте жылдам,
Пулеметтен оқ жауғандай дәл бейне.

Жаc болса да көрсеткен суретінде,
Махаббаттан дәм татыпты өте ерте.
Өзім емес, мені сүйген жар іздеймін,
Деп қойыпты қарындасым өз сөзінде.

Үлгеріпті ғашық болып талай жанға,
Ұқсамайды мына қызың басқаларға.
Тіптен жап-жас ағайына көзі түсіп,
Жыр жазыпты дес бермес ақындарға.

Ойлап едім сол ғой деп нақ сүйері,
Көрген кезде өлеңдерін тордан желі.
Бірақ кейін қарындас жұмбағы көп,
Басқаны да қимай жүрмін, сүйем деді.

Қарындасым өзі де бір қызық екен,
Өз қатарын менсінбейді құрдас деген.
Жастар емес сүйгендері өңкей егде,
Түсінбедім қарындастың о несі екен?..

Ойлайды екен білмес деп жас қадірін,
Сондықтан да таңдапты ол жасы кәрін.
Бірақ олар ай қарап та, жұлдыз санап,
Жүрмегендер боп шығыпты, айтса бәрін.

Бәрі де оның отбасылы-жанұялы,
Бірінде үш қыз, бірінде оның екі ұлы.
Бар екенін білгенде қарындастың,
Самаурындай қайнапты зығырданы.

Содан мүмкін менімен байланысқан?
Дос болсақ деп жазылды манитордан.
Жарайды деп жауапты басып қалып,
Бастап кеттік сұхбатты отырмастан.

Осылайша бастап алған таныстығым,
Жалғасуда одан сайын таппай тыным.
Әйтеуір ғашық болып сорлап қалмай,
Тұрғанымда қойсам ба бәрін мұның?

Бірақ несін қорқамын қарындастан,
Мұңдас болып жүрейік құдай қосқан.
Арасында хат жазысып, сыр бөліссек,
Еш сөкеттік бола қоймас онда тұраған?
* * *
Қорықпаймын өмірің де,өліміңнен,
Бірақ қорқам, бір азап қой сүю деген.
Сондықтан да шошыма қарындасым,
Жабыспайды тас кенеше біздің Тәкен.

Айта бергін сырыңды бүгіп қалмай,
Менде ағымнан жарылам, көкте Құдай!
Екеумізді сырлассыншы деп Жаратқан,
Таныстырып қойды бәлкім дәл осылай?
28.11.2011ж.
Тақпақтау туралы емес осы ғаламтордағы таныстық туралы ойларыңды ортаға сала жүріңдер.Адам аласы ішінде, небір жезтырнақтар да, басында жылы жылы сөйлейтін алтынсақадағы апамыз сияқтылар да бұл өмірде жеткілікті.
Әрі қарай

Адам емес MS Excel

Осы бір MS Excel деген бәле пайда болғалы бері ісім алға басып есеп-шот ұстап жүргендерге миығымнан күліп жүргем. Бірақ соңғы уақытта екеуміз келіспей қалатын кездер жиі қайталанып кетті. Себебі былай болып тұр:
Мысалға:
А1 ұясында 62112 сан, В1 ұясында шерез формула А1*25/100 нәтижесінде пайда болған 15529 деген саншық, С1 ұясында тағы сол А1*25/100 нәтижесінде пайда болған 15529 деген сандар бар. Енді Д1 ұясында осы әрекеттердің қосындысын шығару мақсатында =А1 + В1 + С1 деген формулашық ойлап тауып өзімше гениленіп нәтижесін байқасам сукі 93175 деген сан шыға келді. Өрекпіген көңіл шіркін өндіріске кіргізу мақсатында тамақ алды дайындықпен майланған шотқа саусақ тербеткенімде 93174 деген жілік шікті. 93175 пен 93174-ті салыстырып айырмашылығы әжептеуір болған мен айран пақыр болдым. Бұл жерде менікі дұрыс па әлде селсеветтікі дұрыс па ағайын? Селсеветтікімен ұрайын десем бала-шаға біреу де емес бірнеше қой. Әрқайсысынан осындай шыға берсе қиын болайын тұр!!!
Әрі қарай

Аса бір маңызды хадис

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Имам Ахмад өзінің кітабында аль- Бара бин Азибтің, ол кісіге Аллаһ разы болсын, айтуы мен мына хадистерді келтіреді
Әрі қарай