" Қиялдағы ару "


Қиялдағы ару деген — арманым бала күнгі.
Жолыңа қарауменен, талдырдым жанарымды.
Алыстап кеттің бүгін, уайымға салу үшін.
Ой толқын өткен күнім, жыр болды сағынышым.
Мен үлкен бақыт сездім, өзіңмен болғанымда.
Миымда шикі сөзім, қалам жыр жолдарында.
Бұл жалған қысқа ғұмыр, жалғыз боп жүреді кім?
Бар санам сезімге құл, жыры бол жүрегімнің.
Еш бір жан байқамаған, ән салар кешкі желде.
Сүйем деп айқайласам, өзіңе естілер ме?
Бөлісу:

34 пікір

a63a1
оо бырат сенде қиялдайсыңба?
a63a1
расымен ойынсыз пікірлеп отырмын. Қиялыңда өмір сүретін қыз барма?
madlen
Тақырыбанан сенің өлеңің екен деп қалдым ))) Но стиль мүлдем басқа екен)
dark_nazgul
өзіңмен болғанымда
шынымен қиялыңда ғана ма ол қыз?
a63a1
күлмеш күлмеш, үркітпеш мен әңгімелескім келед бұл алтыниық ақынмен
dark_nazgul
кұлкім кеп баратса қалай күлмейм?
a63a1
өткізіп жібер
kokbori
Әбеке, алтыниығыңмен жекеде сөйлесуге болады деп те ой кеп отыр
a63a1
кетей нақ, халқым көзайым болмаса несіне халқым?
dark_nazgul
 попкорн алып келейін, тұра тұр.
a63a1
Алтыниық деп бекерге айттымба? жауап қайырмай қойдығой
kokbori
Жұлдыз ауруына шалдыққан шығар, керектің көтенмаңдайалды ақыны солай дегесін
a63a1
аххх тәліб, тізгініңді шынжырдан жасап беру керек еді сенің
dark_nazgul
бірден қатты кеттің ғой.
a63a1
қиял қыздың түр түсін сұрап алайын деп енд, біздің қиял көзге шөп тығып жүрме деген күдігім күләндәнің күрешкесіндей еді
Zilola
халқым көзайым болмаса несіне халқым?
сені осындай өрт пікірлерің үшін қатты жақсы көріп кетемін
a63a1
nureke_alash қиялдаған қызыңды қалай бейнелеп жүрсің?
kokbori
Мен үлкен бақыт сездім, өзіңмен болғанымда.
Миымда шикі сөзім, қалам жыр жолдарында.
Мынаны өзің тәпсірлеуге қалдырдың ба?
Aya
Мынау поэзия ма сонда?!
satibaldi
Жоға, байқамай куплетке бөлініп жазылған новелла ғой.
satibaldi
nureke_alash -тың банға жіберілгені туралы қуана хабарлаймын.
kokbori
енесс, маған хат жазып кетпесе деген тілек бар
Aya
satibaldi
Күндесің бе еді, қатты қуандың ғой?
Aya
Ол не сізге ғашықтық ғазалдарымен жыр арнап, хат жазған ба еді? Ол жағынан БЕЙХАБАР екенмін.
kokbori
Құрысын, біздің админді неге теңеп жүрсің сен, сәлемің қалай болса, әлейің солй деген, байқап сөйле, сұлу қыз!
Aya
Если шо, бір батыстанбыз дегіңіз келе ме?!
біздің админді неге теңеп жүрсің сен
жағымпаздықтың үздік үлгісі
kokbori
ана банға жібергенін қуана хабарлауға шімірікпеген адамға енді не істеуге болады?
Aya
ойқастамай байқастап жүріңіз енді
dark_nazgul
неге? осындай жазбалар флудтауға жақсы да…