Ұмытылмас дидарласу немесе автобустағы жалаңбас әжей

Кеш қарайып бара жатыр. Отыз екінші бағыттағы автобус бәсекелесімен жарысып, ызғытып, құйындай ұшып келеді. Солқ етіп тоқтағанда, отырған орыныңнан ұшып кете жаздайсың. Ол бейбақ жүргізшілердің бұлай жанұшыруы күн көріс қамы екенін білгендіктен де, түсіністікпен үндемей қоя салып, жақтырмағаныңды көзіңмен ғана ұқтырумен шектелесің. Тоқтаған аялдамадан жасы жетпіс шамасындағы әжей кірді де, дәл менің алдымдағы орынға жайғасты. Ақ шалған жалаңбасы әуелгіде тосын көрінгені рас. Мен арт жағынан құлағына сыбарладым:
«Әжей, басыңызда неге ақ жаулығыңыз жоқ?». Жалт етіп қарады. Сырлы аяқтың сыны кетсе де, сыры кетпегендей. Көзі ойнақшып тұр екен: «Мен кезінде полиция болғанмын, ендеше маған ондай мұндайларыңның түк қажеті жоқ. Я современная»-, деді саусағын шошайтып. Қатқыл үнінен тік мінезі аңғарылады. Әдетте «не айтары бар екен?» деген қызығушылықпен қарттармен әңгімелескенді ұнататынмын. Екеуімізде ҚазҰУ-дан түсетін болғасын әңгіменің бүйірін қыздыра түстік.

-Желтоқсанда алаңға жиналғандарды тәртіпке салып, ретке келтіріп тұрдым. Өйткені жоғарыдан келген бұйрық сондай болды-, деп сөзін жалғастырды.

-Ол жерде бізді кінәлау орынсыз. Қайта мына Жаңаөзенді айт. Желтоқсаннан пәленбай есе асып түседі. Кешегі өткен желтоқсанды бітпес жыр ғып, мінбеден түспей сарнап жүрген Шаханов сонда қайда қалды?! Үні шықпай отырды да қалды. Бұлардың барлығы өтірікішілер, мен білемін ғой, олар өтірікшілееер. Мен әрқашан шындықты айтамын және шын айтамын-, деп көзін ақшита маған қарады.
Сөз ортасында жалғызбасты екенін айтып қалды. «Полицияны кім алсын?!»-деп зорлана жымиды. Онысы жымиюдан гөрі жылауға ұқсағандай болып шықты.
Жастарға ол әжейдің көңілі толмайды екен.
-Көпе-көрнеу жерде үлкен отыр, кіші отыр демей өліп-өшіп сүйісе кетеді. Мен түнде де көшеде жүре беремін. Сол кезде талай көргенмін. Қазақтың қыздары баяғы, абыройынан айырылып жататын. Бірақ маған неме керек?! Менің балам емес. Маған бәрі бір-, деп бір түйіндеп қойды.

Әмиянынан екі теңгелік, бес теңгеліктерден құрастырып елу теңге жол ақысын төледі. «Дидар — ғайып» демейме. Бағыттармыз басқа болғасын, қош айтысып өз жөнімізбен кете бардық. Айтқандарын ойша саралап келемін.Жастар туралы сөз болғанда әлде біреулерге өшіге, кіжіне сөйлегені көз алдыма қайта оралды. Біреуді кінәлайтындай. «Неге?» деген көкейімді кес-кестеген сауалға «жалғызбастығы себеп шығар» деген жауапты лайық деп таптым.

Бұл аяқасты дидарласу екі буын өкілінің бір-бірінен алар есебіндей көрінді. Ақ жаулығын аяққа таптап, сол заманда құрмет пен атаққа бөленген, замана көшін түзеп, уақыт өз дегенін жасағанда иттен қадірсіз, елеусіз болып қалған бұл әжей сияқтылардың алдында бүгінгі балаларының борышы да, парызы да, қарызы да жоқ екенін көкейіме түйдім. Не дегенмен бұл бір ұмытылмас дидарласу болған еді…
Бөлісу:

114 пікір

Aya
Ұрыспаңыздаршы ұнамай жатса
Marationok
Біреуді кінәлайтындай. «Неге?» деген көкейімді кес-кестеген сауалға «жалғызбастығы себеп шығар» деген жауапты лайық деп таптым.
қызық екен, біреудің жеке өмірінде, киген киімінде нең бар?
Әдетте ондай әжейлер, "өзі үшін" бала туады.
Abilakim
көрінген жалаңбас әжейге тисе берсек, жұмысымызға түс ауа бірақ жетерміз
SaryQazaQ
Иттен қадірсіз болуына не себеп?!
SaryQazaQ
Орамалды қыз күнінде, келін күнінде тақпаған соң, кемпір болғанда тағу оңай емес немесе мүмкін емес
AKY
осыны да әңгіме деп.
Abilakim
аптыр, ендігі жолы топысыз(тақиясыз) ақбас шалмен сұхбат құруыңызды сұраймын және асыға күтемін
patick
Қаззззақы газеттер алып қалар
dark_nazgul
біреудің жалаң басында нең бар?
sammita
мақала жазу үшін өстеді әдетте журиктер
dark_nazgul
кемпір болсаң болды, ақ жаулық тағып жүруің тиіс деген стереотип қой.
Aya
әрине тағу керек. Төбе шаштары жидіп ,қопсып түсіп, басын жалтыратып жүргендеріне қарағанда орамал тағып жүрсе әйбат көрінеді деп ойлаймын.
dark_nazgul
деп ойлаймын
негізгісі.
Aya
қалай? негізгісі дегеніңізді түсіне алмадым?
dark_nazgul
қазақ тілін бір адамдай ақ білесің, Ая, бірақ «жидіп» деген сөз не өлі ағзаға, не қайнақ суға пісіп қалған теріге қатысты айтылатынын ескерсең керек ті.
sammita
бүгін де көңіл күйің анча емес пе Назгүл
Aya
Ескерейін, ескерейін. Бірақ Назгүл, ол әсірелеу сөз ғой. Сонда да болмай ма не?
dark_nazgul
жалпы, әсірелеуден аулақ болған дұрыс. тем более журналистикада. Ауыз әдебиетінің заманы өтіп кеткен. Нақты сөйлейтін, әр нәрсені өз атымен атайтын уақыт келді.
Aya
апааааааай, бұл шимайдың журналистикаға түк қатысы жоқ деймін. Бірақ мына пікіріңізбен келісемін ғой, әрине.
Daniar-Alan
мен де солай ойлаймын
Marationok
не дегенмен олар өздері біледі.
Aya
Мұның журналистикаға дым қатысы жоқ. Жай басымда болған жағдай.
satibaldi
«Asire Elements» корпорациясының «Grotesk» атты өнімін шырамыттым.
dark_nazgul
қой, тап таза өмірдің өзі. Бұқпасыз, боямасыз болмыс! ©
Aya
журикте өші қалғандай, бірдеңе болса «журик-мурик» деп шыға келед екен? Менің айыбым журфакта оқығаным ба?!
sammita
жазарға дым таппай біреуді әңгімеге тартып, тіміскілеп сөз іздеп жүретіні өтірік пе? Мынау екеуара әңгімесымақты рұқсатсыз жариялауың бір бөлек.
dark_nazgul
көшеде жалаң аяқ кемпір көпрсең, "әжей, аяқ киіміңіз қайда?" деп сұрамайтыныңа жүз пайыз сенімдімін.
Abilakim
ғық-ғық)))Мен сұрамайм.расы керек
satibaldi
Қайта мына Жаңаөзенді айт. Желтоқсаннан пәленбай есе асып түседі. Кешегі өткен желтоқсанды бітпес жыр ғып, мінбеден түспей сарнап жүрген Шаханов сонда қайда қалды?!
«Осы кезде оппозициялық болмысым рақаттанып, аялдамаға жақындағанша үш рет рухани бітіріп алдым».
Abilakim
аптыр өз көзқарасын кейіпкерінің аузына сөз салумен білдіреді. Бұндай шығарм алар Кеңестік кезеңде көп еді.
satibaldi
әңгіменің бүйірін қыздары түстік.
Жаңа жорналистік бағыт пайда болыпты христиандар! Очм, мәлімет күмән тудырмау үшін әдейі қателесіп тұтығып айтады екен, жазады екен осы күні. Мұны маған журналист танысым айтты. Байқас болыңдар! Газет оқымаңдар!!!
Aya
ия дәл айтасыз. қыздары түстік. Өзіме ұнайтын сөз..қыздары..қыздары. қыздары
GulL
қыздары түстік нес тағы?? өзі бұрмаланып есі танып келе жатқан тілімізді осылай ұнайды-ұнамайды деп әріптерін алып-қосып айта берсек не болады? Ұялмайсызба біліп тұрып қате жазуға
Aya
Ұялмайсызба біліп тұрып қате жазуға
Ұялсам бірдеңе бола ма не?! Жұрттың пікірі қалай қарай көш бағыттаса, солай қарай "әупілдегеніңізді" қабылдай алмадым. «Миымды қышытпауыңызды» сұраймын!!!
GulL
миыңызды қатты қышытсам кешірім сұраймын, бірақ бұл жерде сөзді басқаларға еліктеп бұрмалап "әупілдеп" жатқан дәл өзіңіз сияқтысыз жұртқа еліктеп  Бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты дегендей өз тілінің сөзін бұрмалайтын жорналист болатын болсаныз онған екенбіз
Aya
Бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты дегендей
біткен приколдарыңызды тықпалаудан тыныңызшы. Ол менің сөзім ба, менің сөзім. Қай жұрттарға еліктеп жатқанымды нақтырақ айтып өтсеңіз сіздің тілде«нұрүстіне нұр болар еді» деймін да! Абайсызда қате жазылып кеткен бір сөзге бола жыртылып, айырылдыңыз ғой!
GulL
көпіріп көбігіңізді шашып, менің жыртылған жерімді түгендегенше түзетуді басып түзей салсаңыз болатын ед деймін да менде!
GulL
после вас дорогая
satibaldi
Еее, мына күндестер әлі? Айтақтап, үриттеп, отқа май құя отырыңдар, ағайын!
patick
Бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты дегендей өз тілінің сөзін бұрмалайтын жорналист болатын болсаныз онған екенбіз

Мысалы сіз өзіңіз «журналист» деген қазақтың әп-әдемі сөзін жорналист деп бұзып отырсыз
GulL
«журналист» деген қазақтың әп-әдемі сөзін

аа ондай да сөз бармед, кешірерсіз
dark_nazgul
Кездейсок кездесіп қалған адаммен бір екі ауыз тіл қатысу процесін «дидарласу» деп атауға бола қоя ма екен?
satibaldi
Жалпы «дидарласу, жүздесу» деген әдейі ұйымдыстырылатын акт, о баста өзара келісіммен жасалатын дүние емес пе еді осы?
dark_nazgul
сонайтам. оңашалық факторы да бар.
satibaldi
Енді иә… Хе-хе, дон Жуанка…
dark_nazgul
Донна Жуана.
satibaldi
Кент-азаттық жылдары шет тілдерін оқи алмадым: майданға арақ тасыдым, таразисстің.
Abilakim
өмір өтеді, бұл да ұмытылады.
dark_nazgul
Ақ жаулығын аяққа таптап
факт керек, факт. фото, видео деген сияқты. Тура таптап жатқан жерінен.
satibaldi
Негізі, қаззақтардың осындай калькаларына бұттан кете бергесін, тоқ ішегіме реконструкция жасатуға мәжбүр болдым. Мысалы, «аузын айға білеген ақын». Білмейм, маған жындыхана терезесінен тұғқиыққа мөлиіп қарааап тұрған Әбу Сәрбсенбаев сияқты дударбас елестейді.
satibaldi
«Мен кезінде полиция болғанмын, ендеше маған ондай мұндайларыңның түк қажеті жоқ. Я современная»-, деді саусағын шошайтып.
Ол кезінде — милиция болған.
dark_nazgul
Освенцимның қатын надзирательдері де өйтіп саусағын шошайтпаған шығар.
Aya
милиция деп айтқан, бірақ мен автоматты түрде солай жазып қойппын.
satibaldi
Ақ жаулығын аяққа таптап
Ол қойня сіңлім. Бірде бір досым, өзінің тағы бір досын, түнде сабап кетер деп, біздің үйге қон депті. «Бірақ осы жерде ескертейін — пақан дым понятиесі жоқ адам, анау-мынау дегеніне үндемей-ақ қой» депті.
Содан екеуі мысықша жатын бөлмеге өтіп кетпек болып, дәлізбен ақырын ғана келе жатса, шам жарқ ете қалыпты да, алдарынан пақаны шығыпты.
— Өй шешелеріңді сендердің, түнде не жүріс?
— Не ғой папа, мынау жолдас балам ед…
— Жолдас балаңның шешесін!
— Сол, тым кеш боп кетті де…
— Кештің шешесін!
-Қараңғы болғасын…
-Қараңғының шешесін!
-Үйге қон деп мен…
-Сенің шешеңді!
— Папа қойсайш, ұят емес пе енді?
— Ұятыңның шешесін!
— Ой білә, үлкен кісі болып сен де, дым понятиең жоқ екен! — деп, есікті лақтырып кетіп бара жатса, арттарынан пақаны:
-Есіктің шешесін! — деп айқайлап жатыр екен дейд.
sammita
осыны сен жариялап па ең былтыр
satibaldi
Әрине, мұндай шедевр-оқиғалар тек менің досым Галиктің ғана басынан өтуі мүмкін.
araika
Сірә, Галик Шымқаладан болса керек.
a63a1
әнегіңнің шешесін
Armanjan
Ая сен журналиссің бе?
Aya
Журфакта оқимын.
VKM
Aya «жақсы адам қартайса, жазып қойган хаттай. Жаман адам қартайса бықсып жанған оттай» деп айтқысы келген шығар… Маған да «орысбай» қарттар ұнамайды(
satibaldi
айтқысы келген шығар
Aya
мына сөздеріңіз еріксіз көзіме жас үйірді ғой)))))))
araika
Әмиянынан екі теңгелік, бес теңгеліктерден құрастырып елу теңге жол ақысын төледі.
Әжейлер тегін жүруші ед, әдетте?
Aya
ненің құрметіне? Мен көрген әже төлеген еді. Ойымнан құрастырып отырған жоқпын.
araika
Тегін болғанда, әлгі куәліктерін көрсетіп жататын. Болмайтын уақытта жағаласып жүретін сол бабушкаларға жыным келетін
Marationok
тегін — ол еңбек, әлде соғыс ардагерлері, немесе күміс, алтын алқа иегерлері. Қалғанына тегін жол билетін таратады негізінде.
сосын, сол бабушкалар-кемпір-әжейлер де өмір сүргісі, тіршілік еткісі келеді де…
satibaldi
Қойнақ. Тегін болуы керек, кезінде милиция болдым деп тұрған жоқ па?
Marationok
білмедім, ондай заң жоқ сияқты, жергілікті билік органдары арнайы бұйрық, немесе мемлекет тарапынан қаулы шығармаса…
олар да тек әншейін адамдар ғой.
satibaldi
Дидар ғайып демейме.
«Дидар:«Ғайып!» демей ме?» ???
Aya
мяяя, бар ғой((((
alisha
Тәуекеліңіз мықты екен, Aya «Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме» демекші, бейтаныс адамға мұндай сұрақ қою үшін өте батыл, не өте бейқам болып туу керек шығар.
Simona
«жалғызбастығы себеп шығар»
Бaлaм жоқ, жaлғысбaстымын деп пе едi?
Abilakim
Мойнында бір ғана бас тұр дид
Simona


Мынa әжей дe жaлaңбaс, шляпa не тәждi aяқ aстынa тaптaп…
Aya
Жаңа жауған ақша қардай, мамықтай үлпілдеп тұрса мейлі дерсің…
Armanjan
түтілген жүндей ұйпа-тұйпасы шығып па?
ken
өткенде біреу соткама Хиджаб деген атаумен сақталған бір аудио запись жіберген еді. сонда айтады «ислам діні бойынша қайта кемпірлерге жалаңбас жүруге рұқсат, ал жас қыздар міндетті түрде шашын, фигурасын жасырып жүру керек» деп.
"өзіңнің шашың мен фигураң жасырулы ма?" деп сұрамай-ақ қояйын. өйткені ол менің шаруам емес және аса қызықтырып та тұрған жоқ)))
meirzhan
бір аудио запись тыңдаудан басталады барлығы.
ken
ия, уже басталып қойды
Aya
Енді бұнымен не айтқыңыз келед?
ken
«иттен қадірсіз», «ақжаулығын аяққа таптап» деген сияқты сөздеріңе қарап, бәлкім, өзі (яғни, сен) «ухти» шығар, содан осындай батылдыққа барып отырған болар деп болжадым жәй ғана.
Aya
өзі (яғни, сен)
екі анықтауыш сөздің бірін қосарламаса мен білмей қалар едім, ия.
Сіз айтып тұрған ахи браттар мен ухти сестраларыңызға менің еш қатысым жоқ.«Жәй ғана болжаймын» деп шатакаласып кеткен екенсізДарынның уағызын тыңдайтындардың қатарынан емес едім, кешіріп қойыңыз. Әрі бұл болжамыңыз маған жала сияқты бір түрлі, ек сұмдық болып көрінгенін және айтып қояйын. Менің ол жерде айтайын дегенім, ол кемпірдің бір замандарда жарты құдайдай болып, Советтік кезеңде шолақ белсенділердің бірі болғандығы еді. Сол уақытта байы мен баласын бағып, қағып отырса бүгінде мен көргендегідей міскін күй мен мүсәпірлікке түспес еді деген ойым ғана еді. Және Әбіләкім айтпақтай, еш ақыл айтайын деген ойым жоқ. Айналадағы құбылыстарға қарап отырып, мендік «ас қортыу» ғана болғандығын жеткізгім келеді!!!
VKM
Ауа, хехе, косяктан шықтың ба десем.Әлі біраз отыратын түрің бар)))))
Gastarbaiter
Әжейлерге тиыштық беріңдерш, өздеріне аз-ақ қалды, олар енді өзгере қоймайды.
Дайте дожить нормально.
patick
Гастарбайтердің аккаунтына бір әже кіріп кеткен ба?
Gastarbaiter
Кемпірлердің жастарды сынауын түсінсем де, жастардың кемпірлерді сынауын, оларға шағымдануына жыным келед нақ.
Abilakim
тағы бір осындай әңгіме.Жынның келуі жайлы. Баяғыда «Ақжүніс» деген бағдарлама болған. соған 30дан асқан,40қа кеп қалған қыз-келіншектер келіп жағдайын айтып отырса, студияны толтыру мақсатында келген 16-20жас аралығындағы студенттер «былай етуіңіз керек еді» деп ақыл айтатын.
a63a1
бұқалардан да мықты бұқашықтардың өмірде кездесетін сәттері болады
Abilakim
жоқ, тура сондай жағдай бастарына түссе дәл сол ақылдарынан олардың көбі айрылар еді.
a63a1
Әй жігіттер не боламын демеңдеп, дуана бақсыға күлмеңдер. © кім айтқан?
Abilakim
жұмбақ шешуге ниетім жоқ. Бірақ, бүгін мынандаймын, ертең анандай боламын деп айта алмаймын
Aya
Енді өстіп айтып-айтып тастайды ғой, мя(( Ортасынада мені де АЯп қойыңдарш.
Gastarbaiter
Ортасынада мені де АЯп қойыңдарш.
Қарт, жарлы-жақыбайларға бақталас көп болып тұр бүгін чо-то.
Aya
Осы апаны бүгін Жазушылар Одағынан көрдім. Ол да, мен де бірден бір-бірімізді танып қойдық)) «Дарабоз» сыйлығын тапсыру марапаттамасында. Балаларға арналған шығармаларға байқаудың мәресі. Бас жүлдені Сәкен Иманасов алды, бір миллион тг.
meirzhan
Ол апа да жүлдеден үміткер болған шығар…
Aya
жоқ, жүлдеден үміткер болмаған, жай көруге келген)
meirzhan
онда руханилықтан үміткер
Aya
солай шығар, әйтеу жүргенбіз сол жақта… Балалар шығармашылығы туралы негізгі сөзді Берік Шахановқа бергенде, сөзін Қазақстанның байларынан бастады. Ақшаны ұрлап, банктерге тығып қойған деп. Сол жағы аздап нелеу болды))Қазақтың шалдары не бата бере алмайды, не сөз сөйлегеннен қалғандай…
meirzhan
Еңбегін бағаламағаны үшін халық алдында мемлекетке өкпесін айтады.
Aya
дегенмен де сөз жүйесі, оралымы, реті деген бар ғой.
Aya
Жас жігіт, «бетті басты, тұра қашты» дегенді қылдыңыз ғой?))
meirzhan
сахнадағы кісілер үшін ұялып отыратын әдетім бар ед