Дәуітовтің қоштасу хаты
Таңертең Керекке кіріп, жазба, пікірлерді оқып отырсам, поштама бір хат келді. dauitov тен екен. Өзінің аздаған өкпесін айтып, қоштасу хатын жазыпты. Маған жібергенмен, ішінде басқа Керектіктердің аты аталғандықтан тек менің мәселем болмас деп шештім. Жариялайтынымды өзіне де ескерттім. Хатын да бір сөзін өзгерпей ұсынып отырмын.
Қайырлы күн! Мен өткенде тіркеле алмайсың деп шыққанға бір жазба болсын деп әлгі өлеңді қойғам.Кейін оған айтылған сындар да орынды.Бірақ аза деген жыныма қатты тиді.Енді мына керекті суреттеген түрімді оқи отыр.Кеше Асауботаға жібергем.бірақ хат та бармайтын ғып қиып тастаған сияқты.Жақсы сау болыңдар!
Керекке келгеніме біраз уақыт,
Көргендеймін осында тас та, жақұт.
Өмірдің дәл өзіндей бұл да болса,
Біле білсең өңделмеген таза бақыт.
Жетекшісі деп ойладым Асаубота,
Сабыр менен салиқадан алған бата.
Осындағы бар болмысты көріп-біліп,
Отырған да сол сияқты-ау шамасында.
Одан кейін байқап жүрмін Сатыбалды,
Айтар сөзі күрзідейін, нақ, пақ толы.
Қулық-сұмдық, сайқалдық, шек,әлсіздік,
Бітіспейтін мәңгілікке оның жауы,
Қиратам деп бел байлапты, айтты болды.
Ендігісі Көкбөрідей қасқыр арлан,
Тап береді сәл қиыс бассаң жолдан.
Бірақ оным басқалардан ақылы асқан,
Адам болып шықты бүгін абзал-дархан.
Ұмытыппын, бар осында Гастарбайтер,
Көздегенін мүлт жібермес нағыз снайпер.
Елден бұрын ақиқатты ол қуып жетіп,
Шалма тастап ұстайтындай, жүйрік байкер.
Одан кейін байқағаным Өмірбрат,
Шағады екен отырып ап шіркін бірақ.
Айтқан ойын кейін таман оқып оның,
Арамдық жоқ,ұстап жүр ме дедім шырақ.
Одан кейін Аза деген көрдім адам,
Мат қоссам да бауырым жетпеді оған.
Аузына келген сөзін айтып айтып,
Ұялмастан кешір депті ол кеше маған.
Бір позиция ұстансаң болды маған,
Өтім де жоқ жарылатын менің одан.
Көңіліне қарау да кейде адамның,
Әкелмейді еш жақсылық саған да оған.
Келесі бір айтпағым Абзал ақын,
Айтысын да оқып шықтым нағыз дарын.
Сыпайы да, жеңіл әзіл, оң пікірмен,
Керектің ол жүргендей жағып шамын.
Қыздардан білетінім Әдемі Әлем,
Есіміне сөзі де,ісі сай деп білем.
Айтысты оқып өткендегі оның түскен,
Иба-инабат,ізеттілік көрдім кілең.
Басқа қыздар көкбеттеу екен кілең,
Немесе олар жырбықай ма дедім өңшең.
Ер адамның боқтығынан қыздың зәрі,
Кислотадай шашса болдың, күйдің әкең.
Енді менің айтпағым сөз соңында,
Керекинфо керек болып қалсын мына!
Осындағы жас достардың баршасына,
Тілейтінім Зор Денсаулық, Бақыт қана!
dauitov
Мүмкін маған жібергесін болар
Қырыққа аяқ басқан еркектің ісін қара
Шағады екен отырып ап шіркін бірақ.
Айтқан ойын кейін таман оқып оның,
Арамдық жоқ,ұстап жүр ме дедім шырақ.
әй, Дауітов қонақ, тығылмай өзің айт төрелігін
Немесе олар жырбықай ма дедім өңшең.
Ер адамның боқтығынан қыздың зәрі,
Кислотадай шашса болдың, күйдің әкең.
Жырбықай деген сөздін мағанасың түсіндірінізші?
Грамматика қатесі болса, сөкбеніздер мені, орысша мектеп, және институтты орысша бітірдім.