"Жолаушы мен бойжеткен қағытпасы"

Бұл туынды Алматыдағы ҚР ҰҒА Орталық Ғылыми кітапханасының қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп туындылары жинақталған 1175 папкадағы мәтін бойынша әзірленген екен.

Бір жолаушы бір жақтан келе жатса, бір үйде екі бойжеткен қыз отыр екен. Бұл жолаушы базар шығып келе жатқандығын айтып, сусын сұрағанда қыздар:
-Ағайтай, базарлық бере гөр!-дегенде, жолаушы жігіт айтыпты:

Бұхара базарына барып келем,
Малым өтпей құр шаршап, налып келем.
«Осы үйде екі бала бар»-дегенге
Екі бүйрек, бір сирақ алып келем.

Онда қыздар кідіріп қалмай жауап қайырды дейді:

Кіріп келдің бас салып, долағай бас,
Жолаушының құны сол-бір аяқ ас!
Екі бүйрек басылсын өз көзіңе,
Ол сирақты шешеңнің е… бас!

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Алматы «Алаш» 2006, 6 том,177б
Бөлісу:

15 пікір

Aya
Осы кітаптың ақындар айтысы бөлімінінде сол сияқты Көтеш ақынның қыздармен айтысы, Орынбай мен келінінің қақтығысы, Тәттіқыз бен Өске айтыстары да қызықты екен
satibaldi
Нақметтен басқа айтарым жоқ, рақ, білім базымнан лақтырып тастадым.
araika
Қағытпасын қағар емеспін
Aya
«Мен қазақпын», өлген, тірілген, махаббат, жылау, сықтау сипаттағы өлеңдер көп шамдан тыс. Мәшһүр Жүсіп жинақтаған жоғарыдағы сипаттағы қағытпалар, айтыстар көп. Тоғытылып жатқан ет пен майды да ары итеретін сұйықтықтар керек қой шәмалы.
satibaldi
Неткен анайы еді, құрысын.
AKY
Ол сирақты шешеңнің е… бас!
«е...» дегеннің не екенін айтжверетін ізгі ниетті христиан бар ма екен
satibaldi
Тура айтсам көргенсіздік, болар, 1 сыныптың жаттығуы ретінде берейін:
К, Н, Е әріптерінен мейлінше көп сөз құрастырып, көп нүктенің орнына қажеттісін қой.
AKY
өлеңдегі буын саны үндеспей қалды.
satibaldi
Қызым-ау, септік жалғауларын әлі өткен жоқпыз ғой.
jebe_92
өнеге аларлықтай басқа еңбектерін келтірсеңіз жақсы болар еді. мынасы тым анайы екен
know_how88
«мынайысын» да жаза отырса иә)