Жылыту жүйесінің қайбір жері.

Пиролиз, Биогаз, МикроГрэс, генретор(синхронды емес қозғағыш(лтқыш))...; Не демедім — Дедім:
Дей тұрып жасап жүрген сынақтардан шекем ісіп кетті — пиролизззззззззззззз(Сасып кетті, асып кетті, басып кетті, жетпей қалды ...;-) ) 10 жылда сыр бермеген қазандығымнан су аға бастады :-(. Гөглмен әрі айтысып, бері айтысып тапқаным — Гера: сілтеме қоймаймын(тегін жарнама болып кетеді). Аршекеңе ақшасын төлесін :-) Мәселе — мәселе болмай қалды.
Әрі қарай

Тағдыр сыйы...

Шешесіне баласының бұл түрін көру қиын тиді. Әкесіне тартқан атжақтылау ұлының жағы сәл суалғандай ма, көзінің нұры тайып, иығы қушиып кетіпті. Ұлы жұдырығымен аузын баса жөтеліп, сол қолымен бас киімін умаждай ұстап қарсы алдына отырды. Шешесі көзіне келген жасты көрсетпеуге тырысып жанарын терезеге аударды. Әріректе қара киім киген адамдар алаңға түскен жапырақтарды қараған сыпырғышпен сыпырып жүр.
Әрі қарай

"Халықтың дауысы" біздің ауылда

— Әлгі сендерге берген анкеталарды толтырып болдыңдар ма? — деді ауыл әкімінің орынбасары, орта жастағы әйел.
— Йә, йә толтырып жатырмыз, бірақ әлі бітпеді-ау деймін.-деп күмілжи жауап берді біздің директор.
— Ой енді сендерге 300 дейін ғана бердік қой, бізге қарашы 1000 анкета толтыруымыз керек-деді дауысын қатаңдатып.
— Жарайды, жарайды толтырамыз ғой.
-Панаделникке дейін бітіріңдер давай, тездетіңдер енді мен сол күні ауданға өткіземін, енді тез-тез жазып беріп құтылайық та-деп сөзінің соңын жұмсартты.
Бұл директор екеуіміздің ауылдық әкімшілікке бір жұмыспен кірген кездегі болған диалогтар еді.
келесі күні бізде харбалас басталды, «НұрОтанның» ауыл халқына деп жіберген сауалнамаларын, яғыни ұсыныс жазатын парақшаларын әр мұғалім 15 тен бөліп алып ысқырттық, ұсыныс дегенді қарша бораттық.Енді не істейсің ауыл адамдарына барып ұсыныс жазыңыз десең еститінің; «Е тағы сайлау ма?» немесе «Ойбой өзің жаза салшы, бәрібір іске аспайды ғой» деген сияқты сөздер.
Бұл күнде «Жаңалықтардан» бір айтылмай қоймайтын «Халықтың дауысы» акциясының ауылдағы көрінісі.
Әрі қарай

Қазақстандық мектептердің 98%-ы Интернетке қосылған

АСТАНА. Қазанның 24-і. BNews.kz — Қазақстандық мектептердің 98%-ы Интернет желісіне қосылған. 37 % мектеп кең жолақты интернетке қол жеткізіп отыр, — деп хабарлайды Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайты (www.pm.kz) ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Республика мектептерінде мұндай 3450 кабинет жабдықталған. Бағдарламалық қамту оқушыларды басқаруды, бақылауды, қарым қатынас жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, мұғалімге компьютер сыныбындағы сабақтың жүргізілуі барысын қадағалауға толық жағдай туғызады», — деп атап көрсетілген министрліктің таратылған мәліметтерінде.

Ведомстваның хабарлауынша, қазіргі уақытта қамтылу жағдайы 16 оқушыға 1 компьютерден келетін көрінеді.

биллгейтсіңдіссссс, есепке агентке кіретін оқушылар да кіріп кеткен секілді
Әрі қарай

«Расында мен өзімді еркінмін деп санай аламын ба?» немесе өзіме бір насихат.

«Расында мен өзімді еркінмін деп санай аламын ба?» немесе өзіме бір насихат.
Сонымен, өз еркімнің барлығы тек өз қолымда деп ойлама!
Назар салсаң әлемге,
Қонақ үйге ұқсайтын жай табарсың әлбетте.
Байқарсың көздерімен парасаттың,
Ешбір зат тұрмас босқа мағынасыз, мақсатсыз қаралмайтын.
Өзіңе назар салсаң бұл тұрғыда,
Қалайша мағынасыз жаратылдың?
Барлық пенде, әр адам бұл жалғанда
Жолығады, әрине үш сұраққа.
Сен кімсің? — ақыл дейді иесіне,
Неліктен жаратылдым бұ дүниеде?
Сұрақтың біріншісі осы болар,
Бас қатып ойланумен кісі тұрар.
Іздейді ол жауапты тіміскілеп,
Ғылымнан жауабын мен табармын деп.
Ғылым мен салаларын көп зеріттеп,
Неден тәні жасалды соны тапты.
Алайда мұның өзі тым күрделі үрдіс екен, түбіне әлі де жете алмапты.
Ал рухқа, жанға пенде назар салса,
Алланың сыры екенін ұғынады.
Тылсым күш секілді рух тәнімізде,
Белгісіз қалай, қандай оның болмысы.
Бұл ғажап қонақ үйде адам баласы,
Бейне бір кіші әлем боп табылады.
Жанары ашылғанда алғашқы сәт,
Келгендей көктем кезі жылу тарап,
Жаңа өмір, жаңа кітап ашылғандай,
Сәби бір Алланың мұғжизасы екендігі айқындалады.
Екінші сұрақ ақыл қойды иесіне,
-Қайдансың деген сауал бұл үлгіде.
Анамның жатырынан дерсің әлі,
Алайда рухың сенің болды мәңгі.
Тәнің ғой заманына тәуелді екен,
Бұлшықет құрайды оны сүйекпенен.
Қадамын басып жүрген бұл денеміз,
Онымен жазған сәтті өткіземіз.
Уақыты аз қалғанда ол әлсіреп,
Қартайған шаққа шынында тез жетеміз.
Демек біз жәннат үшін жаратылдық,
Сонан Алла бізге берді тағаттық.
Жалғасы енді болады…
Әрі қарай