Қазақстандық мектептердің 98%-ы Интернетке қосылған

АСТАНА. Қазанның 24-і. BNews.kz — Қазақстандық мектептердің 98%-ы Интернет желісіне қосылған. 37 % мектеп кең жолақты интернетке қол жеткізіп отыр, — деп хабарлайды Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайты (www.pm.kz) ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Республика мектептерінде мұндай 3450 кабинет жабдықталған. Бағдарламалық қамту оқушыларды басқаруды, бақылауды, қарым қатынас жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, мұғалімге компьютер сыныбындағы сабақтың жүргізілуі барысын қадағалауға толық жағдай туғызады», — деп атап көрсетілген министрліктің таратылған мәліметтерінде.

Ведомстваның хабарлауынша, қазіргі уақытта қамтылу жағдайы 16 оқушыға 1 компьютерден келетін көрінеді.

биллгейтсіңдіссссс, есепке агентке кіретін оқушылар да кіріп кеткен секілді
Бөлісу:

12 пікір

asaubota
мектепті интернеттіндіру мәселе емес. мәселе сол интернеттіндірілген компьютер сыныбын оқушылардың қолдануын ұйымдастыру. өз басым сенбеймін, мектептердің көпшілігінде оқушылар интернетке кіреді дегенге. тек жәй әншейін осындай статистикалар үшін тұрған сияқты.
e_zhalgas
мәселе, мектептің әкімшілігінде шығар. провинциаларда көбіне көрме үшін жасап қояды ғой. біздің мектепте дәл сондай болатын
patick
Біздің кезімізде әлі Интернет көрмеп еді ауылдағы мектеп. Соңғы жылдары ауылға қыдырып барғанда, брәтчкелер арқылы Интернетке қосылғанын білдім. «Енді қалай, пайдаланасыңдар ма?» десем, братчкелер "қой жоқ, Интернеттің не екенін де білмейміз" дейді. Сұрақ: Нақуя бұның бәрі сонда?
asaubota
статистика үшін шын ақпарат алғылары келсе былай істер еді:

мектепке барып директор, завучтарынан отчет алмай ауладағы балалардан сұрар еді. "қай мектепте оқисың, мектепте интернет бар ма, қолданасыңдар ма?" деп.
patick
оған бастары жетпейді ғо шенеуніктердің.

10 шақты жылда бір келетін тексеру комиссиясының өзі ішіп-тышып кету үшін келеді
araika
98%-ы
өте күлкілі, себебі өтірікті де дұрыс құрастыра алған жөн.
Байланыстың «иісі» де бармайтын шалғай ауылдардағы мектептер тізімге кірмей де қалған секілді
meirzhan
Қазақстандық мектептердің 98%-ы Интернет желісіне қосылған.
USB-модеммен қосылған шығар
Zilola
Қосылуы қосылған ғо, тек «саусақтан ұрып отыратын» мұғалімдермен сол ғаламторға кіре де алмайсың. Анаған кірме, мынаны баспа, бұл саған көретін нәрсе емес, бүгінгі тақырып ексель етін ал сен неге бұны баса бердің? әй паленшиева құртатын болдың ғо, төлейсің!
Осыдан кейін компьютерге жолап көр
meirzhan
Бізге бұрын айтшуы еді информатика апайлар: «Мына қызыл кнопканы бассаң, компьютер атылады» деп  Бір қыз басып, әжептәуір сөз естігені бар, компьютерге түк болмаса да. Мұғалімдер де мем-тік мүлік үшін қорыққан болуы керек.
Zilola
ойткенi ол мугалiм де чайник етiн десем тура жаранын аузын тыпнайды екенмiн
meirzhan
Өйткені ол мұғалім өзі біреуден сөйтеп естіген бе
Zilola
ойткенi ол мугалiм омiрiнде 1шi рет шын компьютердi корiп тур. Оган дейiн ауыз адебиетiндегi аныз ангiмелерден естiген