"Мектеп сайты 2011" немесе Көмек керек ағайын !!!


Облысымызда жыл сайын «мектеп сайты 2011» байқауы өткізіліп тұрады, менде бұл сайысқа өзімнің пәнге арналған сайтымды қатыстырған едім, www.biologia.my1.ru Cайыстың бірінші кезеңі онлайн дауыс беру арқылы өтеді де көп дауыс жинаған сайттар екінші кезеңге өтеді, яғный байқауға қатысқан барлық мектеп өздеріне дауыс жинаудың әдістерін қарастыра бастайды. Менде сіздерге осы жағынан қолқа салғым келіп тұр. Дауыс беру үшін мына жерге өтіп тізімнің ең басында тұрған «Орталау мектебі» мемлекеттік мекемесі (Коксуский район) — htp://www.biologia.my1.ru дегенге дауыс берсеңіздер.
Алдын-ала көп-көп рахмет вирдтағы ағайын!!!
Әрі қарай

Калым жақсы, моча болмай тұр...

Екі қазақ агентте сөйлесіп отыр екен. Біреуі екіншісіне:
-Калын калай?-деп жазып жіберіпті.
Екіншісінің жауабы былай келіпті:
-Калым жақсы, анализ мочиды да қоса тапсырғам, сол дұрыс болмай тұрғаны…
Әрі қарай

Көмек керек!!!!!!!!!!!!!!!!!

ЦОН-ға барлығың барған шығарсыңдар…

Опшым, ЦОН-ға барған кездегі бір күлкіңізді келтірген, жыныңызды келтірген, топастықтың шырқау шыңы деп санаған бастарыңнан өткен, куә болған, біреуден естіген оқиғаларыңды жазжверіңдерш, ия?

Сендер айтты деп айтпауға уәде берем…
Әрі қарай

Бөлме қабырғаларының түсі адамның миына әсер етеді


фото: newhouseofart.com
Бір жерден оқығаным бойынша: Бөлме қабырғаларының түсі адамның миына әсер етеді екен. Жасыл түсті қабырға тыныштықты білдіреді, сары мидың жұмысын белсенді етеді, қызыл түсті қабырға құлшыныс тудырып, ынталы етеді. Ал ақ түсті қабырға default
Мүмкін болса, үйдің бөлмелерін әр түрлі түстермен көмкерген жөн деседі. Ас үйге ашық жасыл түс жарасады.
Әрі қарай

Сол баяғы ұнайтындар мен ұнамайтындар жайлы...

Ұнайды:
Анамның көзіндегі қуанышты көрген сәттер, кейде оған еркелеп тізесіне басымды қойып жатқан, үлкен ұлымның ойлары/сөздері, жұмыстан келгенде кіші ұлымның «папоооу» деп үзілдіріп айтатыны, келіншегім, аға-апаларымның (әпке, әпше, тәте) балалары (опшым жиендерім мен іні-қарындастарым), Ақтөбенің бауырсақтары мен шелпектері, жаңа тартылған қаймақ, мамыр айындағы сүттен жасалған май (біздің жақта «майское масло» дид), ет қосып жасалған тағамдардың пәшти барлығы, КВН, КВН-ға дайындық, әзілдеріңнің баршаға түсінікті болуы/күлдіруі, қыста далада жүрген кезде қардың сықырлауы, жаз кезінде ауылда түнде далада жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, марқұм әкем туралы естеліктер тыңдау, көктемнің аяғында күн енді қызып келе жатқан кез. жасаған жұмысыңды бағалай алмайтын/ бағалағысы келмейтін бастықтар, Қадыр Мырза-Әлидің «Егіз ұйқастары», "Қасқырдың монологы", халық әндері, домбыра тарту, тағысын тағылар…
Ұнамайды:
айнаға қарап, әспеттенуден қыздарды басып озатын нәсілдестер, еркектерге немесе әйелдерге арналғанын айыра алмайтын киімдер, сәйкесінше сондай киім киетіндер, низкий посадка джинси киіп алып, жүресінен отыратын қыздар/жігіттер, жол бойында кездесетін жүргізушілік этикадан жұрдай топас жүргізушілер, пешеходтан тәлпіштеніп өтетін жаяу жүргіншілер, караокеге арақ ішу үшін баратындар, араласатын ортасын әлеуметтік статусы мен байлығына қарап сұрыптайтындар, биография мен географияның тайталасы, жұмысқа бара жатқанда көшедегі пробкалар, мемлекетті басқарудағы мемлекеттік емес подходтар, т.б. ұсақ-түйектер…
Әрі қарай