Әнұранның сөздерін толық білесіз бе?

Сөздері жаңартылған жаңа әнұранымыздың сөздерін толық білесіз бе?

Әнұранның сөздерін толық білесіз бе?

Бөлісу:

71 пікір

Nurgisa
Кейбірі қайырмасын қате айта ма деген ой бар.
asaubota
мен білмеймін. арнайы отырып жаттамаппын. бұрынғы сөзімен шатасып кете беремін :)
Nurgisa
«Мақтанатын нәрсе емес» пе деп қалдым…
asaubota
мақтанып отырған жоқпын. мәселе ретінде көтеріп отырмын. мен сияқтылар бар ма екен, жаңасына қалай адапте боламыз деп.
Nurgisa
Балабақша мен мектептегілер былайғы жұрттан оқ бойы озып тұр бұл тұрғыда. Түсі түстелген институттарда еместерге тек өзін елсүйерлікке жетелеп, өздерін мәжбүрлі жаттату ғана ұсынылыпты опциялар мәзірінде.
Onlasyn
Мемлекеттік әнұран
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Onlasyn
Дауыс бергенде «білемін» деп бердім. Сосын барып жаңа сөздер қосылғаны есіме түсті. Әнұран дегенде мен «Алтын күн аспанын» ойлап жүр екем.
Ал мына нұсқасын білмейді екем…
asaubota
біз әлі думанды бастап жүрміз :)
dark_nazgul
Мен де. Балаларыммен қосылып айта бастасам, оларды мен шатастырып жіберем.
asaubota
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

осы жері аздап бейтолеранттау ма деймін…
chimaq
altyn kun aspany ,altyn dan dalasy deitin jerin ghana bilemein...artynda bir eki auyz…
dark_nazgul
Өзіме бұрынғы әнұран ұнайды. Қазіргі әнұран гимн емес, марш қой.
Қазіргі әнұранға қатысты жағдай бір тірі адамның екі өлікті атқа өңгеріп келе жатқанына ұқсайды. Күндердің күнінде тірі адам екі өлікті лақтырып кетеді ғой.
Gulistan
Менікі тура Аршаттыкіндей, толық білмеймін, білейін деп жаттаған да емеспін. Бұрынғы нұсқасымен айта беремін.
Nurgisa
Сендер екенсіңдер ғой хор боп айтқанда қор қылатын :) Бәсе дейм-ау, кей қатарларында біреулер лағып жатад :)
satibaldi
Ұлттық Патриоттық Орталық мәтіні маңызды емес, музыкасын естігенде елеңдесеңдер болды деген пәтуа шығармап па еді?
sammita
бұрынғысын білем:
«Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз»
Қазіргінің ескі нұсқасын ғана білем.
konvict
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен,
Аман сау қалыппыз, аман сау қалыппыз.
Ахи қайда? Ширк жүр ғой мында =))
satibaldi
Кадр Мохаммед Али деген автор ма еді, сол қаззақтарға қатты ренжіпті деседі, алқашқы гимнді өзгерткендері үшін.
satibaldi
Лібә! — депті Кадр Мохаммед-Али бір сұхбатында, — жаттауға қиын деп соққандарына ішім ашиды. Әйтпесе о баста ешкім ештеңе демеп еді! — деп, наз айтқан екен.
Қазззақтар!!!
Aramza
Бұл жайма, НС радиосынан айтып еді, Италиядама бір елде 1000 нан астам ұраны бар деп. Нақты қай ел екені есіме түспей отқаны.
konvict
Мен толық білемін. Түк қиындығы жоқ жаттаудың. Бір екі рет айтсаң жатталып қалады. Көбісі «менің елім, менің елім» деген жерде қателеседі.
VKM
Бірінші куплеты мен қайырмасын білем, ар жағында шатасамын
satibaldi
Ибо невыразителен язык казахский и на нем не говорил Ленин!!!
VKM
хехе) сіз көп сөйлейсіз осы… жалпы)
satibaldi
Зато өзімнің сөздерім ғой???
bazuka
толық білмеймін, жалпы бұл гимн қабылданғаннан бері айтып көргем жоқ сондықтан өзгерткенін осы жерде біліп отырмын. толық білмегендіктен білмеймін деп дауыс бердім.
satibaldi
Епті, шетел құрамаларының легионерлеріне дейін айтып тұрад, қаззақтардың құрамасында гимн кезінде тіпті әңгімелесіп тұратындары да бар!
patick
гимн кезінде тіпті әңгімелесіп тұратындары да бар!

Түрлеріне қарасаң:
— Лібә, машинамның майын ауыстыру керек еді! Шо то уровень түсіп кетіпті, — деп тұрғандай көрінеді еріндерінің жыбырлауы :)
Adiletshu
УАхахахахаххаха
asaubota
сіз олай деп ғайбат айтып біреудің күнәсін өз мойныңызға алмаңыз!

футболшылар Ресей, Украинада туып, өскен болса да ойын алдында жүрек тұсына қолдарын ұстап, айтып тұрады. тек Марктан басқасы, өйткені Марктың фамилиясы Гурман!
satvaldo
лібәәә, антисемит :ҚҚҚ
asaubota
әкесі Қазақстан Футбол Федерациясында басшылардың бірі болып істейтін бұл жігіттің екі жыл бұрынғы интервьюінен үзінді:

— Не возникло желание вернуться в Казахстан, чтобы продолжить карьеру в одном из наших клубов?
— Что вы! Если бы я это сделал, то можно было бы сказать, что четыре года, проведенные в Израиле, прошли зря. Здесь другой футбол. Он более профессиональный, к тому же близость Европы имеет большое значение, ведь в перспективе я хочу выступать за один из клубов Старого Света.
TERISKEY
іштей біліп тұрм, кімнің айтқанын:)
satvaldo
брат, сен фанатикте бармысын?
Zere
Әнұран деп қабылданды ма, соны жаттап, айту керек қой. «Не үшін ауыстырды», «бұрынғысын білемін», «бәрібір бұрынғысымен айтып кете беремін» деген не сөз? Кішкене бала сияқты.
Jacqabaies_Chirac
сталин жоқ бұларға нақтар кілең
satibaldi
Дереу жаттай бастаймын!
neoman
+1! мен енді осылай плюстаймын құрып кеткір керектік бюрократия
Gastarbaiter
Жаттау керек деген не сөз?
Жалпы керек деген не сөз?
Аяқ асты етпеуге міндеттімін, ол конституцияда жазылған. Ал жатқа білсін деген қай жерде жазылыпты?
Сталинді сағынып қалдыңдар ма?
Ал ешқандай өлеңді жатқа білмеймін ал, әнұранды да басқаны да. Желание жоқ.
Ешкімге ештеңе қарыз емеспін.Қысқа ғана мерзімде әнұранның бірнеше рет өзгергеніне менің құрдастарым кінәлі емес. Нәтижесіне түсіністікпен қараңдар, қарай алмасаңдар, бәрін атестациядан өткізіп, білмейтіндерін сол себеппен жұмысынан қуып шығыңдар я бұтағынан байлап қойыңдар, сөйтіп жетісіңдер, қолдан келсе маған не дейсіңдер.
Delhi
менде білмейтін едім, жақында бір сайысқа қатысып жаттап алғам…
Түнде ұйқыдан оятып "әнұранды айтшы" десе тоқтамай айтып бере аламын. :)
Adiletshu
Номериниз қандай? Түнде звондап әнұран сұраймын
alashaman
Әрине, әнұранның бұрынғысын да, жаңасын да білемін. Бірақ, біздің әнұранның сөздері әлсіз, рухынды көтеретін сөз болуы керек. Мәселен, Түріктердің әнұранының сөзін түпнұсқада оқысаңыздар төбе құйқаңды шымырлатады. Ғажайып дүние. Біздің де әнұранның сондай болғандығын қалар едім
bazuka
Нұрсұлтан Әбішұлының президенттік уақыты біткеннен кейін басқа кісі келіп, гимннің сөзін өзгертсе, не істейді екенсіздер деген ой мазалап отыр.
satvaldo
өзгертпейді. Ататүрк түріктер үшін кім болса, ас атасы -нан болса НАН да сондай қазақтың атасы болады. кейін үйреніп-ақ кетесіз. қазір соның негізі қаланып жатыр. ПыСы Мехмет Акиф Ерсойдай біреу риясыз, ықыласпен құйқаңды шымырлататын өлең жазса ғана сіз айтқандай болар.
ErNur
Білемін.
Кешегі өткен әскери жиын тағы еске түсті еріксіз :)
Отыз күн бойы әнұрансыз ұйықтамайсын, алғашқы кезде ерсілеу сияқты көрінді жамырағасын ба :)
Артынан еріксіз еріп айта жөнелесің екен, үш жүз адам бір адамдай орындағанда керемет естілед.
Nurgisa
Осы тақырыпқа екіұдай пікір білдіріп жатқан амиголарды да сондай жиынға жіберіп, ысылтып алсақ па екен? :)
ErNur
Сүйту керек шығар :)))
araika
Білемін, біздің мектептің «дәстүрі» бойынша күнде таңертеңгісін сабақ басталмас бұрын әнұран айтқызып, жаттығу жасатады.Сондықтан білмеу мүмкін емес.
AKY
Білемін.
satibaldi
Басқаша мүмкін де емес қой.
meirzhan
Біреуге қосылып айта аламын, ал жалғыз айтсам шатасып кетуім мүкін.
saken
жатқа білемін деп мақтана алмаймын. Бірақ стадионда таблоға қарап тұрып халықпен бірге айтамын.
balzaminka
Білмеймін, үйде жүргенде сіңілдерімнен жаттап едім, ұмытып қалдым. Негізі, бірде-бір әннің, өлеңнің сөзін толық білмеймін, лирикаға келгенде керемет ақсауым санамдағы прозаға деген сүйіспеншілігімнен ғой деймін :)
meirzhan
Үйде әнұран айтасыздар ма? :)
balzaminka
хехе, менің кішкентай сіңілім әнұранды айтудан шаршамайды, скайппен сөйлесіп отырғанда да айтудан қайтпайды ғой :) Маған қарама-қайшы, лириканы жақсы көреді :)
meirzhan
Саяси бала екен :) Бақытегереевна емес пе? :)
balzaminka
марқұм әжесі мен мектептің арқасында ғой :)
Altygradus
жаңа сөздерін білмит кем, жаттайын деген ниет те жоқ.
Зере айтқандай кішкене бала сияқты шығармын да, пыросто осы жап жақсы әнді құртып әнұран қылғаны непотеме деп ойлағам, содан да ниет жоқ, дым.
AKA
Мам*мааа, білетіндер мен білмейтіндер саны тең түсіп тұр. Өз еліміздің әнұраны емес пе, міндет қой білу. Тіпті «білесіз ба?» деп сұраудың өзі ұят сияқты, жатқа білмеу деген…
meirzhan
ұят әрине, мектеп пен жұмысты әнұраннан айтудан бастайтын болсақ 100 пайыз білуші еді.
Бірінші мемлекеттік әнұранды, кейін жеке оқитын, жұмыс істейтін орынның әнұранын айтып бастасақ кейбір азия елдері сияқты. онда сауалнама нәтижесі басқаша болады.
Әйтпесе қазіргі әнұран әнұран болғанға дейін де танымал болды ғой, сол кезден айтып жүргем ән күй сабақтарында.
Altygradus
қой үйтіп әнқран босқа жиналыс жасағанша жұмыс істесін қазақтар:)))
Altygradus
қой үйтіп әнұран айтамыз деп, босқа жиналыс жасағанша жұмыс істесін қазақтар:)))
meirzhan
Корпоративный дух беред за то :) бір мақсатқа алға ұмтылу :)
AKA
Мәселен танымал хит әндерді ешкім бізге жаттатпайды ғой, әр адам өзі 2-3 рет тыңдап, жаттап алады, әнұранды білмесе де басқа әнді әдемілеп айтып беретіндер де бар. Сол сияқты мектепте, жұмыста жиі айтсақ ұмытпаймыз деген сылтау ғана, әнұранды жатқа білуге, ұмытпауға тиіспіз, бәрі ниетке байланысты деп ойлаймын.
satibaldi
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқов, Кәрім Мәсімов, Аслан Мусин, Қасымжомарт Тоқаев.
e_zhalgas
жамырап бәрі айта жөнелгенде, еріксіз екпінге қосыламын. ал, былай сұраса, айтып бере алмасам керек. дегенмен, өзімді білемін деп есептеймін :)