Шошыдың ба?

oitaza.kazjur.kz
Осы дін деген бәле болды ғой. Айқайы да бітпейд, шуы да бітпейд. Кешегі ақтөбедегі жарылыс, Атыраудағы атыс. Не бар ед тағы? А…. өсек-аяң әңгіме, пыш пыш сөз. Саясат…. Осының бәрі кімге керек? Не үшін, әнәс? Осы ақай шуда не гәп бар? Біреу анау дейд, біреу мынау дейд, еврей дейд, америка дейд… мылжың сөзі көп әйтеуір…

Бірақ көп адам осы бос, пайдасы жоқ құр истерика, құр ылаңның себебі дінді үйретудің, дінді түсіндірудегі подачада жатқандыығын аңғармауы мүмкін менің ойымша.

Ал, қош, бүгінгі біздің қоғамда дін қалай үйретіледі? Қандай жолмен адамдарға ұсынылатынын зерттеп, талдап назарларыңызға шамамыздың жеткенінше ұсынып көрелік, құрметті оқырманым.

Ауылдың бір бұрышында шылым шегіп, өзімен өзі қуып гасить етіп отыруды жақсы көретін Бұтақбас деген жігіт өмір сүріпті. Сол Бұтақбас бір күні Қадыр түнінде достарының шақыруымен мешітте Қадір түнін өткізуге ниет етіп, сол жаққа қарай барыпты. Барса мешіттің бір бұрышында шоқша сақалды бір мұжық уағыз айтып отыр екен. Өзі де күндегі кайфушадан шаршап, қызы да құрсын, шылымы да құрсын, қалай адам болсам екен деп жүрген Бұтақбасқа бұл көрініс ұнап, адамшылықты үйренейін деп сол мұжыққа қарай беттеді.

Ол мұжық анаған қарады да айтты: “Бауырым, мына он сегіз мың ғаламды жаратқан Құдіреті күшті Құдай. Ол Құдайдың адам баласына жолбасшы ретінде түсірген кітабы бар. Ол кітап – Құран. Соңғы пайғамбар Мұхаммедке түскен әуел баста. Біз сонымен жүріп тұрамыз. Біздің мақсатымыз бізді жаратқан құдіреті күшті Құдайдың разылығын табу. Құдай айтты, бізге парыз етіп бұйырды 5 нәрсені: 1. Кәлима айтып иман келтіру. 2. Намаз. 3. Ораза, 4. Зекет, 5. Қажылық. Осы нәрселерді орындағанда ғана Құдайжан бізге разы болады. Он сегіз мың ғаламды жаратқан Құдай қияметте бізден осы нәрселерді сұрайды. Кәлима айтып мұсылман болғаннан соң, осы парыздарды орындау біздің міндет. Болмаса Құдайдың бізге дайындаған азабы бар……..” – деп әңгімені жіберіп, тартып отырып сілтеді.

Ана Бұтақбас сол уағызға тойып алды да, қой болды мен намаз бастап, Исламға кірем деп, ана мұжықтан намаз үйренді, кітаптар сатып алып соларды оқыды. Сөйтті де “әлхамдулиллах мен мұсылман болдым” деп. Қасындағы бауырларына уағыз айтып “Исламға кіріңдер бауырлар” деп үгіттеді.

Сонымен Бұтақбастың Исламға кіру процесі аяқталды. Ары қарай оның түсініктерін қырқып, кез келген жаққа сүйреп әкете беру ана мұжықтың еркінде. Догмаға басы байланып қалған Бұтақбас, мұжық не десе соған еріп кете беретін, ақыл ойы блокқа түсіп қалған жарымжанға айналды. Енді ол үшін өз ақылымен ойланып, шешім қабылдау қиямет қайым болмақ. Ә деп сөз бастап кетсең, “бауырым Құран мен хадистен дәлел айт, айтпасаң сенің сөзің өтірік” деп шошаңдап шыға келетін болды. Ол енді бұдан былай сол мұжықтың ықпалында ғана жүретін болад. “Құдай бүй деген, хадис сүй деген” деп 1-2 ауыз сөзбен қалағанын істететін болад енді ол Бұтақбасқа. Осылайша топас түсінікке басы байланып қалған Бұтақбас өмір бойы біреудің саясатының пешкасы болып жүре бермек….

***

Біздің дана да, дархан ата бабамыз осыны білгендіктен осыдан 100 жыл бұрын:

Таза ақылмен таппаған дін-

Шын дін емес, жындылық — Қармалаған бір соқырсың

Өлген ой мен көз құлақ. — деп өсиет қалдырды.

Қазақ ешқашан ұлдарына дінді бұндай топас подходпен үйретпеген. Себебі, адам баласы өз жүрегіндегі процестерді зерттеп білмей жатып, оның сырына аздап болса да қанығып жатып ғибадатқа түсіп кетсе, ол ғибадаттан оған пайда болмайды. Қайта сол ғибадаты өмір бойы қара басының сорына айналмақ. Иә, сорына айналад сол ғибадаты. Бара бара сол қылған құлшылықтары оны тәкаппарлыққа, мақтаншақтыққа ұрындырып, адам кейпінен айырад. Тәккәппар болмаймын деп қанша тырыштанса да, сол тәкаппарлық дертінің пайда болу жолын, одан құтылудың айла-тәсілін білмегесін қайдан құтылсын. Дертіне дерт жамап алып сорлап жүре бермек.

Ал адам баласының барлық рухани дерттерінің бастау алатын жері – ол жүрек. Пайғамбарымыз да айтад: “Адам баласының тәнінде бір кесек ет бар. Егер сол кесек ет сау болса, адамның бүкіл болмысы сау болад. Егер сол кесек ет дертті болса, адам баласы да дертті болад. Ол ет – жүрек.”

Жүректің бір қасиеті адам баласы аңдамаса әр нәрсеге байланып, әр нәрсені талғаусыз сіңіре беред. Ал жүрегіндегі таты көп адам ҚҰдайдың барлығын шын сезіп, біле алмайд. Сондықтан жігіттің иманын орнына түсіру үшін жүректі артық нәрселерден тазалау керек. Ал жүректің айыптарып, байланып қалған нәрселерін сақтықпен бақылап отыратын ақыл деген механизмді Құдай құлсүйгіш сипатымен бізге берген.

Мысалы біздің жүрегіміз мына тұрған заманда не нәрсеге байланған деп ойлайсың бауырым? Ең бірінші қасымыздағы достарымыздың мойындауына, қатынға, ақшаға, өзіміздің кейбір артықшылықтарымызға, жұмысқа деп кете беред. Жүрегімізде бұл дерттер тұрғанда біз ешқашан Құдайдың бірлігін, барлығын бар болмысымызбен мойындап, сезе алмаймыз. Жүрегіміздің көзін осы нәрселер тұмшалап байлап тастағандықтан ең бірінші, жүректегі осы дерттерді еппен сылып алып тастау керек. Ал, шын өмірде бұл дерттер қалай көрініс беред?

* достарымыздың мойындауына, қоғам пікіріне. Бұған жүрегі байланып қалған ер жігіттің іс әрекеті, ойы тек айналасындағы адамдарға тәуелді болад. Өз ойымен, ақылымен іс істей алмайд. Қасындағы бір жүрген құрбысының абыройы асса, ішін қызғаныш атты сары мысық тырналап күн көрсетпейд. Қалайда айналысынан артық болғысы келіп, сол мақсатта жүріп тұрад. Сөйтіп өмірін қор қылад.

* қатынға. Қызға көңілі тым байланып қалған жігіт те сол сияқты. Бақытты болуы, болмауы тек қана осы қызбен қарым қатынасына ғана тәуелді болад. Ол сүйсе бақытты. Ол сүймесе бақытсыз. Жүрегіне қыз әбден орнығып алса, махаббат сол жігіттің өмірінің мәніне айналад. Қарым қатынастағы болмашы проблемалардың өзі оны депрессияға түсіріп өмірін төңкеріп жібере алатын күшке ие.

* өзіміздің кейбір артықшылықтарымызға. Мысалы бір жігіт абырой асып бастық болса немесе атақты әнші не биші болып сол өнеріне көңілін байласа өте жағымсыз, противный адамға айналад. Адаммен араласып сөйлескенде мен бастықпын, мен артықпын деген сыңаймен сөйлесед. Жүріп тұрғанда да соның буымен әрекет етед. Оған құрмет көрсетілмей қалған жағдайда, мен бастық емес пе едім деп соған қатты қайғырып, қызғанышы ояна бастайд. Атағы асып, құрметке ие болған адамдардың өзгеріп кететіні де сондықтан.

* жұмысқа. Жұмысына көңілі байланып жігіт содан басқа ештеңе ойламайтын болад. Карьераны өмірінің мәніне қалай айлалдырып алғанын өзі түсінбейтін халге түсед. Карьераға көңілі байланып қалған жігіт кез келген ситуацияда досын лақтырып кетуден тайынбайд.

Енді көзі қарақты оқырман бұны іліп әкетіп жалғастыра береді ғой. Айта берсек көп.

Осы дерттерден айығып, жүрегі аршылған жұмыртқадай аппақ күйге түскен жігіт бірте бірте дүниенің бұл қызықтарынан көңілін бұрып, мына өмірдің баянсызын түсініп абсольт жаратушы зат деген идеяға еріксіз бой ұра бастайды. Бірте бірте адамның сол жаратушы абсолютке деген ынтызарлығы оянып, оған қарай жақындауды тілей бастайд. Оған ұнауды, оның разылығын табуды бақыт деп есептейтін халге түсед. Онсыз да бұл Құдайға не істесем екен, “шашын тарап берсем бе, киімін тігіп берсем бе” (шутка) деп толғанып жүрген жігітке: “құлшылық қылғың келсе мә саған” деп, намаз, ораза, зекет, қажылықты үйретсе, қатып кетед. Ол адамның ешкімде шаруасы жоқ. Дін-пініңді ұрмайд ол. Тек Құдайымен болып қуанышты күйге түсед. Бұндай жігітті ешкім арзан психологиялық приемдармен алдай алмайд. Құр тиымдарға, құр ережелерге басы байланбаған еркін ойлайтын бұндай ерді ешкім өз саясатына пайдаланып басына алмайд.

Ал қазіргі заманда намаз оқып мұсылман болғандардан гөрі, намаз оқымай ақ, қу тірлікпен салпаңдар жүрген халық артық болып тұр. По крайней мере олардың басы ешқандай ережеге байланып, догмаға ұрынбаған. Не болса да өз пікііріне сүйенед.

Ал қазіргі кезге дінді үйретудің топас жолының кесірінен бар өмірін құлшылыққа арнаған мұсылмандар дүниенің проблемалары үшін бір бірін атып, жарып жатыр. Мұсылман мемлекеттеріндегі ылаңды немен түсіндереміз. Оқыған намаздары мен ұстаған оразалары оларды адамшылықтың ту шыңына бастаудың орнына қырып жоюға бастап отыр. Олай болса құлшылық қылудың, Құдай жолына түсудің алғы шарты не? Ол – жүректі артық мерездерден тазартып, байланып қалған мусорларды сылып тастап жүрек көзінің ашылуына жұмыс істеу. Міне содан кейін адамның барлық құлшылығы өзіне пайда келтіріп кемелдікке бастайд. Ол пайдасы тек ана өмірде де емес, осы тірлішікте де өз нәтижесін айқын көрсетед. Ондай жігіт қоғамда күндей жарқырап, адамшылықтың символна айналып, құрметке, абыройға ие болып, бақытты ғұмыр кешіп өтпек.

Сондықтан өте дана құлсүйгіш Құдай: “Исламның ең бірінші алғы шарты – Кәлима айтып, иман келтіру” деп бұйырған. Әлбетте адам баласын Құдайдың бірлігін шын сезуі оңай шаруа емес. Ол үшін жүректің айыптарын жою керек. Сөйтіп жүрек көзі ашылған азаматтың құлшылығы толымды болад. Ал жүректің дерттерінен айықтырып, тазалайтын не нәрсе? Құдіреті күшті, мейірімді Құдай, Әй, құлым сенің жүрегіңді дерттерден тазартып, иманыңды кемелдікке жеткізетін нәрсе – Лә иләһә иллалаһ, Мухаммадур Расуллулаһ деген Құдайдың зікірі. Міне осы қасиетті сөз ғана адамның жүрек көзін ашад – деп ишара қылып кеткен.

Ал қазіргі кезде кейбір діннің дұшпандары осы қасиетті ұлы ғибадатты жоққа шығарып жүргендігінің кесірінен сорлап отыр. Бүкіл мұсылманның әлем халқының алдында масқара шығып, қарабет болып отыр. КНБ-ны жарып жүр, ақтөбеде соғысып жүр. Өзін өзі жарып топастықтың асқан үлгісін мемлекеттік деңгейде дәлелдеп жүр.

Не де болса Мәшһүр Жүсіптей:

Пенденің ұқсар ділі қара тасқа,

Тесетін зат жоқ деме тасты басқа.

Зікір қайла, тас-ділге ұрсаң қатты,

Муафық болса ділің ықыласқа.

Өлімнің келетінін ойға сақтап,

Толар көзің мөлтілдеп ыстық жасқа.

Оңнан тарт Лә иләһә иллә Алланы,

Астына ұр сол емшектің, бұл дұғаны. –
деп өсиет еткен бабаларымыздың сөзіне бір сәт қыңыр жағына қисаймай назар аударар болсақ, көңіліміз жайнап, өміріміз қайнап бақытты күйге түсер едік.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше