Қарағанды - жүрегімнің дүрсілі

Қарағанды қаласына 80 жыл.

Қарағанды қаласы, еліміздің Сарыарқа даласы арқылы жайғасып, Алтай таулары мен Жайық өзенінің аралығының, қақ ортасында орналасқан ғажайып аймақ. Еліміздің адам қоныстануы бойынша ең көп шоғырланған қалалардың бірі деп айтсам қателеспеймін. Тарихы да терең, әрі Қазақстан дамуындағы орны ерекше болып саналады.
Еліміздің ауыр өнеркәсіп саласында алатын орны ерекше. Әлемдегі бірнеше елде ғана қолданылатын, ашық әдіспен алынатын көмір кешендері де осы аймақта. Айтарлықтай артықшылықтары мен жақсы қасиеттері жетерлік.
Шамалы тарихқа үңілсек, сонау 1934 жылы қала қаланып, сол кездегі Совет Одағы үшін көптеген пайдалы қазбаларын және дайын өнімдерін берген еді. Сан алуан, ауыр өнеркәсіпке байланысты зауыттар мен фабрикалар салынып, экономикаға түсіретін пайдасы мол болды деп айтуға болады. Халық саны жылдан жылға өсіп, алдыңғы қатарлы қалалардың қатарына қосыла бастады. Уақыт өте келе, қала көркейіп, өзінің белгілі бір заңдылықтары мен дәстүрлері пайда болды. Өзіне ғана тән мінезі болып, қалаға келген әрбір қонақ үшін өзін белгілі бір жағынан таңытып отырды. Әрине, тарихта болған оқиғалар мен жағдайлар көп деп, білемін, олардың әрқайсысын жеке дара қарастыруға уақыт та жетпес. Дегенмен, аталмыш 80 жылдық мерей тойға байланысты, көптеген тарихи оқиғалар аталып өтетініне сенімдімін.
Негізінен, өзім Астана қаласының тұрғылықты тұрғыны болып саналғанымен, бірақ Қарағанды қаласы, менің жүрегімнің бір бөлігін алып, орны ерекше болып келеді. Бала кездегі өмірімнің, оқушы мен студент болған кездегі белгілі бір бөлігін осы әсем де, қонақжай қаласында өткізген едім. Әрбір келген сәтте, Қарағанды қаласы маған жаңа қырыннан көрініп, сәт сайын өзіне сүйсіндіріп, тек жақсы жақтарын көрсетті деп айта аламын. Әрине, нағыз тымтырыс өмір болғандықтан, кейбір кемшіліктер де байқалған болатын. Бірақ келесі келген сәтте, жақсы қырларын көргеннен кейін барлығы да ұмыттылады.
Менің негізгі айтайын деп отырған ойым, кез келген адам үшін, ыстық, әрі жақын жерлер, мекендер, қалалар болады. Мен үшін, Астанадан бөлек, әрине – Қарағанды. Кейбір азаматтар бұл қаланы сұр, қызықсыз деп санайды, бірақ олардың осы тұжырымдамалары қате деп ойлаймын. Себебі, мүмкін сырт жағынан немесе бірінші көз қарастан солай болар, дегенмен оның ішкі өмірін біліп, дүниесі мен рухын сезсек, жүрегі әрі үлкен, әрі жылы…

КУХНЯ: күлкіге тойдырар комедиялардың жаңа маусымы

26 наурыздан бастап «31 арнада» атақты «Кухня» сериалының жаңа маусымы басталады. Сценарийшілер көптеген тосын сый ұсынып отыр.

Кейіпкерлердің бірі кеменің палубасынан суға құлап кетсе, біреуі көліктің астына түседі, ал біреуі мүлде далада қалады… Даяшы Настяның аяғы ауыр болғанына алты ай. Аспазшы Федя мен су-шеф Леваны махаббат майданындағы қызықтар күтіп тұр. Вика мен Макстың арасына Макс үшін қауіп төндіретін қарсылас түседі. Бұдан басқа, көрермен «Кухня» сериалының үшінші маусымына тыңғылықты дайындалғаны жөн. Мәселе кадрда жұмыртқалы балмұздақ пен сұйық стейк сияқты өте ерекше молекулярлы тағамдардың болатындығында емес… Тіпті жаңа сериялардың түрлі айла-шарғыларға толы болатындығында да емес. Макс Виканы қайтарып алу үшін өзінің де, өзгенің де денсаулығын аяп қалмайды. Көлік апаттары, бұғаттан секіру, өрт… «Кухня» кейіпкерлерінің жаңа серияларындағы кейіпкерлерді бұдан да көп қауіп-қатерлер күтіп тұр. Сүйікті кейіпкерлердің өз-өзіне мүлде ұқсамауы ғана көрерменнің есін алады.

Блог - 31arna: КУХНЯ: күлкіге тойдырар комедиялардың жаңа маусымы
Марк Богатырев:
— «Мен Максты асүйде істейтін жұмысына қатысты да, Викаға деген қарым-қатынасы тұрғысынан алғанда да бұрынғыдан гөрі ақылдырақ, мақсатты етуге тырысамын. Егер алғашқы маусымдарда Макс бір қыздан екінші қызға өтіп, тұрлау таппай жүрген болса, осы үшінші маусымда ол өз таңдауын жасады. Вика – бірге өмір сүргісі келетін, сүйетін әйел, сондықтан ол Виканың жүрегін жаулап алу үшін барын салады. Осы салмақтылық пен мақсаттылық арқасында Макс белгілі бір деңгейде толыға түседі, есейеді. Ол бұрынғыша басшыға өзінің асүйде пайдалы адам екенін, өте қызықты нәрселер жасай алатынын дәлелдеуге тырысады. Осылайша, Макс бір серияда жаңа паштеттің рецептін ойлап табады, алайда бастық оны да әдеттегідей іске алғысыз етеді. Алайда ол үмітін үзбейді, әрі қарай талпына береді».

Блог - 31arna: КУХНЯ: күлкіге тойдырар комедиялардың жаңа маусымы

Елена Подкаминская:
«Үшінші маусым өзінің қарқындылығымен, жаулап алар шытырмандығымен, қауіпті жағдайлармен де ерекшеленеді. Меніңше, Вика жұмсара түскен сияқты. Макспен араласқалы ол біраз нәрсені бастан өткерді: қалықтаулар мен құлдыраулар да болды, түңіліп жаны да ауырды, кейде әлденені көксесе, кейде торығулар да болды. Талай кешіріп, талай кешірмеді… Жан дүниесінің осыншама дүрбелеңі адамды етітірілікке, өмірді тереңірек сезінуге, оны барынша толыққанды сүруге үйретеді. Соған қарамастан, үшінші маусымда да Вика әлі де Максты ұмытуға тырысады, біреқ, меніңше, ол ешқашан Максқа осынша жақын болған емес».

Блог - 31arna: КУХНЯ: күлкіге тойдырар комедиялардың жаңа маусымы
Сергей Лавыгин:
«Үшінші маусымда «Кухняның» өн бойындағыдай Сеня «жанып» жүреді. «Ұрының арты қуыс» демекші – Сеня өзінің спорттық ұрлығының арқасында өртенеді (күледі). Міне, бұл — жазаның өтеуі. Ал менің сезімдеріме келетін болсақ, мен қазір жайбарақат-ақ өртенетін болғанмын. Өйткені сериал барасында мен бұл трюкты төрт-бес рет жасадым».

Блог - 31arna: КУХНЯ: күлкіге тойдырар комедиялардың жаңа маусымы
Никита Тарасов:
— «Үшінші маусымның негізгі желісі – молекулярлы асхана. Меніңше, бұл біршама оғаштау… Ал көрерменнің кадрдан көретіні шындығында да нағыз молекулярлы тағамдар. Мәселен, бір тал жылтыр вермишельден тұратын томат көжесі… Молекулярлы тағаммен мүлде айналыспаймын. Ал Луи болса мені қатты қызғанады, себебі молекулярды асхананың аспазшысы Катя да Луи сияқты десерттер дайындайды. Мәселен, қоңыр түсты ұнтаққа ұқсайтын шоколадты жел. Луи мұны түсіне алмайды, ол классикалық француз тағамдарын жөн көреді».

Отбасымен тамашалайық! 26 наурыздан бастап, 19.00-де, «31 арнада»!
Әрі қарай

Қарағандының ерекше сәулет өнері

Бүгінде сәулеті мен дәулеті жарасып тұрған, белді қаламыз, беделді қаламыз Қарағандыға 80 жыл. Сонау 1934 жылы қала атанған Қарағанды, әуелі кенді орындарымен, қара көмір шахталарымен мәшһүр болды. Сондан соң, Алладан кейінгі адам жанының арашасы болатын дәрігерлерді тәрбиелейтін медициналық академиямен атағымыз одан әрі асқақтап қалды. Одан беріде академик Бөкетовтың ерен еңбегі сіңген Қарағанды мемлекеттік университетінің бүгінгі дәрежесі неге тұрады. Бірақ, менің айтпағым Қарағанды облысының бейнелеу және қолданбалы сән өнері жайлы болмақ. Қаламызда бой көтерген белгілі тұлғалардың ескерткіштеріне тоқталсақ.
Жезқазған бағытынан келе жатқан күре жол бойында тума дарын иесі, Қасым ақын ескерткіші қарсы алады, қала әкімдігінің жанында Бұқар жырау бабамыздың ескерткіші қойлған. «Шалқыма» концерт залы жанында Абай ескерткіші, облыс әкімдігінің қарсысында Қаздауысты Қазыбек бидің мүсіні асқақтап тұр. қаламызға қай бағыттан келсеңіз де бәрібір, алдымен сізді қарсы алатын теміржол вогзалы маңына қойлған Қаныш Сәтбаев ескерткіші.
Сонымен, тарихқа біраз көз жүгіртсек. Көмірді алғаш тапқан Аппақ Байжановқа арналған есерткіш 1999 жылдың тамыз айнда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жанындағы алаңда ашылды.
Академик Е.А. Бөкетов ескерткіші 2006 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бас ғимаратының кіре берісінде орнатылған. Ескерткіштің авторлары – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Достық» орденінің иегері А. Билык және Сәулетшілер одағының мүшесі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С. Мордвинцев. Бөкетовтың мүсіні қызыл граниттен жасалған тұғырда орналасқан. Мүсін қоладан құйылған. Тұғыры қызыл граниттен жасалған. Е. Бөкетов ескерткішін тұрғызу туралы шешімді көрнекті ғалымның 80-жылдығына байланысты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен республиканың ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы қабылдаған болатын. Е.А. Бөкетов ескерткішінің құрылысы азаматтардың рухани-білімділік және интеллектуалдық-мәдени деңгейін арттыруға; өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
Бұқар жырау ақын, жырау, қазақтың көрнекті өкілі, Абылай ханның бас кеңесшісі. Көптеген туындылары толғау жанрына жатады. Поэзиялық мұрасын Ж. Көпеев, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Сейфуллин және т.б. зерттеген. Ұлы ақынның бейнесі ұлылық пен ішкі күш-жігердің дұрыс берілуімен ерекшеленеді.
Социалистік Еңбек Ері, Балқаш мыс қорыту зауытының алғашқы салушысы, Қарағанды құрылысшысы В.И. Язев бюсті – мүсінші батырдың мінез-құлқын сәтті көрсете білген. Мүсінші, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі А.П. Билык. Ескерткіш қола құймадан құйылып, тұғыры қызыл түсті тақталармен қойылған.
Ғабиден Мұстафин бюсті, көрнекті қазақ жазушысы, туғанын 100-жыл толуына орай орындалған. Бюст шынайылық мәнерде орындалған, мүсіншілер жазушының ой үстіндегі сәтін бейнелеуге бар күштерін жұмсаған. Мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Т.Т. Ермеков, М.О. Сыдықов. Сәулетші, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі В.А. Троценко.
Мәрмәрден құйылған мүсін Бюст бетон — материалды ескере отырып, классикалық мәнерде жасалған. Ұлы ақынның бейнесі ұлылық пен ішкі қуаттың дұрыс берілуімен ерекшеленеді. Мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ж.И. Қалиев.
Ал, Қ.Сәтбаевтң ескерткіші жайлы не білеміз?! Ескерткіш салтанатты түрде қазақтың көрнекті геолог-ғалымы, Кеңестің Шығыстың тұңғыш Академигі, Республикалық ғылым академиясының негізін салушы және алғашқы президенті, геология ғылымдарын және Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанымыздың қорғаныс қабілеттілігін арттыруда үлкен роль атқарған Үлкен Жезқазған кен орындарындағы мыс кенін өндірістік игеруді ұйымдастырушы Қ.И. Сәтбаевтың 100-жылдық мерейтойына орай ашылған. Бюст қоладан құйылған, тұғыры мәрмәр тақтаданжасалған.
Әбдіров ескерткіші, Қарағандының Н. Әбдіров даңғылда 1958 ж. орнатылған. Мүсіншілер: А.П. Билык, Ю.В. Гуммель, архитектор Л.Е. Воробьев. Монументтің жалпы биіктігі 9 м. Шойыннан кұйылған мүсіннің түғыры мәрмәр. Ескерткіш Кеңес Одағының Батыры Н. Әбдіровтің мүсіндік бейнесін мәңгі есте қалдыруға арналған. Өлім мен өмір арпалысы, бостандық үшін өлімге бас тіккен мәрт шешім, жауына қыранша сорғалаған қазақтың батыр ұлының қаһарлы қабағынан айқын аңғарылады. Ескерткіштің өн бойы ширыққан куат, шалт қимылға толы. Н. Әбдіров ескерткіші калаға көрікті сипат берумен бірге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды.
Сәндік композиция қазақ халқының жанының, оның туған жеріне деген махаббатының белгісі ретіндегі стильденген музыкалық аспап «Қобыздан» тұрады. Сәулетші ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі В.А. Троценко, мүсінші ҚР Суретшілер одағының мүшесі М.А. Қалқабаев. Ескерткіш қоладан дайындалған, тұғыры сұр гранит.
«Сүйінші» атты фигуралық композициядан, тұғырға орнатылған, шеңбер құрайтын және стеланың тұғырын жиектейтін жұлдызнамалық белгілерден тұрады, алаңның қақ ортасында гранит бағана орналасқан, оған Жер Кіндігі белгісі қойылған. Авторлық ұжым – сәулетшілер ҚР Сәулетшілер одағының мүшелері Г. Баймырза, Е. Шахиев, К. Жанәбілов. Мүсінші ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Комсомол Ленині сыйлығының лауреаты Ж. Молдабаев, мүсінші А. Молдабаев. Фигура – салт атты, ат – құйма, қола, 12 жұлдызнама белгісі бейнеленген. Міне біздің әсем қаламыздың сәулет өнеріне аз ғана шолу жасап өттім. Одан өзге де ерекше әсем жерлеріміз жетерлік. 80 жасың құтты болсын Қарағандым!

Жасанды интеллект

Нендей нәрсеге болсын «өз-өздігінен» үйренетін машиналар болады дейік (үйренетін машиналар деген терминді енгіздік).
Мұндай машиналарды қарастыру арқылы «жасанды интеллект» төңірегіндегі мәселелерді қиял-ғажап саласынан ажыратамыз. Өздігінен үйренетін машиналардың мүмкіншіліктерінің бірі -«үлгіні» таный білу. Үлгілерді танытып үйрету арқылы «машиналық тәжірибе» жиналады. Машина танитын екі үлгі бар дейік. Бірінші мен екінші үлгі арасында көптеген «ұқсас» үлгілер табылады. Осындай үлгілер жиынын «ұқсастық бойынша» екі топқа бөлу мәселесін қарастырайық. Мысалы, бірінші немесе екінші үлгінің ұқсастықтарына «дауыс беру» арқылы мәселе шешімін жуықтап табамыз. Яғни, мәселе шешімі қалай болатынын «дауыс бергендердің» саны анықтайды. «Дауыс берушілердің» қалауы «машиналық тәжірибе» жинақталған дерек қорына саралау жүргізу арқылы анықталуы мүмкін.
Осындай жолмен суретті құрайтын элементтерді (әріптерді, түзу сызықтарды) анықтауға болады.
Әрі қарай

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ (ҚАЛАНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА)

11 сынып бітірген мен үшін Астана қаласы, Еуразия Ұлттық университеті арман еді. Бірақ арманыма суық тидіме білмедім, Еуразияның есігін аша алмадым. Есесіне ҚарМудың табалдырығынан аттап, бақандай 5 жыл оқыдым. 2-3 жатақханалардың қабырғасында менің ең қызықты, өмірім өтті. Сондықтан, Қарағанды мен үшін әрдайым ыстық. Құрылтайға қатысушыларға керек болар-ау деп, одан ары Қарағанды қаласы туралы қазақша ақпарат іздегендерге жарап қалар деген оймен қала туралы аздаған анықтамалық десекте болады Қарағанды туралы 3 карта жасадым. Қазір оған әр түрлі ат қоюға болады (Мультимедиялық, онлай, интербелсенді, активті ) мен интерактивті дедім.

Интерактивті картаны көру үшін суретті басамыз.
Блог - izbasar: ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ (ҚАЛАНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА)

МұхШЕР. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ҚАШЫП КЕЛДІ!

Блог - Satira: МұхШЕР. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ҚАШЫП КЕЛДІ!Көршімнің көздері алақандай, көзінің қарашығы тарақандай болып, үйге жүгіріп келді:
--Кеше кеткен қызым күйеуінен қашып келе жатыр, енді қайттім? Масқара болдым ғой!—деді. Далаға шығып, көшеге көзімді «қыдыртып» жіберсем, келе жатқан көршімнің қызы емес, өзімнің өгіздей қызым! Қуанып кеткен көршім, «Қателескеніме шүкір! Қызың қашып келді, құтты болсын!»-- деді де, кетіп қалды. Шынында, қызымның байдан қашып келгені рас болып шықты.
--Қайта шапқан қабан жаман, қайтып келген қыз жаман. Ия, неге қаштың?—деп сұрадым мен.
--Ұя бейеді..--деді қызым.
--Кім?
--Жекеменшік байым…
--Ойпырмой, біздің шықпаған жанымыз-ай! Осы әкең ай сайын ұрып тұрмаса, ұнжырғам ұн болып, арқам құрысып кетуші еді. Сонда не дейді?
--Шақаушың дейді…
--Бір балалы болғанша үндеме дедім ғой! Сақау екеніңді қалай білдіріп қойдың ойбай?
--Өжі ғой…
--Немене, өжі ғой?
--Той өткен соң төшек сал дейді…
--Е, салмадың ба?
--Бұйын ейкектің қашына кім жатип көйіпті? Би түйлі қойқып, енемнің қойнына қойып кеттім…
--Күйеуің күтірлетіп жеп қояды деп пе едің?
--Ұйқышы жама-ан. Түнде қойылдайды. Тула тлактл шияқты…
--Күйеуің ұрса, қаматып қоймайсың ба? Сондай заң шықты ғой!
--Ұйғанын дәлелдей аймаймын ғой.
--Неге?
--Жатқыжып қойып, табанымнан тебеді…
--О, оңбаған күйеубала! Жарайды, ұрыпты мейлі… Ұрса қашып келе бересің бе?
--Өжі ғой.
--Немене өжі, өжі?
--«Жұмитқа жұтып алғаншың ба, не? Неге үндемейшің?» деп башымнан шалып қалды. Мен бетін тинап алдым! «Аптиамайт, атаңа нәлет!» дедім.
--Жүдә қатырыпсың!—дедім қызымның басына салып қалып. Артынша көрші әйел жүгіріп келді:
--Құт… құттықтаймын көрші, тағы бір қызың қашып келді!
Шынында рас екен, Алматыда тұратын ортаншы қызым сүмірейіп келіп тұр. Көрші әйел: «Ойбу-у, нан ашытып қойып едім!» деп кетіп қалды.
--Әй, сен неге қашып келдің?—деп сұрадым мен.
--Өжі ғой...—деді қызым бұртиып. Бұл да сақау болатын.
--Немене өжі?
--Дебалбашия басталды, банкиот бойдым деп мені ұя бейеді.
--Ойбай, теңгенің құнсыздануына сенің қандай қатысың бар?
--Ұйттық банктің баштығы Кейімбетивті неге жақтайшың дейді. Сол теңгені өлтиген дейді. Екеуміз ұйшып қалдық.
--Бәләйдық, бәләйдық! Күйебала да жетісіп тұр ма еді? Кекеш еді ғой… «Елдегі аштыққа, қымбатшылыққа менің қандай қатысым бар?» демейсің бе?
--Өжі ғой.
--Немене өжі?
--«Жұйттың бәйі митингіге шығып жатыл, жүй кеттік!»дейді. Баймайм десем "қойқақ қатын екенсің!«деп бетіме түкиіп-түкиіп жібейді!
--Бетін тинап алмадың ба?—деп қалды үлкен қызым.
--Сен тыныш отыр! Бет тырнағышын! Не, оның беті қотыр ма еді, қасып беретін!—деп болғанымша, көрші әйел жүгіріп келді:
--Көрші, құт… құт…
--Әй, аузыңдағы құртыңды алып барып сөйлеші!—дедім мен.
--Кіші қызың қашып келе жатыр, құтты болсын!
--Табалап тұрмысың? Жоғал әрі!—дедім мен қалшылдап. Шынымен рас екен, кіші қызым қорсылдап, жылай кірді. Даусын-ай, әнебір әнші бар еді ғой? Витас сияқ¬ты сызылтады келіп…
--Әй, не болды сендерге бүгін?—деп сұрадым мен апалы-сіңіліліер бір-бірімен құшақтасып көрісіп жатқанда.
----Өжі ғой...—деді кіші қызым сыңсылап. Ол да сақау еді, құдай-ай…
--Немене өжі?
--Түнде байып, бажайды өйтеді де, қашып кетті…
--Қайда ойбай?
--Бимейм.
--Базарды өртеген байың неге өртеніп кетпейді ойбай! Жоғалыңдар! Көздеріме көрінбеңдер! Теңгеден бұрын сендер құнсызданып кеткенсіңдер! Ұятсыздар!—деп жер тепкілеп тұрсам, қасымда ешкім жоқ. Қыздарым қашып кетіпті. Бір кезде көршім кіріп келе жатыр…
--Қ-қашып келді...—деді ол.
--Кім ойбай?
— Білмеймін, күйеуің бір топ полициядан қашып келеді!
Мен не дерімді білмедім. Бар болғаны әндете, қолдарымды көкке жайдым:
--О, жасаған, қыздарымның бәрі бәрі қашаған… Алматыда митингі, не демейді, аш адам…
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ. БІЗГЕ «ЖЫНДЫ» КЕРЕК...

Біздің елге бір «жынды» керек болып тұр. Жынды болғанда, «нәрмәлні» жын¬ды… Бостан босқа тамағы жыртылып, айқайлағанда, аузынан албастылар секіріп түсетін «жынды» емес, оқыған, бірдеңені шоқыған, «ұлтым, жерім, елім» дегенді көкірегіне тоқыған, тап-тұйнақтай тақылдаған «жынды» керек. «Ойпырмай!» министрлігі жанынан осындай бір департамент ашылды. Департамент бастығы орнына хабарландыру жарияланғаны сол еді, еліміздің тең жартысы жындылар екен, бәрі министрлікке ағылды. Араларында шынымен жынды, жасанды жынды, жағымпаз жынды, парақор жынды дейсіз бе… ажырату қиын.
--Қашаннан бері жындысыз?—деп сұрады министр.
--Есектің миына пісірілген каша жегелі бері…
--Есектің миын жеп неңіз бар?
--«Срочно» жынды болайын деп…
--Бізге ақылды жынды керек. Ресей депутаты Жириновский секілді. Лимоновы секілді. Кез-келген жиында, кез-келген ортада, теле көпірлерде сөзден сарай тұрғызып, сосын оны өзі қирата салатын…
--Мен академик жындымын!—деген ақымақтың жолы бомады. Келесі бір «жынды» кабинетке әндете кірді.
--«Басында Қамажайдың бір тал үкі, айырылып, тілімізден болдым күлкі. Болдым күлкі… Ахау, хайли-ләйлім...»
--Кешіріңіз, «ахау хайлиләйлім» мырза,--деді министр қолын көтеріп,--оқығансыз ба?
--Жындылар университетінің «Ноқаты кемдер» факультетін бітірдім.
--Қай жерден айлық алдыңыз?
--Кассир қыздан.
--Жоқ, қай жерде қызмет істедіңіз деймін?
--Е, мен тышпаған төбе қалды ма? Бәріне тышып келемін. Енді сізді де бір төбе деп…
--Тоқтат! Барыңыз!
Келесі «жынды» кеңкілдей күліп кірді.
--Неге күлесіз?
--Жәй әшейін. Біздің елде күлмейтін не қалды?..
--Саяси жынды болғыңыз келеді ме?
--Кешіріңіз, қарамағымда қанша «жынды» болады?
--350 «жынды». Оларды ұстау үшін мемлекет бюджетінен үш миллиард теңге бөлінеді. Әр облыста филиалдарыңыз және бар.
--Айлығы…
Министрге бұл «жынды» да жақпады. Қуып шықты. Келесі «жынды» кабинетке айқайлап кірді.
--Сіз неғып отырсыз? Шығыңыз!—деді салған жерден.
--Неге? Неменеге айқайлайсыз?
--Тәуелсіздігімізге қауіп төніп тұр! Жан-жағымыздан үргіш иттер көбейді! Ал, сіз кабинетіңізде отырып алып, жілік мүжіп отырсыз! Осы жілікпен басыңызға бір ұрайын ба?—деген ол министрдің қолынан тоқпан жілікті жұлып алып, ұрайын, ұрайын деп қалды да, өзі мүжи бастады.
--Сорпа ішесіз бе?—деп сұрады министр әдейі.
--Сорпада басыңыз қалсын! Еліміз, тәуелсіздігіміз аман болса, сорпаның ішінде шомыламыз әлі! Бассейн іші тола сорпа болады! Сол сорпаның ішінде жүзіп жүріп, туралған ет жейміз! Жасасын, Қазақ елі! Ей, Жириновский, мұрныңды ет турағыштан өткізейін бе?--деген «таза жынды» шалбарын шешіп жіберіп, құйрығын шапаттады. Министрге мына жынды ұнап қалып, дереу «Ақылды жындылар» департаментінің бастығы етіп тағайындап жіберді. Бірақ «ақылды жындымыз» бір ай өтпей жатып, Жириновскийден пара алып жатқан жерінде финполға ұсталып қалды… Кешіріңіздер, араларыңызда «нәрмәлні» жынды жоқ па, а?
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ.«ӘЙЕЛІҢМЕН ҚЫДЫРЫП КЕЛЕЙІНШІ...»

Блог - Satira: Мұхтар ШЕРІМ.«ӘЙЕЛІҢМЕН ҚЫДЫРЫП КЕЛЕЙІНШІ...»Тал түсте тарпа бас салмасам да, көршімді көріп, тұра жүгірдім, қағып кете жаздап, қаңғалақтай озып барып, табан тіредім де, қайта жүгіріп келіп, қолын қос қолдап алдым. Әйтпесе, үйіне кіріп кетсе, күзетшісі жібермейді.
--Аға, Наурыз мерекеңізбен құттықтап тұрып құшақтайыншы!
--Желпініп жәйша жүрсің бе, көрші? Не болды?—деп сұрады ол менің құшағымнан құтылып болған соң.
--Бір нәрсе сұрайын деп едім…
--Екі нәрсе сұра, үйге кірсеңші…
--Сіздің үй мен біздің үй… Біздікі сіздің «времянкаңызға» да жарамайды… Сіз… сіз депутатсыз, бизнесменсіз, миллионерсіз…
--Ал, жарайды, сұрай ғой, не сұрайын деп едің?
--Негізі...—деп қипақтадым мен,--ол сізде де бар, менде де бар… Бірақ…
--Көршіден аяғанды ит жесін, айта бер.
--Ит жемесін енді… Бересіз ғой?
--Беремін дедім ғой.
--Сіз сондай ақ көңіл, сондай мейірімді миллионерсіз аға. Басқалар сияқты халықтың қанын, жанын сорып, байып жатқан жоқсыз. Өз еңбегіңізбен…
--Ия?
--Аға, не ғой… Бүгін кешке әйеліңізбен қыдырып келейінші…
Осы сөзді сорғалатып, екпінімді жорғалатып, жылдам айтқанмын, басымды көтеріп, бетіне қарасам… Билеп кеткен көздері мен, көрпешедей жиналған маңдайын көрген жоқпын, қайта сондай жылы-ы жымиып тұр. Сұрарымды сұрап тұрсам да, ішімнен: «Мына кісі жынды ма? Әйелін бере салғаны несі?» деп ойланып қалдым.
--Әйеліммен?—деп сұрады ол.
--Ия… жеңгеймен…
--Пожалыста,--дегенде бар ғой, шалқамнан түстім, көзім қарауытып кетті. Осындай да демеуші, осындай да қамқоршы болады екен-ау! Мен байғұс битімді сығып, қанын жалап отырғанымда, мына сөзі сай-сүйегімді балқытып жіберді. Жайылған қамырдай, былқ-сылқ еттім де қалдым.
--Не үшін сұрап тұрғанымды сұрамайсыз ба?—деппін сасқанымнан тұрып жатып.
--Ағаң халық үшін қызмет етуден қашқан емес. Бір басымда төрт әйелім бар. Қайсысын қалайсың?
--Ж-жоға, осы үйдегі жеңешем жетеді. Өзіңіз білесіз, жағдайым жын-шайтандарды күтіп жіберуге де жарамайды. Несиемді өлгенше төлейтінім тағы бар…
--Жеңшеңді ала ғой. Басы бүтін...—деп көршім күлімсірегенде бар ғой, тағы да шалқамнан түстім.
--Жерге жата бермеші, не болды сізге?—деп сұрады ол.
--Кешіріңіз, Наурыз мерекеңізбен!—деппін аузыма сөз түспей.
--Әйелімді қайтармасаңыз да болады…
--Жо-жоқ, үш-төрт сағатқа қана керек еді… Қайтып әкеп беремін. Былай ғой… сіз мені дұрыс түсініңіз, Наурыз мерекесіне байланысты біздің мекемеде кеш өтетін еді. Бәрі әйелдерімен барады… Ал, менің әйелім… Сорылған кәмпит сияқты арық… Мерекеге киетін көйлегі де жоқ… Наурыз көжеге тиын таппай отырғанда… Айтайын дегенім, сіздің әйеліңізбен қыдырып барсам, жұрт таң қалар еді! «Байғұс бар тапқанын әйеліне жұмсайды екен ғой!» деп бас шайқар еді… Өмірімде бір рет шенеуніктердей шіреніп жүргім келіп еді…
Мұндай көңілшек көршіден айналмайсың ба? Берді! Жеңгей де қуанып кетті. Той-думан дегенде домалай жөнеледі екен! «Екі-үш сағатқа ғана көршінің уақытша әйелі болып қайтасың!» деген күйеуінің ескертпесін есікке қыстыра салды… Наурыз мерекесі кешінде жүрміз, қолтықтасып. Жұрттың бәрі маған басын иіп, көңілді сәлемдесетінді шығарды. «Бүгінгі дұшпан төплиіңе емес, әйеліңе қарайды» деген сөз рас екен-ау! Бәрінен де жеңешемнің қылығы қытықтап өлтірді! Мойнымнан иіскейді, бірақ тиіспейді… Содан үйге қайттым. Өз әйелім төркінінде болатын, түннің бір уағында телефон шыр ете қалды. Тұтқаны көтерсем, көршім «кісінеп» тұр:
--Адам емес екенсің ғой, әйелімді қайтармайсың ба?—дейді. Сасқанымнан:
--Ойбуу, кешіріңіз, ұмытып кетіппін ғой!—дедім. Жылағым келіп, жеңешеме қарасам: «Үш күндесім бар ғой, өлмейді! «Жоғалтып алдым!» дей салшы! –де-еп жатыр… Құдайым-ай, бір пәлеге душар болмасам еді, енді қайттім?
Әрі қарай

Құрт

Ертеректе жазғы каникул кезінде шөп шабу науқанына қатысып келген сыныптас достарымыздың әңгімелері бәрімізді (айтып отырғандардың өздерін де) әрдайым таң қалдырса да еш күмәнсіз сендіре білетін. Бұл хикаялардың барлығы бір адамның ауызынан шыққандықтан әрдайым бірдей басталатын. «Бәленбайыншы жыл болатын. Нүкен деректр, Найыл енженер, Сәкеңнің екі жағына төрт төрттен сегіз жарты арақ сиятын қара қожыны бар. Біздің үйден бәріміз қара қуырдаққа бөгіп алып жолға шықтық.» Әрі қарай жұрттың көңіл күйіне қарай сюжет өз бетімен дами беретін. Бірақ ол ертеректе. Біздің айтпақ хикаямыз бертін мен артынның шекарасында болып біткен еді.

Совхоздың деректірі, зоотехнигі, мал дәрігері, экономисі һәм парткомы қыстақтарды аралап, сақманға дайындықты тексеріп саралап жүріпті. Комиссия кешкілік бір шопанның қыстауына келіп тоқтап, қонуға ниет білдірсе керек.

Үй иесі бір тұяғын шалып жіберіп, қадірлі меймандарды күте бастапты. Ет піскенше шай беріліп, дөңгелек үстел сары май, таба нан, кілегей, ақ және сары ірімшік, балқаймақ, брензі, сыр, және құрт атаулының түр түрімен тотырылыпты. Күні бойы атсоқты болған қадірлі меймандар ерекше сәтті шыққан ежегей құртты мақтай отырып опырып жіберіпті.

Құрт салынған табақ тақырлана бергенде, үй иесі бәйбішесіне жеңсік асты еселеу қажеттігін жетізіпті. Қазандағы еттің көбігін алып жатқан бәйбіше, ерсектеу қызын кілетке барып, құрт алып келуге жұмсапты.

Екі минуттан кейін қызы қайтып келіп,«Апа, гамаждағыны әкелейін бе, шөлкидегіні әкелейін бе» деп сұраған екен.

Оны естіген атқамінерлер әр түрлі аллергияға шалдыққан көрінеді. Бірақ кейбіреулері әлі шауып жүр.
Әрі қарай

92-лер VS 81-лер (Футбол battle)

Жазатын дым жоқ ©

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 92-лер VS 81-лер (Футбол battle)

Осы жылдың жазында Бразилия елінде өтетін футболдан әлем чемпионаты жақындап келеді, талай футбол сүйер қауымның дегбірін тауыса күттірген футбол мерекесіне де аз қалды. Мундиальға баратын 32 құрама жайлы да талай сөз еткеніміз рас, әлі де талай айтылады. Алайда менің айтпағым басқа еді.
Әрі қарай