Жоғалған Боинг-777 ұшақ жәйлы мәлімет.

Куала-Лумпурден Пекинге қарай ұшқан ұшақ бір аптаға жуық уақыттан бері ізім-қайым жоқ. Бүкіл дүние жүзі қазір іздеп, шулап жатыр. Малайзия әуежайынан көкке көтерілген Boeing-777-200 рейсінде алдын ала берілген мәлімет бойынша Қытайдың-154, Малайзияның-38,Үндіс¬танның-5, Индонезияның -7, Австралияның -7, АҚШ-тың -4, Францияның-3, Ресейдің-3, Канада, Украина және Жаңа Зеландияның екіден азаматтары болған. Сонымен бірге экипаждың 12 мүшесінен де хабар-ошар жоқ. Кейбір деректерге қарағанда, Пекинге қарай ұшқан Боинг-777 ұшағы Вьетнамның су жағалауының үстінде іс-түзсіз кеткен. Қазір әлемнің онға жуық елінің кемелері мен жоқ іздеген ұшақтары мұхит үстін шарлап жүр. Әзірге ешқандай дерек жоқ. Дүйсенбі күні Оңтүстік-Қытай теңізі суы¬ның бетінен май дақтарының табылғаны айтылды. Бірақ мұның жоғалған ұшаққа еш қатысы жоқ болып шықты. «Бұл ондаған шақырымға созылған су бетіндегі май мұнай таситын танкерлерден қалған болуы мүмкін» деген болжам айтылды. Кеше АҚШ Қарулы күштерінің басшысы жоғал¬ған ұшақты іздеуге өздерінің соңғы за¬манауи қарумен және құралмен жабдық¬талған екінші әскери кемесін аттандырды. Қалай айтқанда да, «Боингтің» із-түзсіз кетуі әлемдік авиация тарихында бұрын-соңды болмаған құпия оқиғаға айналып отыр. Сонда ұшақ қайда кетті? Болжамдар әртүрлі, бірі «техникалық ақаудан» десе, екіншісі «лаңкестік әрекеттің салдарынан ұшақ әуеде жарылып кетуі ықтимал» деген жорамалдар айтылуда. Радарға апат алдында болатын дабыл да түспеген, ұшқыштардан хабар да болмаған. Белгілісі – Boeing-777 ұшағы өзінің ұшу бағытын күрт өзгертіп, қайтадан өзі әуеге көтерілген бағытқа қарай кері бұрылған. Бір қызығы, басқа біреулер¬дің төлқұжатымен ұшқан екі адам туралы пікірлер айтылуда. Оның бірі–Луиджи Маралди деген итальяндық азамат, ол қазір Таиландта демалып жүрген көрінеді. Екін¬шісі Австрия азаматы –Кристиан Коцэл. Екеуі де осыдан бірер жылдан аса уақыт бұрын жеке төлқұжатын ұрлатып алған. Белгісіз екеу осы екі азаматтың құжатымен ұшып шыққан. «Олар лаңкестер болуы мүмкін». Бұл жорамал қаншалықты ақиқат?
Дерек пен дәйек
1995 жылдың 31 наурызы күні Бухарест әуежайында Брюссель бағытына енді көтерілген Румынияның Tarom компаниясының әуе лайнері жермен-жексен болып, экипаждың 11 мүшесі мен 48 жолаушысы қаза тапты.
1997 жылдың 26 қыркүйегінде Индонезияның Суматра қаласының маңында елдің Garuda авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 234 адам қайтыс болды.
1998 жылдың 16 ақпанында Тайвань авиакомпаниясының А-300 әуе лайнері қалың тұманның кесірінен әуежай маңындағы тұрғын үйге соғылды. Апаттың салдарынан 203 адам келмеске кетті.
1998 жылдың 11 желтоқсанында нөсерлеп жауған жаңбыр мен қалың тұманның салдарынан Таиландтың А-310-200 ұшағы экипажының 14 мүшесі мен 132 жолаушысы қайтыс болды. Тек 45 адам ғана құтқарылды.
2000 жылдың 31 қаңтарында Кения әуежайынан ұшып шыққан
А-310 әуе лайнері Гвинея бұғазына құлады, бұл 170 жолаушының соңғы сапары болса, 10 жолаушы аман қалды.
2000 жылдың 23 тамызында Бахрейннің әуе лайнері Парсы шығанағына құлап, әуе бортындағы 143 адам келмеске кетті.
2001 жылдың 12 қарашасында АҚШ-тың Кеннеди әуежайынан ұшып шыққан ұшақ Нью-Йорктің Квинс ауданына құлап түсіп, 260 жолаушы қаза тапты.
2006 жылдың 3 мамырында Арменияның «Армавиа» компаниясына қарасты А-320 аэробусы Қара теңізге құлап түсіп, тосын апат 113 адамның өмірін жалмады.
Интерполдың бас директоры Рональд Ноубл қазір әлемде азаматтардың 40 мил¬лиондай төлқұжаты жоғалғанын айтады. Қазір Оңтүстік –Қытай теңізінде Малайзия, Австралия, Қытай, Таиланд, Индонезия, Сингапур, Вьетнам, Филиппин мен АҚШ елдері іздестіру операциясын жалғастырып жатыр. Қалай айтқанда да, қазір ұшақпен ұшу ең қауіпті оқиғаның біріне айналып барады. Соңғы 100 жылдықты алып қарасаңыз, «әуе кемесінің» апаты жиілеп кеткенін байқай¬сыз.
Өткен жылы Рио-де Жанейродан мыңдаған шақырым ұшқаннан кейін бақылау радарынан көрінбей кеткен ұшақтың сынықтары мұхит айдынынан екі күннен кейін табылды. Қалай айтқанда да, 228 адамы бар 20 елдің азаматы әуе апатына ұшырады. Оның ішінде 12 ұшақ эки-пажынан басқа, 126 еркек, 82 әйел, 8 сәби болған. Бра¬зилия¬ның Ка¬бо-Вер¬де жа¬ға¬лауы¬ның үс¬¬тін¬де оқыс оқи¬ға¬дан шошынған жолаушы¬лар алыс¬¬тағы ту¬ған-туыс¬та¬рына ұялы телефон арқылы SMS жіберіп үлгергені тір¬келген: атап айтқанда, «мен қорқамын», «мен сені жақсы көремін», «ен¬ді не істейміз?» деген сарында жіберген ха¬барламалар соңғы рет қошта¬судың сипаты болып қалғанға ұқсайды. Апатқа ұшыраған ұшақта Бразилияның 58 азаматы, 26 неміс, тоғыз итальян, тоғыз қытай, алты швейцар¬лық, бес ливандық, бес британдық, төрт венгер, үш ирландық пен Норвегия азама¬ты, сондай-ақ Словения, АҚШ, Австрия, Ресей, Швеция, Түркия, Хор¬ватия, Эс¬то¬ния, Канада азаматтары болған. Екі күннен кейін Бразилияның қорғаныс министрі Нелсон Жабин Атлант мұхитынан Бразилия жағалауына мыңдаған шақырым жердегі айдын бетінен Aіr France авиа¬компаниясына тиесілі ұшақтың сынықтары табылғанын жария етті. Министр ұшақ сынықтары мұхит бетінде шамамен 5 шақырымға созы¬лып жатқанын айтты. Орын алған оқиғаға орай, Бразилияда үш күндік қаралы күн жарияланды.
2011 жылдың жылдың ақпан айында Вене¬суэлладан ұшып шыққан әуе лайнерінің де жолы болмады. Әуе кемесі таулы аймаққа келгенде, жартасқа со¬ғылып, оншақты эки¬паж мүшелері мен борттағы 45 жолаушы қаза тапты.
Бұл – әрине, төбеде, әуеде бол¬ған апат¬тар. Алайда қойнына құпиясын жасырып жатқан тылсым мұхит та жалпақ әлемге сы¬рын аша қойған жоқ. Жалпы, басқа айдын¬мен салыстырмалы түрде қарағанда, Атлант мұхитында апаттар жиі орын алады екен. «Мұның сыры неде» деген сұраққа маман¬дар әлі бас қатырып әлек. Соның ішінде ең алаңдатарлығы – Бермуд үштағаны. Соңғы бір ғасырдан бері жауабы табылмай келе жатқан бұл тосын құбылысқа әркім әртүрлі пікір айтса да, нақты көзқарас жоқ. Біреулер Бермуд жұмбағын оның астындағы орасан зор магнитті күштен іздесе, енді бірі мұхит қойнауында өзге затты жұтатын белгісіз бір күштің барынан іздейді. Енді ше, Бермуд үштағаны 100 жылға жуық уақыттың ішінде талайды жұтты. Қалай, қайтіп?.. Мұның бәрі осы күнге дейін жұмбақ. Десек те, осы аймақтан өтіп бара жатып, зым-зия болып кеткендер аз емес, адам емес-ау, алып кеме¬лер мен әуе лайнерлері жоғалып жатса не дерсің?!.. Әлемдік баспасөз осы аймақта 1945 жылдың 5 желтоқсанындағы болған ауыр оқиғаны әлі күнге дейін айтады. Нақ¬тылайтын болсақ, дәл осы күні ағылшынның 5 әскери ұшағын мұхит қойнауы жалмап қойды, сонымен қатар оларды іздеуші-құтқарушы ұшақ та жоқ болды. Ал 1945-1990 жылдар арасында Бермуд үштағанында 37 ұшақ, 1 аэростат пен үлкенді-кішілі 38 кеме тылсым дүниенің құрбаны болды. Тіпті 1 атом сүңгуір кемесі де аталған аймақта жоғалып кетті. Сондай-ақ оншақты қайық пен балық аулайтын катер табылса да, бір қызығы, олар толыққанды сақталған, бірақ өкініштісі, бірде-бір адам табылмаған күйі жоқ болып кеткен. Құпия әрекеттің алдында ұшқыштар да, кемедегілер де, тосын қауіптің төніп келе жатқаны жайлы дабыл қақпаған. Сонда бұл не тылсым күш? Тек бір-екі жағдайда ғана азаматтардың тосын әрекеттері естілген. Бермуд үштаға¬нына тап болған кемедегілердің ішінен бір үндіс қана өлім туралы ән айтқан, енді бір кемедегілер «біз түк түсінбей келе жатыр¬мыз, қай бағытта екеніміз белгісіз. Айна¬ламыз аппақ, ақ су» деген секілді хабар¬ламалар жіберген. Ал қалғандарының бәрінен жердегілер «жағдай бірқалыпты», «жуырда жетіп қаламыз» деген ақпараттар алған.
Айта берсек, апатқа қатысты әңгіме көп. «Құдай сақтанғанды сақтайды» дейміз-ау. Бірақ адамның аман-есен жүргеніне не жетсін?!
Ал Куала-Лумпурден Пекинге қарай ұшқан ұшаққа қатысты әлі нақты дерек жоқ. Кеше utro.ru ақпарат агенті итальяндық Луиджи Маралди мен Австрия азаматы –Кристиан Коцэлдің жоғалған төлқұжатымен екі ирандық азамат ұшаққа отырған, «әуе кемесінің іс-түзсіз кетуінде лаңкестік оқиға орын алуы мүмкін» деген ақпарат таратты.
Боинг-777 шығу тарихы құрылымы
Боинг-777 ұшағының бұлай ұзақ уақыт жоғалып кетуі тұңғыш рет байқалған құбылыс, 777 типіндегі ұшақтардың дүниеге келіп, 20 жылдан артық ұшу сапарындағы апатқа ұшырау саны тек бір ақ рет болып, әлемдегі ең қауыпсіз ұшақ деген атқа ие болған еді. Естеріңізде болса былтыр Кореялық әуе компаниясына тиесілі Боинг-777 ұшағы Сан-Францискода апатқа ұшыраған болатын, бұл осы пырақтың тұңғыш реткі сүрінуі еді, оның өзінде тексерудің қорытындысы апат себебін, ұшқыштың тәжірибесіздігінен деп шешім шығарған болатын, дәл осындай қауыпсіздік жағынан үздік ұшақ болғандықтан да, әуе компаниялары таласа сатып алатын. Ал осы жоғалып кеткен ұшақ қайда жасалған? қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? осы сұрақтар төңірегінде ізденіп көрсек.

Америкалық Боинг компаниясы 1990 жылдан бастап осы 777 типтегі ұшақты зерттеп жасауға кіріскен болып, қосы моторлы алыстан басқарылатын ұшаққа 350 ден астам адам сияды, көкке көтерілген кезіндегі салмағы 340 тонна болып, қазіргі кездегі әлемдегі ең ауыр ұшақ есептеледі. 777 нің басқа да түрлері бар, олардың салмағы мен жолаушы сиымдылығы да ұқсамайды, Боинг-777 ER300, Боинг-777ER200, Боинг-777LR200 бұл типтердің қанатың ұзындығы, салмағы, жолаушы сиымдылығы әр түрлі болып келеді, ішіндегі ең ауыры Боинг-777 ER300 болып салмағы 350 тоннадан асады, ал малайзияда апатқа ұшырағаны Боинг — 777-200 типіндегісі болып бұлардың салмағы 240 тан 290 тоннаға дейін барады.
Боинг-777LR200 маркалы ұшағының, бір реткі жерге қонбай ұшу қашықтығы 17000 км ден асатын болып, рекордтық көрсеткіш есептеледі, ұшу жылдамдығы 0,8 махқа тең (бұл ұшақ жылдамдығында қолданылатын термин, ұшақтың әр километр үшін жұмсайтын жағармайы ең төмен болған кездегі ұшатын жылдамдық) бұл да жолаушылар ұшағы үшін өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Осындай жоғары жылдамдықты қолға келтірген моторы да, көлемі жағынан жолаушылар ұшақтарының ішіндегі ең үлкені және ең асылы десек болады. Боиг-777LR200 дің ұшқыш бөлмесі де басқаларына қарағанда қарапайым жобаланған. Жоғары да айтып өткеніміздей Боинг-777 1990 жылдан бастап зерттеліп, 1994 жылы сынақ етіле бастаған, 1995 жылы ресми түрде қолданысқа енгізілген болатын, содан бергі 20 жылға жуық уақыттың ішінде, әуе тасымалы саласында бұл ұшақтың атағы кеңге жайылды, қауыпсіздік көрсеткіштері өте жоғары, 19 милион сағатта бір рет болып, өзінің туысқаны Боинг -747 нің 17 милион сағатта бір реттік көрсеткішінен асып кеткен еді, осындай көрсеткіштері болғандықтан да, әлемдегі танымал әуе компаниялары осы түрдегі ұшақтарды пайдаланады. Ұшақтың жалпы құрылымына қарайтын болсақ, ұшақ қауыпсіздігіндегі ең маңызды бөлігі саналатын қанатынің ұзындығы 60 м ден асады, ұшқыш бортында 6 үлкен экран орналасқан болып, бүкіл барыс компьютерде басқарылады, ұшақ ішіне 300 ден артық түрлі орындықтар орналастырылған, орындықтардың аралығы мен кеңдіктері де адамға ең жәйлы өлшеммен жасалған, жүк алғышында 32 дана жүк сандығы бар болып, жалпы көлемі 160 метр кубты құрайды. Ұшақ алдыңғы, орта және артқы 3 бөліктен тұрады, қанат бөлігіне алтын — алюмин қорытпасы істетіледі, оның қаттылық дәрежесі өте жоғары болып оңай опырылып кетпейді, ұшаққа негізінен тазалық дәрежесі өте жоғары металдар істетілген, бұдан сырт жасанды серік арқылы сымсыз байланыстарды қабылдай алады.Ұшаққа қатысты әр түрлі мәліметтер бар.Оңтүстік Қытай теңізі аумағында жоғалған ұшақта болған жолаушылардың бірінде ұялы телефоны қосулы тұр. Бұл туралы оның туысқандары мәлімдеді. Жақындары оған бірнеше мәрте қоңырау шалып, алайда ешкім жауап бермегенін айтқан. Енді олар ұшаққа иелік ететін әуе компаниясынан телефонның қуаты бітпей тұрғанда спутниктік технология арқылы оны дереу табуды сұрап отыр. Іздестіру амалдары әлі жалғасып жатыр. Ал АҚШ «ұшақ қалдықтары табылды» деген кешегі ақпаратты жоққа шығарды. Құқық қорғау органдары таратқан мәліметке қарағанда, MH370 рейсінің капитаны Захари Ахмад Шах ұшудан екі минут бұрын ғана белгісіз біреумен телефон арқылы хабарласқан. Белгілі болғандай, іздестіріліп жатқан әлгі әйел капитанмен сөйлесерде Куала-Лумпурдегі дүкендердің бірінен жалған құжаттар арқылы сатылып алынған SIM-картаны пайдаланған екен.Атап өтерлігі, Малайзияда SIM-картаны жеке куәлік немесе төлқұжатсыз сатып алуға рұқсат етілмейді. Бұл талапты Малайзия билігі 2001 жылы Нью-Йоркте орын алған лаңкестік әрекеттен кейін енгізген болатын.Айта кетейік, бүгінге дейін ұшақ капитанына ұшпай тұрып хабарласқан адамдардың барлығынан сұрау алынып үлгерілген. Белгілі болғандай, жоғалған ұшақ капитаны әйелінен де сұрау алынатын болып шешілген. Тергеушілер, екі апта ішінде әліптің артын бағып, кейбір мәліметті кейінірек хабарлауға уағдаласқан.Алайда АҚШ федералды тергеу бюросы (ФТБ) агенттерін малайлық әріптестерінің жайбасарлығы қанағаттандырмаса керек. Олар Шахтың әйелін сұрақтың астына алып, капитанның психологиялық жағынан денінің саулығы туралы ақпаратты тезірек алуды талап етуде. БАҚ мәліметінше ерлі-зайыптылар сәл бұрынырақта ажырасқанымен, соңғы уақыттарда бірге тұрып жатқаны және олардың үш баласы бар екені белгілі болған. Қалай болмасын әзірге жоғалған ұшақ құпиясы шешілерде табыларда емес.
Әрі қарай

Барселона Реалдан басым болды

Блог - Erkosh1995: Барселона Реалдан басым болды
Қызықты ойында Барселона 4-3 есебімен реалды саң соқтырып кетті.
«Реал» – «Барселона» – 3:4 (2:2)

Гол: Иньеста, 7 (0:1). Бензема, 20 (1:1). Бензема, 24 (2:1). Месси, 42 (2:2). Криштиану Роналду, 55 — пенальти (3:2). Месси, 65 — пенальти (3:3). Месси, 84 — пенальти (3:4).

«Реал»: Диего Лопес, Карвахаль, Пепе, Серхио Рамос, Марселу, Хаби Алонсо, Модрич (Мората, 90), Ди Мария (Иско, 85), Бэйл, Криштиану Роналду, Бензема (Варан, 66).

«Барселона»: Виктор Вальдес, Дани Алвес, Пике, Маскерано, Хорди Альба, Серхио Бускетс, Хави, Иньеста, Неймар (Педро, 69), Фабрегас (Санчес, 80), Месси.

Ескертулер: Ди Мария, 35. Пепе, 43. Фабрегас, 43. Серхио Бускетс, 66. Криштиану Роналду, 85. Хаби Алонсо, 85. Модрич, 88.

Алаңнан қуылды: Серхио Рамос, 63

Төреші: Ундиано Мальенко.
Әрі қарай

Хаби Алонсо: "Бензема, Бэйл және Роналду - тамаша ойыншылар"

Блог - Erkosh1995: Хаби Алонсо: Бензема, Бэйл және Роналду - тамаша ойыншылар
Хавбек «Реал» ресми сайтына сұхбат берді…

«Барселона» сапында жоғары дәрежедегі футбол көрсететін футболшылар өнер көрсетеді. Олар алаңда бір-бірін жақсы түсінеді. Егер Класикода жеңіске жетсек, өзімізге кішкентай сый жасаймыз".

«ВВС? Бәріде түсінікті. Бензема, Бэйл және Роналду — тамаша ойыншылар, одан бөлек олар өздерін өте жақсы түсінеді. Бұл маусымда осы үштік, көп голдарды соғып үлгерді, олар команда үшін барынша көмектесуде».

«Эль-Класико — ерекше ойын. Бұл ойын екі команда үшінде маңызды. Ойыншылар 100% күштерін салатын болады. Қандай есеп орын алады? Бұл ойынды болжау қиын, ойын кез келген уақытта, бір сәтте ақ, өзгеріп кетуі мүмкін».
Әрі қарай

29 наурызда шаршы алаңға шығатын боксшылар анықталды

Блог - Erkosh1995: 29 наурызда шаршы алаңға шығатын боксшылар анықталды
Астана Арландарының сайтымен әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, немістерге қарсы шығатын боксшылар анықтлыпты.Олар:
Мардан Берікбаев- <Овидиу Берцяну
Блог - Erkosh1995: 29 наурызда шаршы алаңға шығатын боксшылар анықталды
56кг: Мейріболат Тойытов-Майкл Конлан
Блог - Erkosh1995: 29 наурызда шаршы алаңға шығатын боксшылар анықталды
64кг: Асхат Уәлиханов -Артем Харутюнян
Блог - Erkosh1995: 29 наурызда шаршы алаңға шығатын боксшылар анықталды
75кг: Сергей Деревянченко-Сергей Денис Роберт Радован
Блог - Erkosh1995: 29 наурызда шаршы алаңға шығатын боксшылар анықталды
91кг: Василий Левит-Артур Манн
Блог - Erkosh1995: 29 наурызда шаршы алаңға шығатын боксшылар анықталды

Дайындаған: Орынғали Ерасыл
Әрі қарай

Қашан барады екенбіз!

Я, көптен бері арманымның бірі блогқұрылтайға бару еді! Өзім блоғ жазбағанмен барғым келеді.Блогшылармен кездесіп, дос болып дегендей. Я бұл көбісінің арманы шығар! Мүмкін менде блог жазып үйренермін. Еліміздің блогін асқақтатып дегендей.
Әрі қарай

Ит аман алып қалған сәби

Бұл ит интернет жұлдызына айналып батыр атағын алды.
Аргентиналық 14 жастағы қыз жаңа туылған өз баласын қоқысқа лақтырып кеткен, Бұл ит шақалақты алып өз күшіктерінің қасына қойған, ең таңқаларлығы бала жылаған сәтте үстіне жамылғы жапқан көрінеді, Сырттай бақылап тұрған иттің иесі шақалақта аздаған жарақат болғанымен еш тістің орыны жоқ екенін айтты.Тірі қалған бұл шақалақты жергілікті ақпарат құралдары «Керемет жан иесі» деп атап кетті. Ақпарат: Моңғолия ақпарат құралына сілтеме жасап аударылды
P.S Адам емес жануар адалғой шіркін!Блог - YervolNarka: Ит аман алып қалған сәби
Әрі қарай

Фейсбук туралы ойым

Кейде жайбарақат отырып алаңсыз ақпарат жариялап лайк басып коммент жазып тіпті кейбір адамдар ұйқысыз өткізетін осы Фейсбукті Марк Цукерберг ах сабақта отырсада, тамақтанып отсада есілдері осы Фейске ауып неше күн неше түн ұйықтамай өзгеден қарыз алып ақыры жасаған екен, тіпті соттасып менің сайтымның көшірмесі дегендерде болыпты, Жастарды қызықтыратын бірдеме ойлап табу үшін #басы бос #Махаббат құрған, #некеде деген жеке басқа қатысты қосымшаларды ойлап тапқан, Осының арқасында Сүйген адамдарымызбен ренжісіп қалсақ #Relationship тің үзу термесін басамыз-кейін қайта қосамыз-тіпті үзейік деп айтпайақ осы жүйемен білдіріпте жатады,,#Лайк дегенді айтпаяқ қойсада болады ол дегенің алтынғой шіркін! Ее Цукерберг братанай миллиондар дәл қәзір сенің ұйқысыз жасаған осы сайтыңа қосылып ұйқысыз күндеріңнің елесін өздерінің өмірлерінде жалғастырып жатыр… Тиімді пайдаланған адамға жамаг емес Өмірің үстем болсын! (Әәәумин деп дауыcтап айтамыз қалжың) іштей айтыңыздар )))) via: Narkhulan Narka
Әрі қарай

Құпия әлем

Жер бетінде құпиясы ашылмаған тылсым аймақтың бірі — «Бермуд үштағаны». «Шайтан үштағаны» аталған бұл аймақ талай ұшақтар мен кемелерді жұтып жіберді, сонымен бірге мыңдаған адамдардың ажал құшуына себепкер болды. Адамның таңданысымен қоса, үрейін тудыратын мұндай аймақ тек Атлант мұхитында ғана емес, әлемнің басқа да аймақтарында көптеп кездеседі екен. Ендеше, осындай қауіпті әрі құпиялы аймақтардың «қара тізімін» назарларыңызға ұсына отырайық.Судан келетін қауіп«Шайтан көл», «Сайтан көпір» деп тізбектеле беретін жер-су аттарын естіген боларсыз. Бұл аймақтар өзінің қауіптілігімен, құпиялылығымен осындай атқа ие болған. Әлемнің бірнеше жерінде дәл осылайша жын-шайтандардың мекеніне айналған көлдер бар екен. Мұндай көлдің бірі — Африка жерінде орналасқан Ниос көлі. Камерунның солтүстік-батысында орналасқан көл өзінің әдемілігімен көз тартады. Иә, сұлу қыздың көзіндей мөлдіреген бұл айдын, бір-ақ түнде бір ауылды жер бетінен жоқ қылды. 1986 жылдың 21-тамызында Субума ауылының тұрғындары, мал-жаны, тіпті, ұсақ жәндіктеріне дейін қырылды. Бұл түнде ғайыптан тайып, бір адам ғана тірі қалған. Мұхаммед Мұса Аб­дуллах сол күні үйінде қонбай, түнін биік дөңнің үстінде орналасқан мектепте өткізген екен. Осылайша, оған ажалдың құрығы жете алмай, аман қалған көрінеді. Бұл түні ауылдың 1700 тұрғыны ұйқыда жатып, жан тапсырған. Дәл сол кездері ғалымдар бұл жайттың себебін түсіндіре алмаған болатын. Мәселенің мән-жайын кейін ұқты. Бұл ауылға бар бәле Ниос көлінен келген болып шықты. Ниос кезінде белсенділігін жойған жанартаудың орнында қалыптасқан екен. Бүкіл ауылды бір түнде тынысынан айырған осы көлдің түбіне жинақталған улы көмірқышқыл газ болып шықты. Күн артқан сайын терең судың астында тонналап жиналатын бұл у уақыты келгенде алапат күшпен суды жарып, ауаға шығады. 1986 жылы да дәл солай болған. Сол кездегі жарылыстан ауаға көтерілген газды судың биіктігі 80 метрге дейін көтерілген. Ал улы газдың таралу жылдамдығы сағатына 70 шақырымға дейін жеткен.Дәл Ниос секілді қауіпті көлдің бірі — сол маңнан 95 шақырым қашықтықта орналасқан Моноун айдыны. Бұл тұнықтың түбінде де адамды ажал құштыратын «мөлдір» газ жинақталуда.Кордильер сілемдерінде орналасқан Гаипо көлінің маңында да түрлі тылсым оқиғалар белең алуда. Бұл көлдің үс­тінде күндіз де, түнде де, яғни уақыт талғамай, қызыл түсті, көк түсті түрлі дөңгеленген сәулелер пайда болады екен. Сол жерді мекендейтін кечуа тайпасының адамдары біресе аспанға көтеріліп жоқ болып кететін, біресе керісінше құлдилап отырып көлдің түбіне түсіп кететін бұл сәулелерді жынның әрекеті деп түсіндіреді. Ал өзгелер болса, бұл тылсым құбылысқа жат планеталықтардың қатысы бар деп сендіреді.Солтүстік Каролина штатында Джон Д.Лонг көлі орналасқан. Бұл көлдің түбінен талай автокөліктің қаңқасы шыққан. Көліктерді өзіне магниттей тартатын бұл айлақ талай жүргізушіні ажал құштырды. Сол үшін де тұрғындар дуаланған Джон Д.Лонг айдынының маңына көп жуықтай бермейді.Тылсымның сырын ұғып көрЖұмбаққа толы мекен Қытайдың оңтүстігінде де бар екен. «Қара бам­бук» аталған алқапта құпиясы әлі күнге ашыла қоймаған құбылыстар болып тұрады. Бұл аймақ тура «Бермуд үштағанының» жердегі серігі іспетті. Мұнда да адамдар дәл мұхиттағыдай із-түзсіз жоғалып кетеді. «Қара бамбук» жылына бірнеше адамнан жұтып отырады. Тіпті, 1966 жылы бір топ зерттеушілер ізім-ғайым жоғалып кеткен. Дәл зерттеушілер секілді он жылдан соң, із-түзсіз орманшылар да жоғалған екен. Бірақ орманшылардың маңдайының бес елі бағы бар екен. Біраз уақыт өткен соң, үйлеріне оралған орманшылар өздерінің көзге түртсе көргісіз қалың тұманға тап болғанын, үнемі үрейді алатын дауыстарды ес­тігенін айтқан. Бұл жайт өз кезегінде биліктегілерді де бейжай қалдырмаған. Олар ғалымдардан тұратын арнайы экспедиция жасақтап, алқапты түбе­гейлі зерттеуді тапсырған. Алайда ға­лымдар зерттеу барысында ешқандай адамның денесін таба алмаған. Олар бұл алқапта жердің жарылғанын анық­таған. Содан бұл жерде орын алып жүрген тылсым оқиғаларға себепші болған осы жайт деп шешкен. Олардың пайымдауынша, жер астында түрлі өсімдіктердің тамырлары шіріп, сол осы жарық арқылы улы газ болып шығады. Нәтижесінде, бұл жазық тірі жан кесіп өте алмайтын ажал алқабына айналған. Десек те, бұл алқаптан жоғалған адамдардың қаңқасының табылмауы, таңқалдырмай қоймайды. Бұған, тіпті, зерттеушілердің өздері дұрыс жауап таба алмаған.Дәл осындай жырасы бар аймақ Невада штатында да кездеседі екен. Бұл жерді сол маңайдың адамдары «Шайтан шұңқыры» атап кеткен. Бұл жерде адамның бойын үрей билей­-ді. Сондықтан да жергілікті тұрғын­-дар бұл орды әзәзілдің мекені деп есептейді. Бірақ ғылымда бәріне де ғылыми тұрғыда дәлел келтіріледі. Ғалымдар бұл шұң­қыр плиталардың тектоникалық қозға­лысының нәтижесінде пайда болған деп топшылайды. Олар, тіпті, бұл те­рең ордың түбінен сирек кездесетін балықтар тіршілік ететін көлді де тап­қан. Бірақ әлі күнге дейін бұл шұңқырдың тереңдігі анықталған жоқ және толық зерттеу жұмыстары да жүргізілген емес.Камчатка мен Севостополь маңында да «Ажал алқабы» аталып кеткен жер­лер бар. Екі аймақтан да үнемі жануарлардың өлі денесі табылады. Сондықтан да онда адамдардың ба­руына тыйым салынған. Тіпті, Сево­стополь маңындағы жазықтан 1856 жылы бірталай адамның өлі денесі табылған. Ғалымдар бұл жерлерден де улы газдың шығатынын анықтапты.«Ажал алқабы» деп аталатын Аме­риканың шөлейтті жазығы да адамды тылсым құбылыстарымен таңғалдырады. Бұл аймақ жердің ең ыстық нүктесі саналады. Жаз айларында бұл жерде температураның көрсеткіші +57 градусқа дейін көте­ріледі. Бұл шөлейтті кесіп өте алмай, талай жолаушылар мерт болған. Сол үшін де жазыққа осындай есім берілген. «Ажал алқабы» атанса да, бұл жерде өздігінен қозғалатын «тірі» тастар бар. Бұл аймақтың алып тастары шөлді даланы ары да, бері де кезуде. Тастардың қозғалуын ар­тынан қалдырған ұзын сонар ізінен-ақ аңғаруға болады. Ғалымдар бұл құ­былыстың да шешімін тапқан емес.Ал Үндістан жерінде Джатинга алқабы бар. Бұл алқап неге екені белгісіз, көгінде ұшқан құс атаулыны қанатынан айырып, жерге құлата береді. Бұл жерден адам баласы еш­қандай өзгешелікті байқай алмайды. Кәдімгі алып таулары мен орман көлдері бар әсем дала. Бірақ сол далада адам түсініп болмайтын осындай біртүрлі оқиға қайталанып отырады. Бұл құпиялы аймақты Джи атты шай өсіруші тапқан. Өлкеде болатын тыл­сым оқиғаны да алғаш болып кітапқа түсірген де — сол.Джатинга аймағында бірнеше ауыл қоныстанған. Қоңсы қонған көршілес ауылдың тұрғындары жыл сайын дәстүрлі мерекесін тойлайды. Тамыз айының соңғы күндерінде бұл аймақтың тұрғындары түгелдей бас қосып, үлкен алаңда от жағады. Міне, дәл осы күні, басты алаңда алау тұтанған күні құстар қызық қылық таныта бастайды. Түннің дәл ортасында қайдан пайда болғаны белгісіз, құстар ұшып келіп, алаңда біраз айналып жүреді де, жерге топырлап құлай бастайды. Құстардың құлауы тек осы күні ғана емес, бұдан кейін де бірнеше күнге жалғасады. Ғалымдар бұл құбылыстың сырын әлі ашқан жоқ. Бірақ мамандар бұған геофизикалық факторлар әсер етуі мүмкін деп топшылайды…
Әрі қарай

Құттықтау

Наурыз Мерекесімен АҚШ Президенті Барак Обама құттықтап жатыр, Ол айтады Мен жақсы сөздермен және тілектер тілемекшімін, Көктем мерекесін тойлаушылар және стол басына жақсы сөздер айту үшін жиналған жұрттарға Штаттағы жұртшылыққа тілек жолдаймын. Жаңа мүмкіндіктер (табыстарға жете беріңіздер) депті түсінік бойынша. Видеодазбасын Фейсбуктегі Дүниежүзі қазақтары атты жеке парақшамнан көре аласыздар.
Әрі қарай

Кешірім сұрау.....

Бүгін алғашқы рет өз ойыммен бөліскім келіп отыр. Осыдан 4 жыл бұрын басталған достығыма бүгін нүкте қойылды… Қызық бір түрлі қимастық сезім бойымды билеп отыр. Болмашы нарседен (менің ойымша) бастау алып, арты қызық құбылысқа айналды. Сол досым арқылы «керек инфо» жайлы біліп едім. Бүгін осы блог арқылы сол адамға шын өкінішімді жеткізгім келеді. Адам басына түрлі-түрлі ойлар келеді, бірақ сен жайлы ойым таза болатын. Артық айтып сені ренжіткім де келмеген.   Айтқым келгені наурыз өкпе-ренішті ұмытатын кез, сондықтан татулассақ қайтеді???
Әрі қарай