Құдағи құшақтай береді

Қазақ той десе жақын туысқанын көргендей қуанатын жарқын халық. Тиындап тергенін долларлап тойға шашатын біздей халық, әлемде жоқ шығар, сірә. Бұлда бір қазақтың дүние қоңыз емес, қос алақанының ашық екенін білдірсе керек. Жалпы тойда басты жұлдыз екі жас болса, екінші сатыда құда мен құдағи тұратыны сөзсіз. Екі жақтың ата-аналары төс қағысып, құшақтасып жатса, бұдан артық бақыт жоқтай көрінетін. Ептеп қарасақ қыздың анасы, өз құдағиын көп құшақтай береді екен. Қазақтың қай тойына барсақта осы, жігіттің енесі құдағиының асты-үстіне түсіп, әр тілек, әр би, әр ән сайын құшақтай бергені. Бұндай жағыдайды келген қонақ көп байқай бермейді, байқасада бұның байыбына барып, терең үңіліп қараған емес. Сондағы құдағидың сонша құшақтауының себебі " ҚЫЗЫМДЫ БАРҒАН ЖЕРІНДЕ ОСЫНДАЙ ҚҰРМКЕТПЕН ҚАБЫЛДАСА ЕКЕН" дейді. Ал жігіттің анасы " ҚҰДАҒИ ҚҰШАҚТАЙ БЕРЕДІ" деген сөзінің төркіні осында жатса керек.
Әрі қарай

Өзіңді өзгертуге ең қолайлы жоба

Блог - kaztube: Өзіңді өзгертуге ең қолайлы жоба
Былтырғы жылдың аяғында «Добрые советы» әйелдер журналы «Начать заново за 30 дней!» атты жаңа жоба басталды. Ол жобаға өз өмірін өзгерткісі келген 28 бен 40 жас аралығындағы әйелдер қатысты. Жоба басталғаннан-ақ редакция ұжымы өмірін жақсы жаққа қарай өзгерткісі келетін, салауатты өмір салтын ұстанып, артық салмақтан арылғысы келетін, гардеробындағы киімдерді басқа стильге ауыстырғысы келетін, өмірінің жарқын болғанын қалайтын, жан-тәнімен қалайтын адамдар іздестіріліп келеді.
Жобаға қатысқан адамды әбден жан-жақты зерттеп барып, оған арналған бағдарлама жасалды. Ол бағдарламада косметолог, фитнес-жаттықтырушы, психологтың арнайы кеңестері, қажетті косметикалық өнімдер және фитнес залға жазылу мүмкіндігі берілді. Осы жоба үшін кейіпкерлерге арнайы дайындалған стилист, визажист, hair-стилисттермен бірге Алматы қаласында түрлі түсірілімдер жүреді.
Бұл керемет жобаны тек журналдан ғана оқып қоймай, видео түрінде де көруге болады. Жоба кейіпкерлерінің сәтті қадамды жасаудағы шешімдері мен ойларын, 30 күн ішінде жүргізген косметиканы дұрыс қолдана білу сабақтары мен жаттығу залдарында берілген кеңестерді Kaztube.kz сайтыныңресми парақшасынан көре аласыздар. Бұл парақшада өз еркімен, өз жігер-күшімен, өз сенімімен өмірін позитивті жаққа қарай өзгерткен Ардақ Сарбасова менИрина Соколовскаяның кейіпкерлігімен түсірілген видеоларды көре аласыздар.
Блог - kaztube: Өзіңді өзгертуге ең қолайлы жоба
«Начать заново за 30 дней!» жобасына қатысқысы келген жандар dobrie_sovety@burda-press.kz поштасына хат жазу арқылы өтініш білдіре алады. Хатта өз өмірі туралы, өмірі мен образын не себепті өзгеткісі келетіні туралы жазылу керек. Жақыннан және ұзына бойы түсірілген фотосын салуды да ұмытпаған жөн. Әрине, бұл жоба туралы барлық ақпараттарды мұқият қадағалап, іріктеу қорытындысын күту керек, ол қорытынды Добрые советы журналының Instagram (@dobriye_sovety_kz) аккаунтында және Однокласникидағы қауымдастықта жарияланады.
Жоба кейіпкерлеріне көрсетілген барлық қызметтер тегін. Жол ақысы мен жатын орын ақысы қатысушының өз қалтасынан төленеді.
Қатысып көріңіздер! Өзгеріңіздер!
Әрі қарай

Ауадан қалай ақша істеуге болады немесе алыпсатарлар

Блогқұрылтайдың екінші күні яғни 24 наурызда Шымкент қаласында той бар еді. Сол себептен кешкі астан соң Астанаға жол жүріп кеттім. Астанадан Шымқалаға аман-есен жеткен соң, билетті тексеріп бар екеніне көз жеткіздім. Тойды шулатып, құттықтап Астанаға оралуға бет алғанда билет тапшы болды. Поезға билет 31 наурызға дейін қалмапты.

Үмітім үзіліп, автобуспен қайтсам қайтам деп, белімді бекем буып вокзалға келсем алыпсатарлар алдымнан шықты.

-Бүгінге, ертеңге, арғы күнге поезға купе, плацкард, вип дейсіз бе бәрі бар дейді. Қолында 7-8 билет бар екен. Қысқасы қазір бастапқы ақшасын тастасам, кешкісін қолыма ” өз есімім” бар билет ұсынатын болды. Нөмірімді, ИИН -ді жазып алып хабарласам деді. Амалсыздан билетті суммасынан екі есеге артық алуға тура келді. Жалпы айтқанда, ауадан ақша істеу дегеніміз осы…
Блог - belgisizjan: Ауадан қалай ақша істеуге болады немесе алыпсатарлар

P.S Кейін интернетті ақтарып отырсам, мына ақпаратқа көзім шалынып қалды. Енді есте жүреді екен…

e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/content/temirzhol-biletterinin-alypsatarlary-endi-tabyssyz-kalmak-3

“Жолаушылар тасымалы” АҚ теміржол билеттерін қайта сатудың белең алуымен күрес жұмыстарын бір жүйеге келтірмек. “Қазақстан теміржолы” баспасөз қызметінің мәліметінше, теміржол билеттерінің алыпсатарларына 1000 АЕК (1 618 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Әрі қарай

Біздің сайтты қарай жүріңіз!

Құрметті сайт қолданушылары!
Сіздерге жақсы жаңалығымызды тезірек жеткізгіміз келеді. Kaztube.kz сайтын жандандыру, сапалы контент санын арттыру мақсатында қолымыздан келген шараның бәріне кірісіп жатырмыз. Алда іске асуы тиіс бірнеше жобалар мен идеялар бар. Әзірге жаңалық боп тұрғаны — Қазнеттегі белсенді блогер Эльвира Ерғалина біздің сайтымызда тұрақты түрде өз видеоблогын жүргізетін болды.
Осы уақытқа дейін Эльвира бірнеше видеоларды түсіріп көрді, енді толыққанды, тұрақты түрде видеоблогын жүргізетін болады. Еркін тақырып болғандықтан Эльвира ханымнан қызықты видеолар күтіңіздер.

Ал, енді Эльвира дайындаған видеоларға көз жүгіртсек…

Ең алғашқы видеосы — Роза Әлқожаның концертінен жасалған репортаж.

Одан кейін Заттыбек Көпбосынұлының концертінде сахна сыртынан видео түсіріп келді.

Үшінші видео Ханшатырға саяхат болды.

Жайдарманның туған күнінен де видео түсірілді.

Домбыра Party ұйымдастырушыларынан да, көрермендерінен де сұхбат алған болатын Эльвира.

Еліміздің танымал жұлдыздарынан да сұхбат алды.

Тіпті, көгілдірлер клубына барып, ондағы жайттарды жасырын видеоға түсіріп келді.

Әлі талай қызықты видеолар түсірілітеніне сенеміз. Сондықтан үнемі біздің сайтты қарай жүріңіздер!
Әрі қарай

"Декретный" демалыстың соңында жүрген еркек

Кеше бір қызық жағдай болды. Әйелімнің айы-күні жақындап қалған. Қарны мұрнында жүр.«Декретный» демалысын берілетін жәрдемақыны алайық деген ниетпен ХҚК орталығына бардық. Ол жерде бару себебіміз де «прописка» отыру еді. Содан не керек, Алматы қаласы, оның келгеніне бір жыл, менікі енді тұрақты болып қалған ғой. ХҚК қыз-қыз қайнап жатыр. Іштерінде қазақ көп, шынымен, қарап «қуанады» екенсің. Тура бір жұмыртқа өндіретін фабрика іспетті. Тық-тық, әркім өз жұмысын күшті істейді, система отырған. Соңғы үлгіде техникалар қызметке қосылған, мамандар біраз адамға жеңіл әрі сапалы қызмет көрсетіп жатыр.«Грамм» сөз жоқ!
Блог - durys: Декретный демалыстың соңында жүрген еркек
Иә, Алматыда «пропискаға» отыру қиын. Танысын болғаны өз алдына, егер танысын болған күннің өзінде жаңадан тіркелетін адамға үйіңнен 15 кв метр орын болмаса отырғызбайды екен. Талап күшті. Біз де сол алыс бір құдашамызды тауып алдық. Бірде банкоматқа ақша алуға келген күйеуі, кішкене қызы, әдемі бір келіншек келді. Әлгі келіншек ақшаны банкоматтан шешіп ала салысымен 6-7 жастағы қыз қолындағы бар ақшаны жұлып алды. Әлгі келіншек те ешнәрсе демеді. Көзіне қара көзілдірігін киіп жатқанда мен өз-өзімді ұстай алмай «Роза апай?» деп айқайлап жібердім. Ол көзілдірігін шеше, «Иә… Бірақ мен Роза емеспін» деді. Сасқанымнан «Жо-жоқ, мен сізді танып тұрмын» дедім. Каризманы айтсаңызшы, әлгі көзілдірікті шешіп жатқандағы қимылы, күлімсірегені тураБаян Есентаева елестеп кетті көз алдыма.
Блог - durys: Декретный демалыстың соңында жүрген еркек
«Мен Гулямын» деді. «Иә, иә, мен сізді танып тұрмын, сіз менің әпкемнің қайны сіңілісі емессіз бе?» деп, бірдентегін сұрадым. Ол да «Иә, сен кімсің?» деп жаныма келді. Қысқасы, біз бір-бірімізді таныдық. Сенсеңіздер, мен 4 сынып оқып жүргенде көргенмін. Ол әдемі бір қыз еді.Оның сұлулығын суреттеп бере алмаймын. Мінезі қандай еді, әдемі бір мінез. Сөйлеу, өзін өзі ұстау манерасы, ах, шіркін, кербездігі, сөзім жоқ. Біздің ауылға келгенде жігіттердің барлығы карталарды бірінен соң бірін құлатқан секілді құлайтын, ауыздарынан сілекейлері ағып қалатын. Алайда, ол ешкімді менсінбейтін. Қыз Жібектерге, өзінің артынан іздеп келуі үшін Қозының намысын оятын кеткен Баяндарға тән бір қазақы мінезі бар еді. Тіпті сол күннің өзінде оған деген бір сезім пайда болған еді...(Осы жазда ауылға барғанда 6 жастағы ағамның баласы «Үйленгім кеп жүр, күзде үйленемін» дейді. Бәріміз бір жарылып күлгенбіз. Сол кезде осы жастағы балаға бұлай айтуға не итермеледі екен деп ойлаған едім, эх, қазір түсініп отырмын) Ал бүгінде сол сұлулықтан тек көз ғана қалған. Менің оның әдемі көзінен ғана таныдым. Өкінішке орай, сол мойылдай көзі ғана қалыпты.
Блог - durys: Декретный демалыстың соңында жүрген еркек

Жасы 39 шамасында.«Қайран жеңгем» деген әннің орнына мен «Қайран құдашам» деп айтуды жөн санадым бұдан кейін. Яғни, Баянның артықшылығы осы жерде байқалады. Оның көзі анасының көзі еді. Он баланың ішіндегі ең кеңжесі, ең сұлуы да осы болатын.Мұндай сұлулықты жаратқан Алланың жамалы қандай екен деген ой мені мазалайды әбден. Жалпы сұлу адамдарды көрген кезде, мінезі көркем адамдарды көрген кезде мені жиі мазалайтын сұрақ осы.Міне, осы құдашам маған қол ұшын беріп, «менің туған келінім» деп әйелімді «пропискаға» отырғызып жүрген еді.
Блог - durys: Декретный демалыстың соңында жүрген еркек
Шағын жарнама. «Абайлаңыз, бұқа іздеп жүрген сиыр!»: «Универде оқып жүргенде жоғарғы курстың балалары секіре беретін. Мақсаттары ақша жасау. Жанымда Қызылорданың баласы оқитын. Масқара сөзге шебер еді. Жоғары курстың баласы келіп, бір нәрсе деді, ол да қиқалаңдап дұрыс жауап бермеді. Әлгі «Не бұқасың ба?» деп еді, курстасым «Не, сен бұқа іздеп жүрген сиырсың ба?» деп айтпасы бар ма. Анау қып-қызыл болып, тұрған жерінде өшті де қалды… Сосын ұялып, қызарып бір сағат үлкендерді сыйлап жүру туралы «уағыз» жасады. Біз тырқылдаумен болдық. Өмірімнің ең бір қиын кезі еді… »

Содан құдашамның үйінде төрт адам болғандықтан, бесіншісі болмайтын болды. Себебі 2 кв метр жетпейді. Күйдіргі, 13 кв метр бар, 2 кв метр жоқ. Дереу екінші үйінің құжаттарын алып шықты.Ол пәтерде де адам толып тұр. Не істейміз? Алдыда әлгі ақшаны әлден ұстай білетін қызын шығарды да, әйелімді отырғызуды жөн санады. Жомарттық! Басы жақсы басталды, фабрикадағы қорапқа жақындап қалған жұмыртқа құсап келе жатыр едік. Аяқ асты бәле шықты. Ойбай атын атама, әкімшілік жаза! Әйелім маған тұрмысқа шыққан кезде, «кеткен соң бірақ кету керек» деп, бірден «пропискадан» шыққан ғой, содан бері 2 жылдай уақыт өткен. Жақсы жағынан қарадым. Махаббатты, шынайы берілгендікті айтсаңызшы. Адам деген кішкене былай тексеріп, кейінге қоя тұр. Жоқ, бұл деген мені сонша құлай сүйгендіктен барлық нәрсесін тәуекелге салған ғой. Бұдай кейін қалай сүймейін, әрине, ол үшін жанымды беруге де дайынмын. Айы-күні жақындап қалған соң, сен отыра тұр деп, мен зыр жүгіремін. Мамандар «Сіз кімсіз?» дейді, мен «Мен оның PR мененджерімін» деймін. Кейбіреулері сеніп те қалды. Әрине, мен үшін менің әйелім – менің жұлдызым. Аспандағы жұлдызым, өмірімнің жұлдызы, көңілімнің жұлдызы, жүрегімнің дүрсілі.

Блог - durys: Декретный демалыстың соңында жүрген еркек
Содан әкімшілік жаза 9260 теңге, тағы қосымша 450 теңге комиссиясы бар. Қаным қайнап, ковра секілді атылайын деп тұрмын. Жаңа ғана «прописка» үшін 275 теңге төлегенде 100 теңге комиссия қосып төлеп едім, 350 теңге қайдан шықты дедім. Евразийский банкке жынданып алдым. Пропискаға отырғаннан кейін жеке куәлікті де ауыстыру қажет екен. Жылдамдатып істесін, 7 күндігі 2100 теңге екен деп төлейін десем, «алдымен 470 теңге төлейсіз, егер жылдамдатуды қаласаңыз үстінен 2100 төлейсіз» дейді. «Жұт» дедім. Халықтан қалай ақша жасауды тапқан екен дедім. Фабрика шығынсыз жүрмейді дедім. Қазір алғашқы баламен осылай жүгіріп жүрміз, не үй жоқ, үй салып беретін демеушіміз де жоқ, қалада «пропискаң» жоқ болса, алдынан күліп шығатын «қайран құдашаң» жоқ болса, тағы не істейсің? Бүйткен қазақтың күні құрсын дедім. Бағанадан менің көзімен әдемі көрінген ХҚК орталығынан енді жери бастадым. Көшірме жасату 15 теңге болып кетіпті, жай қаламдарын 60 теңге. Сонымен бар ақшаны тауыстық. Ақыры келгенде, ертең әкімшілік жазанын алдын алу үшін өзімнің «пропискамды» тексердім. Құдайға шүкір, бар екен. Дереу кеткен шығындарды ұмыта бастағандай болдым. Енді қайтып келмейін деп зейнетақы қорымдағы салымдарды тексердім. 1,5 жылға біршама мыңдай жиналыпты. Әйтеуір фабрикадағы өзге жұмыртқаларға соғыспай шықтық. Соғыссаң не болады? Сен де шағыласың, ол да шағылады.
Блог - durys: Декретный демалыстың соңында жүрген еркек
.. Бірақ, бірақ, бір жаңалық бар. Бұрындары «Ұлар Үміттің» салымшысы едім, қазір, наурыз айынан бастап АА «Бірыңғай ұлттық қорға» құйылып жатыр екен. Бұл жаңа зейнетақы қоры. Демек, Елбасының берген тапсырмасы, «Патамушта» бастаған жобалар іске асырылып келе жатқанға ұқсайды.Өткендегі Елбасының «Бір айдың ішінде бітіріңдер!» деген қаһары күйдіріп жіберген болу керек айналасын. Сіздерге де ұсыныс! Зейнетақы салымдарыңызды тексеріп, қадағалап қойыңыздар. «Пропискаларыңызды» алдын ала тексеріп, әрқашан әкімшілік жазадан аман болыңыздар. Бар айтпағым да осы.
Әрі қарай

Бейсенбілік спагетти

Менің бұл күнде сезінетін бақытым тек қана тамақ сияқты. Ауыр күннен кейін бар өшімді тамақтан алам. Кеесссіпп, шыжғырыппп, қуырыппп… Етті өткір пышақпен сондай бір ләззатпен, ынтамен жаншшшып кесіп… Пиязды да, картоп, маркопты да… Турағанда пышақтың іздері доскада қалып қоятындай етіп… Бастысы — тырнақты байқау керек.Майды иісін бұрқыратып, қыздырып… Алдымен етті, сосын бірте-бірте қалғандары… Шыжжж-быжжж етіп қуырылғанда бір құрыс-тырысым жазылып қалады. Спагеттиді қайнатып, сүзіп алып, тарелкаға салып, қазандағы салмамен бірге… Ммм… Салқын коламен… Асықпаай, баппееен… Сүреңсіз болып тұрған өмір көз алдыңда қайта жайнап шыға келеді. )))
Әрі қарай

Сумо күресі және Моңғол палуандары

‪#‎Ұлы‬ Шыңғыс хан әскерлері Жапонияны өз кезінде жаулап ала алмаған, оған себеп Қытай, Кәріс шеберлерінің әдейілеп сапасыз кеме жасап беруі және теңіз дауылы болды, Алғаш кемеге ат артқандарда осы Моңғол жауынгерлер еді. Жапония теңіз жағалауларынан қәзіргі таңда Моңғол әскерлерінің атпен қоса сүйектері, қару жарақтары табылуда. Араға ғасырлар салып Моңғол балуандары Жапондардың ұлттық күресін жеңімпаз ретінде иемденіп келеді. 1700 жыл тарихы бар Сума күресі-Жапон ұлтының ұлттық күресі болып саналады. Батпақпен нығыздала жасалған күрес алаңын дохёо деп атайды. Сумо күресі тарихында 70 жеңімпаз анықталыпты оның үшеуі Моңғолдар.
1.‪#‎Д‬.Дагвадорж (АСАШЁРЮ АКИНОРИ)-09.27.1980 жылы Моңғолия Мемлекеті Улаанбатыр қаласында дүниеге келген оның дене бітімі биіктігі-185, салмағы 148 келі. 22 жасында
ёкозуна шенін маңдай терімен жеңіп алды, 11 жыл күресіп 25 рет жеңіске жетті. Жапонияның 68-ші жеңімпазы.Қазаққа бүйрегі бұрып тұратын ол 2013 жылы Тараз қаласында жүрілген Қазақ күресіне арнайы келіп өз сыйлығын Танымал тұлғаларға сыйлап шапан жауып кеткен еді. 2014 жылғы Наурызда Твиттердегі өз парақшасымен қазақ қыздарына Қазақша құттықтау жолдаған мейірімді азамат.
2. ‪#‎М‬.Даваажаргал (ХАКУХО ШЁ) 11.03.1985 жылы Моңғолия Астанасы Улаанбатыр қаласында туылған. Дене бітімі- биіктігі: 192см
салмағы:155 келі. 22 жасында жеңімпаз атанған ол 22 жеңіспен Сумо тарихындағы 69-шы Жеңімпаз.
3. #Д.Бямбадорж (ХАРУМАФУЖИ КОХЭЙ) 14.04.1984 жылы Моңғолия Астанасы Улаанбатыр қаласында дүниеге келді.Биіктігі: 186, салмағы 133 келі. 28 жасында өз жерлесін жығып Сумо тарихындағы 70-ші жеңімпаз…
4.Мангалжалавын Ананд (Какүрюү Рикисабүро)… Улаанбатыр қаласында 10,08,1985 жылы дүниеге келді. Биіктігі 186 см, салмағы 146 келі, 2012 жылы оозэки шенін иеленген… Шыңғыс ұрпақтары бейбіт заманда бейбіт түрде Жапонияның ұлттық күресін осылай билеуде. Жариялаған: Narkhulan NarkaБлог - YervolNarka: Сумо күресі және Моңғол палуандары
Әрі қарай