Қазақстан Халықтарының достығы күні құтты болсын!

Блог - kaztube: Қазақстан Халықтарының достығы күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар! Құрметті Kaztube.kz сайтының қолданушылары!
Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Көпұлтты еліміздегі ауызбіршілік арта берсін, ешқашан дау, араздасушылық болмасын! Бірлігіміз арқылы елімізді көркейте берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жүрегі «елім» деп соғатын отандастарымыз көбейе берсін!

Мейрам қарсаңызда жақсы жаңалықтар көп болары сөзсіз. Осы мейрам қарсаңында жас отбасылар баспаналы болды
, оқу орындарында мереке тойланып жатыр. Әлі талай шаттықтар болады, тойланады.
Мерекеге орай берілетін демалыс күндері үйде уақытты бос өткізбеуіңізге бірнеше ұсынысымыз бар. Ол үшін біздің сайтымыздағы кинолардың көріңіз, ән тыңдаңыз. Сізге отандық Қара шаңырақ, Әкем екеуміз, Менің күнәлі періштем, Мұстафа Шоқай, Күтпеген махаббат фильмдерін ұсынамыз. Елімізде түсіріліп жатқан кинолардан хабардар болыңыз, көріңіз, қолдаңыз!
Мейрам құтты болсын!
Әрі қарай

Адам өмірінен алынған оқиғалар.[ 3-бөлім ]

Менын айтайын дегеным бала кезымде 1 класстан бастап сабакты да спортты (бокс) да жаксы менгеретынмын. 6 класска келген кезымде жане 6 жыл спортпен айналысып жургенымде акем баска айелды суйып калып, анаммен урсып ажырасатынын айтып кетып калды, сол кезде анам быраз киналып каламыз ау деп айтып бызге шыдандар деды. Апшем ол кезде 2 курс студент, карындасым 2 де еды. Сомен уйде жаттым 2 кун ойланып жаттым осы уйдын еркегы менмын го дедым быр нарсе ыстемесемболмайды деп сомен кошедегы балдардан сотка, акша алумен айналысам деп шештым. Касыма мемен бырге 6 жыл барып журген достарымды ертып менын мектебыме барып балдардын барын урып акша, сотканы алып осымен айналысып уйге продукты апарып журетынмын, акшаны кайдан алдын десе официант, кондуктор болдым дей салатынмын. Таяк жеп, пышакталып, атылып кеткен кундерым болган. Осыны тек кана апшем былетын, мама мен сборныйга кеттым деп айтып больницада емделып жататынмын. Осылай отбасыма жардем комек беретынмын. 11 классты бытырып ент тапсырып 97 балл жинап зантану мамандыгына тускен кезде кой барын тастайын деп окуга кырып кеттым, достарым оз тырлыктерын жалгастырып кетты. Казыр мыне 4 курс бытырып бытырып диплом аламын ин ша Аллах, кмс по боксу. Жаксы жагы отбасыма комектестым, апшем окып диплом алуына жол бердым. Жаман жагы бырге оскен достарым турмеде, кайтыс болып кеткен. Осынын бары акемню кеткеннен кейын басталды.

Бұданда басқа құпиялы оқиғаларды, 1001okiga.tk/ сайтынан таба аласыз.
Әрі қарай

Сен өлесің

Керекинфода отырып жазба жазуға уақыт құрғыр жар бермей қойғаны деп ақталайын, айып етпеңіздер. Мен жер басып жүрмін. Соңғы кезде жұмыспен қатар үй шаруасы, бала күтімі деген сияқты тірліктерімнен әрі аса алмай қалдым.
Осы блогтұғырнамадағы соңғы жазбамды жақтырмай, отбасы, ошақ қасыңды жаза берші деп мұрнын шүйіргендер де бар екен. Ақыл айтып, жол сілтегендер де жоқ емес. Алайда, мен өзімнің азаматтық позициям мен қоғамдық пікірімді өзгертпеймін және не жазсам да өз еркіммен жазам. Әрине, отбасы мен ошақ қасындағы мәселелер менің басты тақырыбым. Бірақ ара-арасында қоғамдық мәселелерге де ден қойып, өз пікірімді білдіруге хақылымын деп ойлаймын.
Бүгін, мен, дәрігер этикасы туралы айтамын.
Әрі қарай

"Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат" фильмін қазақша көру

Жақында қазақ тіліне аударылған «Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильмінің көрсетіліміне бардым. Бір қызығы «Жаңа өрмекші адам — 2» отандық экранда АҚШ премьерасынан 10 күн бұрын шығып отыр екен.
Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру
Бұл фильм голливудтық фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 7-ші фильм. Сонымен қатар, қазақ тілі «The Amazing Spider-Man 2» -нің ағылшын, француз, испан, неміс, португалия және орыс тілдерінен кейінгі әлем бойынша аударылған жетінші тіл болды.

Фильмнің трейлерінен көргендеріңіздей спецэффектілері 3D-дан көрсеңіз аузыңыз ашылып отырып қарайсыз.

Менің жеке өзіме жаңа өрмекші-адам фильмі ұнаған жоқ. Мен оның алдыңғы бөлімін көрген емеспін. Өйткен ол шыққан жылы Өрмекші адамды Тоби Магуайрден өзге адам ойнауға болмайтындай көрінген еді… Осы жолы жұмыс бабымен барғандықтан бұл фильмді көрудің сәті түсті.

Жаңа өрмекші адам фильмінде маған не ұнаған жоқ?

Мен негізі кішкентайымнан «Человек пауктың» фанымын. Мультфильмдерін де, киноларын да бір рет емес, 10 шақты рет қайталап көріп, Sega, PlayStation, компьютер де де ойындарын ойнап оның мүмкіндіктерін біраз сынап тастаған адаммын десем де болады. Бірақ бұл жаңа өрмекшіден бұрыңғы өрмекшімді көре алмадым.
Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру
Иә, басты рөлге таңдалған актерлер Эндрю Гарфилд де, Эмма Стоун да өте сүйкімді. Бірақ менің ойымша бұл рөлдер олар үшін емес. Оларға, нақтырақ айтсам екеуіне де романтикалық киноларда ойнаса ойындары көңілімнен шығар еді… Тек «Человек паукта» емес.

Өрмекші адамды қазақ тілінде дубляждаған — Мерей Аджибеков. Гвен Стейсиді қазақ тілінде дубляждаған — Әлима Қайырбекова.

Жаңа өрмекші адам фильмінде маған не ұнады?

Әрине ол Электро!
Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру
Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру

Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру

Макс Электроны мен бұрын соңды қанша киносын көрсемдағы аса мән бермеген, сүйікті мультиктерім Рио — 1, Рио — 2, Ойыншықтарда сүйкімді кейіпкерлерді дыбыстаған Джейми Фокс сомдайды.

Электро Өрмекші адамның комиксіндегідей емес, өте керемет шыққан кейіпкер. Әсіресе 3D-да қарап отырсаңыз түрі қорқынышты болғанымен, әдеміііі түсі көздің жауын алады. Оны қазақ тілінде сөйлеткен Walt Disney тарапынан ең үздік дауысты актер болып танылған Азамат Қанапия.

Ал Гарри Озборнның рөліне таңдалған Дейн Уиильям Деехаанды режиссер Марк Уэбб бұл рөлге өте сәтті таңдаған деп айтар едім. Себебі мульфильмдегі Гарри адамға айналып кеткендей әсер алдым.
Әрине, "Өрмекші адамның" оригинал нұсқасындағы Гарриді сомдаған Джеймс Франко да өз рөлін жаман ойнамаған еді. Бірақ жаңа нұсқадағы Гарридің рөлі меніңше сәтті шыққан.

Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру

Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру

Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру

Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру
Алайда, «Гоблинге» гримді өте қатты қолданып жіберген бе… Әлде солай болғаны дұрыс паааа… Білмеймін, «Ввва» етіп шыға келгенде қорқытып жіберді.
Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру

Қорытындысында, «Жаңа өрмекші адам — 2» бір реттік фильм деп айтар едім.

Мүмкін «Жаңа Өрмекші адамның» бірінші фильмін көргеннен кейін барып екіншісі көрген дұрыс болар ма еді. Білмеймін… Патик, осы жерде сенің пікірің қызыық болып отыр. Мен бірінші фильмді көрмегенім үшін ғана осындай ой қалыптасып отырған сыңды ма? Әлде екіншісін ұнатпаған мен бірінші де ұнатуым екі талайм ма?

Блог - rakisheva: Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат фильмін қазақша көру

«Жаңа өрмекші адам» жайында кішігірім ақпарат бере өтсем.

Фильмнің бюджеті:
Алғашқы «Жаңа Өрмекші адам» фильмі 200 млн долларға түсіріліп, 752 млн доллар жиылым жинап, әлемдік кассалық жиылымы өз бюджетінен үш есе асып түскен болатын.
«Жаңа Өрмекші адам — 2» фильмінің бюджеті 200 млн доллар, ал ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған дубляж құны 80 мың доллар екен. Ал кссалық жиылымы қандай боларын алдағы уақытта біле жатармыз…

Дубляж:
Фильмді дубляждау 2013 жылдың қарашасында басталып, дыбыстауға барлығы 30-ға жуық адам қатысқан.

Саундтрек:
Фильм музыкасын Фаррелл Уилльямс, Джонни Марр, Майкл Айнзайгер, Эндрю Кошински, Стив Маццыро және Junkie XL-ден құралған «музыканттардың таңғажайып алтылығы» жазған.
Қазақша және орысша нұсқаларында титрларында ойнатылатын музыка танымал рэпер Бастаның еңбегі.

МЕНІҢ БАҒАМ
Сюжет пен актерлер ойыны үшін: 7/10
Арнайы эффектілер мен компьютерлік графика үшін: 10/10
Қазақша дубляж үшін: 6/10
Әрі қарай

Енетте (интернет) бейненәрселерді (видео) жақсы сапада қалай жүктеуге болады?

Негізі, Google-да видеоларды жүктеп алудың неше түрлі әдістері бар. Алайда ондай жағдайларға әлі тап болған жоқпын. Қажеттілік туындап жатса, Google әрдайым көмек беруге дайын ғой.

«Асыл арнадан» қызықты видеоларды жүктеген едім. Сөйтсем, жүктелген нұсқасында бейне сапасы нашарлау. Видеодағы жазулары да анық көрінбейді. Жақсы сапада тек онлайн нұсқасында ғана көруге болады екен. Дегенмен, ертең енетке ақысы төленбей, орыстар уақытша өшіре тұрса, notebook-ты ақтарып, қызықты нәрселерді көру керек қой. Ол кино да болуы мүмкін, болмаса шағын видеолар топтамасы.

Google Chrome-нан іздедім жауаптарын… Тапқандай болдым. Бірақ sublimevideo-дан қалай жүктеуге болатынын таба алмадым. Есесіне, маған жақсы сападағы нұсқасы қажет еді. Бұған дейін Google Chrome-да uppod-тан видеоның сілтемесін қалай оп-оңай суырып алуға болатынын қарастырып алған едім. Бұл жолы да сілтемесін солай алғалы жатыр едім, видео uppod-та болмай шықты. Sublimevideo-ға дәл осы uppod-қа қолданған әдісті қолдандым.

www.youtube.com/watch?v=oaixWQhoBew

Қай видеоны жүктегіңіз келеді, соның үстінен бассаңыз, онлайн нұсқада көруге арналған парақшасы шығады. Сонда ашық жерінде мышқының оң жағын басып қалсаңыз, бірдеңе деген нәрселер шығып, сонда «просмотр кода элементаны» басасыз. Сөйтіп, Network басылады, мышқының көмегімен видеоның play-ін басасыз. Сәл төмен түсіріп HD дегенді басып, ол әппақ боп қосылған соң, төмендегі кестеден тағы бір жазулар пайда болады. Сол жерден видеоның атын тауып аласыз, мұқият қарасаңыз, видео сілтемесінде «jaqsi_sapa» деген сөз кездеседі. Ал кестенің бас жағында төменгі сападағы нұсқасының сілтемесі тұр. Әлбетте, сіз жақсы сападағы нұсқасын жүктеу үшін әлгі кестедегі видеоның аты жазылғанның үстінен бассаңыз, оң жақтан headers ашылады. Сонда аштыпыпыдан басталатын сөзді видео форматының аты жазылған жерге дейін белгілеп, көшіріп аласыз да, Chrome-да сілтеме жазатын жерге апарып «бац!» ...enter-ді басып қалсаңыз, жаңадан қап-қара түнек ашылып, видео да қосылады. Содан сақтап аласыз ғой, өпшім.

P.S. Қызылтүп (Youtube) қолдана алмайтын да адамдар бар ғой, бар! Сталиннің сөзімен аяқтасам: Работать надо, а не митинговать. У каждой ошибки есть имя и фамилия.
Әрі қарай

Адам өмірінен алынған оқиғалар.[ 2-бөлім ]

Мен не iстерiмдi бiлмеймiн. Турмыстан кайтып келген кызды суйiп калдым. Журекке амiр журмейдi гой. 1000 сулудын iшiнен тандаганым сол болды. Ата анам карсы. Ата ана разылыгын алмай ол кызга уйлене алмайм. Егер сол кызга уйленер болсан акем менi балам деп санамаймын уйден кетесiн дегенi бар. Бiр жагында суйiкти перiштем екiнши жакта менин ен жакын аке шешем, тумаластарым. Неге бiз турмыстан кайтып келген кыздарды жазгырамыз. Барлыгы тек келiншектерден емес куйеуiнен де болады. Неге олар бакытсыз болу керек ар адамнын бул жалганда озiндiк орны бар емес пе. Мен сол екi оттын ортасында калгандаймын.

Бала кезімде барлық киімім екіге бөлінетін еді: «далаға шыққанда киетін» и "қонаққа барғанда киетін"

Бір жыл бойы үйдегілерге английскиден репетиторға барып жүрмін деп ақша алып жүрдім.Бірақ репетиторға бармай, үйде өз күшіммен дайындалдым, ақшаны тығып жинай бердім. Жылдың соңында экзамендерді норм тапсырып шықтым. Ал жинаған ақшаға Iphone сатып алдым.

Менин кызым болды. бир-биримизди катты суйетин едик. 3жылдан астам уакыт бирге болдык. ал ол кыз жол апатынан коз жумды. иа киын, алдымнан жугирип шыга келетин сиякты. кездесетин жерге кунде баратын едим. козден жас токтамайды. типти сол жерден турмай танертен уйге баратын едим. оз озиме мулде карауды койдым. усти басым лас лас. иа умыту мумкин емес ко. телефонга биреу согып жатырса сол сиякты, бирак мангиге сокпайтынын жаксы билемин. айтеуир жай жайдан озиме келдим. бир кызбен 3ай журип осы наурыздын 30ында уйлендим. бирак тагыда жолым бол
мады. ол арынан айырылган адам екен. кейде ойлапта жатасын неше адаммен болды екен деп. сол ушинде талай урдым. билмим намыс жибермейди. сыртымнан онын кыздыгын алган адамда ангиме айтып журген шыгар. касыктап жинаган абыройым айрандай тогилди. азирше арамызда бала жок. буйырса айырылысып кетсем жаным жай табатын шыгар. ишимдегини осында жаздым. уакыт болип окыгандарына рахмет. бакытты болындар.


Бұданда басқа құпиялы оқиғаларды, 1001 Оқиға паблигінен таба аласыз.
vk.com/okiga
Әрі қарай

Студенттік қызықтар!

Студенттік өмірдің қызықтары шетелдік телехикаялардың сүйікті тақырыбына айналғанына біраз уақыт болған. Отандық «Нархоз» комедиялық телехикаясында да осы өзекті мәселе қозғалған.
Мамандықты меңгерудегі алғашқы қадам, оқуға берілу, алғашқы махаббат, өмірді түсіну- осының барлығы кейіпкерлердің мінез-құлықтарын білуде және сюжеттік желіс үшін қызықты материал.
Блог - 31arna: Студенттік қызықтар!
Басты кейіпкер – Данат үлкен қалаға алғаш келген ауыл баласы. Келе салып көптеген қиындықтармен соқтығысады: үлкен қаланың қарбалас өмірі, жатақханадағы жаңа достар, компьютердің қыр-сырымен танысу. Және университетке келе салып Данат бір қызға ғашық болады. Айсана – сұлу, сабағын жақсы оқитын, Жастар ісі бойынша комитеттің төрайымы. Осы кезде Данаттың белсенділігін университет басшылары да байқап, Данат еркінен тыс сүйген қызына қарсылас болып шыға келеді.

Дәріске бару немесе қызбен кездесу- қайсысы маңыздырақ? Осы сұрақтардың жауабын 17 жасар кейіпкерлерге күнде іздеуге тура келеді!

Кейіпкерлердің өмірлік тәжірибелерінің жоқтығынан, қызбалыққа салынуларынан көптеген күлкілі де, түсінбеушілік жағдайлар туындайды. Тілге шеберлердің көптігінен, телехикая әзілдерге толы.

Жақында студенттік өмірдің қызықтары, ду күлкі, сессия алдындағы қобалжу және басқа да жан толғаныстары 31 арна көрермендеріне ұсынылады!
Әрі қарай

Ауылым менің

АУЫЛЫМ МЕНІҢ

Ауылым менің,
Сыр елім менің, жыр болған,
Егіз жүрегім алыста жүріп туысқан.
Қорқыттың күйі тілдесіп мұңмен,
Кей-кейде, жаныммен менің ұғысқан.
Әрі қарай