Ауылым менің
АУЫЛЫМ МЕНІҢ
Ауылым менің,
Сыр елім менің, жыр болған,
Егіз жүрегім алыста жүріп туысқан.
Қорқыттың күйі тілдесіп мұңмен,
Кей-кейде, жаныммен менің ұғысқан.
Ауылым менің бақытты жұрттың мекені,
Амандық тілер ақ еділ жандар жетеді.
Ақ иық шалдар ауылдың асқақ көркі еді,
Қанаты талмай тарихты таңға шертеді.
Ақ басты аналар
Ала тауымдай қымбатым,
Бақытын сезіп, мейірім емген бір басым.
Осыда менің ағайын-туыс,
Құрдасым,
«Ауылда туып, түзде өлу» –
Нағыз жырға сын!
Ауылым менің – ақ мамық құшақ,
Асылым,
Алыстап кеткен
Ауылдың титтей тасымын.
Ауылда туып, арманын қуған ақынмын,
Бір толқынымын
Без бүйрек мынау ғасырдың!
Ауылым менің,
Сыр елім менің, жыр болған,
Егіз жүрегім алыста жүріп туысқан.
Қорқыттың күйі тілдесіп мұңмен,
Кей-кейде, жаныммен менің ұғысқан.
Ауылым менің бақытты жұрттың мекені,
Амандық тілер ақ еділ жандар жетеді.
Ақ иық шалдар ауылдың асқақ көркі еді,
Қанаты талмай тарихты таңға шертеді.
Ақ басты аналар
Ала тауымдай қымбатым,
Бақытын сезіп, мейірім емген бір басым.
Осыда менің ағайын-туыс,
Құрдасым,
«Ауылда туып, түзде өлу» –
Нағыз жырға сын!
Ауылым менің – ақ мамық құшақ,
Асылым,
Алыстап кеткен
Ауылдың титтей тасымын.
Ауылда туып, арманын қуған ақынмын,
Бір толқынымын
Без бүйрек мынау ғасырдың!
Пікір жоқ әзірше