92-лер VS 81-лер (Футбол battle)
Жазатын дым жоқ ©
Осы жылдың жазында Бразилия елінде өтетін футболдан әлем чемпионаты жақындап келеді, талай футбол сүйер қауымның дегбірін тауыса күттірген футбол мерекесіне де аз қалды. Мундиальға баратын 32 құрама жайлы да талай сөз еткеніміз рас, әлі де талай айтылады. Алайда менің айтпағым басқа еді.
Өзім 1992 жылдың тумасы болғандықтан, оның үстіне осынау футбол деген баурап алар спорт түрінің шынайы жанкүйері ретінде өз құрдастарымнан құралған ұлттық құрама, яғни команда жасап шыққан жайым бар, әрине құрдастарым деп отырғаным әлемдік деңгейде доп теуіп жүрген әр түрлі елдердің өкілдері еді. Бұл ойыншылар әр түрлі біріншіліктерде ойнап жарқылдап жүрген аяқ доп шеберлері, менің бала кезгі арманым осылар секілді үлкен ареналарда доп тебу болатын, әттең арманның бәрі орындала бермейді. Сонымен менің супер 92-лерден құралған құрамам төмендегідей:
Қақпашылар: 1. Тибо Куртуа, Тер Штеген.
Қорғаушылар: 15. Даниель Карвахаль, 4. Кириакос Пападопулос, 3. Филь Джонс, 5. Давид Алаба,, 22. Де Шильо, 2. Эрик Дурм жыл
Жартылай қорғаушылар: 6. Джек Уилшир, 16. Марко Верратти, 8. Иско, 7. Марио Гетце, 21. Лукас Моура,, 10. Коутинью, 17. Эрик Ламела, 18. Серхио Роберто, 23. Коке, 11.Эл Шарави
Шабуылшылар: 9. Неймар, 20. Мората
Тактикалық схема: 1-4-2-3-1, яғни допты орталық шепте көп бақылауға және қарымта шабуылға негізделген ойын көрсетуі тиіс. Негізі былай қарасаң жастар демесеңіз тәп-тәуір ұжым, әлем чемпионаты түгілі Чемпиондвр Лигасын жеңіп алуға тұрарлық команда секілді, солай ма?!
Енді кез-келген команданың қарсыласы болатын секілді менің бұл құрамыма да қарсылас табылды. Көп ойланбай-ақ қарсылас ретінде осы сайттың белсенді де үлкендері саналатын 1981 жылғы азаматтардан құралған команда жасап көрген едім. Ия, мүмкін құрамы әлсіз шығар немесе мен бұл жылғы тумаларды аз білетін шығармын, алайда барымды салып іздеу арқылы төмендегідей отыздан асқан, гипер81-лерден құралған ұжым қалыптастырдым:
Қақпашылар: 1. Икер Касильяс, 25. Диего Лопес
Қорғаушылар: 6. Патрис Эвра, 31. Неманья Видич, 18. Рикарду Кошта, 12. Максвелл, 13. Андреа Барцальи, 15. Даниэле Бонера, 27. Коло Туре
Жартылай қорғаушылар: 14. Хаби Алонсо, 5. Майкл Кэррик, 6. Тиаго Мендеш, 8. Роман Широков
Шабуылшылар: 9. Давид Вилья, 10. Златан Ибрагимович, 11. Это О, 19. Питер Крауч, 20. Ариц Адуриц, 22. Милан Барош
Тактикалық схемасы: 1-4-3-3, яғни шабуылға көп мән беретін ойын көрсетуі тиіс.
Ескерту: құрамдар атауы көрсетілген жердегі асты сызылған ойыншылар негізгі құрамның өкілі екенін білдіреді.
Енді осы ойыншылар мен тактикалық орналасуын ескеретін болсақ төмендегідей сурет(бейне) орын алады екен:
Сіздер қалай ойлайсыздар, кім мықты, егер осындай матч ойналса таблодағы көрсеткіш қандай болар еді?!
P/S: Баланың әңгімесіне ұқсап кетті деп сөге көрмеңіздер
9 пікір