Әлемдік мундиаль

Блог - kaztube: Әлемдік мундиаль
Әлем чемпионаты басталып, ел-елдің бәрі әрбір ойынды қызу талқылап жатқан сәтте Kaztube.kz бейнепорталы да трендтен тыс қалмауды жөн деп шешті. «Спорт» газетінің журналисті Бек Төлеуовтың авторлығымен жаңа жоба көрермендерге жол тартпақшы.
«Әлемдік мундиаль» деген атпен шығатын бағдарламаның мақсаты – Бразилияда өтіп жатқан 2014 жылғы әлем біріншілігін талдау, сараптау болмақ. Аптасына үш рет шығып отыратын бұл бағдарламаға қоғамға белгілі, елге еңбегі сіңген тұлғалар қонақ болып, әлем чемпионаты туралы өз ойларымен бөлісіп, әрбір өткен ойындарды талқылайтын болады. Алғашқы қонақтардың тізімі де белгілі, олар: Дәурен Берікқажы, ақын, бірнеше жыр-жинақтарының авторы; Ерік Чинчалинов, Л.Н.Гумиелев атындағы ЕҰУ-нің Студенттер лигасының менеджері, Қазақстанда алғаш рет футболдан студенттер лигасын ұйымдастырған. Алдағы уақытта тағы да басқа қонақтар шақырылады.
Kaztube.kz бүгін-ертең көрсеткелі отырған жаңа жоба халыққа өте пайдалы әрі қызықты болары сөзсіз. Біздің порталды қарай жүріңіз!
Әрі қарай

92-лер VS 81-лер (Футбол battle)

Жазатын дым жоқ ©

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 92-лер VS 81-лер (Футбол battle)

Осы жылдың жазында Бразилия елінде өтетін футболдан әлем чемпионаты жақындап келеді, талай футбол сүйер қауымның дегбірін тауыса күттірген футбол мерекесіне де аз қалды. Мундиальға баратын 32 құрама жайлы да талай сөз еткеніміз рас, әлі де талай айтылады. Алайда менің айтпағым басқа еді.
Әрі қарай

Конфедерация кубогында қай мемлекетке жанкүйерсіз?

Конфедерация кубогы алдағы 15 маусымда Бразилияда басталады. Арамызда ала доп жанкүйерлері бар болар. Комментарийға кай мемлекеттің жеңімпаз болатынын жазсаңыздар, мысалы, мен Испанияға жанкүйер болсамда (Негізі Франция жанкүйерімін) Бразилия жеңімпаз атанады деп ойлаймын.
Әрі қарай

Бразилия - 2014 іріктеу ойындарындағы қарсыластарымыз белгілі болды


2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу ойындарының жеребесі өтті бүгін түнде. Біз С тобына мына құрамалармен түстік:

Германия, Швеция, Ирландия, Австрия, Фарер аралдары.
Әрі қарай