Бразилия - 2014 іріктеу ойындарындағы қарсыластарымыз белгілі болды


2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу ойындарының жеребесі өтті бүгін түнде. Біз С тобына мына құрамалармен түстік:

Германия, Швеция, Ирландия, Австрия, Фарер аралдары.
Топтан бірінші болғандар бірден жолдама алады. Ал екінші орын алған 8 команда плей-оффта қалған төрт жолдама үшін таласады.

Іріктеу ойындары 07 қыркүйек 2012-де басталып, 07 қараша 2013-те аяқталады.
Бөлісу:

23 пікір

meirzhan
3-ші орынға жетсек, зор жетістік деп санаймын.
asaubota
Австрияны озып, төртті алса келесі жеребеде 1-2 дорба алға шығар еді. қазір тіпті Фарер бізден бір дорба алда тұр.
asaubota
бұл жаңалық әлі Қазинформ мен Биньюстің орысшасына шыққан жоқ

біріншімін, нақ!
huanysh
топта 4-іктің ішінде болса дейміз бізде
Nurzhol
Төрттіктің ішінде болып тұр ғой. Соның ішінде жақсы нәтиже көрсетіп жіберсе деген жалған үміт бар. Футболда «закон подлости» де жүріп кететіні бар ғой.
Nurgisa
Тобымызда бесінші орын алсақ жаман болмас еді.
xawgim
alga hazahstan jigitteri…
Nurgisa
atstanadaghe atstana arena alanghenda teq hana Faroe araldareneng oyinchilarenan ghana awlamezde asera alaten seiyahtemez. qorjengha 1 upaw twsedw dei ber. basha oyiendardan xans qoreb oterghan johpen.
Beytanis
Түннің ортасында көрсетті, оның үстіне ресейлік комментатор, сарапшылар қоса сөйлеп жартылай ұйқыдағы миды атала қылды. Фаворит ретінде С тобына Испания түссе екен деп ем, болмады. Тағдыр, Луиш Назарио Роналдоның қолымен Жөрмәниді алып шықты. Тәжірибе ойындармен келеді, сәттілікке сенемін.
rauan97
mmm
Пікір түзетілген: 31 шілде 2011, 17:51
saken
соңынан санағанда екінші орын алсақта жаман болмас едік.

Тәжірбие үшін басқа да ТОПқұрамалар болғаны жақсы еді. Мысалы Испания, Италия, Франция дегендей.
asaubota
Фарерлерді ұтар ау, соңынан екіге сенімдімін. соңынан үшке таласу керек Австриямен.
asaubota
айтпақшы бұл жаңалықты еліміздің басты ақпараттық сайттары әлі бермей жатыр
Nurgisa
Әлі екі-үш күн бар ғой.
Zako
Онда да жұмыс күні болғандықтан солай ғой. Ал апта соңына түссе не болмақ? Алыс аймақтардағыларға ерте дегенде бір аптадан соң жетіп қалар.
Zako
Немістер тағы жыртатын болды-ау )))
Nurgisa
Алманиямен ойынға бір қақпашы, он қорғушымен шығуды ұсынамын. Құрығанда, азырақ жібереміз.
asaubota
бүкіл ойындарды Астанадағы спортзалда өткізетіндері жаман. Футболды дамытамыз дейді, региондар және медиа арқылы дамытпаса қалай дамиды?
saken
айтпа. Тіпті Қазақстандағы жалғыз мегаполис Алматыда да өткізбейтіндерін айтсаңшы ойындарды (((