"Октябрьское небо" фильмі

Адам қандай істі қолға алса да, алдына қойған мақсаты болса, оны ештеңе де тоқтата алмайды. Сол сияқты «Октябрьское небо» фильміндегі басты кейіпкерді, кішкене ғана шахтерлер қаласында өскен он жеті жасар Хомерді ештеңе де жолынан тайдыра алмайды. Әкесі ұлының орындалмас армандарының жетегінде кетпей, өзіндей жақсы шахтер болуын қалайды. Өйткені бұл қалашықтың тауып жатқан наны осы шахтадан. Сол себепті тұрғылықты жастардың мамандық таңдайтындай жағдайы да жоқ. Алайда, жас жігіттің бар ойын ракета құру идеясы басқан. Және бұл идеясының жүзеге асуына мұғалімі мен жақын достары ықпалын тигізеді. Әрине мұндай арманның орындалуы оңайға соқпады, себебі Совет Үкіметінің алғаш жіберген спутнигінің кіп-кішкентай жарығын аспаннан бір-ақ рет көргеннен бойын ракета құру арманы шырмаған балаға кім сенсін. Бірақ соңында әкесі де ұлына қол ұшын созады. Фильмде әкесі мен ұлының арасындағы қатынас жақсы жеткізіліп түсірілген.
«Октябрьское небо» — мақсатыңа талпыныспен, еңбек етіп, сабырлылықпен жете білу жайында үйреттетін, жігерлендіретін фильм. Шын өмірден алынып, түсірілгендіктен де қатты ұнады. Көруге кеңес беремін.
Киностан: Октябрьское небо фильмі
Әрі қарай

Астана - арман қала

Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол биік болып,
Мен үлкен болғанда да, — деп Тұманбай Молдағалиев жазған осы бір өлең шумағы бес немесе алты жаста ең алғаш жатталған, осы уақытқа дейін ұмытылмаған, сол кездің жаңа жылдарында сыйлық әперген тақпақ. Астана өркендей берсін!
Әрі қарай

Туған елге тағзым

Бүгін Қызылорда қаласы НЗМ оқушылары үшін «Туған елге тағзым» атты танымдық-зерттеу экспедициясының 7-күні. Арайлап таң атып келеді, бүгінгі ауа райы да саяхаттауға өте қолайлы екен. Сонымен, біз қаладан 150км қашықтықта орналасқан "Қорғалжын" қорығына аттандық. Астанадан шыққан соң, айналадағы керемет жасыл алаңды тамашалап отыр едім, көзім ілініп кетіпті. Түсімде "Қорғалжын" қорығында жүр екенмін, бір апай қорықты таныстырып жүр, сәлден соң қорық туралы фильм көрдік, бірдеңенің шиқылдаған даусын естідім, құстар секілді, жақындап барғанымда… ұйқыдан оянып кетпесім бар ма! Сөйтсек мені достарым оятыпты, қорыққа келіп те жеттік. Автобустан түскенімде алдымнан бір ғимарат көрдім, ол көптен күттен Қорғалжын. Шынымды айтсам мен алғаш рет қорықтамын. Кіруге асығып тұрмын, "ішінде не бар екен" деген ой мені мазалады. Қорықтың қызметкерлері бізді жылы қарсы алды. Кіргеннен соң қорық өмірімен таныстыратын фильм көрдік. Фильмде мынандай мәліметтер берілген. Қорық 1958жылы тұрғызылған. Жер аумағы 258,9 мың га. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, тобылғы, бидайық, т.б. өседі. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Яғни, дала суыры, қоян, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бізді қорық қызметкерлері ғимарат ішіндегі керемет әлеммен таныстырмақшы. Көрдіңіздер ме, барлығы менің түсімдегідей. Сол дауыстар, сол фильм, сол қорық қызметкері. Мені бағанағы дыбыстың қайдан шыққаны қатты қызықтырды. Міне сол дыыбыс шыққан жерге келдік. Менің алдымда неше түрлі құстардың макеті тұр. Макет жиегіндегі тетікті басқанымда, түсімде естіген құстардың шиқылдаған даусы шыға бастады. Өкінішке орай біз құстарды бетпе-бет көре алмадық, себебі олар қорықтан 50км қашықтықтағы «Теңіз» көлінде мекендейді… Ал оған баруға біздің көлігіміз жарамайды екен. Міне, біз қайтадан Астанаға қарай жол тартпақшымыз. "Қорғалжын" қорығының жасап жатқан жұмысы, қызығы мен қиыншылығы қатар кездескен өмірі мені қатты таңқалдырды. Келешекте басқа да қорықтарға барып-қайтамын деген ойдамын. Ертеңгі күн сәтті болғай…
Әрі қарай

Қорғалжын қорығы

Бүгін біздің экспедициямыздың жетінші күні, бұл күн өте сәтті өтті.Неге десеңіз біз бүгін Астана қаласының оңтүстік батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан Қорғалжын қорығына бардық.Қорықтың басты мақсаты табиғи комплексті қорғау және табиғатты аялау ниеттерін халыққа жеткізу болып табылады.Қорық Қорғалжын шұңқырында орналасқан.Қорық 18 сәуірде 1968 жылы ашылған.Аумағы 543 171 га.Жалпы айтқанда қорық аумағында екі үлкен көл бар.Олар Теңіз және Қорғалжын.Теңіз көлінің ұзындығы 85 км, ені 35 км.Жазда көл бетінде әр түрлі құстар болады.Мәселен аққу,қаздар,үйректер және фламинголар тағы басқалары.Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді.Бұл жердің ең әсем көз тартар құстарының бірі қоқиқаз(фламинго). 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды.Бұл факті арқылы айтайын дегенім, оларды қорықта қаншалықты жағдай жасап өсіргенімен әлі күнге дейін оларды атып алу, оның сұлулығына қызығып әр түрлі бұйымдар жасау тоқтамай тұр. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары «Рамсар» тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді.
Қазірде қорыққа шет елдерден де көптеп келуде.Әсіресе ғалымдар мен тек елімізде ғана кездесетін жануарлар мен құстарға қызығушылар болып табылады.
Алдағы уақытта мен қорыққа шығармашылық жетістіктер тілеймін.Ел табиғатының одан әрі жандануына үлес қосып жүрген қорықтың табиғи байлығы арта түссе екен.Еліміз самалмен тербеліп сыбдырлайтын өсімдіктерге, асуланып ағыспен толқитын өзендер мен көлдерге, шексіз қиыры жоқ сайын далаға бай емес пе? Осынау табиғатқа қарап мен де жүрекжарды туындымды арнаймын.Шалқар даламыздың әсем табиғатын бірге қорғайық!!!
Бір керемет орын бар сайын дала төсінде,
Орын тепкен ол жерде Қорғалжының көсіле.
Қазағымның шалқар дала, мөлдіреген көлі мен,
Табиғаттың кереметін табасың сен ол жерде.
Әрі қарай

Адам өз рухын сезінуі

Кейде адамдарда болады ғой, болып жатқан оқиғаны бұрын түсінде көргендей боласың. Содан соң айтасың: «дәл осыны түсімде көрдім» — деп. Бұл сонда қалай… Не себептен болады?

Бұның түске қатысы жоқ. Бұл жер бетіндегі барлық адам баласында болатын жағдай. Адамның рухы болады. (яғни, адамның жаны, рух пен жан бір мағына) Адам өлген кезде, оның сыртқы тәні, денесі қабірде шіріп жоқ боп кетеді. Ал рухы өлмейді, көкке көтеріледі. Яғни, рухымыз Аллаға қайтарылады. Алладан келдік, қайтадан Аллаға қайтамыз деген сөз бар. Ең бірінші адам баласы ананың құрсағында жаратылып жатқан кезде, ең алдымен оның рухы жаратылады екен. Сосын осы рухына бүкіл жер бетін, өзінің болашақ өмірде көретін оқиғаларын, көретін жерлерін алдын-ала көрсетіп қояды екен осы рухқа. Міне бізде осындай жағдайлар болады, бұрын осы жерде болған сияқты, осы оқиғаны бұрын көрген сияқты боп тұрамыз, сол кезде рухымыз сезінеді екен сол жерде болғанын. Ислам дінінде әлимсақтан бері мұсылманбыз деген сөз бар, әлимсақ деп адамның рухы жаратылған кезді айтады, яғни бүкіл адам баласы жаратылған кезде мұсылман боп жаратылады екен. Кейін оны ата-анасы не мұсылман, не христиан, не буддист қылып тәрбиелейді.Бұл, яғни, біздің бұрын болғандай секілді бір сәт осы жағдайды сезінуіміз біздің кім екенімізді айқындап береді. Яғни мұсылман болуды қаласақ та, қаламасақ та, Ислам дінін жақсы көрсек те, жек көрсек те, егер рухымыз осы бірсәттік жағдайды сезінсе, бұл біздің мұсылман екенімізді білдіреді.
Әрі қарай

Тарих төрінен орын тепкен ұлттық мұрағат

Бүгін біздің әсем қала Астанадағы 5-күніміз. Таңғы астан соң, НЗМ келіп, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінен келген Майра Тунгатарова ханыммен сұхбаттастық. Ол бізге АҚШ-тағы Harward университеті туралы көптеген мәліметтер берді. Біздің сұрақтарымызға жауап беріп, жылы лебізін білдіріп кетті. Сонан соң, өз арамызда караоке ұйымдастырдық. Түскі астан соң Астана қаласындағы Астана күніне арналып, үшінші шілдеде ашылған ұлттық музейге барып, ол жақтың кереметтерін тамашаладық. Мұражай 4 қабаттан тұрады. Онда ежелгі қазақтардың кезеңінен бастап, қазіргі заманға дейін айқын бейнеленіпті. Алтыннан жасалған бұйымдардың осы уақытқа дейін сақталғаны бізді қатты таң қалдырды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихын тамашалау бізді ерекше сезімге бөледі. Әсіресе маған ұнағаны, Алтын адамның жетіден алтысы осы жерден орын алыпты.Сол замандағы адамдардың мінген аттары, киген киімдері алтынмен безендірілген. Тарихи орындарды тамашалаған соң, лазерлі шоудан Астананың қалай өркендеп келе жатқанын тамашаладық. Сыртқа шығып музейдің қасындағы керемет мерекелік кешті тамашалап, Орта Азиядағы ең үлкен мешітке бардық. Ол «Хазірет Сұлтан» мешіті болатын. Мектептен тамақтанып, бойымызды сергітіп, жатар орынға бардық.
Әрі қарай

Әсем қала,ару қала - Астана !

Міне әні-міне дегенше Астанадағы алғашқы күніміз аяқталды. Блог - BeybitAbdibekov: Әсем қала,ару қала - Астана !Бүгінгі күн маған керемет әсер қалдырды. Мектептегі танысу сәті жақсы өтті және шаршаңқы бізді тез сергітті деп ойлаймын. Түскі астан кейін Ханшатыр ойын-сауық орталығына барған сәтте барлық шаршағанымызды ұмыттық десем болады.Маған Астанамыздың керемет климаты ұнады. Осыншама қысқа уақытта керемет ғимараттар пайда болып Астанамыз гүлденуде Бар болғаны 20 жылдың ішінде осындай әсем қала пайда болады деп кім ойлаған? Осы экскурсия маған көп пайдасын береді деп ойлаймын. Кереметтей әсем табиғат және таңғажайып ғимараттар маған керемет әсер қалдырды.Барлығы қызық әлі алда, бізді жақсы күндер күтудеБлог - BeybitAbdibekov: Әсем қала,ару қала - Астана !Блог - BeybitAbdibekov: Әсем қала,ару қала - Астана !
Әрі қарай

Астана жұлдызы- 2014

Астана күнінің қарсаңында Астана жұлдызы ұлттық музыка бәйгесінің марапаттау кеші өтті.
Астана жұлдызы жобасына барлық жұлдыздарымыз келді. Үлде мен бүлдеге оранған жұлдыздарымыз қызыл кілем үстімен жүріп өтті.
АDAM production ұйымдастырған осындай тамаша жоба өте жоғары дәрежеде өтті. Былтыр да Астана күніне қарсы ұйымдастырылған ұлттық музыка бәйгесі дәл осы уақытта жалғасын таппақ. Биыл аспаннан «Астана жұлдызы» атты жұлдыз сатып алынды. Бұл шараға Астана қаласының әкімдігі демеушілік етті.
Әрі қарай

Туған күніңмен, Астана!!!

Құрметті астаналықтар! Құрметті Kaztube.kz порталының қолданушылары!
Сіздерді Елордамыз Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз, Астанамыз күннен күнге көркейе берсін! Бүкіл әлем лдындағы абыройы арта берсін!
Блог - kaztube: Туған күніңмен, Астана!!!
Мейрам қарсаңында «Туған күніңмен, Астанам» атты видеороликті сіздің назарларыңызға ұсынамыз. Бүл видеода құрметті қаласына еңбегімен үлес қосқан әрбір азаматтың махаббаты бейнеленген.
Әркім Астанаға өз үлесін қосуда. Астанамыздың дамуына әрбір азамат ат салысып жатыр. Жыл сайын келетін дүбірлі мейрам – Астана күніне бәріміз ерекше дайындаламыз. Сүйікті қаламыздың әдемі, көрікті болғанын қалаймыз. Сондықтан қолымыздан келгенше қаламыздың әрбір тасына дейін әдемі болғанына барымызды саламыз.
Астана – бұл жәй ғана қала емес, өз тұрғындарының арманынан құралған ғажайып мекен. Әрбір ғимараты жүздеген жанның тағдырына шуақ береді. Астанамыздың жайнай беруіне, гүлдене беруіне ат салысып келеміз, әлі де талай ат салысатын боламыз. Туған күніңмен, менің сүйікті Астанам!!!
Әрі қарай