Әсем қала,ару қала - Астана !
Міне әні-міне дегенше Астанадағы алғашқы күніміз аяқталды. Бүгінгі күн маған керемет әсер қалдырды. Мектептегі танысу сәті жақсы өтті және шаршаңқы бізді тез сергітті деп ойлаймын. Түскі астан кейін Ханшатыр ойын-сауық орталығына барған сәтте барлық шаршағанымызды ұмыттық десем болады.Маған Астанамыздың керемет климаты ұнады. Осыншама қысқа уақытта керемет ғимараттар пайда болып Астанамыз гүлденуде Бар болғаны 20 жылдың ішінде осындай әсем қала пайда болады деп кім ойлаған? Осы экскурсия маған көп пайдасын береді деп ойлаймын. Кереметтей әсем табиғат және таңғажайып ғимараттар маған керемет әсер қалдырды.Барлығы қызық әлі алда, бізді жақсы күндер күтуде
Пікір жоқ әзірше