Тарих төрінен орын тепкен ұлттық мұрағат

Бүгін біздің әсем қала Астанадағы 5-күніміз. Таңғы астан соң, НЗМ келіп, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінен келген Майра Тунгатарова ханыммен сұхбаттастық. Ол бізге АҚШ-тағы Harward университеті туралы көптеген мәліметтер берді. Біздің сұрақтарымызға жауап беріп, жылы лебізін білдіріп кетті. Сонан соң, өз арамызда караоке ұйымдастырдық. Түскі астан соң Астана қаласындағы Астана күніне арналып, үшінші шілдеде ашылған ұлттық музейге барып, ол жақтың кереметтерін тамашаладық. Мұражай 4 қабаттан тұрады. Онда ежелгі қазақтардың кезеңінен бастап, қазіргі заманға дейін айқын бейнеленіпті. Алтыннан жасалған бұйымдардың осы уақытқа дейін сақталғаны бізді қатты таң қалдырды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихын тамашалау бізді ерекше сезімге бөледі. Әсіресе маған ұнағаны, Алтын адамның жетіден алтысы осы жерден орын алыпты.Сол замандағы адамдардың мінген аттары, киген киімдері алтынмен безендірілген. Тарихи орындарды тамашалаған соң, лазерлі шоудан Астананың қалай өркендеп келе жатқанын тамашаладық. Сыртқа шығып музейдің қасындағы керемет мерекелік кешті тамашалап, Орта Азиядағы ең үлкен мешітке бардық. Ол «Хазірет Сұлтан» мешіті болатын. Мектептен тамақтанып, бойымызды сергітіп, жатар орынға бардық.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше