Үй жағдайында жасалынатын шашқа арналған Маска

Сәлем қыз- келіншектер!!! Менін бүгінгі видеоблогымда -Үй жағдайында жасалынатын шашқа арналған маскамды көре аласыздар! Керек заттар: 1 Жұмыртка, 2 шәй қасықпен зәйтун майы, 1 шәй қасық бал. Барлығын араластырып, басымызға пакет киіп, орамалмен орап 1 -2 сағат журе тұрамыз. Бұл маска өте пайдалы! Өзім айына 1-2 рет қолданып тұрамын. Your text to link...
Әрі қарай

Асық "Party" Шымкентте.

Блог - Harun: Асық Party Шымкентте.
Шымкент қаласында «Асық Party».Әр сенбі сайын, сағат:19:00 де,«Тәуелсіздік саябағында» асық ойнаймыз! Бауырыңды ерте кел!Ұлттық ойынды жаңғыртайық!
Әрі қарай

Отбасымен шай ішіп, 31 арна жүлделерін ұтып алыңыз

31 арна бас директоры Бағдат Қоджахметов:
«Біз өзіміздің мақсатты аудиториямызға бағдарлама таңдауымызға зор мән береміз. Барлық жобалар қатаң сапа тексерісін өтеді, әр жаңа жоба тек фокус-тобының нәтижелері бойынша ғана басталады. Біздің көрермен эфирде көргісі келетін бағдарламаны өзі таңдайды десек те болады. „Сен келерсің“ хикаясы сәтті шыққандықтан, біз көреремендерді әрі қарай осындай мелодрамалармен қуантуды жөн көрдік. Бұл бүкіл отбасымен көруге қауіпсіз теленовеллалар. Осылайша, біз отбасының бүкіл мүшелерін 31 арна алдында біріктіргіміз келеді.»

Блог - 31arna: Отбасымен шай ішіп, 31 арна жүлделерін ұтып алыңыз

«Уәде беремін» — апалы-сіңлілі Бани, Пия және Раноның өмірі туралы теленовелла. Әкелері өмірден өткеннен кейін бойжеткендер туған қаласы Муант Абудан көшуге мәжбүр болады. Әкесінің аманаты бойынша олар бұрын-соңды естіп көрмеген Мумбаидағы 40 жасар бизнесмен Джай Валиадан көмек сұрауға барады. Кетпес бұрын Бани сіңлілеріне бас-көз болуға және туған үйін сақтап қалуға уәде береді.

Мумбайда Бани Джайға жұмысқа кіріп, ал кіші қыздар жалдаушы шартымен Валияның үйінде тұрады. Үшеуінің де жолдары болып, жұмыстары алға жүреді: Бани жұмысында жоғарылап, Пия қамқоршыларына тұрмысқа шығуға дайындалуда, ал Рано колледжге оқуға түседі. Алайда, Пия жас жігітпен өз тойынан қашып, оның орнына Бани Джайға тұрмысқа шығуға мәжбүр болған кезде бәрі өзгереді. Ызаға булыққан қамқоршылары апайы-сіңілілерден кек алуға көшеді. Бірақ, Бани берген уәдесін ұстап, уақыт өте жақсы көріп бара жатқан күйеуін жеңіп шығуға белін бекем буған.

Оның ақылына, іскерлігіне, мейірімділігі мен қамқорлығына тәнті болған Джай өзі сезбей, Баниды сүйіп қалады. Джайдың өткен өмірдегі құпияларына байланысты, олардың бақыттары ұзаққа бармайды. Бани анасының өліміне Джайдың қатысы бар екенін біледі. Сонымен қатар екеуінің өмірлеріне біреу қастандық жасауды бастайды. Оның кім екенін білуді айқындаған сайын Банидың өмірі мен жақындарының өміріне қауіп төнеді және берген уәдесін орындау қиынға түседі.

Бүкіл отбасымен жұмыс күндері сағат 22:00-де 31 арнадан көріңіздер!

Акция тура толығырақ www.31.kz сайтынан біле аласыздар.
Әрі қарай

Әншілеріміз Үндістанға қызмет ете ме?

Телесериалдардың құны халық арасында төмендеп бара жатқан сияқты. Жаңадан басталатын сериалдарды ешкім көрмейтін де сияқты? Себебі неде? Себебі, халық отандық сериалдарды көргісі келеді, күнделікті өз өмірінде кездесіп жатқан оқиғаларды қарағысы келеді. Ал біз түріктердің, үндістердің салт-дәстүрін, дінін әкеп халыққа зорлап тықпалаймыз.

Міне, тағы да бір сериал жарыққа шыққалы тұр, тіпті шықты да. Тағы да Үндістанның қаңсығын таңсық көрмекпіз. Осыған дейін көрсетілген Ананди, Ича деген сериалдар халыққа не үйретіп жатыр? Бір-бірінен күйеуін тартып алуды, өтірік балалымын деп, елді алдауды, күйеуі отбасын тастап, басқа әйел алып кетуді үйретіп жатыр. Тағы бір сондай сериал көресіздер енді. Бұл сериал 3 апалы-сіңлілердің тартысынан, қырқысуынан тұрады екен. Қызық, осы сериалдарды несіне сатып алады шынымен. Ертең қыздары шалыс басса, заманды жазғырып шыға келеді, ұлдары қылмысқа барса, қоғамды қарғайды. Бірақ, күнде кһре беріп, санасына сіңдіріп алған осындай сериалдарға мін тақпайды.

Бір қызыға, басталғалы жатқан «Уәде беремін» атты сериалдың саундтрегін біздің Арнау тобы орындайды. Иә, көкке көтеріп, қолпаштап жүрген Арнау тобы. Монтажбен сериал кейіпкерлерінің үйінде тұрып ән айтады . Алда, ақша-ай, адамға не істетпейсің сен?

Өз басым Арнау тобын ерекше құрметтеуші едім. Әндері де талғаммен таңдалғандықтан тыңдайтынмын. Бірақ, бұл топты мынадай дәрежеде көрем деп ойлағам да жоқ. Не мынау? Қанша жерден көрерменге сериалды өткізуге тырысса да, үндістер үшін өзіміздің әртістерді құрбан қылады деп ойламаппын.

Арнау тобы біреудің болмашы сериалын өткізу үшін сонша тырыспай-ақ, өздері сериалға түсетін реті ғой. Салтанат қыз тым жақсы актриса емес пе? Бұдан да тойда тамада болғаны артық еді.



Өткенде, Өнеріміздің беделі санайтын Мұзарт тобының «Сен келерсің» әнін аттас сериалға OST қылып алғанда «ойпырым-ай» деп қалып ем. Енді клип қылып шығаратын болыпты. Жақында біздің әртістер үндістердің сериалына түсетін де шығар

Бұл туралы бір қазақ былай деп пікір жазыпты: "«Сен келерсің» тамаша ан. Ал кино ше? Қазақ даласында «МузАРТ»- тың қоңыр үнімен хит болған ән, қай мемлекеттің киносын жарнама жасамақшы. Алде, Асад пен Аян, Мейрамбек, Сәкен, Кенжебек ағаларымызға осын әнді жазып бердіме екен? " Сен келерсің" әні арнадан қосылып киноға жарнама жасай бастағанда 31 арна қазақ киносын түсіріп тастаған екен деп қалдық. Үнді киносын Қазақ әнімен жарнама жасамаңыздаршы өтінемін".



Сіздіңше, бұл дұрыс па?

Әрі қарай

Әлемдік мундиаль

Блог - kaztube: Әлемдік мундиаль
Әлем чемпионаты басталып, ел-елдің бәрі әрбір ойынды қызу талқылап жатқан сәтте Kaztube.kz бейнепорталы да трендтен тыс қалмауды жөн деп шешті. «Спорт» газетінің журналисті Бек Төлеуовтың авторлығымен жаңа жоба көрермендерге жол тартпақшы.
«Әлемдік мундиаль» деген атпен шығатын бағдарламаның мақсаты – Бразилияда өтіп жатқан 2014 жылғы әлем біріншілігін талдау, сараптау болмақ. Аптасына үш рет шығып отыратын бұл бағдарламаға қоғамға белгілі, елге еңбегі сіңген тұлғалар қонақ болып, әлем чемпионаты туралы өз ойларымен бөлісіп, әрбір өткен ойындарды талқылайтын болады. Алғашқы қонақтардың тізімі де белгілі, олар: Дәурен Берікқажы, ақын, бірнеше жыр-жинақтарының авторы; Ерік Чинчалинов, Л.Н.Гумиелев атындағы ЕҰУ-нің Студенттер лигасының менеджері, Қазақстанда алғаш рет футболдан студенттер лигасын ұйымдастырған. Алдағы уақытта тағы да басқа қонақтар шақырылады.
Kaztube.kz бүгін-ертең көрсеткелі отырған жаңа жоба халыққа өте пайдалы әрі қызықты болары сөзсіз. Біздің порталды қарай жүріңіз!
Әрі қарай

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫ БАС АССАМБЛЕЯСЫ 155-СЕССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫ

Астана қаласы.
13 маусым, 2014 жыл.

«Rixos President Astana» қонақүйінде ЭКСПО-2017 Комиссары – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияевтың Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 155-сессиясының қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихаты болып өтті.

Баспасөз мәслихатында сөз алған «ЭКСПО-2017» Комиссары – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев шетелдік қатысушылармен келіссөздер басталғанын және инвестициялық әріптестіктер орнатылып жатқанын жеткізді.
Әрі қарай

Белгісіз

Бір аға бар. Өмірде таныс емеспіз. Тіпті, офлайнда да танымаймыз. Жекеде хат жазыспаймыз. Салған суретіне, жазған жазбасына қараймын. Менен едәуір үлкен. Қайда жұмыс істейді?! Қайда тұрады?! Әлде, ол тролльме екен? Белгісіз бір «аға».

Мен оны оффлайн болса да іздеймін. Себебін, өзім де білмейм. Махаббат дейін десең… Бұл басқа әңгіме.

Патриот екенін білемін. Өйткені дәлелдеп жүр. Түрлі жерде өткізген шараларынан, айтқан сөздерінен қазақылықтың иісі шығады. Иісі тіпті «мұрыныңды жарады». Фотолары ғой көргенім. Патриот бір «аға».

Жазған әр жазбамның астына коммент қалдырады. Нағыз қазақ жанашыры. Менің биікке шыққанымды қалайды. Әр қадамымды аңдып отырады. Репост жасайды. Әр комментінде айтар ойын жазып-жазып «Сен орында осыны!» деп аяқтайды. Бірақ, бетіне бұйырып ешкім сөйлемеген қызға мұндай комменттер ұнамайды. Модератор өзім болғаннан кейін өшіріп тастаймын ондайларын. Қалқаман ақынның «Оқырман қызы» секілді. Өмірде алыспыз. Бейтаныс бір «аға».

Бірақ, мен ол кісіге таң қаламын?! Неге мен?! Басқа қыз көөөп қой. Жазып жүрген. Жазайын деп жүрген. Себебін талай рет білгім келді. Хат жазуға оқталдым да. Қарындасы екенімді білсем де, намысым жібермеді. Ұят қой. Қалай бастайсың? Не дейсің? Намысшыл бір «қыз».

Сөйттім де… Ойланып. Толғанып. Ол кісіні өшіріп тастадым. Бітті. Ауыр жүктен құтылғандай боп жүрмін. Бірақ, бұл аға мені ол сияқты тағы қаншама адам тығылып оқып отырғанына көзімді жеткізді. Рахмет, сізге! Ехх… Әйтеуір, сендер аман болыңдаршы «ағаларым»!

P.S: Вконтактеде жазып едім. Бұл жерге қатысы жоқ негізі.
Блог - Sikosha: Белгісіз
Әрі қарай

Жұлдыздардың бала асырап алу туралы ойы

Көк жәшіктен ғана көретін жұлдыздар өмірде қандай? Тұрсынбек Қабатов осы видеода айтқандай кез келген жерден тамақтана салып, дүкенге жүгіріп кете салу қарапайымдылық па? Жұлдыздар жалғыз жүруден қорқа ма? Әріптесіміз Клара Ермағамбетова осы сияқты сұрақтарға жұлдыздардан жауап алыпты. Өте қызық шыққан. Көріңіздер


Өнерімен мол табыс пен атаққа жетіп жүрген жұлдыздарымыздың балаға деген, бала тағдырына деген ойы қандай екен деген мақсатпен ауырлау сұрақ қойып көрдік: «Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың бірін қамқорлыққа алуға қалай қарайсыз?» Клара әріптесіміздің Замандас атты болгындағы ең сәтті видеолардың бірі. Көріңіздерші, қызық.

Әрі қарай