Адам өз рухын сезінуі

Кейде адамдарда болады ғой, болып жатқан оқиғаны бұрын түсінде көргендей боласың. Содан соң айтасың: «дәл осыны түсімде көрдім» — деп. Бұл сонда қалай… Не себептен болады?

Бұның түске қатысы жоқ. Бұл жер бетіндегі барлық адам баласында болатын жағдай. Адамның рухы болады. (яғни, адамның жаны, рух пен жан бір мағына) Адам өлген кезде, оның сыртқы тәні, денесі қабірде шіріп жоқ боп кетеді. Ал рухы өлмейді, көкке көтеріледі. Яғни, рухымыз Аллаға қайтарылады. Алладан келдік, қайтадан Аллаға қайтамыз деген сөз бар. Ең бірінші адам баласы ананың құрсағында жаратылып жатқан кезде, ең алдымен оның рухы жаратылады екен. Сосын осы рухына бүкіл жер бетін, өзінің болашақ өмірде көретін оқиғаларын, көретін жерлерін алдын-ала көрсетіп қояды екен осы рухқа. Міне бізде осындай жағдайлар болады, бұрын осы жерде болған сияқты, осы оқиғаны бұрын көрген сияқты боп тұрамыз, сол кезде рухымыз сезінеді екен сол жерде болғанын. Ислам дінінде әлимсақтан бері мұсылманбыз деген сөз бар, әлимсақ деп адамның рухы жаратылған кезді айтады, яғни бүкіл адам баласы жаратылған кезде мұсылман боп жаратылады екен. Кейін оны ата-анасы не мұсылман, не христиан, не буддист қылып тәрбиелейді.Бұл, яғни, біздің бұрын болғандай секілді бір сәт осы жағдайды сезінуіміз біздің кім екенімізді айқындап береді. Яғни мұсылман болуды қаласақ та, қаламасақ та, Ислам дінін жақсы көрсек те, жек көрсек те, егер рухымыз осы бірсәттік жағдайды сезінсе, бұл біздің мұсылман екенімізді білдіреді.
Бөлісу:

2 пікір