Арнайы АКУ үшін :)

Сенбі күнгі(7 қаңтар) кездесу жоспарлағанымыздай өз уақытында болды. Тек, көп керек мүшелері келе алмайтындарын тек сол кезде айтқаны, Гуфаны алғаш болып біздер көрдік кажись. Өте тартымды, сұлу қыз екен Отырыс ұнады.
Әрі қарай

Fm - жаңа химиялық элемент

Қазақ ғалымдары жаңа химиялық элемент тауыпты. Бұл элементті ең алғаш боп біз танытып отырмыз.



Менделеев кестесінің 115-ші элементі
Элемент: 115
Аты: Әйел
Белгісі: Fm
Атомдық массасы: 60кг, сондай-ақ 40 кг-нан 250 кг-ға жететін изотоптар кездеседі.
Таралуы: өте кең таралған.
Әрі қарай

2011 жылдағы басқа маңызды даталар



Биылғы жылдың басты тақырыбы әрине Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Десек те осы жылы кейбір маңызды даталарды ескермеген сияқтымыз. Демалыс күні Nurgisa -ның үйінде шәй ішіп отырып, осы тақырыпта ойланып қалыппыз. Ойша есептеп көрсек Қазақ Хандығының құрылғанына биыл 555 жыл болыпты. Мұндай әдемі дата енді тек 222 жылдан кейін кездеседі, 111 жылдан кейінгісі қызық емес.
Әрі қарай

"Жұлдыздар фабрикасы" Қазақстанда


«Жұлдыздар фабрикасы» байқауының көрсетіліп жүргеніне біраз болды. Басынан көрдім десем болады, бірақ біраз уақытқа дейін конкурсанттардың аттарын жаттай алмай әлек болдым. Бұл конкурстың басқаларынан ерекшелігі өте көп. Ең бірінші кілең жастар қатысты. Және көбі музыкадан жұрдай емес ұлдар мен қыздар.


Әрі қарай

Таныс болыңыздар: AKA

AKA — Бектеміс Ақнұр, 1993 жылдың сәуір айының 8 жұлдызында Сыр өңірі — Қызылорда қаласында дүниеге келді. Осында 11 жылдық білім алып, 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне, «инженер — құрылысшы» мамандығы бойынша оқуға түсті. Қазір 2 курс студенті, журналист ағасы әзілдемекші, болашақта «Шехрезат ханым» болып қызмет етеді, иншАллаһ!

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Жалпы ғаламторда қазақ блогерлерінің жазбаларын оқып жүретінмін, сондай сәттердің бірінде керекинфоны да көзім шалды. Кейін, осындағы белді қолданушылардың бірі /ол құпия / керекинфоға шақырды, 2011 жылдың 3 маусымында тіркеліппін.
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: bazuka

Тұрсынбекова Базарайгүл — bazuka
19 наурыз 1982 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің физика математика факультетінің түлегі.
Бос уақытында әдеби кітап, интернеттегі жаңалықтарды оқиды, КерекИнфоға кіреді. Таңертең жүгіргенді (жазда ғана) жақсы көреді және спорттық жаттығулар жасайды. Хоббиі фото, видео монтаждау.

Ұнатпайтын нәрселері: үй телефонына хабарласқандарды (сирек жауап береді), тамақ үстінде сөйлеп отыруды, үлкенді сыйламайтын кісілерді, компьютерді ойын ойнау және фильм, фото қарау құралы ретінде пайдаланатындарды.
Ұнайтын нәрселері: тамақ әзірлеу, күнделік немесе өз ойларын жазу және табиғатты суретке түсіру.
Әрі қарай

Қыздарға арналған ұлттық нақыштағы әшекейлер

Өткен жазбаларымызда біздің дүкеннің ашылғанымен бөліскен болатынбыз. Сол кезде біраз сұрақтар туындап еді бізге, қыздарға арналған әшекей бұйымдары жоқ па деп. Міне, қыздар сіздерге қуанышты хабарымыз бар! Қабыл алыңыздар:
Әрі қарай