Таныс болыңыздар: AKA

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Жалпы ғаламторда қазақ блогерлерінің жазбаларын оқып жүретінмін, сондай сәттердің бірінде керекинфоны да көзім шалды. Кейін, осындағы белді қолданушылардың бірі /ол құпия / керекинфоға шақырды, 2011 жылдың 3 маусымында тіркеліппін.
— Күніне неше рет кіресің?
— Сайттағы жаңалықтар мен жазбалар күнделікті назарымда. Керекинфоға кірмей қалған күндерім сирек Керекинфо — ғаламторға кірген бойы №1 қарайтын сайттарымның бірі десем қателеспеймін.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Барлық тақырыпты шолып шығамын әрине, көбіне қыздарский тақырып (қолөнер, тамақ жасау т.с.с) қызықтырады. Сонымен қатар, саяхатқа шыққандағы жазбалар, эстафеталар, ғибратты әңгімелер, киностанның жаңалықтары, жаңа әуендер, бейнебаяндар ұнайды, жеке адамның ішкі ойын ашық жеткізген жазбалары да мен үшін ерекше.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Барлығының пікірін құрметтеймін, себебі керекинфо — еркін блог жүйесі. Көбіне, қатесіз, пунктуацияны сақтап, сұраққа қазақша нақты жауап берген пікірлерді оқығанда риза боламын. Жағымпаздану емес мақсатым, жеке көзқарасымды осы жерде айта кетсем деймін: satibaldi, asaubota, Nurgisa, Gastarbaiter сынды мықтылардың ащы шындықты жазатын пікірлері, Abilakim, patick, qisyq, nurbergen_makym ағалардың астарлы һәм ақылды сөздері, sammita, AKY, balzaminka, Zilola мықты һәм сауатты әпкелердің таза ойлары, Altygradus, Gulistan, Dinara, Zere, Erkekyz, Aizhantabyn, Delhi сынды сұлу әпкелердің нәзік, жаңашылдыққа құштар сөздері, omarbirat, Arhun, Janasil, KILYZAMAN, ErNur, TERISKEY, saken, urimtal, Argyn, Aldeken, Bekjan, izbasar сияқты ізденімпаз кісілердің қазақилыққа жаны құмар сөздері, blackbeard, VKM, konvict, madlen, a63a1, monti, Aikona, e_zhalgas, meirzhan, neoman, rakisheva сынды жастардың креативті пікірлері мен үшін маңызды. Керекшілер жайлы осындай ой түйген болатынмын.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Әкем мен анам ғаламтор ауылынан алшақтау, ағам жұмысбасты, ғаламторға көп кіре бермейді. Тек әпкем ғана ғаламтор беттерін парақтап отырып көруі мүмкін. Достарым мен таныстарым да бар, оқып тұратын.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Техникадан онша хабарым жоқ, жалпы барлығы да ұнайды, уақыт өте бәрі реттеліп келеді. Мен үшін сайттағы адамдар мен олардың жазбалары маңыздырақ. Эстафетаға қатысқаныма қуаныштымын, сізге көп рахмет! Жұма мүбәрак болсын, жамағат!
Әзәрше біреуғана. Сыныпта нешінші атаман болдың?
Ақнұржан, ертеңгі маман ретінде пікіріңді білгім келеді: Астананың сол жағалауындағы архитектураға (жалпы) не көзқарастасың? Ақ Ордадан Хан Шатырға дейінгі «ашық дәліздің» фен-шуймен байланысы бар деп ойлайсың ба, жоқ па? Мысалы, қысқы уақытты жел соққанда әлгі аралық кәдімгідей долы боп кететіні бар. Бұл — бір.
Екіншісі, музыкалық аспапта ойнайсың ба?
1. Астананың сол жағалауын елорданың төрі деп атауға болады. Астанаға бармағалы көп болды, көзбен көрмеген соң нақты айта алмай отырмын. Аңызақ желдің қатты болатыны жайлы естігенмін, сондықтан да көгалдандыруды қарқынды жүргізуде.
2. Жоқ, музыкалық аспапта ойнамаймын, домбыра курсына жазылып, үйренбекшімін.
солай атаған адамнан сұрау керек екенАҚА ғой негізіМенің ініммен құрдас екенсің. Он сегіз деген әдемі жаста жүр екенсің. Күнделік жазасың ба?
уряяяяя халқым смайлар кепті ғо
1.сұрағым тамақ істеуді қай уақыттан бастадың? кухняға кірген кезде қорқыныш билемейді ме? және тағам түрлерін қайдан аласың? қамырдан тамақтардың мастерісің/ау шамасы
2.шариғат заңдарымен жүресің бе(5 парызды айтам) дін жайында қандай кітаптар оқыдың?
3. реалда да сеп/серезныйсың ба? көп күлесің бе?
4. керекте біреуге ренжіген жоқсың ба? басында келген кезде? (айт маған чертов смаймен жекеде шаблу жасайМ десем
)1. Мектеп кезден тамақ жасаймын, қорқыныш билемейді.
2. Тілімді кәлимаға келтіріп, Құдайға құлшылық етем. Рамазан айында ораза ұстап, шамам келгенше зекет береміз. Қажылық сапарын Аллаһ баршамызға нәсіп етсін деймін!
3. Иә, сырттай қарағанда мені тым байсалды, сөйлемейді деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ олай емес, жақын араласқанда басқаша болады. Күлемін, күлдіртемін, ауырып, көңілі түскен адамның мұңын ұмыттыруға тырысамын.
4. Жоқ, ренжіген де, ренжіткен де жоқпын деп ойлаймын.
Кәріс сериалдарына қызығатыныңды білемін. Қазір қандай сериал қарап жүрсің?
1. Сұхбатты жұмаға арнайы орайластырдың ба?
2. Үйде баланың үлкенісің бе (тамақ әзірлеу, үй шаруаларына мықтысың)
3. Денсаулығың үшін мына шәйді ішіп қоюға рұқсат па
1. Арнайы ойластырмадым, жұмаға тура келді. Кеше келген сұрақтар, бірақ жауап жаза алмадым, сабаққа кету керек болды.
2. Жоқ, үйдің кенжесімін. Әпкем, ағам, сосын мен
3. Рұқсат, рұқсат
5- қауымдастықтан еш хабар жоқ енді бұл жерде. Жасаған тамақтарыңа қарап үлкен қыз екен деп жүрсем, кішкентай екенсің ғой. Жарайсың!құрдас1. Қызылордадан Алматы не Астана сияқты үлкен қалаларға кеткің келмей ме?
2. Жұлдыз жорамалың Тоққты екен. Тоқты қыздар әдетте амбициозные, эмоциональные болады. Көңіл-күйі әрқилы болып өзгеріп тұрады. Саған осылар келе ма?
2. Жұлдыз жорамалға сенбеймін, бұрын оқитынмын. Тез өзгермейтін сияқтымын, алға ұмтылатыным рас. Көбіне позитивті жүруге тырысамын, айналама қуаныш сыйлағым келеді. Бірақ, өзіме келгенде ойға батуым жиі болады.
апашкідемеген ғо, қайта, қандай жақсы образдасын сенменің ініммен құрдас екенсің
Қазіргі жастар көне салса қанеки ондайға
сізге келін боламЖалпы ел, қала экономикасының, инфрақұрылымының дамуын құрылыстың салынуымен өлшеп жатамыз ғой. Салатын нысандарың көп болсын! Сәулеті әдемі, берік, кө қаржы әкелетін ғимараттар салуыңа тілектеспін!
жегенді дежақсы көремАбайдың «Байтасовтың суреттері» тақырыбын көріп, елең ете қалған едім, ол кісі сабақ бермей ме? Біздің кезде "Құрылыс" кафедрасының меңгерушісі еді. Жапахова, Ғалымжан ағай деген кісілер бар ма? Асылхан ағай менің жетекшім ғо, директор болғанын естіп бір қуанып алдым, студенттерді жақсы көретін кісі ол. Универге қатысты тағы бір сұрақ, студенттердің озат тақтасы әлі бар ма? Айтпақшы, қазір студдекан, жастар одағы, профком дегендер бар ма, әлде тарихтың еншісіне өтті ме?
Сұрақтарды қойып, бірнәрсе айтсам деймін
Әрбір кісі бақыт үшін жаралған, баянды бақыт тілеймін! Өмір алда демегін, жеңіс алда деп, соған бір қадам алға басып, шауып жүре бер!!!
Иә, иә
Үздіктер тақтасы бар, жарыс жеңімпаздары, ғылыми жобадан орын алғандар, президент степендиясының иегерлері т.с.с. Иә, студ.деканаты жұмысын жасауда, жастар ұйымы көөөп, «Альянс», "Қыран", "Ұлағат", дебатшылар клубы, бәрі-бәрі бар, жағдай жасалынған.
Менің сұрағым: инженер-құрылысшы болсаң неге
дейсің. Инженер техпрофқа жата ма, жатпай ма деп ойланып кеттім