БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: "Алтын бауырсақ" ертегісі

Тонадайда мырс-мырс күліп Ақнұр Бектеміс кетіп бара жатты… ©
Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі

"ҚАЗАҚСТАН" ТЕЛЕАРНАСЫ

AKA тоғай ішіндегі үйіне мырс-мырс күлген күйде кірді. Қарашаның қара суық мезгілі екенін есіңізге сала кетейін. Ақнұр Бектеміс сайттан алғыр «Ас мәзірі» сайтына кіріп, кеше ғана өзі жариялаған «Роллтон мен Big Bon по-доширакски» жазбасын оқыған бойда плазмалық «Рекорд» телебезерін қосты. Құдайдың бере салған жалғыз "Қазақстан" телеарнасын ғана көрсетеді екен. Ақнұрдың мән бермегенін байқаған әлгі телебезері Нұр Отан партиясының кәсіпкерлерді қолдайтын бағдарламасын назарына ұсына қойды. Ақнұр қылқ ете кілт тоқтай қалды. Жападан-жалғыз қалғанда өзінен-өзі сөйлейтіні бар. Құрылысшы қызды үнсіздікке не нәрсе бойсұндырды екен, ә?! Телебезер Көркем Аблаеваның кәсіпкер атанғанын мақтана көрсетіп жатты. Ақнұрдың екі беті қызарды да қалды.

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі

АКА-НЫҢ АШУЫ

Сөйтіп, біздің Ақнұр ашуға бой бергісі келмесе де, ертегі оқиғасының жалғасуы үшін ашуға бой алдырды. Тіпті, ашу-ызасының бойында буги-вуги билегенін түрінен де байқауға болады. Сонда біздің қызымыз не үшін ашуланды? Міне, Ақнұрдың ашуды жеңу үшін ас әзірлейтін қазақбайшылық әдеті бар еді. Бұл жолы қандай тағам дайындайды екен? Көркем екеуі әлгі трафигі толғыр сайтта адамзат дәмін көрмеген неше түрлі тағамдардың дайындалуын жазатын. Крейтервейс сорпасын да әзірлеген осы екеуі еді. — Кеше ғана ас дайындап жүрген Көркем қалайша кәсіпкер боп шыға келді? — деп, Көркем қыздың пісірген бауырсағын қарқылдап күлген түрде дайындай бастады. Расында, оған Көркемнің ойда жоқта кәсіпкер болғаны қызық көрінді. Қызғанбады да. Ақнұр үнсіз қалғанда менің тіліме сөз қайдан қонсын?!

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі

АЛТЫН БАУЫРСАҚ

Ашуы тарқамаған Ақнұр осыншама пісірген бауырсағын жалғыз тауыса алмайтынын анық білді. Ескі ағаштан жасалған терезесінен басын шығарды да, "әппағым-әппағым, сендей жанды таппадым" деп бұлбұлша сайрайтын кәрі қарға арқылы VKM -ге осы шақтан әлдебір дыбыстарды: абракадабра, ақалай-мақалай сиқырлы сөздерін қайталау арқылы хат жолдады. Алқамшүкірін айтып, көзі түскен бауырсаққа енді ғана тырнақтарына Orly лагы жағылған қолын соза беріп еді: — Ақнұр Бектеміс, мені жеме! — деген дауысқа лезде сұлап түсті. Есін жиған соң, «дауыспен» сөйлесе бастады. — Мен — алтын бауырсақпын! Сен — құрылысшысың, — деді бауырсақ. Ашуына жүк болған бауырсақты қолына ұстаған сәтінде: — Мені жеме! Жеті шелпек болып кетпей тұрғанымда жеті тілегіңді орындауға әзірмін, — деп қыздың көңілін тапты. Ал бауырсақтың бұл әрекеті қазақтың қызға сөзі жүрмейтін жігіттеріне сын. Алайда қыз баласын мал секілді алып қашуды алтын бауырсақ сөз етпеді. Ақнұрымыз ақымақ емес, құрылысшы. Сондықтан Санта-Мария Нашенте мешітін салу оның арманы еді. Қызымыз да пенде ғой. Пендешілікке салынып, Көркемдей кәсіпкер болуды қалады. Бірақ бұл тілегі орындалмады. Неліктен дейсіз бе? Жалғыз қырсық себебі: VKM келді. Сол сәтті пайдаланып, бауырсақ та ашық тұрған терезеден аксель секіріс жасап қашып кетті.

ТОҒАЙ ІШІ ДУ-ДУМАН

Алды-артына қарамастан қашып келе жатқан алтын бауырсақты бұрышта cannabis sativa шегіп тұрған Adiletshu тоқтатты. — Зомбилар ақылды мақұлық қой, — деді қарқылдап-күркілдеп. «Зомбидің қолын шауып, тісін қағып тастаса ешкімге зияны жоқ екен. Дәл солай жұмысқа сап қойса ешек сияқты еңбегі адал екен ғой жарықтықтың...» деп әңгімесін жалғай түсті. Бауырсаққа бұл кісінің тоқтамастан күле бергені ұнамады. Қашып құтылды. Алдынан кеше ғана Түркістаннан келген ErbolAliaskaruly шыға келді. Қарны әбден ашқан көрінеді. — Мені жеме! — дегеніне біздің Ерболымыз себебін сұрады. Әлбетте, бауырсақ ән айтты. — Мария Магдалина, чип-чип-чип! — деп ыңылдай бастағаннан-ақ әлгі балақай билеп, Күнсұлуын іздеп кетті. Бауырсақ бұған ашуланды. Әлі әндететін "Қызыл өрігі", «Бол жанымдасы», «Ақ маржаны» бар еді. Қамырын бір сілтеді де, жолын жалғастыра берді.

АЛҚАШ ӘУЛИЕ ВАЛЕРИЙДІҢ АҚЫЛЫ

VKM Ақнұр Бектеміске көмектесе алмады. Сөйтіп, сыпырғысымен Өскеменге ұшып кетті. Құмалақ ашуға қарсылық білдіретін қызымыз амалсыз Әулие Валерийдің үйіне барды. Алқаш әулиеміз есік алдында шалқанды тартқылап жатыр екен. Бір кезде көмекке мысық сасыған алжапқышы бар баба Зина жүгіріп келді. Екеуінің де шамасы келмеді. Ақнұр болса жай ғана бақылап тұр. Мұсылманшылық жасап, көмектессе де болар еді-ау! Олар да ізгі христиандар. Үшінші боп шалқан тартысқа қызы Наташа ұйқыдан ояна салған түрімен қосылды. Күні бойы ашық-шашық жүретін Наташаның бұл тұрысына Ақнұр Бектеміс жиіркеніп қарады. Ал Ispek92 осы қызды көрген бойда артына кеп жабысты. Әлбетте, алқаш әулиеге қызына жабысқан күйі қол ұшын созды. Ит-мысығы да қосылып, сері жігіттің үстін бүлдірді. Шал шаруасы біткен соң, Ақнұрға алтын бауырсақты іздеуден бұрын үйіне пластик терезе салдыруын кеңес қылды. Әйтпесе, бауырсақ табылғанымен, терезеден қайта қашып кетеді. Өкінішке қарай, пластик терезе Ақнұрдың ауылынан табылмады. Валерий әкей Төретамда сондай кәсіппен айналысатын Тимур Джуринский бар екенін айтты. Ақнұр «Түркістан-Сексеуіл» пойызына отырып, Төретамға жол жүрді.

ТИМУР ДЖУРИНСКИЙ

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Ақнұр Тимур Джуринскийдің жұмыс орнына жеткен соң есіне Жәния Джуринская түсті. Дегенмен, ол үшін Көркем қыздай кәсіпкерлікті қолға алу бірінші орында еді. Бұл кәсіпті жыл бұрын бастаған Тимур цехті көрсетті. Цех орны әзірше Тимурдың үй жағында сарайда екен.

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Ескі сарай ішінде Ақнұрдың тынысы тарылып, сыртқа шықты. Ом бху бхувах свах тат, сыртта да ашық аспан астындағы цех бар екен.

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Ақнұрдың қызығушылығы оянғандай болды. Дегенмен, оның іздеп келгені басқа мәселе еді. Тимур да телебезерге шығамын деген оймен өзінің бәдік әңгімесін сапыра жөнелді:
Бұл кәсіптің басты ерекшелігі: айлықты күтпейсің. Бәрі де тапсырысқа байланысты. Ал қиыншылықтары: жасап берген соң қалай қолдану керектігін түсіндіріп бересің, бірақ сонда да қолдан қиратып тастайды. Бір жылға дейін кепілдік бар. Тапсырыс әр кезде әрқалай түседі. Қазір валютаның ойнауына байланысты қиыншылықтар көбейіп тұр. Бәрі ақшасын ұстап отыр. Жазда тапсырыс көбірек түседі. Қазір адамдар сапаға мән беретін болды. Негізі, кәсіп деген заман талабына қарай өзгеріп отырады. Сондықтан әзірге бұл нәрсе керек. Ағаш терезеден айырмашылығы көп. Боямайсың, сырламайсың. Тек қана шаңын сүртіп аласың. Кез келген пластикалық материалың жетпіс жылға дейін жетеді. Пластикалық терезенің тек резеңкесі ауыстырылады. Сынса, терезесін ауыстыру керек.


АКА АҚАЙДА

Тимур Ақнұрға пластик терезенің қалай салынатынын, жалпы, жұмыс барысын көрсету үшін оны Ақайға ертіп әкетті. Тимурдың қарамағында Асан мен Үсен деген екі батыр бар екен. О баста отыз мың теңгеге жұмыс істеген екеуі бүгінде елу мың теңге айлық алады екен. Бәрінен бұрын Ақнұрға жаңа салынған үйдің құрылысы әсер етті. Тіпті, мұнда қайдан неге келгенін ұмытып та қалды. Қиялдаған күйі терең ойға шомып кетті.
Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Ақнұрдың ішіне кіріп-шықпаған Тимур әңгімесін жалғастырды:
Бізде терезелер Түркиядан келеді. Қазақстанда да шыға бастады. Алайда сырттың терезелері жақсырақ боп тұр. Түріктердің, немістердің, қытайлардың пластика терезелері бар. Айырмашылықтары бар: күнге сарғайып кететіні болады. Қытайлық терезелердің де жақсылары болады. Бәрі бірдей емес. Тапсырыс берушілер көбінесе жылы болсын дейді, жел соқпасын дейді.
Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Бәсекелестер бар. Бірақ бар деп қорқуға болмайды. Әркім өз жұмысын таза істесе, ешкімді алдамаса, жақсы шығады. Біз бәсекеден қорықпаймыз.
Тимурдың мылжыңы ақыры Ақнұрдың зығырданын қайнатты. Бірақ Ақнұр бұл маңды бет алды тастап кете алмады. Алтын бауырсақтың да уайымы эндокарды бүріскен жүрегін мазалай берді. Аритмияға сәл-ақ қалған еді. Қажет кезінде электрокардиостимулятор да болмай қалды. Ақнұр Тимурдың мынадай сөздерінен соң сабасына түсті:
Мемлекеттен ақша бөлініп жатыр дейді. Бөлінсе бөлініп жатқан шығар, бірақ бізге жеткен жоқ. Біз барсақ, бізге анау дейді, мынау дейді. Мына жаққа жұмсайды, ана жаққа жұмсайды. Онымен айналысып жүруге уақыт жоқ. Жұмысты кім жасайды сонда? Терезенің шаруасы бір күнде біте қоймайды. Оны жинауың бар, салуың бар, тексеруің бар. Әуелі өлшемі алынады. Пластик терезенің зияны бар деп те естігем. Бірақ қарап отырсаң, жүз пайыз зиян емес нәрсе болмайды ғой. Барлық заттың плюс-минусы болады.
Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Ақнұрға таң қалуға болады. Ол сыртқа шықты да, жаңа салынып жатқан үйлерге көз жүгіртті. Өзі де құрылыс жайын ойлап, армандай бастады. Немене, болмайды ме екен? Бұл да құрылысшы ғой.

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Шетелде пластик терезелерін қойып, қайтадан ағашқа көшіп жатыр деседі. Материалы тура осындай. Кепілдігі он жылға созылады екен. Бірақ ол бізде қымбат болады. Бұқараның тесік қалтасы көтермейді. Ақша бөлініп жатыр дейді, бірақ өз күшімізбен жұмыс істеп жатырмыз. DAMU-ға да барып көрдік, басқа да ұйымдарға бардық. Қыста тапсырыс аз болғанымен істеуге болады. Мен өзім соның мысалымын. Бұған дейін фирмаларда айлыққа жұмыс істедім. Ешбір жұмысқа алмады. Жұмыссыз жүрген соң осы кәсіппен айналыса бастадым.
Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Ақнұрдың бар ойы кәсіпкерлікте болды. Ол үй құрылысын қызықтаумен алаңсыз жүре берді. Тимурдың сөздері мына құлағынан кіріп, ана құлағынан шығып жатты.Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Біздің қызымыз үй құрылысын сыртта тамашалап жүрген кезінде іште Құдайберген Бекіштің "Қуырмашын" сүймей-ақ тыңдайтын құрылысшы жігіт Зейнедин терезе салып жатты.

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Асан мен Үсен елін табу үшін осы жерде жұмыс істеп жүр. Екеуінің де сынық ине мен пышақтың сынығын табатыны осы жер болса керек. Енді жақын жерден қазақтардың моласын тапса, елін табатын түрі бар. Молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады деген сандырақ санасын сан-саққа жүгіртеді әлі.

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Ақнұр Бектеміс ойдың түбіне батып, терең тыныс ала бастады. Алтын бауырсақтың уайымы 1400 теңгенің Аквафор сүзгісінен өткен суын сепкендей басылды. Por favor!

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі

АҚЗЕРЕНІҢ ӘРУАҒЫ

Кенет Ақнұрдың көз алдына Zere әруағы көрінгендей әсер қалдырды. Табиғаттың сылқым күші болар деп Ақнұр сабыр сақтай алмай, абдырап тұрып қалды.

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Өзі үшін уайымға түскен Ақнұрымыз алды-артына қарамастан қашты. Қала шетіндегі саябаққа жақындады. Бұл саябақ «Саяжан» атанып кеткен еді. Қарадан шыққан KILYZAMAN -ның билігі кезінде бір ингуш шешеннің он үш жасар Саяжан деген қызы осы саябақ ішінде жоғалып кеткен болатын. Бірақ Ақнұр бұл оқиғаны, бұл мекенді білмейді, тек мен ғой әңгімелеп отырған.


Қызымыз саябақтан аман шыққан соң орталыққа жетейін деп автобусқа мінді. Жұрт толы жерде жаны жай табар деп үміттенді.


Қызымыз автобустан түскен сәтте әлем төңкерілгендей болды. Орталыққа саябақ ішімен қорыққан күйде өтіп, өзі әзер дегенде жетіп еді. Енді не болды? Торғай Атажанның әруағы жыққыр, қайтадан «Саяжан» саябағы шықты.

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Бұл жолы Ақнұр Бектеміс… Әдетте, бұл ертегіні Дулаттарға әңгімелеп берер болсаңыз, мына шежірені тарқата қисайып, масайраған күйде айтыңыз. Шапыраштыларға бұл әдіс сәйкес келмейді. Сөйтіп, Дулаттарда Шымыр деген бір атасы бар екен. Шымырдың өзі үш атаға бөлінеді: Бекболат, Шынқожа, Темірболат. Бекболаты сан жағынан көп екен: Жиенбай, Толмәмбет, Жиенбет, Шілмәмбет, Бестерек. Жиенбайда екі-ақ ұл болған екен: Жаңабай мен Шажыт. Жаңабайдан бес ұл тараған: Шоқан, Күлтемір, Айтқұл, Шөже, Сырлы. Ал Шажыттан үш ұл туады: Байқан, Бектеміс, Сәмбет. Дулаттардың қалған аталарын Албандардың тойында тарқата жатармыз. Міне, Ақнұр Бектеміс осы Шажыттың Бектемісіндей болса, бәлкім, есінен танып, қара жерге еркін құлау үдеуінің көрсеткіші 985 см/сек2 болмас па еді. Бізге бұл құбылыс беймәлім, бірақ Ақнұрдың санасында мынадай естеліктер кадры жүріп жатты:




ОЯН, ҚАЗАҚ!

— Оян, қазақ! — деп орысша сөйлеген VKM бесін кезінде алма шырынын ішкен соң көз шырымын алған Ақнұр қызымызды оятты. Түрі бозарып, шошынып оянған еді. Сөйтіп, Малика көкесіне көрген түсін, алтын бауырсақты тәптіштеп түсіндіріп айтып берді. Жалпы, өмірде ешқандай «алтын бауырсаққа» сенім артпай, тек қана еңбектеніп өмір сүрудің маңызын түсініп, осыған сәйкес шешім шығарғандай болды. Шәйнекті қайнатып, екеуі дастархан басына жайғасты. Сол сәтте VKM сөмкесінен мына бір жапырақ қағазды шығара бастады:

Керек тілші: БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: Алтын бауырсақ ертегісі
Бұл басқатырғыштың сұрақтары мынандай еді: 1. Адамның өзіндік табыс алуға бағытталған дербес қызметі. 2. Кәсіпкерлікті, сауда-саттықты ағылшындар қалай айтады? 3. Сон Паскальдің ата-әжесі бұл сөзді Ресейде «подпись» деп айтады. 4. Қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы бағдарламаларға, инновациялық жобаларға құю. 5. Тауар өндірушілердің күресі. 6. Іс-әрекет жасауға бағыт беретін нұсқаулар жиынтығы. 7. Үй шаруашылығын жүргізу өнері. 8. Бағаның өсіп, тауар тапшылығы мен оның сапасының төмендеуінен болатын ақшаның құнсыздануы. 9. Шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдер жүйесі.
Әрі қарай

AKA мен Киелі Рух тувлессе - қайсысы жеңед?

Бакландар туралы қысқаша анықтама:

AKA — осы жердің юзері, кейде тегін негізде — әңгімелерде эпизодтарда ойнайды;

Киелі Рух — діндарлар өздері де түсініп болмаған рухани-моралдық категориядағы аспанға мініп-түсіп жүретін бірдеңе.

Celebrity deathmatch: AKA мен Киелі Рух тувлессе - қайсысы жеңед?

Fight!!!
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: AKA

AKA — Бектеміс Ақнұр, 1993 жылдың сәуір айының 8 жұлдызында Сыр өңірі — Қызылорда қаласында дүниеге келді. Осында 11 жылдық білім алып, 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне, «инженер — құрылысшы» мамандығы бойынша оқуға түсті. Қазір 2 курс студенті, журналист ағасы әзілдемекші, болашақта «Шехрезат ханым» болып қызмет етеді, иншАллаһ!

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Жалпы ғаламторда қазақ блогерлерінің жазбаларын оқып жүретінмін, сондай сәттердің бірінде керекинфоны да көзім шалды. Кейін, осындағы белді қолданушылардың бірі /ол құпия / керекинфоға шақырды, 2011 жылдың 3 маусымында тіркеліппін.
Әрі қарай