Қыздарға арналған ұлттық нақыштағы әшекейлер

Өткен жазбаларымызда біздің дүкеннің ашылғанымен бөліскен болатынбыз. Сол кезде біраз сұрақтар туындап еді бізге, қыздарға арналған әшекей бұйымдары жоқ па деп. Міне, қыздар сіздерге қуанышты хабарымыз бар! Қабыл алыңыздар:
  • 1- топтамыз «алқалар» (кулон). Ұлттық нақышта жасалған алқаларды көре аласыздар. Бәрінің бағасы 2000 теңге. Металы: мельхиор






    2- топтамамыз«Сылдырай» деп аталады.
  • Автор: Сарсенов Ертай Сылдырай
  • (білезік, сырға, сақина, шынжыр, алқа) 79 грамм,  
  • Күміс- 925,
  •  бағасы: 45 500 теңге
  • Ескертпе: құстұмсық оюы




3- топтамамыз "Өмір" деп аталады. Автор: Сарсенов Ертай
Өмір (білезік, сақина, сырға, шынжыр, алқа) 84 грамм
Күміс 925
бағасы: 45 500 теңге




Келесі өніміміз «Бесбілезік» деп аталады. 58 грамм күміс
Бағасы: 32 500 теңге



Келесі өніміміз «Садақшы» деп аталады. Садақшы(сырға, сақина, шынжыр, алқа)
41 грамм күміс (925)
бағасы: 26 000 теңге
Ескертпе: сақ орнаменті





Келесі өніміз «Тұмарша» деп аталады. Тұмарша (сырға, алқа, шынжыр)
35 грамм күміс (925)
бағасы: 26 000 теңге




Бұл өнімдерімізді және де басқа өнімдерімізді біздің дүкенімізден таба аласыздар. Біздің мекен жай:  Абылай хан көшесі мен Шевченко көшелерінің қиылысы "Ғаламарт" дүкені. 
Ескертпе: Жаңа ұлу жылына арнап коллекциялар дайындап жатырмыз, жақын күнде таныс боп қаларсыздар! 

Бізбен байланысу мүмкіндіктері: galamartort@gmail.com, galamart@inbox.ru
87011484326- Мырзабек
8 7273 934003- біздің офистың телефоны.
Бөлісу:

47 пікір

Janasil
суреттердің көлемі өте үлкен 2736px × 3648px!!! Кішіретіп қайта салсаңыз жақсы көрінеді.
Galamart
Кішірейттім, керекинфо кейбір суреттерді қабылдамай жатыр.
monti
күЧт кен!!! бағасыда қолжетімді!!! гип/гип уряяя :)
Aizhantabyn
сылдыр ай мен бесбілезікке ғашық болдым! не деген керемет! бағалары да қымбат емес екен!!!
Galamart
алматыға келгенде, біздің дүкенге келіңіз сіз ұнатар нәрселер табылып қалар, талғамыңыз жоғары ғой сізге ұнағанына қуанамыз :)
Galamart
тапсырыс беріп жатсаңыз Мырзабек жиі барады астанаға, жеткізіп бере аламыз))
Aizhantabyn
тапсырысты ойланып жүрмін))) керемет! Енді не сыйлайын десе бірек, не керек екенін білемін))))
Galamart
келесі тақырыпқа осындай мәселе көтерсек па дегенбіз :)
bekmur
Alam desenizder Atyrau men Astanaga jetkizip bere alamyn)) Aiyna jok degende bir ret baryp turamyn oitkeni)
sammita
кабинеттегі қыз/келіншектің бәріне көрсеттім. Ұнады.
bekmur
лотерея ойнатсак деген ой бар! калай карайсыздар?
sammita
көрсеттім. алу-алмау жағын өздері шешер)
лотерея туралы… білмеймін.
dark_nazgul
давай давай
Galamart
Лотереяға көз қарасыңыз ба?
KILYZAMAN
«Сылдырай» мен "Өмір" ерекше екен… Түгелімен тамаша жұмыстар…
Ұлттық нақыштар не жайлы сыр шертетін болды екен :-(
Galamart
бұл сұрағыңызды жасаған автордан сұрап, ойын келесі бір жазбамызда беретін боламыз ))
KILYZAMAN
Рахмет: нағыз КЕРЕКИНФОшысың
satibaldi
Әлгі, плутоний шашбау, бүрмелі көйлек, тұрғандай өзін деген өлеңде қазақ қызы жазылып тастаған ғой, соңғы нүктесі қойылып, қайта-қайта бұтақ сілки берудің қажеті не осы тақырыпқа?
Galamart
Не ғой аға, қыздарға қызықты ғой, айтылып кетсе ол сол заман қыздарымен бірге кетті ғой :)
KILYZAMAN
Елеме… Алға!!! Оттап-оттап, қоятыны бар ;-)
Bayan_
Сылдырай өте әдемі екен. Сақина, білезік, алқадағы қызыл көздің орнына көгін салып жасай аласыздар ма? Тапсырыстар қабылдайсыздар ма?
Galamart
Иа жасай аламыз, егер басқада тапсырысқа ойыңыз болса айтыңыз, жасауға дайынбыз
KILYZAMAN
Аршекеңе, жарнамалық пұл төлеп қойшы бауырым ;-)
Galamart
:) иа ол жағын ойлап жатырмыз, өзімізде
KILYZAMAN
Ол пұлдан байып кетпесі анық: Шығармашылыққа деген ындынын ашсын :-)
Bayan_
шашбауға, сосын сылдырайға жасатқым келеді. Почтаңыздың адресін жазып жіберсеңіз
Galamart
galamartort@gmail.com, galamart@inbox.ru
Jacqabaies_Chirac
жарнама әдетте посттың астындағы баннерде тұруы керек сияқты нақ, бұл не бассыздық лібәд!!!
жоқ жазба емес жаз нақ, бірақ әшекейлердің қалай жасалуы туралы фотосеть жасап жіберуге не кедергі
KILYZAMAN
Жұлынбай ақ, білгеніңді айту өтімдірек…
Galamart
Әрине, алдымен жасалған бұйымды көрсету керек қой, сонан соң жасалу жолын. Бізде былай істің мәнісін біледік ек, нақ, лібәдті қоспасаңызда.))
balzaminka
өсек айтайын қарап отырмай :) Осы жақта да жасатады екен тапсырыспен біздің қазақтар. Антиквариатқа подгон жасайды да, қымбатынан сатады. Негізі, жұрт біледі қалай ақша табуды…
KILYZAMAN
"Өнерді сата білу — өнер. Пиғылын сатқан — өлер..."-авторын ұмыттым :-(
Erkekyz
Сырғалар ше?
Galamart
Мына жердегі сырғалар жеке сатылмайды, ал жеке сырғалар жақын күнде болады.
Zilola
Сылдырай, садақшы деген нұсқаларға сындым.
Мына жақтан жақсы олигарх тапсам, Алматыға барғанда сендердің дүкендеріңе әбизөк кіріп шығамын )
Galamart
МММ Қалдықыз, сіз былайда келсеңізші :))
araika
Әшекей бұйымдарын көрсем, өзімді «тоқтата алмаймын». Бірақ, коллекциямда ұлттық нақышта бейнеленгендер жоқ екен.
"Өмір" деп аталуымен қоса ұнады және «Садақшы» да керемет
Galamart
Ұлттық нақышта емес дейсіз бе? Сонда ою тұруы керек па?
araika
Жоқ, ондай ештеңе айтпадым, керісінше ұнағанын және жеке коллекциямда жоқ екенін жеткіздім ғой :)
Zhan
Түсінюегенім бұл Алматыда ма?
Galamart
иа Алматыда, тапсырыс берсеңіз Астанаға апарып бере аламыз
Erlan
Бұрын үйде күмістен істелген, бұрыңғы кезден қалған анандай 3 бұрыш тұмарша жүретін, соңғы сүреттегідей, кэремет жұмыстар екен!
asaubota
жігіттер, астына мүмкін телефон номерлеріңізді немесе басқа байланыс ақпараттарын жазып қоярсыздар? басқа қалалардан сұрап жатқандар бар контактілеріңді.

тек қана күміс па? алтыннан жасалған өнімдер бар ма?
Galamart
galamartort@gmail.com, galamart@inbox.ru
87011484326- Мырзабек
8 7273 934003- біздің офистың телефоны.
Алтыннан жақын күнде болып қалады.
asaubota
посттың астына жазып қой, Түзетуге кіріп :)