2011 жылдағы басқа маңызды даталар



Биылғы жылдың басты тақырыбы әрине Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Десек те осы жылы кейбір маңызды даталарды ескермеген сияқтымыз. Демалыс күні Nurgisa -ның үйінде шәй ішіп отырып, осы тақырыпта ойланып қалыппыз. Ойша есептеп көрсек Қазақ Хандығының құрылғанына биыл 555 жыл болыпты. Мұндай әдемі дата енді тек 222 жылдан кейін кездеседі, 111 жылдан кейінгісі қызық емес.


Сондай-ақ Абылай ханның туғанына да 300 жыл болыпты биыл.

P.S 2012 жылы Қонаевтың туғанына 100 болады екен, ұмытып кетпейік.
Бөлісу:

55 пікір

patick
Юбилейлер жылы. Бұйырса Астанада жуамыз
qisyq
Аффффтор, +!
Қонаевтың туған күні 12 қаңтар))))
Janasil
Қазақ хандығының 555 жылдығын тойлау негізсіз кәзіргі билікпен. Басты адамдардың бірі айтқан жоқ па еді қазақта мемлекет болмаған, мемлекет алғаш рет 1991 жылы құрылды деп. Яғни кей біреулер қазақ хандығын мемлекет деп санамайды, олай санау кейбіреулерге көлеңкесін түсіреді.
omarbirat
Мынадай қызық тақырыпты өткізіп алған журналистерімізге, түрікше айтқанда, жазықтар болсын дейміз енді
asaubota
біз patick екеуіміз атап өтеміз онда 555 жылды

мүмкін жазылса жазылған шығар, мерекелік шаралар да болған шығар. бірақ, шын айтамын өз басым естімеппін.
salta
биыл барлық атаулы даталардың атасы 20 жылдық болып тұр ғой. қалғандары жабулы қазақ жабулы күйінде қалмақ… айран ішкен тұтылып, қаспақ жегенге қалып жатыр емес пе барлық лавр…
salta
жабулы қазан
salta
тырқыл біреудікі, боз інген біреудікінің кері ғой…
asaubota
Қилызаман ағаймен бір жақындықтарыңыз бар ма?
salta
 ол адамды танымайды екенмін. керектіктерден 1-2 гана білетін, и то сыртынан
patick
Солтонот?
salta
ұнамай отырмын ба?
madlen
Салтанат деген қыз бар еді мұнда, сол ма деп шатыстырып жатырмыз.
salta
танысқаныма қуаныштымын. жаңадан қосылғандардың бірімін және тәнтімін…
Armanjan
Салтанаттар көп бола берсін, бізге көптік етпейді!
asaubota
желтоқсан оқиғасына 25 жыл биыл.

тағы қандай күндерді ұмытып кеттік?
konvict
Адамның ғарышқа ұщқандығына 50 жыл
salta
Дина Нүрпейісованың туғанына 185 жыл қателеспесем
konvict
Сырым Датұлының қайтыс болғанына 200 жыл
sammita
Сырым Датұлының қайтыс болғанына 200 жыл
әй, тойшыл қазззақтар, туғаны мақұл, ал қайтыс болғаны не үшін елеулі дата
AKA
Қателестіңіз, 150 жыл
TERISKEY
ғарышқа 1961де ұшты емес пе? 51 жыл?
konvict
2011-1961=50
TERISKEY
айым сорри, әбіл. Мен 2012ге «саяхаттап кетіппін»
Armanjan
Биыл 1921 жылғы ашаршылыққа – 90 жыл, 1931 жылғы ашаршылыққа – 80 жыл толыпты дейді дерек көздер.
saken
41-жылғы соғысқа 70 жыл болғаны ғой онда ше…
Armanjan
Биыл Желтоқсан көтерiлiсi жiгiттiк жас – 25 жасқа келдi деватыр қауым.
konvict
Ғабит Мүсіреповтың, Ғабивен Мұстафинның туылғанына 100 жыл болады келесі жылы
asaubota
келесі жылы мен үшін Олимпиада және әрине Әлем Чемпионатынан басқа ештеңе керек емес
konvict
Әлем Чемпионаты
Еуро шығар бәлкім
sammita
Аршаттың 30 жылдығы
konvict
Осыны ешкім айтпады ау деймін,
желтоқсан оқиғасына 25 жыл биыл.

тағы қандай күндерді ұмытып кеттік?
0
asaubota05 желтоқсан 2011, 16:44Жауап жазу
asaubota
бұл айтулы датаны кезінде кең көлемде атап өттік қой ұмытпай
sammita
Президент мұражайында Абылайханның осы (?) жүзігі мен шапаны тұр. Шапанына 4 адам сыярлық. Жүзігі формасы ұқсайды. Бірақ өзім сенбедім. Реставрацияланған біраз киімдері бар.
satibaldi
Қалайша сақталғанының тарихы жазылмап па? Өтірік нақ, сенбейм.
sammita
өтірік сияқты.
satibaldi
Шешесс, заттардың жасын анықтайтын изотоп-радий әдісінің 5 000 жылға дейін ауытқу беретіні белгілі болды. Антиквар сүйгіштер енді 2 000 жыл бұрынғы ваза деп құлақтан теуіп сатжіверген құмыраларын қайта тескертіп жатыр.
Мынауың да Аццсотоно депосының машинисті 1995 жылы түнгі ауысымда ұмытып кеткен фуфайкасы шығар нақ.
sammita
 барып көріңіздер мүмкін болса. тегін мұражай ғо.
satibaldi
Басқа да қандай жәдігерлер бар, Әбілқайырдың алғашқы кірпіш телефоны жоқ па, анау шапаннан соң?
sammita
5-6 этаж мұражай. Тас дейсің бе, темір, ағаш дәуірі, тың игеру жылдары, ескерткіштер, атам заманғы ыдыс-аяқ, кепкен аттың тұлыбы, алтын-күміс залы, ҰОС жылдарының заттары, қазіргі қазақстан залы общым бәрі-бәрі бар
Иманғалидің жеке залы бар, бағалы дүниелер жиналған.
konvict
Иманғалидің жеке залы бар, бағалы дүниелер жиналған.
Оппаааа!!!
balzaminka
дәл сол жерде менің сақиналарымдай сақиналар тұр. Бірі сәукеле, екіншісі қоңыр тасты. Көргенде сөз де, эмоция да болмады
izbasar
Шыңғысханның тәжісінің нақты уақытын қалай анықтаймын. Лабма келіп кетсеші бір.
satibaldi
Анау карталарың… Балқашқа дейін шынымен қытайдың жері болған екен ғой. Лібә, осы қаззақтар өтірік жылайд нақ.
e_zhalgas
тәуелсіздіктің 20 жылдығының өзі ескеріліп, еленіп, әсермен тойланып жатыр деуге келмес… әлде, «хабар» мен "қазақстанды" көрмейтін маған ғана сондай ма?
konvict
айтпа, көшеде шырша безендіру басталып кетті. Көлеңкеде қалып кетпесе десей
AKA
Қасым Аманжоловтың 100, Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы.
MickThatsMyNick
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын!!!
sigma
Әбілхайыр ханның ресей құрамына қосылғанына 280 жыл болады екен, тәуелсіздік алмағанда
Serzha
картада адайлар деп бөлектеп қойыпты ғо, ептілерді
Unknown
Адайлар әрдайым үстірт жандар