«Астана» телеарнасында «Сырты бүтін...» отбасылық драмасының жаңа маусымы!

Блог - AnaraAzhigalieva: «Астана» телеарнасында «Сырты бүтін...» отбасылық драмасының жаңа маусымы!Өмірде қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық қатар жүреді. Бірде айың оңыңнан туып, тасың өрге домаласа, енді бірде сағың сынып, жігерің жасиды. Себебі бұл — өмір. Бірде төбең көкке жеткендей қуансаң, бірде көңілің қоңыр күздей құлазиды… Өйткені ол — тағдыр. Өмірдегі осындай түрлі оқиғаларды қозғайтын «Астана» телеарнасындағы «Сырты бүтін...» отбасылық драмасы көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Деректі драманың ерекшелігі – шынайы оқиғаларға негізделуінде. Әр адам драманы көре отырып, өз өміріндегі күрделі мәселенің шешімін таба алады. Қанша қиындық кездессе де, одан шығар жол қашанда болады. Телехикаяның кейіпкерлері – қиындықты жеңе білген жандар, тағдыр тауқыметіне мойымағандар. Бағдарламаның көздеген мақсаты да – осы. Адам бар жерде проблема болмай тұрмайды: кесір келін мен мазасыз ене тартысы, ағайындылар алауыздығы, өгейлікпен өткен өмір, баласына қадірі қалмаған қария мен отбасының берекесін кетірген абысындар араздығы — қоғамның өзекті мәселесі. Жылдарға жалғасқан қоғамның кикілжіңін тоқтатуға кім дəрменді!? «Сырты бүтін...» отбасылық драмасы тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның проблемасына айналған осы және басқа да тақырыптарды қозғай отырып, өз кезегінде түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға тырысады. Ендеше, 3 сәуірден бастап «Астана» телеарнасында «Сырты бүтін...» отбасылық драмасының жаңа маусымын тамашалаңыздар! Шынайы оқиғалар тізбегі — өмір драмасы, өмір драмасы — сіздің өміріңіз!
Әрі қарай

Оңай ма әлде...

Осы жылдың қаңтар айының он бірінде Алматы қалалық қоғамдық көліктерде «оңай» онлайн төлем жүйесі іске қосылды. Өзім Алматы қаласының тұрғыны болмасамда, естіп білгенімді, көкейіме түйгенімді бейтарап ойда қағаз бетіне түсірген жайым бар болатын. Сіздермен осы тақырыпта ой бөліскім келеді.
Оңай қарапайым халыққа оңайға түсіп отырған жоқ. Миллионер қала халқына орта есеппен 2 млн тұтынушыға меже қойылғанымен, осы уақытқа дейін 300 млн теңгедей ақша аударымы болған. Қоғамдық көлік тұтынушыларының басым көпшілігін студенттер, зейнеткерлер құрайды. Қай студент немесе зейнеткер ауқатты дерсің, қоғамдық көлікпен жүруге мәжбүр болса. Халық жағдайымен санайпай соғысқан төс, алысқан қолдар мақсаты қарапайым жүртты сүліктей сору ма?
Бұлай дейтініміз, жүргінші карточкасының құны 400 теңге, оған жол жүру үшін аударатын теңгерім бар. Орта есеп 6000-7000 теңге.
«Тәуекел дариясына салдым кеме, кемесіз ол дариядан өтем деме»- дегеннің кері келгендей. Себебі карточкасы жоқ жолаушы қоғамдық көлікпен қатынау құқығынан айырылады.
Бүгінде оңай төлем жасайтын карточкасы жоқ азаматқа 4242 теңгеден 10000 теңгеге дейін айыппұл салынады.
Батыстық бағытты орнату арқылы:
— қоғамдық көлік тұтынушыларың нақты санын анықтау;
— қаржы тікелей онлайнмен қазынаға түседі деп алайық.
Ал қарапайым халыққа тиімсіз тұсы:
— Барар мекені алыс жолаушылар көп шығындалады;
— Кондуктор қызметінің (жойылуы) қысқартуға ұшырауы.
Қалауын тапса қар жанар демекші қоғамдық көлік жүргізушілерімен кондукторлар бірлесіп оңай төлем жүйесін бұзуы, көпшілік наразылығын білдірген бейнебаяндар әлеуметтік желілерде жиілеп кетті. Алматыдан соң еліміздің өзге қалаларына орнатылған жағдайда түйеден де аңқау халықты осындай дағдарыс уағында жұмыссыздық пен шарасыздыққа кейпіне түсірмек пе? Әліптің артын бағайық ағайын. Оңайдың да бір орынды тұсы болып қалар…
Сіздің ойыңыз?..
Әрі қарай

Мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болған соң мұндай зерттеу мақала жазбасам ұят болар?...

АЛТАЙДАН ҰШҚАН — АҚСҰҢҚАР
Мен –
Алтайдан
Ұшқан Ақсұңқар!
Тамыры Терең,
Тегі бар…
Жарасы сыздап,
Асқынған,
Тағдыры қиын
Елі бар!

Алтай жерінің киесі ерек. Мұзтаудың биік шыңдарына, кербұғының еркіндігіне, табиғаттың көркемдігіне сүйсініп өскен ақын-жазушылар дарыны дара, мәнері ерекше бағаланады. Соның бірі де бірегейі Оралхан Бөкей. Асылында, осындай керемет табиғат тартуын көріп, ауасын жұтып, топырағында асыр сала аунап өскен перзенттен көркем шығарма тумауы мүмкін бе? Иә, Оралхан Бөкей туған жерін көп жазды. Әрбір шығарма астарында тың ойлар мен түйіндер жататын. Және сол шығармалары оны сөз өнерінің биік белесінен көретті.
Алтай жерінен шыққан жазу өнерінің шоқ жұлдызы – Оралхан Бөкей десек, ақындықтың алтын тұғырын кім жалғар екен?
Бұл сұраққа өз тарапымнан Ақсұңқар Ақынбабақызын айтар едім. Моңголия жерінің Ұлан-Батыр қаласында дүниеге келген қандас әпкеміз бүгінде елімізге оралған жайы бар. Елім, жерім деп еміреніп келіп, әдебиет әлемін жырларымен сусындауда. «Сырым – Арман… Мұңым – зар… Жырым – тарлан,» деп жырлайтын Ақсұңқар Ақынбабақызын ерек атап, Алтайдан ұшқан ақындардардың бүгінгі жалғасы, биіктен көрінер шоқ жұлдызы деп атамау әбестік болса керек.Болмысы бөлек, жазу мәнері де өзгеше ақын өлеңдеріне өз тарапымнан ой толғау мен сараптау жүргіздім. «Мен» деген өлеңіне зер салып, шумақтарына өз ойларымды білдіргенді жөн көрдім. Қыз баласы болса да, өлеңдерінің рухы биік, иірімі ерек. Бұл сөзіме мына өлең жолдары дәлел болар…
Өлеңмен Рухтас
Өмірін,
Өмірмен тұтас
Өлеңін,
Таулармен тұстас
Өр Үнін,
Үкілеп шыққан –
Мен едім.
Осы бір ғана шумақта ұйқастың ерекше мағыналығы орын алған. Өзін «өр мінезді» деп бағалап метафораны әсерлі қолданған. Және өлең жолдарындағы ассонанс та көркем сөздің әуезділігін аттыруда. Бір шумақ, бар болмыс, тың ой, терең түсінік жатыр. Міне талант! Міне ақындық шеберлік!
Бұдан да өзге өлеңдерін мысалға келтірер болсам, расын айтқанда, таңқылыс пен таңданыс қатар туады. Сүйсініс пен сүйеніш сезімдері де жүректерініңізде орын алары даусыз дер едім.
Бабамның кеткен,
Жете алмай,
Жерұйық – мекен
Жерімсің!
Ғасырлар бойы
Өте алмай,
Аңсаумен жеткен
Елімсің!

Жырлайын:
Жылап, күліп мен,
Отымды Өрт қып
Маздатқын!
Біткенше білтем
Тірліктен,
Сенімен бірмін,
Әз халқым, — деген шумақтарында троптың мынадай түрлері кездеседі: аллитерация, метафора әсірелеу. Өлеңдерінде көркемдік мән, терең түсінік алған.
Мен Ақсұңқар!
Құстың баласы –
Аққу да емен,
Қаз да емен…
Өмірге көңіл наласы:
«… Жыр түбін үңгіп қаз!» — деген.
Асылында осы шумақ Ақсұңқар Ақынбабақызының шынайы таланты мен талабын нық танытып тұрғандай. Бір артық сөзсіз ұғуға болатын тармақтар мен теңеу түрі.
Ал өз өнері мен өмірі туралы жолдарға назар аударсақ. Бұл шумақта ақын тура да ауыспалы мағынада сөз қолданып, шыңдықты бүкпей тік айтуы қандай өжет тірлік дерсің…
Өлеңнің шоғын маздаттым,
Бұйырғай
Төрден нәсібім.
Қиылғн қыршын Боздақтың,
Төгілген
Нахақ Жасымын!..

Моңғолдан
Көшіп келгенмін,
Қан тартып
Ата тегіне.
Үйсіз де күйсіз
Сенделдім
Бодан боп
Бостан Еліме! – бәлкім бұл жолдардан соң бірдеме деп жазу артықтық болса керек…
Еркек-Нәсіп
Бұйырса ұрғашыға,
Туған Елдің
Айналар тұлғасына.
Кім кемсітер,
Күні ертең,
Кірмесің деп,
Атша мініп алшайсам
Шың басына – биіктікті аңсау. Бар болмысын ашық көрсетіп тұрған жолдар. Тек ол ғана емес, қазақ қызына тән тектілік те Ақсұңқар әпкеміздің бойында жоқ емес. Мысалға мына өлең жолдарында…
Ашына емен
Өсек-аяң сөзбенен,
Құтылмайтын
Өз Тағдырым
Өз Денем
Қанша пенде ғұмырына
Көнсем де,
Көңіл қосып,
Күң бола алман өзгемен!

Құнсыз Өмір
Сала алмайды құлдыққа,
Үйір емен
Рухани ұрлыққа…
… Күндіз-түні
Кірпігімді ілмеймін,
Жағынамын –
Жар боламын Шындыққа!
Иә, әпкеміздің жүрегі сүйіспеншілікке, адалдыққа құмар. Бар болмысына асқақтық пен тектілік, қайсарлық пен батылдықты жиып алған. Озбырлық пен әділетсіздікке қарсы жүзу, беріспеу ақын жырларында берілген басты түсінік. Бұл дегеніміз заманаға қарсы жүру емес пе? Ол заман бейнесін беруде шындықты айқайлап айтудан еш қорықпайтын өжет ақын! Ал оған дәлел мына жолдарда анық көрсетілген.
Қара жел-ау,
Қара жел,
Алақұйын
Ала жел,
Соққаныңа –
Түкірдім,
Сойқаныңа –
Сала бер!
Соқ!
Соқ!
Бора!
Құйындат!
Жан-Тәнімді шиырлат:
Талабымды Таудай ет,
Талғамымды қиындат!
Ақын ер ұлға беріспес өжеттікті әке болмысынан үйренсе керек. Себебі, өз заманында әкесі Ақынбаба Түсенұлы шыңдықты шыңғырта айтып, ағысқа қарсы жүзгенінен абақты торынан арылмаған қайраткер. Ал сол әкесіне Ақсұңқар Ақынбабақызы «Оян, Әке!» деген зар толғау өлеңін арнайды. Өлең жолдарында «Өшпейтұғын – Атыңмын! Өлмейтұғын затыңмын!»-деп әке рухына бас иіп, өшпес атын өлеңмен дәріптеп өтетін жалғасы екенін айтқан.
Нәлет айтып зар мұңға,
Зарланамын өкініп!..
О, жар Аллам, жар Аллам,
Саған шағар
Мұңым көп!
О зар жалған, зар жалған,
Сенен даулар
Құным көп!
Батып жүрмін
Мұң шерге,
Өмір сүрмей өлгім кеп!
Көрмесімді
Білсем де,
Сағынамын көргім кеп!..
Кешіре гөр,
Мені әке,
Оятамын ұйқыңды,
Азан салып
Жер-Көкке,
Тірілтемін Рухыңды!
От едің ғой,
От едің,
«Мұз дәуірге» тап келген,
Ерте кеттің,
Ерте өлдің,
Маза көрмей жат елден! – деген жолдарында троптың түрлері кқптеп кездескен. Мысалға: «Жар Аллам, жар Аллам» дегенмен «Ере кеттің, ерте өлдің»-қайталау, «Батып жүрмін мұң шерге»-метафора, «Өмір сүрмей қлгім кеп»-антонимдік қолданыс, «Азан салып Жер-Көкке»-әсірелеу болып табылады. Ал осы әкеге арнау өлеңін Ақсұңқар әпкеміз былай жалғастырады:
Ие боп сенің
Арыңа,
Кектеніп іштей өскенмін,
Сол күннен
Қалған қанымда,
Запыранымды шешермін.
Бұл жолдармен ақын не айтпақ? Запыран? Қандай күйік, ішкі зар десеңші…
Ал осы өлеңдегі мына жолдар мені қатты толғандырды? Жауабын таппай әлекпін? Осы сараптау мақаламнан кейін міндетті түрде Ақсұңқар Ақынбабақызымен жолығуды мақсат еттім. Иә, өзім талдап отырған өлең жолдары тудырған сауалдарға жауап алу үшін.
Айтар кезде
Айта алдың!
Жау кеткен
Соң шабынбай.
Шындық кегін қайтардың.
Шенділерге
Жағынбай.
Қиянатқа
Төзе алмай,
Бағынбадың жат-паңға!
Ел жұртыңнан
Безе алмай
Өз иттерің қапса да…
«Шындықтың шегі»-шыңғыртып тұрып айта алу ма екен осы, ә?

Елім деп еміреніп келген Ақсұңқар әпкемізге өз тарапымыздан құрмет, қошемет, қордау көрсетілді ме екен? Расында да қазіргі таңда еліне емірене асығып келген қандас бауырларымызға әкімдік тарапынан қандай қолдаулар көрсетілуде? Жат жердің жылуынан кетіп, туған елдің топырағын аңсап келгенде «ызғарлы» күндеді кешіп жүрген жоқ па екен? Бұған дәлелді мына жолдардан табамыз…
Бұтақтарын
Көтере алмас терексің.
Ақталуға,
Бапталуға келгенде,
Жан оздырмас,
Дара шабар ерексің!
Екі сөйлеу –
Ар емес пе әкімім?!
Табаныңның
Бүрі жоқ па әкімім?!
Жүрегіңнің
Түгі жоқ па әкімім?!
Неге мені
Алдап соғып, «қатырдың»?
Мен – Ақынмын,
Сен – Әкімсің,
Білемін,
Бекер емес
Жылағаным, күлгенім.
Таба болып,
Дос-дұшпанға жүрсем де.
«Кезек – екі,
Тәңір – біреу» білерім!
Енді Ақсұңқар әпкеміздің үзік ойларындағы толғанысқа назар аударсақ…
Қайғым сенен келгенмен,
Бағым сенен келмейді,
Үміт шоғым сөнгенмен,
Жаным Сенсіз өлмейді! – антонимдік қолданыс бар. Және өлеңдегі эпифора мен анафора әуезділігін аттырып, эстетикалық мәнін ашып тұрү
Ал мына өлеңде біріңғай дауысты дыбыстардан басталатын өлең жолдары – ассонанс көркемдік мәнді үстейді.
Өртенем, сірә,
Өртенем,
Өртенеген сайын,
Дерт емем,
Өртенбей өткен
Өмірден,
Өлердей безіп,
Жеркенем!
Ашы шандық орын алған мына үзік ойларды айта кетпеген әбестігім болса керекті…
Тарыдай
Кеттік шашырап,
Айналып
Алты құрлықты.
Туған Ел
Бізді жатырқап…
Туған Жер
Бізді ұмытты…
***
Құпия Жалған – Құзар шың,
Бұлдануға құмарсың.
Менің – Жасым тым ащы,
Жылап көр менше, Ұғарсың.
***
… Халқымнан
Тағдырымды бөле алмаймын,
Сойқанның
Сойылына көне алмаймын!
Кеніме –
Өнеріме
Өліп-өшкен
Өлтіре алмас…
Өлгем жоқ!
Өле алмаймын!
Иә, әдебиетші мен мына өлең жолдарын талдап, саралауды жөн көрмедім. Себебі, сөздер сөйлейді. Мұндағы менің сөздерім артық болуы мүмкін. Тек менің бір ғана айтарым, Алтайдан ұшқан – Ақсұңқар атына сай өлеңдерімен оқырмандарын қуанта берсе деймін!
Ақсұңқар –
Аққу-қаз болған,
Қолдашы, Ақын қызыңды!
Қорғашы, Ақын қызыңды!
Ақсұңқар Ақынбабақызы
Әрі қарай

Тоқал жайына көзқарасыңыз?...

Жуырда Африканың Кения мемлекетінде ел парламенті «тоқал» алуға рұқсат ететін неке заңына түзетулер енгізді. Ал Қазақстанның неке заңына қандай түзетулер ұсынар едіңіз?
ХХІ ғасыр жаңа технология заманы. Жаңа белес пен асулар, даму заманы. СССР заманында қазақ халқының көптігінен қорықса керекті Ленин «ер мен әйел тең» деген стратегия енгізген болатын. Санаға құйылған түсінік ұлттың көбеюіне кері әсер тигізді.
Сұрапыл соғыс, зобалаң заман, тышқан теріп күнелткен ашаршылық кезіндегі миллиондаған қандастарымыздың қырылып қалуына әкеліп соқты. Кімді-кім аяған замандарда қарабас қамын ғана ойлап қоймай ет-жақын бауыр, ағайын артынан қалған жесірін қаңғытпай, жетімін жылатпай әмеңгерлікке екінші әйел етіп алды. Қазақ баласын өзге есікке телміртпеу, ұрпақ жалғастыру бабалар тарапынан оңды шешім.
Бетеге кетіп-бел қалар,
Бектер кетіп-ел қалар – деп дана қазақ текке айтпаған-ау сірә?! Иә, бектер кетті, соңынан ел қалды. Қаймағы бұзылмаған қазақ ұлты сақталып қалды.
«Көшкенде жүк артамын сары атанған,
Айтамын, не бетімді Ойке апама?» — деген өлеңнен бәйбішеден аяқ тарту, оның рұқсатын алмай ондай қадамға бармағанының ақиқаты. Дегенмен, қазақ әйелдері әрқашан дана әрекет жасап, ел мүддесін ойлаған. Шариғатта осындай ерлікке барған, екінші әйелге рұқсат берген жар жұмаққа барады деседі. Кең болсаң, кем болмайсың деген. Бірлесіп бір атадан туған балаларды тәрбиелеп, бөліп жармай өсірген. «Жақсы әйел ерін би етеді, жаман әйел ерін құл етеді» — деген сөз осыдан қалса керек-ті.
Бірінші әйел – бекер,
Екінші әйел – шекер,
Үшінші әйел – бал ма?- дерсің…
Себебі бізде қалтасы қалыңдаса бірден тоқал алғысы келетін азаматтар өте көп. Нағыз жауапкершілікті түсініп үйленетіндері өте аз. Екі отбасының басын біріктіре алмай, бірімен ажырасып та кетіп жатады. Соның салдарынан, қамқорлықтан қағылған балалардың саны артуда. Бұл жағдайға не айтасыз ағайын? Сана мен пенденің бүлінуі ме, әлде «модаға» айналып кетті ме?
Кезінде қажеттіліктер салдарынан туған көп әйел алу саясатын тоқтатқан жөн деп ойлайм. Себебі, қазір ер жігіттер жауапсыздық танытып, еріншектікке салып ұсақталып кеткен. Алдымен өзін түземеген ер көп әйел алып оны асырай алмай қара басын ала қашып жүрмесіне кім кепіл? Қаншама қаракөздеріміздің өміріне балта шауып, қанша сәбилерді жаутаңдатып тастап кете барғаннан бір әйел, бір отбасыны бағып тыныш отырғаны дұрыс шығар.
Әрі қарай

«Назар аударыңыз, жүргінші» акциясы басталды

Астанада «Назар аударыңыз, жүргінші!» атты аймақтық акция басталды. Жол қауіпсіздігі ережесін насихаттауға арналған акция 4 сәуірге дейін жалғасады.
Астана жаңалықтары: «Назар аударыңыз, жүргінші» акциясы басталды
Бүгін Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жас инспекторлармен ең жас жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар заттар таратты. Акция аясында жас инспекторлар жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар белдеулер, байламдардағы белгішелер, білезіктер таратты.
Арнайы зерттеулер нәтижесінде анықталғандай шағылыстырғыш элементтері бар жаяу жүргіншілерді жүргізушілер жақыннан 50 метр қашықтықта, алыстан 150 м қашықтықта көре алады.
Полицейлердің айтуынша, аталған акциялар балалар зардап шегетін апаттар санын азайтуға ықпал еткен.
– Өткен жылмен салыстырғанда биыл статистика бойынша «Назар аударыңыз, жүргінші», «Жаяу жүргінші, өткелмен жүр!» акцияларын өткізудің арқасында балалар зардап шегетін жол-көлік апаттар саны 18% төмендеген, – деді Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Айымгүл Валеева.
Астаналық полицейлер бүлдіршіндерге кішкентай бала кезден жол қауіпсіздігі ережесін үйретуге шақырады, ал жүргізушілерге жолдарда сақ болуға кеңес береді. Осыдан 148 жыл бұрын пайда болған бағдаршам принциптері әлі өзгермеген, жолда абай болыңыздар!
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

Жұмыссыздарға арналған қайта даярлау курстары

Астана — жаңа мүмкіндіктер, жарқын болашақ, табысты өмір деп елордаға ағылған адамдар саны еш толастайтын емес. Алайда олардың барлығы арманына бірден оңай жете қоймайды. Оған еңбек нарығындағы сұраныс пен жұмыс іздеген азаматтардың мамандығының үйлеспеуі, біліктілігінің төмен болуы да себепкер болады.
Астана жаңалықтары: Жұмыссыздарға арналған қайта даярлау курстары
Осыған байланысты Астана қаласында жұмыспен қамту бағдарламасы іске асырылуда. Енді мамандығына сұраныс жоқ жұмыссыздар қайта даярлау курстарына барып, жаңа мүмкіндікке ие болмақ.
Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, Астананы дамыту бағдарламасын іске асыру аясында қалада тұрақты тіркеуі бар жұмыссыз жүрген азаматтарды тегін курстарға алдын ала жазу жүргізіліп жатыр. Елорданың жұмыссыз жүрген, кәсібі жоқ, бірақ мамандық меңгеруге ниетті тұрғындары маникюр мастері, шаштараз, электрогаздәнекерлеуші мамандықтары бойынша кәсіптік дайындықтан өте алады.
Кәсіби шеберліктерін жетілдіргісі келетіндер үшін бухгалтерия және салық бойынша біліктілікті арттыру курстары ашылады, аталған мамандықтар бойынша оқу үшін бухгалтерлік, экономикалық немесе қаржылық білім болуы керек. Техникалық білімі бар қала тұрғындары қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерге арналған курстарға жазыла алады. Қайта даярлау курстары сұранысы жоқ мамандықтар бойынша жұмыссыз жүрген азаматтарға арналған. Бұл санаттағы жұмыссыз азаматтардың білімі туралы дипломы болуы тиіс.
Егер сіз де еңбек нарқында өз қалаған жұмысыңызды таппай жүрген болсаңыз, Бейбітшілік к-сі, 25, "Өркен" іскерлік орталығы 2-қабат, 208-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан жұмыспен қамту орталығына хабарласа аласыз.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

Астанада Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған гала-концерт өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған гала-концерт өтеді

Ертең, 1 сәуірде Конгресс-холлда қазақ елінің біртуар перзенті, халқымыздың мәдениеті, музыка өнерінде композитор, дирижер ретінде өшпес із қалдырған, күйші, Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Нұр аға» гала-концерті өтеді.

Нұрғиса Тілендиев көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған еді. Оның талай сазы тыңдарманның жүрегінен орын тауып, қазақ киносын әсем әуенмен әрлеген болатын. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Көш керуен», «Махамбет», «Саржайлау» сияқты әндері мен күйлері халқының сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.

Нұрғиса Тілендиевке арналған концерттің ерекшелігі – автордың халық ұжымдарына арнап жазған шығармаларын Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің орындайтынында. Дирижері — Ернар Нұртазин және Берік Батырхан.

Ән-жыр кешіне КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов пен Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Үлкенбаева, Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның жастар сыйлығының иегері Нұрғали Тұрлыбеков, сондай-ақ, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Капонова, Нұрбол Балапанов, Шахризада Тыныштық қатысады.

Гала-концерттің басталуы сағат 19.00.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10231
Әрі қарай

Астанада «Жастар жалыны - 2016» шығармашылық фестивалі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Жастар жалыны - 2016» шығармашылық фестивалі өтеді
Астанада жыл сайын көктемде студенттер арасындағы «Жастар жалыны — 2016» фестивалі өтеді, биыл төртінші рет өткізілетін шара елордалық жігерлі әрі шығармашыл жастардың басын қоспақ.

Алғашқы «Жастар жалыны» фестивалі 2013 жылы ұйымдастырылған болатын. Оған Астанадағы барлық оқу орындарынан жүздеген дарынды студент қатысты. Сол сәттен бастап көктем мен достық мерекесін өткізу дәстүрге айналды.

Бүгінде қалалық ЖОО-лар мен колледждерде шығармашылық атмосфера орнады, креативті идеялар ұсынылып, номерлер мен қойылымдар әзірленуде, костюмдер тігіліп жатыр. «Жастар жалыны» фестивалінің ашылуы 8 сәуірде өтеді. Биыл шығармашылық фестиваль ерекше салтанатты форматта өтеді және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жастар жобалары бөлімінің сарапшысы Зүлфира Арықбаеваның айтуынша, биыл шараға біраз жаңашылдықтар енгізілген. Бұрынғы алты номинацияға «Үздік волонтерлық жоба», «Авторлық оқу», «Что? Где? Когда?» интеллектуалды ойыны, сондай-ақ, «Квест» шытырман ойыны қосылды.

– Бұл жолы фестиваль кеңейді, жастар шығармашылық және зияткерлік бағыттардағы сайыстарға қатысады. Биыл шараға қатысушылар саны артады деп ойлаймыз, – деді З. Арықбаева.

«Жастар жалыны-2016» жастар фестивалі 8-12 сәуір аралығында қаланың түрлі алаңдарында өтеді.

13 сәуірде сағат 18.00 Конгресс-холлда өтетін гала-концертте 10 номинация бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10230
Әрі қарай

Елордада «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өтеді

Астана жаңалықтары: Елордада «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өтеді

Биыл «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы үшінші рет өткізіледі, оған еңбек, спорт, шығармашылық, интеллектуалдық және ғылым салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген отбасылар қатыса алады. Ертеңнен бастап ұлттық конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы қатысушылардан өтінімдерді қабылдай бастайды.

«Мерейлі отбасы» конкурс 3 кезеңмен өткізіледі: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында 2016 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін қабылданады.

Айта кетейік, өтінімдерді қарау барысында комиссия өкілдері отбасы мүшелерінің жетістіктерінің маңыздылығы мен санына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, рухани-адамгершілік құндылақтарға, арғы тектерін білуіне және т.б. назар аударатын болады.

Өткен жылы шығармашыл Жүгінісовтар мен спортшы Елеусіновтер әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының елордалық кезеңінің жеңімпаздары атанған болатын.

Еске салайық, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған.

Конкурстың мақсаты отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты, отбасыларды, ата-аналардың балаларға күтім жасауын дәріптеу және кеңінен насихаттау болып табылады.

Толық ақпаратты 556708, 556701 телефондары арқылы алуға болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10229
Әрі қарай

Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

РФ Пенза облысының губернаторы Иван Белозерцев бастаған делегация Астанаға үш күндік ресми сапармен келді. Сапардың басты мақсаты – экономикалық және гуманитарлық екіжақты қарым-қатынасты нығайту.

Бүгін, 29 наурызда ресейлік делегация Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесті. Елорда басшысы аймақтар арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзара қарым-қатынастың негізі дәстүрлі тарихи байланыстар ғана емес, сондай-ақ, нақты практикалық байланыстар болып табылатынын атап өтті.

«Біз Пенза облысымен серіктестік қарым-қатынасты тереңдетуге және жүйелі түрде кеңейтуге көп мән береміз», — деді Ә. Жақсыбеков. Елорда әкімі аймақ басшысының сапары көрші мемлекеттердің аймақтары арасындағы достықты нығайтуға және оны одан әрі дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Төрт жылдан бері Астана мен Пенза облысының арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы екі жақты келісім әрекет етуде. Атап айтқанда, аймақтар арасында азық-түліктік және ауыл шаруашылық салаларда белсенді сауда жүргізіледі. Осы сапар аясында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ.

Пенза облысының губернаторыАстана қаласының әкіміне қонақжайлылығы мен Қазақстанның жас астанасының дамуымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

«Бүгінде Астана жетістікке қол жеткізді. Қазіргі заманғы тұрғын үй, мәдениет және спорт нысандары құрылысының қарқыны таң қалдырады. Бұған кеше қаланы аралаған кезде тағы да көз жеткіздік. Бұл қонақжай жер, адам капиталын тартатын орталық, қарқынды экономикалық даму аумағы болып табылатыны сөзсіз», — деді И. Белозерцев. Губернатор Пенза облысы үшін аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды екендігін атап өтті.

Пенза облысы делегациясының құрамына облыстық Заң шығарушылық жиналыстың төрағасы Валерий Лидин, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, бизнес-қоғамдастықтардың, сауда-өнеркәсіптік палата өкілдері, кәсіпорындардың, облыстық қаржылық және білім беру мекемелерінің басшылары енген.

Бүгін Астана әкімдігі мен Пенза облысы Үкіметінің денсаулық сақтау, білім, мәдениет және туризм салаларындағы профильді құрылымдарының өкілдері жұмыс кезедсулерін өткізеді. Сонымен қатар, делегация EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында болады.

Пенза облысының губернаторыАстана қаласы әкімінің келер жылы кеңейтілген делегациямен Астанаға келуге шақыруын қабыл алды. И.Белозерцев аймақ тұрғындарының алдағы жылы өтетін көрмеге қуана келетінін жеткізді. Сондай-ақ, тараптар ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында Пенза облысының Астанадағы күндерін өткізу туралы уағдаласты.

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді
Әрі қарай