Оңай ма әлде...

Осы жылдың қаңтар айының он бірінде Алматы қалалық қоғамдық көліктерде «оңай» онлайн төлем жүйесі іске қосылды. Өзім Алматы қаласының тұрғыны болмасамда, естіп білгенімді, көкейіме түйгенімді бейтарап ойда қағаз бетіне түсірген жайым бар болатын. Сіздермен осы тақырыпта ой бөліскім келеді.
Оңай қарапайым халыққа оңайға түсіп отырған жоқ. Миллионер қала халқына орта есеппен 2 млн тұтынушыға меже қойылғанымен, осы уақытқа дейін 300 млн теңгедей ақша аударымы болған. Қоғамдық көлік тұтынушыларының басым көпшілігін студенттер, зейнеткерлер құрайды. Қай студент немесе зейнеткер ауқатты дерсің, қоғамдық көлікпен жүруге мәжбүр болса. Халық жағдайымен санайпай соғысқан төс, алысқан қолдар мақсаты қарапайым жүртты сүліктей сору ма?
Бұлай дейтініміз, жүргінші карточкасының құны 400 теңге, оған жол жүру үшін аударатын теңгерім бар. Орта есеп 6000-7000 теңге.
«Тәуекел дариясына салдым кеме, кемесіз ол дариядан өтем деме»- дегеннің кері келгендей. Себебі карточкасы жоқ жолаушы қоғамдық көлікпен қатынау құқығынан айырылады.
Бүгінде оңай төлем жасайтын карточкасы жоқ азаматқа 4242 теңгеден 10000 теңгеге дейін айыппұл салынады.
Батыстық бағытты орнату арқылы:
— қоғамдық көлік тұтынушыларың нақты санын анықтау;
— қаржы тікелей онлайнмен қазынаға түседі деп алайық.
Ал қарапайым халыққа тиімсіз тұсы:
— Барар мекені алыс жолаушылар көп шығындалады;
— Кондуктор қызметінің (жойылуы) қысқартуға ұшырауы.
Қалауын тапса қар жанар демекші қоғамдық көлік жүргізушілерімен кондукторлар бірлесіп оңай төлем жүйесін бұзуы, көпшілік наразылығын білдірген бейнебаяндар әлеуметтік желілерде жиілеп кетті. Алматыдан соң еліміздің өзге қалаларына орнатылған жағдайда түйеден де аңқау халықты осындай дағдарыс уағында жұмыссыздық пен шарасыздыққа кейпіне түсірмек пе? Әліптің артын бағайық ағайын. Оңайдың да бір орынды тұсы болып қалар…
Сіздің ойыңыз?..
Бөлісу:

2 пікір

RaymbekEgemberdiev
Өзім ондай жүйені енгізуді қолдаймын. Сол баяғы қорқақтық қой, сәл өзгеріс болса тұра қашамыз «анда қиын, мұнда оңай» деп.
Кондуктор қызметінің (жойылуы) қысқартуға ұшырауы.
Егер адамдар ежелден осылай ойлайтын болғанында бірде-бір прогресс болмайтын еді. Даму керек. Қиын нәрселерді автоматизация жасау керек. Қорқудың қажеті жоқ. Оңайдың кемшілігі бар, бірақ қазіргі қолданылатын әдіс ең эффективті екенін кім дәлелдеді? Жай ғана сол ескі үйренген әдіс болғандықтан ешкім ауысқысы жоқ.
merekeee
Қара аспанды төндіріп…