Тоқал жайына көзқарасыңыз?...

Жуырда Африканың Кения мемлекетінде ел парламенті «тоқал» алуға рұқсат ететін неке заңына түзетулер енгізді. Ал Қазақстанның неке заңына қандай түзетулер ұсынар едіңіз?
ХХІ ғасыр жаңа технология заманы. Жаңа белес пен асулар, даму заманы. СССР заманында қазақ халқының көптігінен қорықса керекті Ленин «ер мен әйел тең» деген стратегия енгізген болатын. Санаға құйылған түсінік ұлттың көбеюіне кері әсер тигізді.
Сұрапыл соғыс, зобалаң заман, тышқан теріп күнелткен ашаршылық кезіндегі миллиондаған қандастарымыздың қырылып қалуына әкеліп соқты. Кімді-кім аяған замандарда қарабас қамын ғана ойлап қоймай ет-жақын бауыр, ағайын артынан қалған жесірін қаңғытпай, жетімін жылатпай әмеңгерлікке екінші әйел етіп алды. Қазақ баласын өзге есікке телміртпеу, ұрпақ жалғастыру бабалар тарапынан оңды шешім.
Бетеге кетіп-бел қалар,
Бектер кетіп-ел қалар – деп дана қазақ текке айтпаған-ау сірә?! Иә, бектер кетті, соңынан ел қалды. Қаймағы бұзылмаған қазақ ұлты сақталып қалды.
«Көшкенде жүк артамын сары атанған,
Айтамын, не бетімді Ойке апама?» — деген өлеңнен бәйбішеден аяқ тарту, оның рұқсатын алмай ондай қадамға бармағанының ақиқаты. Дегенмен, қазақ әйелдері әрқашан дана әрекет жасап, ел мүддесін ойлаған. Шариғатта осындай ерлікке барған, екінші әйелге рұқсат берген жар жұмаққа барады деседі. Кең болсаң, кем болмайсың деген. Бірлесіп бір атадан туған балаларды тәрбиелеп, бөліп жармай өсірген. «Жақсы әйел ерін би етеді, жаман әйел ерін құл етеді» — деген сөз осыдан қалса керек-ті.
Бірінші әйел – бекер,
Екінші әйел – шекер,
Үшінші әйел – бал ма?- дерсің…
Себебі бізде қалтасы қалыңдаса бірден тоқал алғысы келетін азаматтар өте көп. Нағыз жауапкершілікті түсініп үйленетіндері өте аз. Екі отбасының басын біріктіре алмай, бірімен ажырасып та кетіп жатады. Соның салдарынан, қамқорлықтан қағылған балалардың саны артуда. Бұл жағдайға не айтасыз ағайын? Сана мен пенденің бүлінуі ме, әлде «модаға» айналып кетті ме?
Кезінде қажеттіліктер салдарынан туған көп әйел алу саясатын тоқтатқан жөн деп ойлайм. Себебі, қазір ер жігіттер жауапсыздық танытып, еріншектікке салып ұсақталып кеткен. Алдымен өзін түземеген ер көп әйел алып оны асырай алмай қара басын ала қашып жүрмесіне кім кепіл? Қаншама қаракөздеріміздің өміріне балта шауып, қанша сәбилерді жаутаңдатып тастап кете барғаннан бір әйел, бір отбасыны бағып тыныш отырғаны дұрыс шығар.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше