Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Күн суытты, жылы киімдерді көбейту керек. Ақша мұндайда судай ағады. Алайда, қолыңыздан іс келсе, киімді өзіңіз тігіп алсаңыз, анағұрлым арзанға түсетіні сөзсіз. Киім тіге алмасаңыз, үйрену әсте қиын емес ;)

Сіңіліме тігіп берем деп шешкен белдемшеге (юбка) 1,2 метр мата алдым. Негізі 1 метрі де жететін еді, «а вдруг» деп ойладым, жетпей қалғаннан артылғаны жақсы :) Матаның түр-түрі бар, Меруерт екеуміз келісе келе, қалыңдауын, торлысын таңдадық.

Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Бізге, ең алдымен, тігін машинасы керек. Одан соң мата, оның түсіне сай жіп, қайшы, резіңке, ұзындық өлшегіш, ілгектер және сабынның тұқылы керек (сызғанға) :d
Енді шығынды есептейік:
— матаның метрі — 1200 тг х 1,2 = 1440 тг;
— резіңкенің метрі — 600 тг х 60 см = 360 тг;
— жіп — 50 тг;
— керек-жарақ (әрбір үйде болуы керек негізі) — 500 тг (боп қалар).
1440+360+50+500=2350 тг
Сонымен жоғарыда аталған заттар, 2350 теңге және 2-3 сағаттық уақыт керек. Бастайық!



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Алдымен матаны төртке бүктеп, үстел үстіне жазамыз. Одан соң өлшемдерін сызып, белдемшені пішіп алу керекпіз.
Бізге етектің кең болғаны және 40-45 см ұзындықта болғаны керек.
Сондықтан матаның шеткі бұрышынан 42 см өлшеп аламыз. Мына жақ беті де дәл солай.

Қалған 18 см орны белге кетеді. Сол шеңбердің қақ ортасын тауып, 18 см төмен сызық жүргіземіз. 2 см артқа қайтып, 16 см ғана сызықты қалдырамыз. Ол етектің барлық ұзындығы тең болу үшін.
Сол бұрыштан шыққан 16 см ұзындықты жалғастырып, тағы 42 см есептейміз. Болмаса, бұрыштан 60 см өлшеп, сол нүктеден 2,5-3 см артқа қайтамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Матаны қимастан бұрын барлық жеріндегі ұзындықтың бірдей екеніне көз жеткізу керекпіз. Ана басын да, мына басын да өлшеп шығамыз. Әйтпесе, етектің бір жағы ұзын, бір жағы қысқа болып қалады. Ондайда 1-2 сантимертдің өзі көрініп қалады.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Сызған сызығымыздың үстінен матаны қатты көтермей, сырғытып алмай, қырқып шығамыз. Сосын бірден етектің астыңғы жағын оверлокпен тігу керек. Менде оверлок жоқ, соған ұқсас тігісті жүргіздім шетіне.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Бел жағына келгенде мұқият болған дұрыс.
Сіңілімнің белі — 60 см екен. Киіп-шешкенге ыңғайлы болу үшін 70-75 см қалдыру керек. Демек, бел жақтағы шетін мұқият, бірдей қылып артқа қайтарып шығамын. Бұл — кәдімгі желбезек, біркелкі болуы керек. Оны ілгектермен белгілеп кетеміз. Сосын ақ жіппен көзге қатты көрінетіндей етіп, қолмен тігіп шығамыз. Қолмен тікпеуге де болады, алайда ілгектер машинаның жүруіне кедергі келтіреді. Кейін барлық тігіс біткенде ақ жіпті сөгіп тастай саламыз ;)



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Резіңкенің екі басын біріктіріп тігеміз. Бұл тігістің мықты болуы керек, сөгіліп кету ықтималдығы өте жоғары жер.
Енді резіңкені тартып тұрып, етектің бел жағына қоса тігуіміз керек. Ең жауапты да қауіпті сәт: қатты тартсаңыз — ине сынып кетуі мүмкін, қатты тарпасаңыз — резіңке мен етек бір-біріне сәйкес келмей қалуы мүмкін. Сондықтан бірнеше жерден белгі қойып, ілгекпен қыстыра кетіңіз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Белдемшеміз аяқталуға аз-ақ қалды. Енді етегін қайтарып тігіп шықсақ болғаны. Байқадыңыз ба, «юбкамызда» 2-ақ тігіс болады, жандары қырқылған да жоқ :)



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Етектің шетін 1 см етіп қайырамыз да, бір сызықпен тігіп шығамыз. Сосын тағы да ішке қарай 1 сантиметрдей қайырып, бір сызықпен тігіп шығамыз. Тігістің түзу болуын қадағалаңыз. Соңында тігісті жатқызып үтіктейміз :)

Белдемшеміз дап-дайын! =d> Бірақ, оны киіп көрместен бұрын оған аксессуар дайындап алайық. Қалған матадан «бабочка» тігеміз.

Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

15х6 және 28х15 өлшемді екі мата қырқып аламыз. Үлкенін бір-біріне беттестіріп, шетін тігеміз. Матаның оң жағы іште қалу керек.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Матаны оң жағына қарай аударамыз да, жан-жақтарын туралап, үтіктеп шығамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Енді матаның екі шетін ішке қарай қайырамыз, тігіс іш жақта қалу керек. Ал, тең бөлінгенін білу үшін өлшеп көрейік. Дұрыс екеніне көз жеткізген соң екі шеттің біріккен жерін оверлокқа ұқсас зиг-заг тігіспен жүргізіп шығамыз. Арғы бетінен тігістің көрінгені ештеңе етпейді, бірібір беті жабылады.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Кіші матаның да екі шетін біріктіріп, тігіп шығамыз. Оң жағына аударған соң үтіктеудің қажеті жоқ.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Енді тік төртбұрыш қылып тіккен матадан «бабочканың» кескінін жасайық. Ол үшін инені сабақтап алып, қолмен тігіп шығамыз. Сосын екінші тіккен «бау тәріздесті» ортасынан артқа қарай қайырамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Бір-бірінен жылжып кетпес үшін жақсылап, бірнеше қайтара тігеміз. Матаның шеті сетінемес үшін ол жерін де бірнеше қайтара тігіп шығамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Міне, мойынға тағатын бант әп-әдемі боп шықты ;lv:-@d Оған жейденің жағасына тағатын бау жасайсыз. Ерінсеңіз, түйрегішпен тағып алуға да болады :d



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Міне, күздік образ дайын :-@d Бұл киімді студенттер де, қызметінде «арнайы формамен жүріңдер» демейтін қыздар да кие алады. Тез және арзан! :)

Айтпақшы, белдемшенің ұзындығын өз талғамыңызға қарай таңдайсыз ;)
Әрі қарай

Веб-комикс: "Исаның екінші келуі"

2011 жылғы блогкемпте «Веб-комикс» тақырыбына презентация жасап аудиторияны аздап езу тартқызғанымды біреу білсе, біреу білмес  Сол кезде қазақша веб-комикстерді тұрақты түрде жасап тұруға сөз де берген болатынмын   Өзге қолданушылар да бұл идеяны қолдап, тіпті дайын онлайн-сервистерді пайдаланып жариялап та жүрдік. Аз-мұз комикстерімізді осы қауымдастықтан көре аласыздар. Кейін интернетте түрлі мемдер көбейіп, веб-комикстің қарқынын басып тастаған сыңайлы. Сонда да сол бұрынғы кезді еске алып Сатыбалдының бір сюжетін сәл қысқартып комикс жасадым. Бұл жолы дайын сервис пайдаланбай, комиксті Corel Draw бағдарламасында өзім салдым. Қабыл алыңыздар!




Сейітқали Меттерних. «Исаның Екінші Келуі»

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі
Әрі қарай

Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа

Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа
Эпилог ретінде:
"Садақа" тақырыбына жазба жазу тапсырмасы берілген алғашқы 5 күн бойына білім базамда бұл ұғым жайында дерек-
тердің, қатысты материалдардың жоқтығына көзім жетті. Тіпті - мүлдем идеясыздық... Бірақ, шегінерге жол жоқ
еді: артымда - тар жолдың тайғағын кешкен "тағдырым", алдымда - абырой мен жауапкершілік тұрды...

Асыл дініміз Ислам әлемінде «Садақа» ұғымы:
Садақа — Алла Тағаланың ашуына ұшырауынан сақтаушы, қателіктерді өшіруші, тозақ отынан сақтаушы, қиямет күні әркім өз теріне малшынатын аптап ыстықта иесіне саюшы, мейірімділік сезімді оятушы, жүректі жұмсартушы ең ізгі амал;
деп келеді екен… «”Садақа және зекет” кітабы, 19 бет (авт. Нұрлан Анарбеков) »
Қайырымдылық жасаудың садақа мен зекет атты түрлері жайлы тіпті жалпылай базалық түсініктің аздығы мен «бір бастаған істің қыр-сырын толық меңгеріп алу» принципімнің себебінен, Астана қаласындағы: «Нұр Астана» және "Әзірет Сұлтан" мешіттеріне арнайы осы тақырыппен бас сұқтым.

«Нұр Астана» орталық мешіті

Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа
Орналасуы:
Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36
Ауданы:
3930 ш.м.
Сыйымдылығы:
≈10 000 адам
web сайты:
Үммет.кз

Осы мешіттің наиб имамы Төлеби Оспан ағамызбен сұқбаттасудың сәті түсті.

Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - СадақаАссалаумағалейкум Аға.
«Садақа» тақырыбында жазба жазу үшін блоггерлік сараптама жасап жүр едім. Жалпы, осы тақырып жайында не айта аласыз? Дінімізде садақа жайлы не делінген?


Уағалейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух.
Дінімізде садақа жайлы көптеген аяттар риуаят етілген:
«Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді, көмекке ашық болыңдар дұғаларың қабыл болады.» (Ибн Мажә);
«Ілімділер ілімінен, мал-мүлкі барлар мүлкінен садақа берсін.» (Ибни Сүнни);
«Бір дана құрма да болса садақа ретінде беріңдер, өйткені ол аз да болса аштықты кетіреді және судың отты сөндіргені секілді күнәларды жояды.» (Ибни Мүбәрәк);
«Садақа нәпіл ораза тұтудан да құнды.» (Байхаки);
«Садақа ретінде берілген бір үзім нан Аллаһу та’аланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді.» (Табарани).

Садақа беру — жүрегінде иманы бар нағыз мұсылманның, оның пайдасы мен Алла Тағаланың берер мол ризығы мен берер абыройынан үміт еткеннің ісі. Қандай да бір жағдай болмасын садақа беру міндет. Тіпті, Құдайға шүкір, қазір кез-келген жанның ең болмаса жарты келі бидай бере алатындай жағдайы бар. Сондықтан оны жүрек пен ардың жағына қалдырдық.Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа
Аға, Сіздердің мешіттеріңіз тарапынан мұқтаж жандарға қандай садақалар беріліп жатыр? Қандай шаралар ұйымдастырылуда?

Біздің мешітке Астана қаласының Есіл ауданына қарасты материалдық жағдайы төмен, көмекке мұқтаж жандарды қамтамасыз ету (бейресми) міндет етілген. Әрине, мешітіміздің есігі — оны шынайы көмекке зәру боп қаққан жанның әрбіріне ашық.
Бізде, аудандағы сондай көмекке зәру жандардың, оның ішінде нақты мектеп жасындағы 250 баланың тізімі бар. Мойнымызға сол балаларды мектепке дайындау жүктелген. Мешіттің кіреберісінде орналастырылған «Мектепке жол» атты акциясынан және жекелей тұлғалардан түскен қаржылар — тура осы балалардың несібесіне бұйырғалы тұр. Керек-жарақты бәрін алып, сақадай сай дайын отырмыз.Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа
Орташа есеппен 1 баланы киіндіріп жарақтауға кеткен қаржының шамасы қандай болды?

(қолына сатып алынған заттардың есеп-фактурасын алды) Әр баланың жас шамасына қарай, сыныбына қарай — оған жұмсалған қаражаттың да орташа соммасы әрқалай. Атап айтар болсақ:
1 балаға:
Дәптер/қалам және т.б.с.с. жарақтар — 2000 мен 2600 теңгенің шамасында;
Дорба (сөмке) — 1300 бен 4400 теңгенің арасында;
Мектеп формасы (ақшасы қолына беріледі) — 13000 мен 30000 теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
Міне, осындай дайындықпен алдағы тамыз айының 26 күні, тізімдегі барлық жандарды осы мешітке шақыртып, арнайы табыстайтын боламыз.

Әңгімеңізге рақмет. Алла істеріңізге береке берсін.

"Әзірет Сұлтан" мешіті

Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа
Орналасуы:
Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы
мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысы, нөмірсіз
Ауданы:
17 700 ш.м.
Сыйымдылығы:
≥ 12 000 адам
web сайты:
Мүсілім.кз

"Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы өзінің жеке кабинетіне қабылдап, барлық сұрақтарыма толық жауап берді.

Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - СадақаАға, қайырымдылық жасаудың ізгі амалдары деп садақа мен зекетті білеміз. Осылар жайлы айтып беріңізші.

Дініміз Исламда садақа мен зекеттің екеуінің орны бөлек. Садақаны — міндет, зекетті — парыз деп білгеніміз жөн. Зекетті арнайы жандар ғана бере алады, ал садақаны кез-келген жанның беруіне болады. Зекет жылына бір рет, садақа көңілдің қалауымен беріледі.Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа
"Әзірет Сұлтан" мешітіне қойылған садақа жәшіктері жайлы сұрайын деп едім.
Мешітке бас иіп кірген әрбір адам осы садақа жәшігіне азын аулақ болса да тиын тебен тастамай шықпаса керек. Осы жәшіктер қалай бақыланады, қорғалады, кімнің назарында? Сол сұрақтарға жауап берсеңіз.


Мешітімізде жалпы саны әр жайға орналастырылған 10 садақа жәшігі бар. Аптасына бір бет ондағы түскен қаржыны мешіттен жалпы саны 7 адамнан кем емес құрылатын арнайы комиссия шешіп отырады. Ол комиссияның құрамына: мешіт имамы, бухгалтері, және міндетті түрде ерікті жамағаттан 2 адам кіреді. Жәшіктің аузын жабарда әр жолы комиссия мүшелерінің қолы қойылған қағаз жабыстырылып, мөрленіп отырылады.Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа
«Мешіттен садақа жәшігі ұрланыпты» дегенді жиі естіп жатамыз. Ол жәшіктердің қауіпсіздігі қаншалықты қамтамасыз етілген?

Меніңше, қауіпсіздік шаралары жоғарғы деңгейде қамтамасыз етілген. Мешітте барлығы 76 камера орналастырылған. 3 ауысымда күзетшілер қызмет етеді, әр ауысымда — 7 адамнан. Ол жәшіктердің салмағы да біршама ауыр, тіпті 2-3 адамның орнынан қозғалтуға шамасы келмесе керек.Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа
Жауап бергеніңіз үшін рақмет айтамын. Алла разы болсын!

Сонымен -

Садақа — әрбір жанның жүрек қалауы мен арына қалдырылған игі шаралардың бірі. Дініміз — садақа берушілерге аса бір құрметпен қарайды. Садақа берудің де түр-түрі бар: қаржылай, біліммен, көңілмен, заттай т.б.
Бастысы — жүректе тап-таза ниет пен Алланың адал жолын танитын иманның болуы.
Осы жазбамды оқып отырған әрбір адамнан ертең мектепке барар дайындығы жоқ мектеп балаларына көмектесулерін сұраймын. Астанада болсаңыз жүріп жатқан «Мектепке жол» акцияның телефон нөмірлерін ашық қалдырдым. Сіздің де қалаңызда/ауылыңызда осы тектес шаралар жүріп жатқан болар. Қолыңыздан келсе көмектессеңіздер екен. Алла разы болсын!

Қайырымдылықтың ең ізгі амалы — Садақа

Блог - abzalsariyev: Қайырымдылықтың ең ізгі амалы - Садақа
Әрі қарай

Магистратура: қанша және не үшін?

1 шілдеден бастап Қазақстан жоғары оқу орындарына магистратураға қабылдау басталып, үміткерлер апыр-топыр құжат жинауға кірісіп кеткен болатын. Алдын-ала қам жасап қойған пысықтар алғашқы аптада-ақ құжаттарын тапсырып та үлгеріп, емтиханға дайындалып жүр. Жастардың көбі магистр атануға құштар. Мемлекет те білім алам деушілерге жағдайды жақсы-ақ жасап отыр — жылдан-жылға бұл білім бағдарламасына бөлінетін грант саны өсіп келеді. Мысалы 2010 жылы магистрлерді дайындауға бөлінген орын саны 2739 болса, 2013 жылы ол сан 6959-ға жеткен. Биылғы мемлекеттік тапсырыс көлемі әзірге белгісіз, дегенмен былтырғыдан аз болмасы анық. Ал осы бөлінген орын қалай меңгеріліп жатыр? Қабылдау әділетті жүріп жатыр ма? Өзіміздің кезінде магистратураға дайындығымыз зая кетпеген еді, ешкім ренжітпеген.


Сонымен сауалнамаға қатысқан 78 адамның 43-і магистратурада оқыған/оқитын болып шықты. Бұл жалпы санның 55 пайызын құрайды. Жаман емес.



Магистратура оқымаған 45 пайыз не дейді екен? Олардың оқуға ынтасы бар ма екен? Жауап төмендегідей:

ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?

Респонденттердің 14-і «Неғылам оны? Құр қағаз» депті. Оқуға құлшынысы болмаса «елдің бәрі оқып жатыр екен» деп жармаса кетпей, позицияларын айқындап алғандары да дұрыс бір жағынан.

Расында да, неғылады екен? Бұл сұраққа жауапты биылғы құжат тапсырушылардан іздедім.


ЕҰУ-дың қабылдау комиссиясы қызу жұмыс істеп жатыр екен.

ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?

Сонымен үміткерлер не дейді?
ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Әсет, «Ақпараттық жүйелер» мамандығына құжат тапсырушы (2014 жылғы түлек):
— Осы ЕҰУ-да жұмыс істегім келеді, оқытушылық ұнайды. Сол үшін қажет.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Азель, «Математика» мамандығына құжат тапсырушы (2014 жылғы түлек):
— Астанадан кеткім келмейді. Магистратура менің Астанада қалуымның бірден-бір мүмкіндігі.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Зәмзәгүл, «Халықаралық құқық» мамандығына құжат тапсырушы (2008 жылғы түлек):
— Магистратура жұмыста өсуіме керек. Қазір көп жерлерде магистрлік диплом талап етіліп жатыр.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Жәнібек, «Археология және этнология» мамандығына құжат тапсырушы (2014 жылғы түлек):
— Студент кезден қазба жұмыстарына қатысып жүрмін, келесі апта тағы экспедицияға кетіп барам. Магистратура маған осындай зерттеу жұмыстарымды жалғастыру үшін қажет.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Қымбат, «Педагогика және психология» мамандығына құжат тапсырушы (2012 жылғы түлек):
— Қазір көп жерде магистратура дипломы талап етіледі. Тіпті мектептерде де. Сол үшін керек.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Раушан, «Химия» мамандығына құжат тапсырушы (2013 жылғы түлек):
— Өзім ғылыми орталықта жұмыс жасаймын, ғылыммен айланысқан ұнайды. Сол үшін магистратура оқып, ары қарай жалғастырғым келеді.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Инабат, «Педагогика және психология» мамандығына құжат тапсырушы (2008 жылғы түлек):
— Жоғары оқу орнында жұмыс істегім келеді. Ал мен болсам балабақшада жұмыс жасап жүрмін :d


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?


Алина мен Гүлнұр, «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру» мамандығына құжат тапсырушылар (2014 жылғы түлектер):
— Толық жоғары білім алғымыз келеді. Біздер «Көлік және байланыс» министрлігінде өндірістік практикадан өткенде ол жақтағылар магистратура дипломының болғаны жөн деп айтқан.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Досжан мен Бағлан, «Заңтану» мамандығына құжат тапсырушылар (2014 жылғы түлектер):
— Просты біздің жұмыс істегіміз келмейді :d Қалжың, мүмкіндік барда оқып алсақ дейміз.



Сауалнаманы қорыта келе және өз ойымды қосып магистратурада оқудың 5 себебін тізейін:

1. Жоғары оқу орнында жұмыс істеу мүмкіндігі
Өздеріңіз білесіздер қазір ЖОО-ға магистратурасыз жұмысқа қабылдамайды. Айлығы жақсы интеллектуалдық мектептерде де магистр дипломын талап етеді.

2. Ғылыми-зерттеу жұмыспен айналысу мүмкіндігі
Ғылым қызықтыратын болса магистратура оған сізді бір табан жақындата түседі. Оның үстіне әрі қарай PhD-ге түсіп, сүйікті ісіңізді жалғастыруға мүмкіндік беретін бірден-бір баспалдақ — магистратура.

3. Қызметте өсу мүмкіндігі
Магистрлік диплом қызметтік сатыда жоғарылауға септігін тигізеді. Бірақ жатыпішер кер жалқаудың өзі болсаңыз, әлбетте, сізге бұл қағаз көмек бола қоймас.

4. Жағдай орныққанша мұрсат алу мүмкіндігі
Бұл енді дипломын қолға ұстап жатақханадан шығып, мәңгіріп қалған жас түлектерге қатысты. Жұмыс өтілінсіз әлдеқандай қызметке тұрып кету оңай емес, оның үстіне қазіргі дағдарыс кезінде. Магистратура сізге екі жыл жан-жағыңызға қарап, лайықты қызмет табылғанша «отсрочкаға» жағдай жасайды. Жұмыс істеуге рұқсат жоқ делінсе де, ол екі жылда өзіңізді түрлі қызметте байқап көре аласыз және аш қалам деп қорықпайсыз. Стипендия бар ғой.

5. Ел, жер көру мүмкіндігі
Құдай оңдап бір бағдарламамен шетелге грант жеңіп алсаңыз, өзге елде кемінде 1 жыл тұрып, салт-дәстүрімен танысасыз, жақсы білім алып келесіз. Тіліңіз де жақсарып қалады.
Қазақстандық ЖОО-ға түссеңіз де қайғырмаңыз, қазір магистратура білім бағдарламасында шетелге міндетті 10 күндік тағылымдама қарастырылған. Алғашқы сапар үшін бұл да жаман емес.


Солай, достар. Оқыңыздар, білім алыңыздар, тіл үйреніңіздер! Адал еңбекпен жүрсек кем болмаймыз.
Биылғы үміткерлерге сәттілік!
Әрі қарай

Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан "водовоз"

Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Бірінің өнері бірінен асқан блогерлер сайысында маңдайыма қара тігілгендей, ешқандай байланыс ұстамайтын, спутник антеннасы арқылы интернетті бастықтан тек шектеулі уақытқа тіленіп алуға болатын жерге көшкенімді қарашы. Уақытым да барынша тығыз. Сондықтан, күніне жарты сағат болса да, блог жазуға бөліп, содан шыққанын оқырманға ұсынамын деп шештім.
Әрі қарай

Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында

Осынау суретшінің ныспысымен ғана таныс мен бірде оның атышулы картинасы жайлы кездейсоқ естіп қалдым. Сөйтіп түз тіршілігінің біршама өмірсүру дағдысы бейнелеген Николай Гавриловичтің альбомын қолыма түсіріп, парақтай бастағанда бітіп қалмаса екен деп отырдым. Әлгі өзім ерекше сүйсініп жейтін шырынды бүлдіргенді алғаш көргендегідей, үзіп алып, дереу таңдайыма салып, дәмін жоғалтқым келмегендей күйімде тіпті асықпай тамашаладым.

Оның көп сурерттерінен сұрқай түстен аулақ, тек күннің нұры төгілген атырапты, тіршілікті көрдім. Мысалы, «Барымта» деген картинасында жарқ еткен найзағайдың астында жөңкіліп бара жатқан жылқының үйірі сол сәтке оралтып қана қоймай, қараңғы түннің ызғарын сезіндіртті. Дегенмен бүгін сіздерге айтқым келіп отырғаным басқа, яғни Н. Г. Хлудовтың назарынан сырт қалмаған қазақ әйелдерінің келбеті, нақтырақ жартылай жалаңаш қазақ әйелдері.

Бұл шығармалар бізден бұрын өмір сүргендердің де шымбайына батып, баспасөз бетіне өз пайымдарын жазғандай болды. Мәселенки, Ахмет Байтұрсынұлының «Суретші Хлудов неден қателесті?» деген көлдей жазбасы. Онда А.Байтұрсынұлы қазақ өміріне қатысты картиналардағы 18 қателікті атап көрсетеді. Алайда ол уәждер маған тым әлсіз көрінді, қызығушылар болса тағы бірде реттеп салармын. Ендеше көбәріп тергіштей бермей картиналарға зер салсақ.

Блог - Aya: Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында
Блог - Aya: Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламындаБлог - Aya: Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында
Блог - Aya: Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында
Блог - Aya: Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында
Блог - Aya: Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында
Блог - Aya: Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында
Блог - Aya: Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында
Міне ең соңғы әлгі атышулы картина осыыыыыы
Блог - Aya: Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында
Мұндай ойын түрі «Тайлақтарту» байқауы соңғы рет Құнанбай әкесі — Өскенбайға, Ерден Сандыбайға ас бергенде өткен деседі. Тәртібі бойынша ең сұлу жеті қыз-келіншек лыпасыз күйінде тізгінделген ақ тайлақты тісімен шешіп алу міндет екен. Бұл картинаға жоғарыда аталып өткен А. Байтұрсынұлы «мұндайды өз басым көрген емеспін» дейді. «Мұндай думан қазақ тұрмысында өте ертеде әбден болуы мүмкін. Қариялардың айтуынша, мұндай бәйге ертедегі аса үлкен ас пен тойларда тағылық түрде көңіл көтеру кезінде тігілсе керек. Суретші Хлудов менімен әңгімесінде мұндайды өз көзімен көргенін айтқаны бар. Алайда сене қою қиын» деп екі-ұшты солғындау уәжін алға тартады.
Ал, осы ұлттық ойындарды зерттеуші А. Мұрғабаеваның пікірінше, «Бұл ойын рәміздік мағынаға толы: түйе — түркі халықтарында тотемдік жануар деп есептелінеді және тернарлық әлем құрылымы. Ойын Орталық Азияда пуритандық ислам талаптарымен біртіндеп ас рәсімдерінен ығыстырылып шығарылған. Бұл жерде исламның әдептік-мәдени функциясының маңыздылығын атап өткен жөн». Мен де осы пікірге қосылмастан бұрын, бір ой келді. Ол төсін ашқан, етегі қысқа қыздарды көргенде "қазақтың қарагөздеріне мүлдем жат қылық" деуге «XX ғасырдың басынан кейінгі» деген датаны міндетті түрде қосып айтуды ұсынамын  Себебі осы «түйе шешу» ойыны жиырмасыншы ғасыр басына дейін сақталып келген эротикалық ойын рәсімдерінің бір түрі.
Әрі қарай

Туберкулез. Төртінші деңгейдегі күрес

Блог - Gastarbaiter: Туберкулез. Төртінші деңгейдегі күрес

Пролог


Асылында бұл әңгімені аурухана табалдырығынан аттамай тұрып, тіпті мүлде ауырмай тұрып оқығаның жақсы болар еді. Жыл сайын Шоқан мен Сұлтанмахмұт, Чехов пен Шопенге жұртта қалғандардың сәлемін жеткізетін 2 миллионнан астам адамға қарамастан, көбіміз бұл аурудың бізге еш қатысы жоқтығына және болашақта да қатысы болмайтынына күмән келтірмейміз.
Әрі қарай

Керекшілермен таныстығың қалай басталды?

Керекке 2006 жылы келген болатынмын. Сол кезде де өзінше ешкімді қабылдамайтын аудиториясы болды. Сол керекшілермен қалай таныстық:

Блог - sigma: Керекшілермен таныстығың қалай басталды?Асаубота. Бірде Алматыға командировкаға бару керек болып, билет болмай Ақтөбе арқылы кеттім. Содан, ой келді Аршат дегені кім деген. Тел соғып, -Кеатырм, кездесеміз бе?- дегем, ол да ке әрі болмады. Сол күннен бастап Аршатпен виртуалда таныстық, аськада көп сөйлесіп жүрдік. Ақтөбеге пойызға мінерде, күтіп алам деп хабарласқан. Уәдесінде тұрған тек Ақтөбе вокзалы ғана. Аршат кешігіп қалыпты. Составты тупикке алып кетті, басым төртбұрыш (шайдан, уа амиголар)сынып тұр, тел соқтым тағы да.
-Аршат қайдасың?
-Кеатырм!
Әрі қарай

Ертегі әлемі

Жаздың 3 ай демалысында үйде қолөнермен айналыспақ боп біраз әуреленгенім бар еді. Осыдан біраааз уақыт бұрын «Матаға салынған суреттер» тақырыбымен жазба жариялаған болатынмын. Жасаған дүниелерімнің бәрі сақтаулы, бірақ ораулы күйде қала бергеннен гөрі рамкаға салып қойғанды жөн көрдім. Сөйтіп аулада жиналып тұрған ағаштар арасынан «жарап қалар-ау» дегендерін алып, тазалап, бұйымдарымды қағып қойғаным бар еді.  
Әрі қарай