Жолын тапсаң бұрыштан да шығуға болады

Алдыңғы күні ғана тірі жүрген бір танысым өз-өзіне қол жұмсапты. Бұрынырақта осылай қайтыс болған кластасым жайлы да жазба жазып ем… ел ішінде суцид көбейді. Суйцидтің көбейгені жайлы айта бергеніміздің өзі дұрыс емес секілді мен үшін...
Менің
Әрі қарай

"Керек" жігіттер, мейрамдарыңмен!

Қымбатты достар, бауырлар, аға-інілер! 7 мамыр мейрамымен шын жүректен құттықтап, бастарыңа бақыт, денсаулық, сәттілік тілейміз. Отбасының қорғаны, ата-ананың үмітін ақтар азаматы болуларыңа тілектеспіз! Құт-тық-тай-мыз, уррраа!

(48.83 Kb, 400x300)

Тағдыр мынау
Әрі қарай

Жан-жақты журналистика


Эпиграф эпиграфымен, әрине. Бірақ сол кеңістікті толтыру құдіретіне ие адамдар оны қалай толтыруы керек?
«Конвергентті журналистика» дегенді алғаш естігенімде басымда когнитивті диссонанс орнады. Басқаларда «когнитивті диссонанс» дегенді естігенде де когнитивті диссонанс орнайтынын ескерсек, бұл үшін бізді сөге қоюға болмас. Әйткенмен, үзік-үзік бір дүние білетінім ақиқат болса да, бұл тақырыпты сізбен бірге қаужауыма тура келді.
Бұл ұғымның термин ретінде, жалпы мазмұндық құрылым мен механизм есебінде де шетелден енгені белгілі. Яғни ол бір америкалық кәсіпкердің екі арна мен бір газет қожайыны болуға мүмкіндігі пайда болған кезден бастау алады деседі. Іскер бір журналист анда да, мында да жаза алатындай редакция жасап көрген-мыс. Дегенмен, журналистиканың өз ішіндегі айырмашылығын аңдау үшін сөздердің түбіріне назар аударсақ та жеткілікті.
Әуелі, негізгі субъект — бұқаралық ақпарат құралдарын алайық. Мұндағы «ақпарат» ұғымы – дерек, мағлұмат, мәлімет беруді білдіретінін еңбектеген балаға дейін біледі. Сөйте тұра, мұнда ақпарат ағыны бір векторлы, бағыты жалғыз боп топшыланады. Қандай да бір жауап реация күтілмейді. Ал, мысал үшін, бұқаралық коммуникация құралдары делік – бұл ұғымда, әрине, екіжақты, мүмкін, көпжақты қатынас бар.
Біз «Mass media», «media» түсініктерін БАҚ деп аудару арқылы, бәлкім, кеңес дәуірінен қалған идеологиялық әфсананы қолданғандаймыз. Яғни, ақпарат таратылады, оны сіңіреді, осыған халық тоюы тиіс. Ал батыс журналистикасында мұндай терминге саятын ұғым мүлде жоқ екені белгілі.
Енді "Құралдар" ұғымына келейік. Құрал деп, мәселен, әдістерді, тәсілдерді, амалдарды, вариацияларды, жолдарды, механизмдерді атайды. Қош делік.
«Бұқаралық» деген сөз қалды. Бұқара – халық, орысша тәржімасы – масса. Екі жағдайда да аудиторияның ауқымы, көлемі беймәлім, яғни саны қанша екенінің маңызы жоқ тәрізді.
Сөйтіп, БАҚ деген бізде не боп шықты? Ол — деректерді бұқараға жеткізу механизмдері, қалың массаға мәлімет жеткізу жолдары, қайнар көзден көпшілік адамға, кең аудиторияға деректер жеткізу құралдары. Және аудиторияның өзі бұл жайлы не ойлайтыны онша маңызды емес екен.
Ал шетелдіктер қолданатын «Медиа» ұғымының бұдан айырмашылығы көпе-көрінеу байқалып тұр. «Медиана» — үшбұрыштың төбесін қарама-қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын сызық. «Медиатор» — дауласушы тараптарды бітістіретін бейтарап тұлға.
Және, о рухтар, Медиум! Медиум – қос әлемнің арасын жалғайтын, тірілер мен әруақтарды байланыстыртын тұлға. Рақмет, рақмет.
Яғни, медиа – ортадағы көмекші, дәнекерлеуші, байланыстырушы, жалғаушы ұғымымен парапар. Бұқаралық ақпарат құралдары және медиа ұғымының айырмашылығын ұқтыңыз ба?
Тағы бір айырмашылығын діттеу үшін өткенімізге үңілейік. Қазақстанның тұңғыш газеті – «Түркістан уәлаяты», Түркістан генерал-губернаторының ресми органы. Тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей империясының қол астындағы барша түркі халықтарының тілінде шыққан алғашқы мерзімді басылым еді ол. Патша үкіметінің шешімі бойынша жергілікті әкімшіліктің бақылауымен және қаржыландырумен шыққан ресми газеттің мақсаты бесенеден белгілі. Саяси насихат, идеология. «Дала уәлаяты» немесе «Ұшқын» газеттерінің де көксегені сол. Басқа мүдде болса да, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының негізі осыған саяды. Бұл факттер БАҚ-тың біздің орыстармен ортақ тарихымызда саяси насихат құралы ретіндегі ғана рөлін айшықтай түседі.
Жалпы, «Бұқаралық ақпарат құралдары» ұғымының сала мамандарының түсінігіне етене енуі заңды. Мұнда бір үлкен мәселе бар дей алмаймыз. Бірақ байланыс векторы бір бағытты болуына орай, әлі күн олар аудиторияға не керек екенін өзіміз білеміз деп ойлайды. Ал батыста мұны аудиториядан сұрайды. Полилог кезеңі – коммуникация кезеңінде барлық адамдар араласа алуы тиіс журналистиканың мәні жөнінде блогиада авторларының бірі өз кітабында жақсы жазыпты деседі. Бірақ оқыған жоқпын, шыны.
Жалпы, біздің санамыздағы БАҚ пен батыстың меңзеген медиасындағы айырмашылықтар мұнымен ғана шектелмейді.
Блог - Medium: Жан-жақты журналистика
Коммуникациялық мағынада бұл екеуі сахнадағы балет пен көшедегі би кеші cекілді. Бірінде — назар тек сахнада, тура мағынасында тыңдаушылар бір-бірінің желкесінің шұқырын ғана көріп отырады. Екіншісіне кез-келген адам қосылып кете алады.
Бір жағынан, кірпияздар болса, бұл аналогияның екінші категориясынан сәл әуесқойлық, жабайылық байқап қалуар еді. Кейде бұл сипаттама шынымен тән тәрізді.
Себебі, қазіргі кезде ақпаратты сөзбен әспеттеп, әдемілеп беру үрдісі маңызды емес те секілді. Бүгінде ақпарат тарату үшін маңызды критерийдің бірі — жылдамдық, мобильділік. Ұшақ апаты болған езде «РИА-Новости» агенттігі хабар күтіп мыжып отырмай, «Осындай да осындай ұшақ құлады» деп бір ауыз сөз ғана жазды. Немесе, басқа критерийлерге басы ауырмайтын шағын редакциялар: олар ақпарат тарату жылдамдығы жолында грамматикалық қате жіберсе, ешкімге сөгіс бермей, кейін бір қолданушысының айтуымен түзей салады.
Сосын мына дүние әсер етпей қоймайды. Бүгінгі күні технологиялар дамып жатыр, тоқтаусыз дамып жатыр. Орта ғасырларда отбасылар шетелде рояльдың маңына, бізде дастархан басына жиналды. Одан кейін фонограф пен граммафон пайда болды. Кейін радио хабар таратты. Бұдан соң отбасын ортақ жинап алатын құралдың рөлін теледидар атқарды. Кейін ол теледидар әр бөлмеде біреуден болса да таңғалмайтын болдық.
Ал қазір… мобильді құралдар. Технологиялық буктар, гаджеттер, смартфондар. Әркім өзіне керегін қарайды, тыңдайды, оқиды (кеше, мысалы, Чемпиондар лигасын ұялы телефон арқылы онлайн режимде көрдім). Отбасын біріктіріп, ұйыстыру, отбасы мүшелерінің отырып сырласуы жөнінде «пашти» қоғамдық мәселе туғаны осыған байланысты шығар. Бірақ менің айтайын дегені ол емес.
Біздің әлемде осыншама жылдам даму кезеңі болып көрген жоқ. Ғалымдардың айтуынша, ақпараттық-технологиялық кеңістіктің тығыздығы сондай — ХІХ ғасырдан бері ақпарат әр 50 жыл сайын екі еселеніп келді. 90 жылдан кейін әр жыл сайын екі еселенген екен. Және мен өзімнің ата-анам игерген ақпараттан әлдеқайда көбірек ақпаратпен жұмыс жасап жүргенімді білемін. Менің баламның одан да көп дүниемен алысатыны да анық.
Сондықтан қазігі кезде ақпаратты үнемдеп жұту, уақытты құр жібермеу аса маңызды. Бұл кір жуғанда құлаққаппен бірдеңе тыңдау, тамақ ішкенде телефон шұқу секілді екіұдай нәрселерді де тудырды.
Немесе, керісінше. Өмір сүру стилі ақпарат алуға ықпал ететіндігі де шын сияқты. Автомобильдегі шөпір жол кептелісінде іші пысып, радио қосады. Мен қоғамдық көлікке мінем де, лентаны шарлаймын. Трафик (ақша деп оқыңыз — ред.) жоғалтпас үшін адамдар офистерден қарайды, тыңдайды, пікірлейді. Замананың интерактивті болғаны сол — қазір тіпті ақпар, пост оқу үшін іздемейтін де сияқтыі. Лайктау үшін іздейтіндей. Және адамдардың нені, қалай лайктағанына қарап та пікір қалыптастыратын деңгейге жеттік. Блог - Medium: Жан-жақты журналистика
Яғни, қалай болғанда да, қоғам ақпаратты түрлі формада алғанды қалайды. Замана дамыған сайын әдемі нәрселердің арасында өмір сүріп үйренген біз медиадан да жылтырақтықты талап етеміз. Клиптік сана, дискретті қабылдау жүйеміз әртүрлі түрде ұсынатын ақпарат көздерін іздегенде, ең бірыңғай, жинақы деп интернетке шоғырлана бастадық. Ол жақта форма алуан, сондықтан ақпарат сіңімдірек.
Соның арқасында біз ақпаратты жеке-жеке ала алатын дәуірге жеттік. Әр адам — өз-өзіне ақпарат мұнарасы © болды. Әлеуметтік медиаға байланысты достар да тамаша ақпарат көзіне айналды. Мобильді блогтар, агрегаторлар жаңалықтарды кім өндіргенін де маңызсыз қылды. Юзер-дженерейтед контент, яғни қолданушылар ақпарат орналастыратын сайттар, видео-ресурстар (Youtube қой), фото, блогтұғырнамалардың пайда болуы дәстүрлі БАҚ-ты жан-жақты болуға итермелейді.
БАҚ-ты жан-жақты журналистикаға итермелейтін тағы бір тарап – ол блогинг. Бұл ұғымның енуімен бірге тұғырнама, жеке блог не тіпті әлеуметтік желідегі белсенді жазбагердің рөлі қатты күшейді. Яков Федоров немесе Әлішер Елікбаев сияқтылар көтерген мәселелердің жалпы резонанс тудырып жататыны да рас. Әліби ісі, Кинотеатрдағы тепкі, т.б. жағдайлардың қоғам назарында болғанының өзі де осы тараптан бастау алғаннан болды дей аламыз.
Білесіз бе, атақты біреу, немесе бір саяси «шишка» автомобиль апатына ұшыраса, келген МАИ-дің бірінші істейтіні видеоқуғынбайлардан үркіп, нөмірін шешіп алады. Әлбетте, осы сыңайдағы оқиға орын ала қалса, ұялы телефондарын алып шыға келетін ағайын қазір көп. Оның плюсі де, минусы да бар, бірақ мобильді журналистика, тұтынушы журналистикасы дейміз бе, жаңа бір үрдіс қалыптасып келе жатқаны анық.
Осылардың бәріне балама, тіпті жақсырақ вариация ұсына алмаса, онда БАҚ-тың қадірі қайсы?
Ақпарат алмасу процесінде технологиялық байлық титімдей болса да тиімділік ұлғайтатын болса, оны пайдаланбау да ерсі. Осы орайда, «Медиа фаст фуд есебінде» тұжырымын атап өтейік. Фастфуд дегенде не еске түседі? Ыңғайлы, ықшам, дәмді, жылдам, унификацияланған. Зиян дерсіз сіз. Ол да жоққа шығарылмас.
Сондықтан да бүгінгі заманда журналистика жан-жақты болуы керек болатын болса, ақпарат тарататын журналисттің өзі де әмбебап болуы тиіс. Тура мына роликтегідей. Қазіргі дигитализация кезеңінде, яғни цифрлау, цифрлық форматқа көшуде көп деректі үлкен қашықтыққа жіберу мәселе емес. Әлгінде атап өткен тараптардың бәрі бәсекелес болып қолданып отыған технологиялық мүмкіндіктер видеороликте жақсы көрсетілген.
Жан-жақты журналистика деп отырғаным да осыған саяды. Роликтегі конвергенттік журналистика дегендегі конвергенцияның өзі — өзара ену, өзара ұқсауды білдіреді. Биология, ай-ти, физикада да бар термин.
Қазіргі кезде конвергенция үрдісі — коммуникациялық технологиялардың, нарықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өздерінің, техника мен технологиялардың ортақ дүниеге бірігуі болып отыр. Массачусетс технологиялық университетінің профессоры Итьел де Сол Пул: «Телефон, пошта, телеграф, секілді өзара коммуникация құралдары және пресса, радио және телеарна секілді бұқаралық ақпарат құралдары, яғни жалпы медианың арасындағы шекараның жойылуы» дейді оны.
Ол холдинг шеңберінде болса, ортақ редакция бір холдинг астында бірін-бірі қолдайды. Редакция шеңберінде болса, мультимедиялық алуандылықты талап етеді. Конвергентті редакция өз бойына газет журналистикасының тереңдігін, видеоның эмоциялылығын және онлайнның интерактивтілігін жинақтаған толыққанды материал әзірлеуге мүмкіндік береді. Оның ішінде тікелей араласқан формалар болуы мүмкін: онлайн газет, интернеттегі радио, веб-телеарна, видеорадио (радиохабар кезінде камера қою). Осы орайда, инфографика туралы айту керек – ол, бірінші кезекте, иллюстрация да емес. Бұл жанр да журналистиканың батыстағы бір саласы – деректер базасы журналистикасынан туды.
Сонсоң конвергенциялық журналистика кезінде нарықтардың да бірігуі жүреді — өңдеу, өндіру, тарату секілді үрдістердің бәрінен ортақ бір нарық қалыптасады. Үнемі қолданушылармен кері байланыс ұстап отыратын конвергентті журналистика иілімді. Мысалы, мұндай үрдіс жұрттің пікірін тікелей салып жіберетін, кейін талап етсе жедел өшіре салатын сайттардың әрекеті секілді.
Яғни, журналистиканың ғылым ретінде өзін сақтауы үшін, тіпті ақтауы үшін мамандар қолынан мултимедиялық журналистиканың барлық алғышарттары келетіндей болып түлеп шығуы керек. Мультимедиялық журналистика деп мультимедиялық материал өндірісін атауға болады. Конвергентті журналистика дегеннің бір діңгегі осы.
Барлық медиа түрлері жаңа технологияларға байланысты болып отыр. Жаңа технологиялар жаңа байланыс түрін, сәйкесінше жаңа өркениетті тудырады. Канадалық ғалым Маршал Маклюен:
1 деңгей: табиғи медиа – жазу, жест, сөз, интерперсонал байланыс;
2 деңгей: масс медиа – технологиялық құралды қажет ететін медиа;
3 деңгей: мультимедиа – 1+2 =3 болатыны секілді тез өзара байланысты да + технологияны да қосатын медианы көрсетеді.
Интернет — ең интерактивті орта, конвергентті болу жолында оған түрлі БАҚ қосылып, өздерін сынап көреді. Мультимедиялық журналистика ене бастаған кезеңде газеттер өздерін сақтағысы келіп, сайттар ашып, пдф форматындағы материалдарын салды. Сонан соң сол редакциялар адамдар үймелемегеніне таңғалып еді. БАҚ – өз сайттарына бұрынғы аудиторияны жинай алмайды, себебі, бұл ортаның қағидаттары басқа, адамы бөтен, механизмі бөлек.
Зерттеуші С. Уразов (А. Оразовпен шатастырмаңыз!) конвергентті үрдістердің пайда болуына қатысты себеп-салдарлық байланысты былай көрсетеді:
— Мономедиалық ортаның мультимедиялық ортаға ауысуы;
— БАҚ-тардың БКҚ-ге трансформациясы негізіндегі медианың классификациялық атауының өзгеруі;
— Интерактивтілік — байланыс формасы ретінде;
— Және жаһандану процессі сандық технологиялардың дүмпуімен ақпараттық өнімнің таратылу ретін өзгертед
і.
Технологиялық, формалық таңдау жасаған кезде, әрине мағыналық негізін білу қажет. Мәселен, "Қазақстандық кей саяси қайраткер ағайын қырғыз саунасында ұсталып қалды" деген жаңалық таратқанда, аудиторияға не керек? Әрине, видео.
Осындай нюанстарды түлек боп ұшқаннан біліп шығу — білім беру жүйесінің іргелі мәселесі деп ойлаймын. Журналистика деген сала қоғам ұғымында жаза білу өнері деп қабылданып кеткендігі жалған емес. Жалпы жаза білу үшін 4 жыл оқудың мәні бар ма? Жоқ, жақсы жазған жақсы, жақсы ойлана білген одан да жақсы. Яғни, бұл тенденция оны дәстүрлі филологияға жақындатады, филфак бітірген ағайынның журналистиканы жағалап кететіні де сондықтан болар. Нағыз журналистер – батыста мұрағатты ақтарып-ақтарып, өзінен тіпті түк жазбауы да мүмкін – факттерді ретімен қойып қана бәріне түсінікті қылуы да ықтимал (деректер базасы журналистикасы дегеннің не екенін еске түсіреміз — ред.).
Конвергентті журналист тәрбиелеуде, әрине, біз бұған дейін де соншама көксеген коммуникацияның маңызы жоғары. Оқытушы мен студент, маман мен тыңдаушы. Әйтпесе, біздегідей патерналистік оқыту жүйесінде мұғалімнің аузына қарап қана қойып, ЖОО бітіріп шығатындар көп.
Жалпы, журналисттерді дайындауда оларды бірден конвергентті журналист қылып шығару жүйесін қолға алса игі еді. Мүмкін, сонда мына анимациялық фильмдегі ару секілді түлектер салаға жаңа толқын боп қосылар. Қазақстандағы конвергентті журналистиканың жай-күйі жайлы да осы түлек қыз айтып береді.Қалай болғанда да, конвергентті журналистикаға көшу — аудиториямен бірге өзгеру болып отыр. Ол маманның да, ұжымның да, технология мен форманың да, тарату арналарының да, материал мен құрал-сайманның да жан-жақтылығын талап етеді.
Мына жазбамда да бірыңғай емес түрлі-түрлі формалар пайдаланылғанына таңғалған шығарсыздар. Конвергентті журналистика, мырзалар.
Әрі қарай

Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады

"Қандай да бір нәрсенің мүмкін емес екенін бәрі біледі. Содан кейін оны да білмейтін бір дымбілмес келеді де, жаңалық ашады" © Альберт Эйнштейн
Инновация дегеннің не нәрсе екенін, оны неге қосып жейтінін көзі қарақты, құлағы түрік ағайынның бәрі білсе керек. Қазір тіпті еңбектеген балаға дейін оны біліп қана қоймай, арагідік өздері де жаңалықпен таңғалдырып жүрген заман.
Жалпы, инновация жасаймын деушілерге мемлекеттен қолдау көп қазір. Ел Президентінің «100 нақты қадамының» 64-іншісі – өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң жобасы. Осы күзде ұсынылатын заң жобасының шеңберінде новатор-ғалымдарға түрлі бағыттағы қолдау көрсетілгелі жатқаны да рас.
Оған, бір жағынан, EXPO-2017 көрмесі де сеп болып отыр. «Online EXPO-2017» байқауына энергетика және ауыл шаруашылығына қатысты 5 номинация бойынша 450-ден астам өтініш берілді. Соның бірнешеуі осы әліпбиге еніп отыр.
Әлқисса, новаторлардың тек кейбірімен ғана тілдесуге мүмкіндік туды. Бұған новаторларлың 87 пайызы, ғм-ғм, Алматы қаласында шоғырлануы да әсер еткен шығар.
Есесіне, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік өзге де бірқатар ұйымдар секілді жаңашылдармен жұмыс жасайтыны белгілі. Бірақ менің хит-парадымда осы агенттіктің деректер базасында жоқ новаторлар да бар секілді. Сондай азаматтарды көбірек табуға тырыстым. Яғни, НАТР-батырлар мен олардан тыс жанашыр жаңашылдардың ортақ тұрағы. Әлбетте, қажеттілік туса, аз-мұз байланыс ақпарымен бөлісуге әзірмін.
Сіз Қазақстанда өнертапқыштар көп емес деп ойлап келдіңіз бе? Ендеше, кеттік!
Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады
Автономды тоңазытқыштың әліпбиімізді бастауы – а әріпті антивирус жайлы өткен жазбамызда айтып қойғанымыздан деп біліңіз. Блог - Medium: Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады2013 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы «Вибромаш УК» ЖШС-нің басшысы Анатолий Ковшик бас болып жасап шығарылған. Автономдылығы мынада – тоңазытқыш қыс бойы арнайы жинақтау орнына суық жинап алады да, қалған мезгілдерде соны пайдаланады. Ол үшін жылу құбыры қолданылады. Уақыт келгенде тоңазытқыш автоматты түрде қосылып, өзі қор жинай бастайды. Қолданылу аясы – қойма дүкен, шаруа қожалықтары, балық, ет өндіру мекемелері. Сондықтан, қызығушылық бар. Күрделі тұсы – баламалы тоңазытқыштарды пайдалана салу оңай.
Әрі қарай

Спойлер таратып жүрген арандатушы топ іздестірілуде

«Тақтар ойыны» сериалының маусым финалының алдында еліміздің бірнеше қаласында бейбіт көрерменге спойлер шабуылы жасалды. Алдын ала көріп алған арандатушы топ сериал фанаттарына алдын ала ақпарат беріп, іріткі салуда. Қазір бұл спойлершілер жан-жақты іздестірілуде. Арандатушылармен тиісті органдар айналысып сазайын беретін болады.

Оқиғалар тізбегі:

АЛМАТЫ. Бетперде таққан белгісіз біреулер Жароков-Водозаборный көшесінде орналасқан блогерлер штаб-пәтеріне кіріп келіп, соңғы бөлім спойлерлерін айқайлап кеткен. Психологиялық травмаға ұшыраған Д.З және Е.Б атты блогерлерге қазір психологтар көмектесуде.

АҚТӨБЕ. Жайдарман аймақтық лига ойынында сахнаған шыққан бір ойыншы шыдай алмай «Ең соңында Джон Сноу бар ғо, Джон Сноу...» деп айқайлап жатқан жерінен бір командаласы тарапынан соққыға жығылды.

ШЫМКЕНТ. Сериалдың бұрынғы бөлімдерін талқылау және сезон финалына болжау жасау мақсатында саунада жиналған сериал фанаттарына жезөкше кейпінде кірген спойлерші қыз маңызды 3 спойлер айтып, артынша ізін суытып үлгерген.

АТЫРАУ. «Тамаша» сауда орталығында белгісіз біреулер «Сайлаубек ән айтады» деп халықты жинап, дыбыс күшейткіштер арқылы спойлер таратып, белгісіз бағытқа қашып үлгерген.

АСТАНА. Тікелей эфир кезінде Еуразия арнасының жаңалықтарына телефон арқылы хабарласқан көрермен 8 секунд ішінде маңызды спойлер айтып үлгерген.

ҚАРАҒАНДЫ. Қалалық парк алдында оқушы қыз киімін киген белгісіз топ қала тұрғындарына қос тілде жазылған спойлер қағаздарын таратқан.

ҚЫЗЫЛОРДА. Ешқандай оқиға тіркелмеді.

АЛМАТЫ. Футбол матчында тиін киімін киген белгісіз бір арандатушы спойлерлер жазылған қағаздарын трибуналарға шашып болғасын, қашу сәтінде қақпа маңында тәртіп сақшылары тарапынан ұсталды.

АҚТАУ. Суық және ыстық су көрсеткіштерін тексеруші кейпінде тұрғын үйлерді арлап жүрген спойлерші соңғы 3 бөлімін әлі көрмеген қала тұрғындарына психологиялық соққы жасап үлгерді.

Ақторының халі

Қоңырау дыбысынан оянып кеттім. Жақындап келіп, «Кімсің?» деп сұрамастан есікке ақырын құлағымды тостым. Мұрынын жиі-жиі қорқылдатып тарта беретін тынысынан-ақ таныдым: пәтердің қожайыны. Кезекті сылтау іздей бастап едім, миыма жөнді ой да келе қоймады. Өтірікке адам еріксіз бой алдырады екен: алғашында өтірік айтқанда ұялып, шындығы білініп қала ма деп, бетім қызарып, көзім жасаурап әбден әбігерге түсетін едім. Ал, қазір бәрібір: «Өтірігіңнен-ақ шаршадым» деп тұрған адамды да сендіруге тырысып, сенбесе де әйтеуір өз тарапымнан ақталу үшін құрастырып алған өтіріктерімнің қисыны келмесе де бетім бүлк етпейтін болыпты.
— Аш есікті! Қашанғы шықпаймын деп ойлайсың? – тарғылданып шыққан дауыстың соңын кеңсірігінен жылжып бара жатқан сұйықты кері орнына қайтару үшін қорқ етіп тартылған жағымсыз дыбыс іліп әкетті.
Елуді еңсеріп қалған толық әйел адам алғашқыда, дәлірек айтқанда пәтердің ақысын тұрақты төлеп жүрген кезімде сүйкімді көрінген. Толық денесі кең пейілін білдіргендей, ал май басқан жып-жылмағай беті үнемі күлімдеп тұрғандай көрінетін. Мұрынын жиі-жиі тартатын әдеті де балауса кіп-кішкентай қызға тән бір адалдықты байқататындай еді. Жұмыссыз қалған соңғы 4 ай уақытымда мен жиіркенетін адамдар мен құбылыстар, әрекеттер көбейе бастады, оның ішінде осы пәтердің қожайыны да бар. Есікті аштым:
-Ертең төлеймін…
-Қарағым, тезірек босатшы. Басқа ештеме де сұрамайын.
-Ертеңге дейін уақыт беріңіз…
-Күлкімді келтірмеш, «айналайын».
Бала күнімде әжемнің басымнан сипап «айналайын» деген ең жылы, ең мейірімді есітлетін еді, уақыт өте келе сөздердің де қолданылу мағынасы өзгереді екен. Дәл қазіргі айтылғаннан «айналайыннан» артық мысқыл сөз жоқ еді.
-Ертең…
-Ертең? Ертең лотореядан ұтыс шығу керек пе еді?
-Жоқ, ә…
Аздап жымиғандай болып едім, бірақ түрім жылаған адамға көбірек ұқсап кетті. Тағы бір кезекті рақымшылық күткен адамдай жалынышты көзбен қарадым. Әр әрекетімді айна алдында тұрғандай көз алдыма елестету бала күннен қалған әдет. Дәл қазіргі өзімнің осы түрімді көріп ол түгілі өзім де аяған жоқпын, жиіркендім. Пәтер иесі де аяудың орынына жиіркенген шығар:
-Ертең «мілитсиәмен» келем!- деп көмейін жағымсыз сұйыққа толтырып қорқ еткізіп тағы бір тартты да кетіп қалды. Менің мына түріммен салыстырғанда, танау дыбысы әлдеқайда сүйкімділеу шығар.
Осыншама дәрменсіздігіме, ештемеге ебім жоқтығына күйіндім. Жазудан басқа қолымнан түк келмейді екен. Тіпті еден жууға да жарамай қалдым. Әйтпесе мені жұмыс іздемеді дейсіз бе? Кеше таңертеңнен бері нәр сызбаған асқазан да шыдамсызданып кетті. Телефонның үні әлдеқашан өшкен, тек банктегі несиемнің пайызы өсіп бара жатқанын хабарлап, банк қызметкерлері ғана хабарласады. «Ақша табу керек. Бірақ қалай?». Үйде сататын да ештеме қалмаған. Соңғы құрбандыққа талай ойлар мен тұщымды дүниелер жазылған компьютер кеткен болатын. Көзімнің қарашығындай сақтап келген жазбаларымның бір күнде мәні кетіп, тіпті көшіріп алу да ойыма келмей сатып жібергем. Бар ойым жағамнан алған жоқшылықтан құтылу. Адамның санасын аштық билегенде айуанға айналады деген шындық шығар. Сатуға лайықты көзіме ештеме іліне қоймады. Отыздың ортасына келгенше жинаған байлығым — бір қабырғаны сірестіре жинаған кітаптар ғана бар еді. Кезінде ат басындай алтын берсе де айырбастамауға бекінген байлықтарымды сатам деп шештім. Елдің түкпірінен сұратып алып оқып жүрген кітаптардың бағасын іштей болжап та қойдым: ең аз дегенде пәтердің қарызы мен бір айға жетер қаражат болуы мүмкін.
… Екі ала дорбаға салынған кітаптарымды сүйреп орталық базарға келдім. Алдымен «Кітап аласыз ба?» деп жанымнан өтіп бара жатқан бір-екі адамнан сұрадым. «Кітап?» деп таңырқап тұрды да, бағасын сұрады. Өз ойымша бағалап алған құнды естігеннен кейін күлімдеп бастарын шайқайды. Күлімдеудің де түрі бар: біреулер мейірленіп, біреулер ызамен, біреулер қуанып, біреулер ұялып, біреулер мысқылдап, біреулер армандап, біреулер еріксіз… Мына күлімдеулер басқаша: аяушылыққа да, таңырқауға да, мысқылға да ұқсамайды – есі дұрыс емес адамның әрекетін көргенде кейде күлу әбестік екенін біліп тұрып, еріксіз ұяла жымиясың ғой. Міне, соған ұқсас. Демек, қоғам үшін есім дұрыс емес екен. Кітапты байлыққа балап, сатып қаражатқа айырбастаймын деп ойлаған менің есім дұрыс емес. «Есі дұрыстарға» кітап керек емес. Көзілдірігі өзінің мұрынынан шыққан демімен қырауланып қалған ер адамға екі-үш күндікке жететін тамақтың бағасына айырбастадым кетіп қалдым. Тіпті, өкініш те болған жоқ. Керісінше ауыр дорбаларды үйге кері сүйреуден құтылғаныма қуанғандай кетіп бара жаттым.
… Телефоным шырылдады. Банк қызметкерлері шығар деген оймен қарай қоймағам, артынша хабарлама келді. «Қайдасың? Хабарлас?» Нөмір иесін де таныдым. «Ұнайсың..» деген сөзінен-ақ түпкі пиғылын сезе қойып, адамды ұялтатындай ауыр сөздер айтып кеткенмін. Әйтпесе, пайғамбар жасына келген адамның менен не үміті болуы мүмкін? Шынымен, жаны жомарт деп бағалап жүрген адамның өз есебі бар екенін білген күні-ақ сырт айналдым. Мен намыс деген атауды осылайша түсіндім, ол басқаша түсінді. Намысы оянды, қаршадай біреуден ауыр сөз есту оңайға түспеді. Көкірегінде оянған сезім намыстан гөрі кекке ұқсас еді. Аз ғана уақыттың ішінде ортадан аласталып, жұмыссыз, ешкімсіз қалдым. Дос дегендерім алғашында мені қолдап жігер беріп жүргенмен, уақыт өте келе алыстай берді. Құрғақ сөз қашанғы азық болсын…
Ойланып қалдым. Бас имей кеткен күн үшін мені ешкім марапаттамады, арқамнан қақпады. Арым таза ғой деп жұбаттым алғашында, бірақ ардың тазалығын бағалар кім бар? Жұмыс сұрап қағар есіктің алдында тұрып, алдымен «Жолымды оңғарса екен...» деп Алладан тілегем. Бірақ қолынан жазудан басқа ешқандай тірлік келмейтін мен сияқты бейшараның үні Аллаға жетпей, жарты жолда қалатын болса керек.
Телефонды көтердім. Қарлығыңқырап шығатын дауыс: «Жоғалып кеттің ғой...» деді. Соңғы айларда көрген қиянатым әбден шегіне жетсе керек, еңіреп жылап жібердім. Жылаған дауысымды ол кешірім сұрап отыр деп қабылдады: «Жарайды, жылама, енді! Тентектігіңді қойдың ба?» деп жұбатып жатты. Сабасына түсірдім-ау деген мысқылмен күліп тұрғандай көрінді.
Таршылық келіп қыспаққа алса, кеудесі көк тіреген небір алыпты да морт сындырып, екі бүктеп тынады екен. Жарты жыл бұрынғы ойларым тіптен басқаша еді, ондай ойларды ойлаған да мен емес секілді. Әлемді аппақ күйінде елестетіп, адамдардан да тазалықты күтетін едім. Ал қазір ше? Күлімдеген көздер, мейірлене жымиған жүздер бәрі жасанды сияқты көрінеді.
Мені мына қоршаудан құтқарар жан табылғандай қуанып, тез-тез киіне бастадым. Бұрын өртеген намыстың әншейін ғана қамыстың өртіндей ғана болғаны ғой, лап етіп жанды да, кейін шоғы қалмастан жоғалып кетті.
Шақырған жеріне асыға жеттім. Есікті өзі ашты. Ел алдында аталы сөз сөйлеп, абыройдың асқақ үлгісіндей болып жүрген азаматтың да көлеңкелі тұстары болуы шарттты секілді, бұл жолы еш таңғалмадым. Менің алдымда жас болып көрінгісі келді ме, әлде өзіне солай ыңғайлы ма білмедім, денесіне жабысып тұрған спорт киімін киіп алыпты. Құшағына қысты, иіс суының иісі студент інімдікіне ұқсас, өз жасына сәйкес мүлдем сәйкес емес еді. Өзіне сүйкімді көрініп тұрғаны болар, ал мен үшін күлкілі еді.
-Сені кітап сатып жүрген жеріңнен көргендер бар екен…
Бұдан артық қорлау керек емес еді… Бірақ, бұл жолы ешқандай да ашуланбадым, керісінше бәріне көндіккен адамдай отыра бердім.
-Қатты өзгеріпсің…
Даланы ғана иелік етіп, аспанға шапшитын асау жылқыны қалай үйреткенін көргем… Ауыздығын тартқанда езуінен қанды көбік атып, көзі алақтап шыңғыра кісінеген Ақторының халі аянышты еді. Көнгісі келмей көкке қанша шапшыса да, ақыры өн-бойынан тер саулап, ентігіп барып басылып еді. Кейін Ақторыдан артық жуас ат болмады. Жанына жан жуытпайтын асау Ақторының үсітіне көршінің бар баласы кезектесіп мініп, қызығын көріп еді… Ақторыны аяғанмын сонда…
Осыған дейін көрген қиындық түк емес екен, ең сорақысы алдымда тұр еді… Еті қашқан білегімен белімнен орай құшақтағанда қайтерімді білмедім. Сытылып шықсам, бұрынғы күйіме кері ораламын. Ертең полиция қызметкерлерін ертіп келіп, мені үйден қуатын пәтер иесі түсті есіме. Көзімді жұмдым… Ойыма осыдан бір жыл бұрын кездескен музыкант жігіт келді. Өн бойы тұнған дарын еді, сөйлегенінің өзі әуен. Жаныма жұмбақ сыр қалдырған. Іштей денемнің бір бөлшегіне айналғанын қанша қалап тұрсам да өз сезіміме сараңдық танытып, алыстан ғана сыйласып шығарып салғанмын. Жанының жақындығын тәнімен сезінгісі келіп қанша қиылса да, сезімді тұсаулап бақтым. Ол кетіп қалғаннан кейін, қатты өкіндім. Енді көрмейтінімді ойлап, сағынсам да қолым жетпейтінін біліп өзегім өртенген. Адамдардың арасындағы жақындық, шынайы сүйіспеншілік жынысқа бағынбайды деп қалыптастырып алған ойымның құр әншейін ғана ұстаным екенін білгем сол күні. Қоштасарда бетімнен сүйген еріннің табы өртеп жіберердей көп уақыт есімнен шықпай қойды.
Көптен ойламай кеткен екенмін оны. Есіме түсе салысымен жүректе қалып қойған сағыныш, түнімен маза бермей өкіндірген құштарлық қайтып оянды. Белімді орай құшақтаған еті қашқан кәрі білек емес, тамырлары бұлаудай көрініп тұратын музыканттың қайратты білегі… Бетімнен сүйген де жасанды тістерді көмкеріп тұратын көкшіл тартқан ерін емес, сөйлеген сайын әуен естілетін сыйқырға толы оның ыстық еріні… Өзім жасап алған бейнемді жоғалтып алмау үшін, көзімді ашуға қорықтым…
Көзімді аштым… Ақ жастықта бурыл тартқан шаш… Шындық осы…
...Қарыздарымнан құтылып, жұмысыма кері оралдым. Сұп-сұр күндер қызылды-жасылды думанға айналды. Іздейтін достар да көбейді, мен де кек сақтамадым. Қуана қауышқан адамдай сыр бермедім. Тіпті іштей де ренжіген жоқпын. Бәрін заңды құбылыстай қабылдадым.
Есігімді жау шапқандай тарсылдататын пәтердің иесі де ерекше мейірімге малынып жүрді. Мұрынын жиі-жиі пысылдатып тартып қойып, кешкісін ыстық сорпа құйылған қазанын көтере келеді. «Күн суық, ішіп ал» деп қояр да қоймай тамақтандырады. Өкпе мен наланың бәрі ұмытылған.
Жұмыстан келе жаттым. Көгершіндерге деп шашылған нанның қиқымына келген торғай алыстан аңдып отырған мысықты байқамады. Жер бауырлап ақырын жылжып келе жатқан ажалдың иісін сезді де пыр етіп ұшып, бірақ алысқа ұзамай қайта қонды. Жақындап барып нанның бір қиқымын алды да, кері кетті. Нанның дәмінен алыстай алмай ұзақ тұрды, жақындаса бір қатердің төнетінін де сезеді. Ұшып кетсе, мына байлықты кімге тастамақ. Мүмкін тағы біреуінің дәмін көрермін деп кері қонып, енді енді шоқи бергені сол еді, аш көздері қанталаған мысық тырнағын батырып, шап беріп ұстап алды. Мысықты таспен бір атып, аузындағы торғайды босатып жіберу қолымнан келер еді… Бірақ мен жемтіктің ақырын көргім келді. Бір қанаты дір-дір қаққан торғайды қысып, жан-жағына қызғана қараған мысық үйдің артына зып берді.
Таңертең шығып келе жатып, үйдің артына бұрылдым. Қардың үстіне қызыл қанның дақтары тамыпты. Әрбір жерде шашылған торғайдың мамықтары…
Әрі қарай

Тосын сыйға толы жыл

Жылқы жылы мен үшін жақсы әрі күтпеген жаңалықтарға толы болды. Наурыз айының аяғында декреттік демалысқа шықтым. Үйде болған алғашқы екі-үш күнде өмір тоқтап қалғандай сезімде болдым. Редакторымның «Мүмкіндігің болса, мақала жазып тұршы» деген ұсынысы«Босанғанша немен айналысамын? Ішім пыстыыыыыы» деген ойдан арылуыма себепші болды. Қалаған күні немесе шақыртқан күні жұмысқа барып тұрдым. Сөйтіп жүргенде бастығым «Зарина, бұл түріңмен жұмыста босанып қаласың ба деп қорқам. Ертеңнен бастап жұмысқа келмеуіңе болады» деді. Арада бір-екі күн өткеннен кейін, 14.06.14 күні бөпелі болдым. Бұл биылғы жылдағы ғана емес, осы уақытқа дейінгі өмірімдегі ең, ең, ең үлкен, ең, ең, ең жақсы, сөзбен жеткізе алмайтынкеремет жаңалық.

Блог - ademi_alem: Тосын сыйға толы жыл
Әрі қарай

Қоғам: Байқоңыр тынысы

Мутанттар туыла ма? Алматыда оқып жүргенімде осы сұрақ алдымнан көп шығатын. Жыл өтті, құлағым тыныш. Ал жазда бөлем қыдырып келген кезде таң қалған: — Қазақтың жері емес пе? Тіпті, мынау тұрған Қазалыдан келген Ispek92 -тің туыстары да дәл осы сұрақты қойған болатын. Рас, Байқоңыр қаласына құжатсыз кіру қиын. Ал мүмкіндіктері қарастырылған. Мен Атбасар, Щучинск, Жітіқараның Солтүстік Қазақстанда, ал Хромтау мен Жемнің Батыс жақта екенін білемін. Алайда жұрттың көбісі мен туған жердің қайда екенін, қандай қала екенін мүлдем біле бермейді екен. Осы бір себеппен Grand Duos-қа сенім артып, қаланы жаяу араладым...Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысы

№1 бөлік. Сырдариядан стадионға дейін...

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыМен тұратын үйдің сиқы осы. Жалғыз біздің ғана ауламыз көлікке толып тұрмайды. Пошта жәшігі әкімшілікке шағымдануым арқылы пайда болды. Көшенің сәнін газ құбыры келтіріп тұр. Ал екі үйдің ортасы қазіргі күнде тегін автотұраққа айналған. Біздің мұрынбоқ кезімізде бұл футбол алаңы болатын. Жігіттер оқуға кеткен соң алаңымыз алаңсыз солай қалды. Бұл күнде санаға деградация жасайтын бір сұрақ бар: адам өзгерген бе, әлде заман өзгерген бе? Әлбетте, мен де жауапсыз қалуды жөн көремін. Дегенмен, сізге сұрақ: біздің алаңда ауланың жүгермектері доп теппейді, ал алаң «баяғы жартас сол жартас» әлі. Қандай өзгеріс бар екен? Иә, мүмкін олар жасыл алаңда бұт терлетіп жүрген шығар.
Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыӨзен жағалауының көрінісі осы. Әкімшіліктің бұл жерді жиыстыруға құлқы жоқ. Әй, әкімшіліктің осы отырысы дұрыс-ей! Жағалауды қоқысқа толтырған әкімшілік емес қой! «Сатурн». Кезінде кинотеатр болса, қазір тек мәдени іс-шаралар өтеді. «Дом пионеров». Әлбетте, пионерлердің заманы өткен. Мектеп оқушыларын жетпіс түрлі өнерге баулитын үй. «Луна» осыдан екі-үш жыл бұрын жабылды. Кезінде талай оқушының мас күйінде, ал жігіттердің тасқа түйінделген қайран зар заманы болған еді. Ал шіркеуіміз сонау ІІІ ғасырда өмір сүрген, Рим императоры Гай Авреелий Валеерий Диоклетианның тұсында басы шабылған мегагиперсупер азап шегуші Әулие Георгийдің атында. satibaldi -ның ата-әжелеріне құрмет ретінде оқиғалардың хронологиялық кестесін ұсынамын:

1 сәуір, 1992 жыл Протоиерей Геннадий Макаренко ізгі христиандарға алғашқы «жұмасын» өткізді.
24 сәуір, 1992 жыл (Пасха)Протоиерей Алексий Бутенко алғаш боп басқарған ғибадатхананың тіршілігі басталды.
1992-1994 жылдар аралығыИерей Сергий Снопков «бас имам» болды.
1994-1996 жылдар аралығыИерей Евгений Ворончихин «бас имам» қызметін атқарды.
1996 жылШіркеудің «бас имам» қызметіне Сергий Бычков тағайындалды. «Наиб имамы» протоиерей Михаил Иванцов болды.
1 маусым, 2005 жылЖоғары мәртебелі Елевферий (Олефир), Шымкент пен Ақмола архиепископтары шіркеуді дәріптеді.

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыБәрі жек көретін ЦОН (ХҚКО). Мына еркек болса жүгіріп бара жатыр. Көк туымыз желбіреген орын — сот. Құдай сақтасын! «Титаник» кафесі тек жаздыкүн шілде болғанда орыстарға толады. Біздегі жұрт тұзды суы үшін мына құбырдың астына жата кетеді. Жым-жырт жағалауда жалғыз жүріп сергіп алдым.


Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысы«Орион». Бассейн. 2009 жылы 1 ақпанда ашылған мемлекеттік бюджеттік мекеме. Мекемеге «Олимпия» кафесі де тиесілі. Мұнда көбінесе балаларды жүзуге үйретеді. Сонымен қатар шейпинг те бар. Мекемеде 96 адамға арналған бассейн, дамбал кептіретін зал, он бес адамдық 2 жаттығу залы бар. Футбол алаңында еркектердің доп тебетінін көргем. Бірақ теннис алаңы «ескерткіш» үшін салынған-ау шамасы. «Десятилетие» стадионы «Маяк» спорт кешенімен қоса мемлекеттік бюджеттік мекемеге тиесілі «Байконур» спорт-сауықтыру кешеніне қарайды. Бұл кешен 2001 жылы 27 сәуірде құрылған. «Байқоңыр» кеден бекетінде тірі жанның бар-жоғы білінбейді. Байқоңыр әкімшілігінің бөлімшесінде тұрғындардың құжаттары рәсімделеді. Иә, сырттан келетін қаратабан «елім-айшыларға» да бір айлық уақытша құжат осы жерде дайындалады.

№2 бөлік. Алаңда Ленин алаңсыз...

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыОрталық алаң. Ленин де әжем заманнан бері әлі тұр. Кейде «Центральная» қонақүйіне жол сілтеп тұрған шығар деген азғын ойлар сананы сан-саққа шапқылатады. Суретте шошқаның етін жейтін орыстың екі сары домалағы 24 сағат бойы сауда жасайтын «Космо» дүкеніне кіріп бара жатыр. Бұл дүкенге өзім кіріп көрмеппін. Бұл дүкеннің орны кезінде офицерлердің үйі болған деседі.
Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыЕкінші дүниежүзілік соғыста о дүниеге аттанғандардың құрметі үшін саябақтың кіреберісінде ескерткіш қойылған. Қалалық мәдениет және демалыс саябағы Байқоңырдың бір шеті боп табылады. Ары қарай Жезқазғанға жол тартуға болады. Асықпаңыз, өкініштің үшінші дәрежесіне сәйкес әлі ондай жол салынбаған. Ал мұндағы атракционға бала-бақша көбінесе мереке күндері ғана келеді.

№3 бөлік. Arbeit? — Жоқ, Арбат!

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыЦиолковский атындағы мен оқыған №2 қазақ орта мектебі. Биыл шынымен де іші-сыртын жөнге келтірген. Директор әжейдің жасы жетпістен "қашып" бара жатса да, «тағынан» тұратын ниеті жоқ. Алжыды деген осы! Әй, не де болса, әбілхаят суын ішіп жүр-ау осы. Мектептің жанында қарттардың балабақшасы бар. Орыстар әке-шешелерін азанда әкеліп тастап, кешке әкетеді. Балаңа жасағаның алдыңнан шығады деген осы.

№4 бөлік. Көлік және денсаулық һәм Қарулы күштер министрлігіне қарассыз қала бөлігі

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыАурухана жаққа (госпиталь) жол тарттым. Госпиталь дегенім, кезінде бұл жер әскери аурухана болған. Тіпті, кереуеттері де сол тоқсаныншы жылдардан қалған дүние. Осыдан алты-жеті жыл бұрын соқырішекпен осы жерге түскен едім. Кереуетте жазылған «Мордовия» жазуы әлі есімде. Жолдың арғы бетінде жетімнің үйіндей қазақтардың әскери комиссариаты бар. Жеті насырым жерге кіріп, бетіңіздің суы бес төгілетіні сөзсіз. Мұнда әскерге бару үшін де, бармау үшін де тиын-тебен төлейсіз. — Отан алдындағы борышыңды өтемейсің бе? — дейді өзі әскерге бармаған иығында «шені» бар еркек. Бұл жетім бұрышта дамбал киген жігіттердің күлкісінен микрофлорасымен қоса ағызып шайып кететін оқиғалар көбірек болады. Ауруханаға қарама-қарсы бетте перзентхана орналасқан. Иә, қандай керемет, үшқабатты ғимарат деп тамсануға болады. Тек асықпаңыз. Перзентхананың сырты бүтін болғанымен, іші түтін. Ішінде лифт жоқ екен. Сөйтіп, әкімшілік түрлі себептерді негізге ала отырып, перзентхананың ашылуына рұқсатын бермеді. Қазақтардың бюджетті қалай тонағандарын әңгімеге қоспайын. Себебі бұл ғимараттың кірпіштері сонау 2007 жылдары қаланған еді.
Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыМәдениет сарайы. Міне, Қайрат Нұртасың да, Музартың да, Моцартың да, басқасы да мың теңгелік концертін осы жерде өткізеді. Соңғы рет оқушы кезімде Шаншарды тамашалауға келіппін. Балақай болса музыка мектебінің есігін ашып жатыр. Еті тірі аналар балаларын осы мектепке береді. Екінші қабатында біреу пианинода ойнап жатқан. Көзбен көрмеген соң құлақпен тыңдағандай болдым.
Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыМАИ. Мәскеудегі авиациялық институттың филиалы. «Біз оқушы кезде бұның дәрежесі жоғары болатын. Қазақтан жылына бір-екі бала ғана оқуға түсетін. Ал қазір қазақтың ұл-қыздары өріп жүр. Шүкір, қазақтың білімі артқан екен», — деген ішкі монологым іштей тынды. Дегенмен, біздің колледждің мұғалімдері асханасы арзан деп осы МАИ-ға барады. Үшінші суреттегі ғимарат жұмыспен қамту орталығы ғой. Осы мекеме арқылы «Космос» колледжіне жұмысқа орналасқам. Мына қатынымыз Стелла емес, стела. "Ғылым және ғарыш" ескерткіші. №1 орыс мектебінің ғимараты ұнайды. Ғимаратта бөсіп жүр Таня, Катя, Машалар.

№5 бөлік. Шағын ғана ықшам аудан

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысы6 және 7-ықшам ауданды жалғап тұрған мына жолда «Ленинск» жазуы әлі күнге дейін тұр. Дұрыс, бұл — тарих! Қаланың бір бұрышы 7-ықшам ауданға тіреледі. Ары қарай: Ақай елді-мекені. Сәйкесінше, Ақайға осы ықшам аудан арқылы өтесіз. №14 мектептің кімнің атында екенін білмеймін. Бұл да қазақтардың жылап жүріп ашқан бір мектебі. Орыстар оңайлықпен рұқсатын бермеген еді. «Евразия» базары қазақтың қолында. Қаладағы мақтауға тұрарлық орта. Дәл қасында «Аяулым» мейрамханасы бар екен. 2009 жылы «Голливуд» клубы болып ашылған еді. Бастығы — қазақ. Сол жерде біздің түлектер бешірі болған. Есте қалғаны, темірді көрдім де, қызды көрмедім. «Гранд» маркеті бар деп бір молда қуанып келе жатса, дәл артында түнгі клубы тұрғанын көріп, мешітке №1 автобуспен тайып тұрыпты.

№6 бөлік. Қала орталығы — Абай көшесі

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыОрталықты Абай көшесі алып жатыр. Көшенің мұрны ҚР ІІД мекемесіне тіреледі. Ар жағы — Ақай, мына жағы — Төретам. Жалғыз кітапханада бірде-бір қазақша кітап жоқ. Нәтижесінде жақсы білім алып шығасыз. Себебі қазақ тілінде мұндағы кітаптарды таппайсыз. Екіншіден, ақпаратқа қарныңыз әбден ашып жүрген болар. «Астана» кафесі қалай ғана дағдарысқа ұшырамай жүргеніне таң қаламын. Орталық үлкен базарды өзіміз «дәу базар» дейміз. Гагарин атындағы №8 қазақ орта мектебінің алды көлге айналды. Ал әскери бөлімшенің мына бір ғимараты солайымен тұр. Құлайтын түрі де жоқ. Біздің «Космос» колледжі сарбаздардан қалған осындай ғимарат қой.

№7 бөлік. «Даманский» ықшам ауданы

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыКонтинентаралық қос сатылы сұйықтық… іһқэх-һэх-іэх! Межконтинентальная двухступенчатая жидкостная ракета легкого класса 15А15 (SS-17) главного конструктора М.К. Янгеля. Оһ, міне, енді дәл келді. Даманский аралында орыстар мен қытайлар қақтығысқа қата қалса да, бұл Даманский шағын ауданы қазақ пен қазақтың талай төбелесіне куә болған жер. Сырттан келген қаратабан қазақтар осы ауданда көп. Сондықтан алқаш Жәкеңнің Бәке-Сәкелерге "әкең!" деп тәжікені таңға дейін созатынын жиі көретін боласыз. Әуезов атындағы №6 қазақ орта мектебінің артындағы ашық жер қоқыр-соқырға жиналған. Тіпті, мектептің айналасы қоқыс боп жатыр. Байқоңырдың бір бұрышы осындағы шеткі үйлермен бітеді. Ар жағы шекара. Байқоңыр мен Төретамды осы қоршау бөліп тұр.

Әдишінлей: Төретам

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыБілесіз бе, Қазақстан темір жолы арқылы Оңтүстіктен Батысқа қарай сапарға шықсаңыз, Байқоңырдың вокзалын таппай өтесіз. Жолсерік қатынға немесе қарынға теңгесін берсеңіз де, ол сізге тек Төретамның вокзалын көрсете алады. Мінген сасық пойызыңыз Төретамға жақындағанда қаланың картинасын көруіңіз сондай ғажап! Менің де айтпағым сол, Байқоңырға келу үшін жалғыз дүңгіршегі бар Төретамның вокзалынан 8 минут ішінде түсіп үлгеруіңіз керек. Ал мына сызба сіз үшін құпия карта болмақ.

1. 1000 теңге? Иә, вокзалдағы тайқарбай-майқарбай такси жүргізушілер сізді қалаға мың теңгеге жеткізіп салады. Бір жақсысы, сіз қаланың шетіне жаяу тартып, дуалдан секіріп жүрмейсіз. Кім біледі, бұтыңыз екіге ажырап кетер. Дегенмен, құжат көрсету арқылы өтетін шекарадағы (КПП) кезекші сарбаздарға сөзі өтпейтін шопырлар да болады. Міне, күніңіз соларға қараса, әуелі сізді қаланың шетіне жеткізіп тастайды. Дуалдан амалсыз секіруіңізге тура келеді. Сөйтіп, жалдаған таксиіңіз қаланың ішінен сізге жетіп, туысыңыздың үйіне аман жеткізеді. Біз болсақ «КП» (кыпы) дейміз.

2. Бөгет бөгет болмас. Мың теңгеңізді бейшара шопырға қимасаңыз, дуалдан«О, мақанзең!» деп омақаса құлағанда жыртыла жаздайтын бұтыңызды сол ақшаға тіктіріп аларсыз. Бірінші тұрған нысананың белгісі Сырдарияға жақын орналасқан. КП-дан алыстау. Сонымен қатар мешітке жақын дуалдан да аттап өтуге болады. Кейде Даманскийден келе жатқан жігіттер ерінгенде сол жерден секіріп өтеді. Бұл — суретте екінші нысана.

3. Пүлістің белгісі Төретам мен қаланың орта нүктесі. Осы жерден Ақайға да жол тартуға болады. Тіпті, осы орта жолда да қалаға өтуге болатын дуалдар бар. Алайда өтуін өткенмен, алдыңыздан еменнің бұтағы құлайтындай күйге түсесіз. Себебі қаланы жылумен қамтамасыз ететін ЖЭС және жұмысшыларды пойызбен алаңға жеткізетін орын орналасқан. Қысқасы, қорқынышты ортадан өтесіз. Алайда дефектолог Korkem секілді жоғалып кетуіңіз мүмкін. Ол Facebook-тан әрең табылған еді. Міне, сіз не қоршаудан шаршау білдірмей екі аттап өтесіз, не болмаса КП-да сиықсыз орыстан көтіңіз гүрілдемей аман өтесіз. Жалпы, бізде үш КП бар. Төретам мен қала арасы — негізгі жол. Бұл жолға Королев көкеңнің аты берілген. Ал орта жолда орналасқан КП арқылы сіз бірден қала бұрышындағы ықшам ауданға тартып кетесіз. Міне, сол жақта қала мен Ақайды ажыратып тұрған шекара — тағы бір КП бар.

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыБұл коллажда екі суретке рентгенге түскен алақанымның суретін жабыстырдым. Біріншісі мен айтқан қорқынышты ортадан қалаға өтетін жол. Байқасаңыз, дуалдың жартысы жоқ. Ал екіншісі Ақайға алақайлап тартатын жол. Айтар ақылым, бұл жақпен Ақайға барып жүрмеңіз. Себебі бұл орын сонау тоқсаныншы жылдардан қалған өнеркәсіп орындары, сысысырыңа көк тігілгір!

Атамның әңгімесі

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыЖалпы, қарашаның он төрті күні Төретамды толықтай бір айналып, суретке түсіріп шыққам. Сол үшін қолда бар алтынның қадірі болған Grand Duos-қа шектеулі алғысымды білдіремін. Сурет пен сөзге сүрінген болсаңыз, атамның әңгімесін тыңдап көріңіз:

Құрметті оқырман, сізді мына сілтемелерге әбден сілтеп-сілтеп жіберейін: Байқоңыр панорамасы, Нөстәлжі Байқоңыр, Байқоңыр әкімшілігі. Сонымен, не білетін едіңіз, енді не білдіңіз? Сіз білмейтін тағы не бар?
Әрі қарай

Зина туралы

Қай дінді алып қарасаңыз да құдай қосқан жарыңның көзіне шөп салу – күнә. Исламда мұны «зина» дейді (осыдан кейін қазақтың зинақор деген сөзінің шығу төркінін түсіндіріп жатудың да қажеті жоқ). Христиан діні де (бөлмей-ақ) зинаға қарсы. Апостол Павел «Мұның тіпті атауы болмауы керек» дейді. Буддистер болса жарының көзіне шөп салуды зорлаумен теңестіреді.
Әрі қарай

#ББББ. Ақырғы аламанның алғашқы айналымы: Қай блогыңды қыршиын?

Барлық игі жақсы атеистер мен активистерге дұғай сәлем!
Барлық игі бақсы, адвентистерге дұға сәлем! Сақалы балағынан төмен бауырларға да хай, мэн!
Білгір блөгірлер, амансыңдар ма? Оларды оқып жүрген, нокиа ұстап, роллтон жеген қарапайым қазақтар, есенсіңдер ме? Көптен жазыспадық, оқыспадық.
Ой, тым эмоционалды амандасып жіберіппін. Енді, түсінесіздер ғой… Өзім аман-сау, шүкір. Ажалым жалқаулықтан болмасы анық деп, екі апта еңбек демалысында жүрмін. Қайбір ресми еңбек демалысы дейсің, сол өзіме өзім жасап алған, прорабты ескертіп кеткен жай-дағы. Біз блогер емеспіз ғой, ресми жұмысымыз да, біз үшін тұрып беретін эстрада тобы аттас ұйымымыз да жоқ.
Ал Блогиадада атышулы жеті апта басталды. Жиналатын да, қиналатын да кезең — финал атында. Тақырыпты білесіздер. Былш еткізіп жазуға беті жоқтардың бетперделері жайлы. Бетпердундар! Фейктер, кейіпкерлер, образдар. Жыным келеді негізі фейктерге. Олар дегенде валерианка ұрттаған мысықтай тіксініп қалам. Аямай артын ашып тастасаңыздар екен!
Оның үстіне, шаршаусыз шабатын соңғы аламан емес пе?!
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Ақырғы аламанның алғашқы айналымы: Қай блогыңды қыршиын?
Жалпы, финал келгеніне мен де қуанам, негізі. Төртеудің тақпағын талқылау алтаудың аманатын арқалағаннан оңайырақ қой. Шолақ тізім — ниқұрмовый, қысқасы.
Енді, шолақты шолайық…
Маралбек Сағынғанов виртуал бетпердені шығармашылық қайнары деп санайды екен.
Бұл жөнінде жазылған жазбаның тілі жетік, стилистикалық мүдіру жоқ. Баяндау, танымдық стиль. Жинақы. Ха, жоқ, қазір бір нәрсе табам.
«Виртуал бетперде әлдебір мақсатты көздеген болса ғұмыры ұзақ болмайды. Ал егер, нақты нысанасыз, тек өз кайфы үшін жазса ұзаққа шабады» — осы тұжырымыңыз ұнады. Ақылға қонымды.
Ал 37-нің сеңгіріндегі арыз жазғыш аноним көршілер жайлы абзацта «Бірақ, бұл анонимдер немесе бетперделі тұлғалар бірінші кезекте өзінің артын жабу үшін ұзақ өмір сүре алмайтыны түсінікті» деген сөйлемді шайнап, ыждаһаттай алмай отырмын. Өз артын жабу үшін бетін ашып қояды дегеніңіз бе, әлде шынымен өліп қалады дегеніңіз бе? Айтылмақ ой ең сәйкес, орнықты тәсілмен жеткізілмеген сияқты. Сосын жалпы «Виртуал бетперде — шығармашылық қайнары» деген тақырып контексінде солақай арыз иелерін біртүрлі қабылдап отырмын. Қаз… Цинизм мен шығармашылық еркіндікке салып көрейін… О, енді «нәрмәлні» қабылдап отырмын. :)
«Алайда, бұл жерде де бетперде кию талап етілгенде ақырына дейін жанталасатындардың саны көп болар еді деген күдігім бар.» — Солай ма, Михалыч! Мхм… Негізі, иә, келісемін. Ойыңыз жөн, анонимдік байқау көрігін қыздырып, әділетке жақынырақ келуші еді. Бірақ қтөнің қтө екенін стилі, қолтаңбасына қарап-ақ тауып алар едік пе, кім білсін, ә? :)
Иә, не ғой, сіз жариялаған байқау не болып жатыр? Біреу-міреу жұмыстарын жіберіп жатыр ма? Жалпы, поштаңызды жазбасаңыз, бәрі біледі дегенге сенімдісіз бе? :) Кәментшілер көлденең бөрене (бұтақ деп оқу мұстаһап) қойып кеткен секілді көрінді.
Пост бетперделілердің бетмоншағы үзілмейтіндігі, шығармашылық беталыстары басым болатындығы жайлы қозғалыпты.Тақырып терең қаузауды талап етпесе де, жазбаңызда сараптау шеберлігінің ұшқыны көрініп тұр. Найс.
Мәке, мен сізге сенем! Қияттармен туыстығымыз бар. :)
Әйгерім Кеулімжай неге үнемі тек өз атынан жазады?
Себебі, сен крутаясың! Әлде жазбада басқаша себептер бар ма? Қарайық…
«Барлық форум, блогтұғыр, әлеуметтік желілерде сол Әйгерім Кеулімжай деген бір атым.» — Қое, Кеулімжай деген псевдоң емес пе не? :) Қалайша осындай блогерде фейк не мәскі жоқ? Пара алмайтын маишник сияқты екенсіз-оу… :)
Жылы, «свойский» пост. Постша. «Кел-кел, бырат, ішеміз» деп шақырып алатын Нәкөштің аурасы… Фррр, не деп кеттім? Жазба тілі еркін. Ал тақырып таңдалуы еркіндіктен емес. Маралбек жазбай кеткен қырларыңызды жазып тастапсыз. :) Сонда да соны жазайын-ау деп таңдағанызға күмәнім бар. Тақырып тамырыңызды баспаған сияқты. Дамбалшаң жүргеннен классикалық джинсиде неше түйме болатынын сұрап не керегі бар дегендей… Өзіңіз айтпақшы, сіз бетпердесіз болғандықтан, бетпердесізДІК жайлы жазбасқа не шара...
"Әлеуметтік желіде жазбаларыма қалдырылған сүйкімсіздеу пікірлерді өшіре саламын. Енді қайтем? " дейсіз-ау. Шынымен де ей, заңмен тыйым салынбаған нәрсені жасауға кім кедергі, иә? :)
"Өз басым да біреуге аноним «бригол» ұстап тырқ-тырқ күліп отырудан кетәрі болмас ем, егер келесі пункт болмағанда." Егер келесі пункт болмағанда! — Охо, осынау өткеліңіз ұнады. Стилистикалық, құрылымдық көркем боп көрінді.
Сосын ше, мен бақылау құрметіне ие жалғыз жюридің (төраға оның үстіне) кәментіне қаттым. күмәнсіз, мәнді, мағыналы, болашақта сіздің шығармашылығызға пайда тиетіндей ақыл-кеңеске толы кәмент. :) «Иии, мұрныңнан шымшып алса осы». :)
Меніңше, сауалнама жүргізген еңбегіңіз бағалауға лайық. Оған аз-ақ рөл бергеніңіз, бір жағынан — кемшілік. Екінші жағынан, тақырып аясында дұрыс та сияқты. Жазбаңыздағы тұжырымдар логикаға сай, сенбеске шара қалдырмайды. Жалпы, тәп-тәуір, пәшти автобиографиялық жазба. Алдағы жазбаларға әлде де ізденіс қосыңызшы, иә мә? :) Әйтпесе ана сайтан қыз озып кетеді :)
Ә, иә, айтпақшы, классикалық джинсиде 5 түйме болуы тиіс.
Эльвира Ерғалина виртперде деген спруттың сегіз аяғын бір жіпке буыпты.
Бууын буған ғой, негізі, осы постта ше, факт жүзінде екі атау болған кезде, «немесенің» алдында үтір болуы керек пе? Соны әйел қазыдан сұрай салыңдаршы, мыңжасағырлар, иә мә?
Мә-ә, ең басындағы шынайылығыңыз ұнап қалды. Өзіңіз де сау сусиырдың сирағы емес екенсіз ғой. :) Бәсе деймін-ау, қайдан шыққан энерджайзер бұл деп…
«Бетперденің әшкере болу пайызы өмірден гөрі монитордың арғы бетінде аздау, сенімдірек». Мағынасын түсініп алдық, ұғынықты. Бірақ бұрқылдар болсақ, осы сөйлемдегі соңғы екі сөз бірыңғай сөйлем мүшелері ретінде: бірі жоғалса да, екіншісі жеке тұрып та сол мағынадан ауытқымау керек екенін айтар ек. «Сенімдірек» жалғыз қалса, кішкене қисынын кетіріп тұр.
Жазбаңыз маған ұнады. Әлде де мәйекті тілмен беруге болар еді, бірақ ол шарт емес. Жеткізілуі тиіс ойдың қалыс қалуы жоқ. Тек, классикалық тролльдар жайлы ойландырып тастадыңыз. Осындай жеке категорияға кіре ме екен олар, м? Бір жағынан, ойландырып тастасаңыз, бей-жай қалдырмаған жазба болғаны ғой. :)
Тағы не? Жіктеу посттары сізде бұрыннан бар, игергенсіз. Біршама құрылымды, сапалы жіктепсіз. Ал цитаталар күлкі ұялатты. Бетперделілер түрлерін сипаттаудағы сықақтау стилі сізде бұрын қатты дамымаған сияқты еді, осы жолы «прям-прям» салмақты.
Психологыңыз да жарайсец екен, барлық типке сипаттама беріпті. Үйлесімді, қисынды. Өзім қатты сенбеймін, бірақ бәрібір маман деген аты жазбаға масса қосқан екен. Так держать!
Пост жақсы. Тек тақырыпты қорыту, тоқетері, көрерменге сауал, қалжыңды тұжырым жетпей тұр. Соңы бір категорияның емімен бітпеуі тиіс сияқты. «По крайней мере, мы, работяги, так не поступаем». :)
Асқар Базарбай бетперде сататын дүкен ашып жібере жаздағанын еске түсіреді
Содан ғой, "ҚАЙ БЕТПЕРДЕМДІ ШЫМШИЫН?!" деп ақырғаны. Не болды соншама, тақырыбын жазғанда капслогыңызға тоғын қыстырылып қалды ма? :)
Айтпақ ойыңызды түсіндім. Жарайды, мен оқуды доғара тұрайын. Таңертең келіп, тағы оқимын бірақ.
… Жазбаның соңғы жағы ұзақ сөйлемдерден тұратындықтан, ауыр көрініп кеткені рас. Қазір таза баспен келіп, тым тәуір пост екенін түсініп отырмын.
Білесіз бе? Интернеттегі жалпы бетпердені сыпыра отырып, өзіңіздің сол интернеттегі, оның салдары ретінде өмірдегі адами қатынастар туындысы есебіндегі өзге адамдардың сізге көзқарасы алдындағы бетпердені сыпырыпсыз (фуууф, не деген ұзақ сөйлем). Осыған тәнтімін. Гаста Терминатор, Робокоп, Халк, монстр емес екен ғой. Асқар да қолдау, қолпаштау, өзгелер пікірінің жайлылығын іздейді екен. Шынайылығыңыз үшін, өзіңіздің де өлімді өрмекші екеніңізді жасырмастан айқарғаныңыз үшін ризашылығым арта түсті. Әку қандай мықты екенін жазса, сіз соған керісінше жасапсыз. :)
Жалпы, эго жайлы айтқаныңызбен келісемін. Ол аш қасқыр, тамақтандырып отыру керек. Тек инет маскасы мен өмірдегі рөлдердің параллельдігі ондай сәтті теңеу емес секілді көрінді. Рөлдер адами борыштан туады, ал виртперде — … аздап басқа себептерден. Жалпы рөлдік сыртқы ұқсастығы жазсаңыз, онда жарайды.
Айтпақшы, «Интернет-бетперденің ерекшелігі» деген бөлімше атауы не жазып қойды? Кіші әріппен жазатындай… :)
Жазбадағы сенімді кеңес бергендей тұжырымдар — бір жағынан класстың көрінісі де, екінші жағынан кәдімгідей психология, кәдімгідей тәжірибе. Алты аккаунт дегенін жасайды ғой енді :)
Жазба тілі жағынан жеңіл де емес, бірақ күрделі тағы ештеңесі жоқ сияқты. Суреттік безендіру көңілден шығып тұр. Қорытынды ой орнында. Меніңше, жеке басқа қатысты болғасын, ең терең тінткен пост болды. Постты үсті-үстіне жетілдіре беру қасиетіңіз де қатты ұнайды. Рақмет!

Болдық қой, иә? Сонымен, маған финалдың бастамасы жаман емес сияқты. Төрт жазбаның біршама тар ауқымды тақырыпта айтар ойы әртүрлі болғаны тәтті, сәтті, шатты. Блогерлер ешкімнің бетпердесін шешуге ұмтылмайтынын былай да сезгем (қайда-аа ол, білмесең қиын, білсең — антиморали ғой), әйтсе де жалпы виртперделіктің сипаты мен себебін, салдары мен салмағын саралайтынына күмән болған жоқ. Шын, жазбалар оқырмандық қарапайым миыма ұнады.
Енді бір қарапайым оқырманнан көтініш тыңдасаңыздар екен. Осы жерде мен нұрлы жүзді төрттікке базыналайын деп едім. Сіздер — финалиссіздер. Алты Алашты ауыздарыңызға саусақтарыңызға қаратып отырғандықтан, жазба тиянақтылығын максималды сақтасаңыздар екен. Пунктуацияға дейін жіті қарасаңыздар екен. Яки, сипаты суық, идеалға жуық қылып салсаңыздар уәжіп секілді, Назгүлжарболғырлар дейм де! :) «Ачепятка» сөздер, қақыр-шүкір, дефис-үтірге дейін қарап қойыңыздар. Сосын кей блогердің (2 де 2 делік) суреттермен әспеттеу жағы да көңілімнен шықпады. Мұны сіздерге талай тұсқағаз жапсырған, талай қасбет сылаған маман айтып отыр деп қабылдаңыздар :))) Сосын жюри де тезірек бағалап отырса күшті болар еді. Олардың пікірін шолып қояйын деген сұмпайы ниет қой сол баяғы. Әйтпесе, олар менің шолуымды күтіп жүр, ориентир алу үшін деп ойлап қалам. :))) Уф, болды. Миии, айтып-айтып тастадым-ей… :)

Осымен, тайм-аут. Гендерлік теңдік жағдайында аламанның ақырғы айналымы келіп жетті. «Екі блогердің екеуі де тамаша болса, төсі үлкенірегін таңда» деп бабам Фрейд айтып кетпекші, енді тек кілең тамаша посттар күтеміз. Арда емген арғымақтар, шә-әп деймін! Сіздерге сериозни сәттілік!
Кеттім, сіздердің саулықтарыңыз үшін аздап сыралатып қайтайын. Көріскенше!
p.s. Менің атым Бөрібай, және мен террорист бетперде емеспін!

Сурет Сальвадор Далидің жеке мұрағатынан алынды.
Әрі қарай